Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



бет1/6
Дата15.06.2016
өлшемі1.12 Mb.
#136546
  1   2   3   4   5   6



Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Спорт және дене шынықтыру істері агентігі (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Е. Досаев

2015 жылғы « »


КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

___________ А. Исекешев

2015 жылғы « »

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығымен
бекітілді

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің таңдау бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

аккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) жұмыс күні;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні.

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – 4 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлік, аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметке қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

2) порталда – тәулік бойы, (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерді беру келесі жұмыс күнде жүзеге асырады.

9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ХҚО-ға:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

аккредиттеуді өткізу туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;

басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

спорт федерациясы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

республикалық спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымшаға нысандағы жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері (бұдан әрі - куәлік) – республикалық спорт федерациясы үшін;

өңірлік спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері – өңірлік спорт федерациясы үшін;

Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын құжаттың көшірмесі – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі – ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары үшін;

спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш.

ХҚО-да ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді.

Көрсетілетін қызметті алушының, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын (жергілікті спорт федерациясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жазбаша келісім алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

ХҚО арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары;

2) порталға:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

спорт федерациясы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

республикалық спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымшаға нысандағы жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері (бұдан әрі - куәлік) – республикалық спорт федерациясы үшін;

өңірлік спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері – өңірлік спорт федерациясы үшін;

Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын құжаттың көшірмесі – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі – ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары үшін;

спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Порталда электрондық құжат нысанындағы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын (жергілікті спорт федерациясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус елестетеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, немесе Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министліктің басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).

ХҚО-ның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО-ның басшысының атына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлары мен телефондары арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымда:

жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттын тіркелген нөмірі мен күні.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741396, 741386 телефондары арқылы не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметте алуға болады.

__________________

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан


Кiмге ____________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
_________________________________________________
уәкiлеттi және (немесе) жергілікті атқарушы орган
_________________________________________________
басшысының лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)
Кiмнен ___________________________________
(cпорт федерациясы басшысының
_________________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты)
_________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электронды поштасы)
Аккредиттеуді өткізуге
ӨТIНIШ

Сiзден ________________________________________________________


                  (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)

__________________________________________________________________

аккредиттеу өткізуді сұраймын.
      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      6) ____________________________________________________________
      7) ____________________________________________________________
      8)_____________________________________________________________
      9)_____________________________________________________________
      10)____________________________________________________________
      11)____________________________________________________________
      Мөр орны___________ _____________________________________
                 (қолы)           (тегi, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы «___» ___________________________________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

______________________________________________________


(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________


20 __ жылғы «___ »_________________
____________________

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

                                                       Нысан



Спорт федерациясын аккредиттeу туралы


КУӘЛIК

____________________________________________________________________



(дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе
жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)
____________________________________________________________________

(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және


заңды мекен жайы)

____________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық
маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі)
____________________________________________________________________

(спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)


дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.
      Куәлік 20__ жылғы «___» __________ дейін жарамд

Мөр орны___________ ______________________________________________


          (қолы)    (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы
                     органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)

      Берiлген күнi:


____________________

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

                                                       Нысан


Кiмге ____________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
_________________________________________________
уәкiлеттi және (немесе) жергілікті атқарушы орган
_____________________________________________
басшысының лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)
Кiмнен ___________________________________
(cпорт федерациясы басшысының   
________________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты)
_________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)
Куәліктің телнұсқасын беру (қайта рәсімдеу) туралы
ӨТIНIШ
Сiзден ________________________________________________________
      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)

аккредиттеу туралы куәлігінің телнұсқасын беруді (қайта рәсімдеуді)


сұраймын.

Мөр орны___________ _____________________________________


          (қолы)            (тегi, аты, әкесінің аты)

20__ жылғы «___» ___________________________________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

      ______________________________________________________


      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты)

__________________

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша


Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

не ұйымының атауы)

____________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:



  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ____________________

Телефоны: ____________________

Алды: аты-жөні /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
__________________

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығымен
бекітілді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет