Спорт және Өнер факултеті



Дата29.11.2023
өлшемі21.44 Kb.
#484842
бөж музыкалық аспап-1


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Спорт және Өнер факултеті
Орындаушылық өнер кафедрасы
Музыкалық білім мамандығы
БӨЖ
Қабылдаған:Сайманов И.
Орындаған: Азберген Ә
Тобы: ӨМБ-211

Түркістан 2023 жыл


Жауаптар
1)Сүгір Әліұлының өмір баяны


Сүгір Әліұлы (1882, казіргі Түркістан облысы Созақ ауданы — 1961, сонда) — күйші-композитор. Ықыластың шәкірті.
Ықыластың шәкірті.
Жастайынан ел арасында «домбырашы Сүгір» атанды. Сүгірдің «Телқоңыр», «Майдақоңыр», «Шалқыма», «Ыңғай төк», «Қосбасар», «Бес жорға», «Боз інген», «Ілме», «Ақжелең», «Амангелдіге арнау», «Аққу», т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар теріс бұрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым.


Сүгір күйлері 1964 ж. тұңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968 – 69 ж. нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков, У.Бекенов, Г.Асқаров, т.б. С-дің өнері туралы жазушы Т.Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б.Батырбекова поэма («Күйші Сүгір») жазды.
2)Дәулеткерей күйлері
Ақжелең, Қоңыр, Желдірме,Керілме, Ысқырма,Қосішек,Жұмабике, Тартыс, Қосалқа, Ақбала қыз, Көркем ханым, Қаражан ханым,Құдаша, Мұңды қыз, Топан,Салық өлген,Бұлбұл, Демалыс, Төндірме, Жігер т.б
8) Дина Нүрпейісова өмірі мен шығармашылығы
Төлеңгіт руынан шыққан.[1] Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, ӘлікейТүркеш, Ұзақ, ЕсжанБайжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды
11Жаяу Мұса
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835 жылСемей облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы – 1929 жыл) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгеріақыны.
Шыққан тегі — Орта жүзАрғын ішіндегі Сүйіндік руының Айдабол бөлімі.
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.
Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.


Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Польша, Литва жерінде болады.


Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет