СРОП № 2
Тақырыбы: Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі. Гальванидің бірінші және екінші тәжірибесі. Екінші тетанус тәжірибесі. Электромография. Хроноксиметрия.
Орындаған; Мұхамедқали Іңкәр
Тобы: 204a стом
Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
Қозу табалдырығы деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіштің ең төменгі күшін айтады. Сондықтан қозу табалдырығы неғұрлым төмен болса, ұлпаның қозғыштығы соғұрлым жоғары болады.
Даярланған жүйке-ет препарат құрамында екі түрлі тіндер болуына байланысты, олардың қозғыштық қасиеттері де өзгеше болады. Сондықтан жүйке мен бұлшықет талшықтарының қозғыштық қасиеттерінің бастапқы шегін (немесе табалдырық күшін) анықтап, өзара салыстыру керек.
Тәжірибеде бұлшықеттің қозғыштығын анықтау үшін оны тікелей тітіркендіру керек, ал жүйкенің қозғыштығын – бұлшықетті жүйке арқылы (жанама) тітіркендіру керек.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, миограф, стимулятор, электродтар, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка (тамызғыш), Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.
Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препаратын операциялық тақтайшаға орналастырады, немесе оны миографқа бекітеді. Электростимуляторды электр торабына қоспай тұрып, оның амплитуда реттеуші тұтқасын "0" белгісіне, ал жиілігін - 1 Гц тұстастырып қояды. Қозу табалдырығын жанама тітіркендіру арқылы табу үшін стимуляторға қосқан электродты препараттың жүйке талшығына тигізіп, оған ұзақтықтығы тұрақты (0,5 мс) жеке стимулмен әсер етіп, тоқтың күшін біртіндеп ұлғайтады (3, б-сурет). Осылай бұлшықет талшықтарының сәл ғана (немесе әлсіз) жиырылуын туғызатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші табылады. Бұл осы жүйкенің қозғыштығының бастапқы шегі (немесе қозу табалдырығы) болып есептеледі. Ал қозу табалдырығын тікелей тітіркендіру арқылы табу үшін бұлшықетті тікелей электродпен тітіркендіреді де, оның әлсіз жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді (3, а-сурет). Табылған көрсеткіш осы бұлшықеттің қозу табалдырығы болып есептеледі. Тоқ күші жетпесе, амплитуданы өзгертетін тұтқаны бұрай отырып, тоқ күшін ұлғайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |