СРСП тапсырмалары
Пәні: Халықаралық жария құқығы
Орындаған: Қуанышқалиева Жансая
Құқықтану-201 топ студенті
Тақырып
Халықаралық құқықтың пәнінің түсінігі және даму тарихы
Халықаралық құқық — бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын. Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді. Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, Халықаралық гуманитарлық құқықтағы — азаматтық институт, Халықаралық келісімшарт құқығындағы —
келісімшарттың жарамдылығы институты. Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздердің бірі болып – халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі реттестіруші тәсілі болып – халықаралық құқық субъектілері еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі, халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді. Халықаралық құқық доктринасында бұл ұғымның айтылуына қатысты қалыптасқан ой-пікір бар. БҰҰ Халықаралық сотының Статуты контексінде – құқықтың қағидалары деп жалпы құқықтық сипаттағы әлде бір ережелерді түсіну қажет. Әйтседе олардың шығу тегі әлемдік қауымдастыққа мүше мемлекеттердің ұлттық құқығы мен байланысты. Ұлттық заңдар актілері нормаларын, сондай-ақ сот шешімдерін халықаралық құқықтық проблематикаға қатысты есепке алудың көмегімен мемлекеттің позициясын сол бір, не өзге де мәселесі бойынша немесе нормасы бойныша анықтау мүмкіндігі туады, мысалыға халықаралық әдет-ғұрып санатының субъективті элементіне қатысты.
2-Тақырып
Халықаралық шарттар құқығы
Кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттардың егізінде реттеледі. Ол оның қатысушыларының еркі.
Халықаралық шарттар құқығыхалықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу,оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі,ол-б.з.д.Х11 ғасырдың ббірінші жартысында Аккад патшасыНарамсин мен Эламның ұссаақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт. Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік,бітімгершілік , әскери көмек ,сауда мәселелеріне арналады.Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы шарттарда көрініс тапты .Шарттарды мемлекеттер ғана емес , сонымен қатар дербес қалалар ,мемлекеттер одағы ,кейде діни ұйымдар жасай алды . Олар қатысушыларына ғана міндетті болды. Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928ж қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гаванна конвенциясы. БҰҰ шақырған конференцияда 1968 –1969жж. Халықаралық құқық комиссиясына дайындаған халықаралық шарттар құқығы туралы баптар жобасы 1969ж. 23 мамырда қабылданып, оған Халықаралық шарттарқұқығы туралы Вена конвенциясы аты берілді. Бұл конвенция 1980ж.27 қаңтарда күшіне енді және ол осы конвенцияның 1- бабында көрініс тапқандай, тек мемлекеттердің арсындағы шарттық қатынастарды реттейді. Оған 1993ж 31-наурызда Қазақстан Республикасы қосылды. Сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тажіксатанда осы шартқа мүше елдер қатарына жатады. Конвенциясының кері күші жоқ. Үкімет аралық халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың халықаралық қатнастарда рөлінің өсуі мемлекеттермен және өздерінің арасындағы қатнастарды келісім-шарттың көмегімен шешуге әкеледі. Бұндай шарттардың қатары күннен-күнге көбейе түсті және ол дүниеге осы қатнастарды реттейтін арнайы конвенцияны әкелуді қажет етті. Сонымен, 1986ж Венада БҰҰ шақырған конференцияда халықаралық ұйымдар арсындағы немесе халықаралық ұйымдармен мемлекеттер арасындағы келісім шарттар құқығы туралы үшінші конвенция жарық көріп, қабылданды. Бұл акт Халықаралық құқықтың жүйесі және ілгері дасуының нәтижесі.1978 және 1986жж. Конвенциялар күшіне енген жоқ,дегенмен олардың нормаларын мемлекеттермен әдет –ғұрып нормалары реғтінде қолданады. Шарттың жасалу тілін жақтар өздері таңдап алады. Олар әдетте екі жақтың да тілін ,сондай-ақ үшінші бейтарап жақтйң да тілін алады. Үшінші жақтың тілін шартты талқылаған кезде қолданады. БҰҰ шеңберінде және оның ұйымдарымен жасалатын шарттар сол ұйымның ресми тілдерінде жасалады . Шарт әр түрлі тілде жасалса , олардың бірдей заңдық күші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |