Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар



бет3/3
Дата17.09.2023
өлшемі36.38 Kb.
#477755
түріҚұрамы
1   2   3
Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар

Суалу кезеңінің ұзақтылығы. Осы кезеңдерде жануарлар сауын маусымынан келесі кезеңіне дайындала бастайды: желіннің бездік аппаратының жаңартылуы және дамуы және жануардың денесінде ұрықтың аналықтың жатырында жақсы дамуына әсер ететін қоректік, минералдық заттардың қорының қалыптасуы жүреді. Суалу кезеңінің жақсы өткізілуі сиырлардың бұзаулағаннан кейін өнім беруін жоғарлатады деген мәліметтер де бар.
Суалу кезеңінің 60-70 күнге созылуы қалыпты деп есептелінеді. Суалу кезеңінің ұзаққа созуды жас және өнімділігі жоғары сиырларға колдану керек. Суалу кезеңін қосымша сүт өнімін алу үшін қысқарту, көбіне келеңсіз жағдайлар тудырады.
Бұзаулау кезеңі. Бұл ең бастысы сүтті жануарды сауын маусымында қоректендіру және күту жағдайына, климатына байланысты. Неғұрлым колайлысы қысқы-көктемгі бұзаулаулар, сонымен қатар күзгі-қысқылар, жазғылар өте мардымсыз болады. Көктемгі-жазғы бұзауларда сиырлар көлемі бойынша тәулікті және айлық жоғары сауын береді, бірақ ондағы лактациялық қисықтық неғұрлым күрт ауытқып тұрады. Сондықтанда осындай кезеңдерде бұзаулауда сүт сауыны, күзгі-қысқы кезеңмен салыстырғанда төмен болады.
Ірі сүт кешендерінде қалыпты бұзаулауда және жыл бойы тұрақты деңгейде қоректендіруде жыл мезгілінің сиырлардың сүт өнімділігіне әсер етуі төмен болады.
Қоректендіру және күту жағдайы. Бұл әрине жануарлардың сүт өнімділігіне өте елеулі әсер ететін негізгі фактор. Сауын мауысымы кезінде сүтпен бірге сиырлардың ағзасынан көп мөлшерде қоректік заттар бөлінеді. Сауын көлемі 3000 кг болғанда сүтпен бірге ағзадан 390 кг, ал 4000 кг сауында – 500 кг-нан жоғары құрғақ зат шығады. Сондықтанда сауын сиырларын толық қанды дұрыс қоректендіру - олардан жоғары сүт өнімділігін алудың негізгі шарты. Жеткіліксіз қоректендіргенде ең алдымен сауын мөлшері төмендейді, содан кейін сүттің майлылығы төмендейді. Әсіресе сүттің майлылығына малдың ақуыздық заттармен дұрыс қоректендірілмеуі кері әсер етеді.
Сиырларды қоректендірудің неғұрлым қолайлы жағдайы жаз айларында қалыптасады, бұл мезгілде жануарлар жасыл шөпті жеткілікті мөлшерде жейді, сонымен бірге сапасы жоғары сүрлемделген жем-шөппен қоректендірілгенде.
Сиырлардың сүт өнімділігіне: қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылығы және газбен қанықтырылуы сияқты жағдайларда елеулі әсер етеді. Ағзада қалыпты зат алмасуды қамтамасыз ететін және сауынның деңгейіне кері әсер етпейтін, сиырлар үшін микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері мыналар: ауаның температурасы- 5-15 градус С, қатысты ылғалдылығы - 70-75%, тірі салмақтың 1 центнеріне ауа алмасу 17 м.куб/сағ., ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,5 м/с, күкірт тотығының концентрациясы - 0,25%, аммиактікі 20 мг/м.куб. және күкіртті сутек ізі. Қолда бар мәліметтер бойынша сүтті жануарды суық ғимаратта ұстау, оның сауынының 10-15%-ке төмендеуіне, кей-кезде жануардың тірі салмағының төмендеуіне әкеледі. Сауыны 8-10 кг сиырлар үшін қысылшаң температура 5 градус С, ал жоғары өнімді (сауын 20-25 кг) сиырлар үшін, олардың жақсы қоректендіруде ол біраз төмен болады. Сонымен бірге өнімділігі жоғары сиырлар ауаның жоғары температуралығын – 25 градус С, өнімділігі аз сиырлармен салыстырғанда қатты сезінеді.
Сауымның еселілігі. Сүт желінде тәулік бойы үздіксіз қалыптасады. Желіннің сүтпен толығуына байланысты, онда сүттің қоршаған ұлпаларға қысымы өседі. Сүттің белгілі бір мөлшерде қысымына жеткенде, сүттің желінге жинақталуы тоқтайды, егер сиыр сауылмаса, онда сүттің сіңірілу процессі басталады.
Сүт өнімділігі желіннің сыйымдылығымен тығыз байланысты. Сауын неғұрлым жоғары болса желіннің сыйымдылығы соншалықты болады, немесе керісінше. Сауымның еселілігі ұлғайтылғанда, оның деңгейіне байланысты сиырлардың сүт өнімділігі 5-20%-ке өседі. сауын 2000 кг-ға дейін болғанда, екі еселіктен үш еселікке ауысу оны одан әрі жоғарылатпайды. Сауым 3000 кг болғанда сиырларды екі еселіктен үш еселікке ауыстыру оны шамамен 8%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал 4000 кг және одан жоғары сауымда 12%-ке. Жалпы алғанда түрлі тұқымдардың, сүтті жануарлар табыны екі еселеп саууда да рекордты сауын береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет