101
цилиндр тәрізді ҧсақ моншақтар алып келді. Соңғылары теңіз ҥшкірленген
қыстырма, шеті ҥш бҧрышты бҧрғы мен шағын бҧрғыларды
атап кетуге
болады. Бҧл қҧралдар келтеминар мәдениетінің дамыған және кейінгі
кезеңдеріне тән.
Хронологиялық тҧрғыдан Маңғыстаудағы хвалын және келтеминарлық
әсердегі ескерткіштер замандас. Қошқар-ата-4 тҧрағының қыш ыдыстары
келтеминарлық кейіпте болғанымен шебірлік ыдыстарға да тән екендігі
байқалады, айырмасы – тек олардың тҥбі жалпақ болып келеді. Ӛз кезегінде
бҧл мәдениеттер ойықты және тӛлес сынды жергілікті мәдениеттермен қатар
ӛмір сҥреді, мҧны шебір типіндегі қыш ыдыстары бар Қосқҧдық тҧрағы
секілді археологиялық нысандар материалдары растап отыр.
Б.з.б. ІҤ мыңжылдықтағы тарихи ҥрдістерді танып-білу Шығыс Каспий
аумағында орын алған ӛнім ӛндіру экономикасымен (мал шаруашылығымен)
тығыз байланысты. Егер бҧрын бҧл ӛңірге
таяушығыстық мәдени ошақ
аудандарынан қойдың таралуына себепкер болған деген басымдық берілсе,
соңғы уақыттарда бҧл пікір М.И.Итина мен В.А.Алекшин тарапынан теріске
шығарылуда. Олар орта-азиялық қосӛзен аңғарына мал шаруашылығы
солтҥстік далалы аймақтардан келу мҥмкіндігі мол екендігін айтып отыр.
Келтеминар мәдениетінің жоғарғы шегінің хронологиялық тҧрғыдан
кешуілдеуі және кейіннен Орта Азиядаға ӛнім ӛндіру шаруашылығының
солтҥстікке қарай ауысуы (б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда) Еділ-Жайықтық
хвалын тайпаларында б.з.б. Ҥ-ІҤ мыңжылдықтарда кӛшпенді (жылжымалы)
мал шаруашылығы біршама дамығандығын нақты кӛрсетеді.
Осы кездері
хвалындықтар Маңғыстауға да келе бастайды.
Сӛйтіп, Маңғыстау тҥбегіндегі энеолит бас кезіндегі археологиялық
кезеңдестірілу
мҧнда
жылжымалы
мал
шаруашылығы
қалыптаса
бастағандығын аңғартады. Белсенді қимыл жасаған келімсек тайпалардың
жергілікті неолиттік тҧрғындарымен араласуы кейінірек Маңғыстауда қола
дәуірінде жаңа мәдениеттердің қалыптасуына алып келді. Дегенмен бҧл
кезеңдердегі уақыт шеңбері әлі нақты емес. Оны келешектегі далалық
ізденістер нақтылайтындығы белгілі.
Энеолит
дәуіріне жататын ескерткіштер Сарыарқа өңірінен де кӛптеп
табылған. Мҧндағы ескерткіштердің кӛпшілігі бҧлақтардың жанында, ӛзен
жағалауларында жиі орналасқандығы байқалады. Бірнеше мәдени
қабаттардан тҧратын Қарағанды қаласының маңындағы, Екібастҧз ӛңіріндегі
тҧрақтар материалдары энеолит мәдени қабаттарының неолиттік кезеңдегі
қабаттармен тығыз байланысты екендігін аңғартады. Кӛбіне энеолиттік
ескерткіштер неолиттік археологиялық нысандардың
тасасында қалып кетіп
жатады. Себебі мыстан жасалған бҧйымдардың сирек ҧшырасуы,
зерттеушілердің кӛптеген энеолиттік ескерткіштерді неолитке жатқыза
салуына алып келген. Әрі екі кезең ескерткіштерінің бір орында ҧшырасуы
нақты бӛліп кӛрсету мҥмкіндігін шектейді. Сондықтан да Орталық Қазақстан
неолиті әлі де болса нақтылай тҥсуді қажет етеді. Дегенмен, бірқатар
зерттеушілер тарапынан Сарыарқаның кейбір энеолиттік ескерткіштеріне
азды-кемді талдау жасалғандығын атап кету керек.
102
Екібастҧз ӛңіріндегі энеолитті толымды тҥрде кӛп қабатты Шідерті-3
тҧрағының материалдары да сипаттап береді. Бҧл
ескерткіштің энеолиттік
мәдени қабатынан еңбек қҧралдары кӛптеп алынған.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда энеолит ӛтпелі мәдени-тарихи кезеңіне
жататын Есіл ӛңірінде 6 қоныста кең кӛлемде қазба жҧмыстары жҥргізілген.
Торғай ойпатынан 32 ескерткіш анықталған. Жҥздеген ескерткіштер Орталық
Қазақстан аумағынан белгілі болып отыр. Арал ӛңірінен ондаған
ескерткіштер табылған. Басқа ӛңірлерде энеолиттік ескерткіштерді айқындау
әлі кҥнге дейін кенжелеп келеді.