Стан археологиясы


Батыс Қазақстан ортағасырлық көшпенділерінің археологиялық



Pdf көрінісі
бет112/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   157
Қазақстан археологиясы

Батыс Қазақстан ортағасырлық көшпенділерінің археологиялық 
ескерткіштері. Қазақстанның батыс ӛңіріндегі жерлеу ескерткіштерін 
Г.B.Кушаев, В.А.Кригер, Железчиков, А.А.Бисембаев зерттеген. 
Батыс Қазақстандағы ортағасырлық кӛшпенділердің обалары мен 
қабірлерінде жҥргізілген археологиялық ізденістер мҧнда ҮІІІ-ІХ ғасырларға 
жататын ескерткіштердің аз екендігін кӛрсетіп берді. Ірі қорымдар да жоқ.
Оба ҥйінділері топырақтан кӛтерілді, таспен тҧрғызылғандары ӛте 
сирек. Ҥйінділердің негізгі бӛлігі 8 м-ден 15 м-ге дейін жетеді. Қабір 
шҧңқырының кеңінен таралған тҧрпаты кертпе мен ҥңгіп қазу болды. 
Жерлеу ғҧрпындағы маңызды мәселе жылқы сҥйектерінің болуы еді. 
Анатомиялық тәртіппен қойылған қаңқа қалдықтары қазылған қабірлердің 
тең жарымынан шыққан. Жылқы сҥйектері шҧңқырдағы адам қаңқасы 
жанындағы мола кертпесінен, шҧңқыр жабындысынан алынған.
Оба ҥйіндісінде немесе қабір тҥбіндегі малдың сҥйектері астың немесе 
ақіреттің тағамның қалдықтары болып табылады. 
Бҧл уақытқа жататын жерлеу кешендері негізгі ҥш тҥрге бӛлінеді: ат 
қосып жерленген қабір, жылқы қойылмаған қабір мен кенотаф. 
Ер адамдардың қабірлерінен қару-жарақ, әйел адамдардың қабірінен 
сәндік заттар (тарақ, айна, әшекейлер) алынады. 
Қару-жарағы (жебе ҧштары, сауыт-сайман, т.б.) толық шыққан 
жауынгерлердің қабірлері аршылған (Шалқар-3, Қарасу-1). Ат сҥйегі 
шықпаған ер адамның қабірлерінен белбеу мен жҥген-ноқта алынады.
ІХ ғасыр екінші жартысында қабір шҧңқырының жабындысына не 
болмаса табыт қақпағына «ат тҧлыбын» қою жоралғысы тарала бастайды. 
Сонымен бірге бҧл жоралғының біршама ӛзгерген тҧрпаты шыға бастайды
бҧл ретте бір немесе екі ат тҧяғы қойылды. 
Кенотафтар жоғала бастайды.


293 
ХІІ-ХІV ғасырлар ескерткіштері. Оба ҥйінділерінің кӛлемі 4-18 м 
аралығында. Кӛпшілік ескерткіштер топырақпен кӛтерілген. Тас араласқан 
ҥйінді және ҥйінді астындағы шикі кірпіш қоршаулары сирек ҧшырасады. 
Тікбҧрышты тҧрпаттағы қабір шҧңқыры жиі қолданылады. Кей 
жағдайларда оның қабырғалары тҥбіне қарай тарылуы немесе кеңеюі мҥмкін. 
Кертпелі немесе қабырғаларында кертпесі бар қабір шҧңқырлары мен ҥңгіп 
қазылған молалар да ҧшырасады. 
Жерленгендердің бағытталуы әрқилы, алайда оңтҥстікке қарай бағыттау 
басым.
Жабанды қарапайым тҧрпаттағы қабірлерден де, иықшалы молалардан да 
кездеседі. Тақтай табыттардың қалдықтары да байқалып қалады. Мҥрдені 
ойылған ағаш діңгегінен жасалған діңгек-табытқа салу да жағдайы да 
ҧшырасқан. 
Қабірлерден ат әбзелдері (ҥзеңгі, жҥген, ер қалдықтары), қару-жарақ 
(жебе ҧштары, қылыш, қорамсақ пен олардың әшекейлері, қанжар, найза, 
сауыт); әшекейлер (сырға, сақина, моншақ, айна, «бокка»); тҧрмыстық заттар 
(кресала, пышақ, қайшы, біз, тарақ, ыдыстар); айылбастар, косметикалық 
қҧралдар, тері боқша қалдықтары, қола қоңыраулар алынған. 
Бай адамдардың қабірі сән-салтанатымен ерекшелінеді. Мәселен, 
Лебедевка қорымынан ортағасырлық кезеңнің обасы қазылған. Мҥрде 2 м 
тереңдіктегі тақтай ҥстіне қойылған, басы батысқа бағытталған. Қабір 
саңлауларына тақтай қойылған. 
Қаңқада кӛйлекке тігілген сауыт пластиналары сақталған. Кӛйлектің жеңі 
мен шеттеріне ҧзынша тар пластинкалар тігілген. Басының деңгейінде, оң 
жақта темір дулыға тҧрған. Дулығаның тӛменгі жиегіне темір сақина 
бекітілген, оған екі қатар тар ҧзынша пластинкалар айналдырыла тағылған. 
Дулыға мен жауынгердің басы арасынан алтын жҥзік табылған. 
Оң қолының саусақтары тҧсында қорамсақ жатқан. Қорамсақ ішіне сапты 
ҥшбҧрышты темір жебе ҧштары салынған. Сауыттың қасында миндаль 
тҧрпатты алтын жалатынған екі кҥміс пластина жатқан, олардың біріне 
мҥйізді екі таутеке мен аузында кҥнді тістеп тҧрған арыстан бейнесі 
тҥсірілген. Басқа екі қапсырмаға жіп тҥріндегі ӛрнек бедерленген. 
Сарбаздың аяқтарының арасында, тізесінің деңгейінде қоңырау пішінді 
кҥміс ыдыс тҧрған. Шҧңқырдың артқы қабырғасында, мҥрденің аяғына таман 
аттың жҥген-ноқталарының қалдықтары жатқандығы анықталған. 
Оң қолының сҥйектерінің тҧсынан ҧзын, қайқы темір қылыш (ҧзындығы 
95 см, жҥзінің ені 4 см) пен істік алынған. Аяқ сҥйектерінің қасынан 
сақиналы жҥген мен айылбас аршылған. 
№3 обадан ер адамның қаңқасы шыққан. Бҧл обаның диаметрі 16 м, 
биіктігі 1,1 м. Жоғарыдағы молаға қарағанда бҧдан аса айтарлықтай ештеңе 
шыға қоймаған. Алынған заттар: ҥзеңгі тҥрлері, белбеу айылбастары, оған 
сән беріп тҧрған кҥміс шаршы жапсырма мен екі жҥзік.
ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында моңғол шапқыншылығына 
байланысты тҥпкілікті ӛзгерістер болды.


294 
Бҧл кездері солтҥстікке қарай бағытталған қабірлер саны ҧлғая 
бастайды. Қабір қҧрал-саймандары арасында «бокка» бас киімі мен металл 
қаңылтырынан қиылған адам мҥсіндері секілді заттар пайда болады. 
Алтын Орда тҧсындағы кезеңде жерлеу ғҧрпы ӛзгере бастайды, шығыс 
бағыт батысқа және солтҥстікке ауысады, қабір шҧңқырының тҧрпаты 
қарапайымдана тҥседі.
Жерлеу қабірінен әлемдегі ең нҧрлы ислами дәстҥрлер анық байқалады. 
Қалалар маңындағы бейіттерде мҧсылмандық жосын-жоралғымен жерленген 
адамдар саны арта бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет