"Парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 8, 88-құжат
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған "Парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 159 қаулысымен
бекiтiлген
"Парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi
1. Қолданылу саласы
1. Осы техникалық регламент:
1) қауiпсiздiктi және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердiң алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында парфюмерлiк-косметикалық өнiмдерге (бұдан әрi - ПК өнiмдер) қойылатын мiндеттi талаптарды;
2) тұтынушы орауына және парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi таңбалауға қойылатын талаптарды;
3) ПК өнiмдердi өндiру, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестерiне қойылатын талаптарды;
4) ПК өнiмдерiнiң осы техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн бағалауға қойылатын талаптарды.
Осы техникалық регламенттiң талаптары таралатын ПК өнiмдерi тазарту, жағымсыз иiстердi жою, эстетикалық әсер беру және оларды қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау мақсатында адамның денесiне қолдануға арналған, құралдарға теңестiрiлген:
1) терi, тырнақ және шаш күтiмiне арналған сiрне негiзiндегi, эмульсиялық және майлы құралдар (кремдер, сүт, кiлегейлер, маскалар, скрабтар, пилингтер, крем-гельдер);
2) шаш пен терiнiң гигиеналық күтiмiне арналған жуу құралдары (шампундер, сұйық сабындар, душқа, ванна мен интим гигиенасына арналған жуу гельдерi, ваннаға арналған көбiк және тазарту құралдары: көбiктер, гельдер, мусстар);
3) бет, ерiн, дене және шаш макияжына арналған эмульсия негiзiндегi сәндiк косметика құралдары (тоналды құралдар, бет далабы, қабаққа арналған бояу, шашқа арналған тушь, кiрпiкке арналған сұйық тушь және көзге арналған бояу, ерiнге арналған жылтыр);
4) терi, көз және ерiн макияжы мен күтiмiне арналған май-балауыз негiзiндегi сәндiк косметика құралдары (ерiн, далаптары) ерiнге арналған жылтыр мен бальзам; театр гримi; қас, қабақ және ерiнге арналған контур қарындаштары, маскалағыш қарындаштар; кiрпiкке арналған қатты тушь);
5) бет, дене және шаш макияжына арналған ұнтақ тәрiздi және шағын сәндiк құралдар (опа, бет далабы, қабаққа арналған бояулар, бетке, денеге және шашқа арналған жылтыр);
6) дененiң гигиеналық күтiмiне арналған ұнтақ тәрiздi және шағын құралдар (тальк, ұнтақ, балаларға арналған, парфюмерлiк, хош иiстендiрiлген опа);
7) тiс және ауыз қуысының күтiмiне арналған құралдар (гигиеналық және емдiк-профилактикалық тiс пасталары; эликсирлер, шайғыштар, сергiткiштер, бальзамдар);
8) гигиеналық, сергiткiш және хош иiстендiргiш құралдар ретiнде пайдаланылатын парфюмерлiк сұйық құралдар (иiс майлар, әтiрлер, парфюмерлiк, иiс және хош иiстi сулар);
9) терi, шаш және тырнақтың гигиеналық және/немесе сергiту күтiмiне арналған косметикалық сұйық құралдар (лосьондар, лосьон-тониктер, тониктер);
10) шаш күтiмiне арналған косметикалық сұйық құралдар (шашты бұйралауға және түзеуге арналған құралдар, шашты сәндеуге арналған құралдар);
11) тазарту, хош иiстендiру және сергiту әсерiне арналған косметикалық сұйық құралдар (дезодоранттар мен дезодорант-антиперспиранттар);
12) қырынуға дейiн, қырыну кезiнде және қырынудан кейiн қолданылатын құралдар (қырынуға арналған кремдер, гельдер және көбiктер);
13) тырнақ күтiмiне арналған құралдар (маникюрлiк лактар, тырнақ көбесiн алуға арналған құралдар, лакты кетiруге арналған сұйықтық, тырнақты өсiруге арналған құралдар);
14) шашты түссiздендiруге (немесе түсiн кетiруге) және бояуға арналған құралдар;
15) татуажға арналған құралдар;
16) иiссабын.
Осы Техникалық регламенттiң талаптары белгiленетiн ПК өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 9-қосымшада келтiрiлген.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Терминдер мен анықтамалар
2. Осы техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ампулды косметика - герметикалық дәнекерленген шыны ыдысқа салынған, консерванттары жоқ, бiр рет пайдалануға арналған ПК өнiмдер;
2) ПК өнiмдерiнiң түсiнiктемесi - ПК өнiмдерiнiң тұтынушылық қасиеттерi, тағайындалуы, қолдану жөнiндегi нұсқауларының сипаттамалары, сондай-ақ қолдану тәсiлдерi бар сөзбен сипатталуы және (немесе) графикалық белгiлеуi;
3) антиперспиранттар - тер бөлiнуiн төмендететiн құралдар;
4) ерiнге арналған жылтыр - ерiнде жылтыр қабыршақ жасайтын косметикалық сәндiк құрал;
5) ПК өнiмдердiң қауiпсiздiгi - қауiптi факторлардың ықтималдығы мен оның салдарының ауырлығының деңгейiн ескере отыра, өмiрге, адам денсаулығына, қоршаған ортаға, өсiмдiк және жануарлар дүниесiне зиян келтiруге байланысты жол берiлмейтiн қатердiң болмауы;
6) ПК өнiмдердiң сыртқы орауы (сыртқы орауы) - ПК өнiмдердiң iшкi орауы сиятын материал немесе бұйым;
7) ПК өнiмдердiң iшкi орауы (iшкi орауы) - ПК өнiмдердi тiкелей салуға арналған ыдыс;
8) көмекшi құралдар - ПК өнiмдердi тiкелей жағуға (кетiруге) арналған және оларды пайдаланудан күтiлетiн жоғарғы әсердi қамтамасыз етуге арналған құралдар;
9) косметикалық гель - құрамында су, май эмульсиялар, арнайы қоспалар және гель пайда болатын компоненттерi бар коллоидтi жүйелердi бiлдiретiн парфюмерлiк-косметикалық құрал;
10) косметикалық саз - косметикалық процедураларға пайдаланылатын, айтарлықтай созылғыштыққа ие табиғи минералды заттар;
11) косметикалық балшықтар - косметикалық процедураларға пайдаланылатын табиғи минералды және (немесе) органикалық заттар;
12) дайындалған күнi - дайындаушы қоятын және ПК өнiмдердi дайындаудың технологиялық процесiнiң аяқталғаны жөнiнде ақпарат беретiн күнi;
13) дезодорант - хош иiстендiретiн және сергiтетiн қасиетке ие парфюмерлiк-косметикалық құрал;
14) өтiнiш берушi - өнiмнiң сәйкестiгiн растау үшiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
15) өнiмдi сәйкестендiру - өнiмдi бiртектi өнiм тобына жатқызу мақсатында оның маңызды белгiлерi бойынша сипаттамасының ұқсастығын белгiлеу;
16) ПК өнiмдi дайындаушы - ПК өнiмдердi келесi иелiгiнен шығарғанға дейiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;
17) косметикалық қарындаш - қарындаш түрiнде шығарылатын, сырты ағаш немесе пластик парфюмерлiк-косметикалық құрал;
18) клиникалық қауiпсiздiк - арналуы бойынша ПК өнiмдердi пайдаланған кезде азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенiн куәландыратын терiнi тiтiркендiретiн және сенсибилизациялайтын әсерiнiң болмауы;
19) консерванттар - ПК өнiмдердiң жарамдылық мерзiмiн ұзартуды қамтамасыз ететiн заттар;
20) бояулар - ПК өнiмдерiн бояу үшiн қолданылатын табиғи және (немесе) синтетикалық тектi химиялық зат;
21) лосьон - терi және (немесе) шаш және (немесе) тырнақ күтiмiне арналған парфюмерлiк-косметикалық сұйық құрал;
22) косметикалық май - сұйық майлы түрдегi парфюмерлiк-косметикалық құрал;
23) маска - терiнi, шашты, тырнақты тиiмдi күтудi қамтамасыз ету үшiн арналған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
24) иiс сабын - дененi күтуге арналған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
25) ПК өнiмнiң атауы - ПК өнiмдердi даралайтын дайындаушы берген белгi;
26) ПК өнiмнiң аты - ПК өнiмдердi бiртектi топқа жатқызуға мүмкiндiк беретiн өнiм түрiнiң белгiсi;
27) парфюмерлiк-косметикалық өнiмнiң арналуы (арналуы) - ПК өнiмнiң функционалдық қасиетi;
28) ашық хат - тұтынушыға арналған ақпараты бар кез келген форматты парақ өнiмi;
29) беттi тазарту - терiнiң артық секретiн, кiрдi, сәндiк косметиканың құралдарын жою;
30) өнiм партиясы - сапасы мен қауiпсiздiгi туралы бiр құжатпен берiлетiн белгiленген сапа және қауiпсiздiк көрсеткiштерi бар бiр атау мен аттың өнiм мөлшерi;
31) парфюмерлiк-косметикалық ингредиент (ингредиент) - ПК өнiмдердi өндiруде пайдаланылатын химиялық зат немесе синтетикалық немесе табиғи тектi препарат. Ингредиенттегi қоспалар парфюмерлiк-косметикалық ингредиенттерге жатпайды;
32) парфюмерлiк (хош иiстi) композиция - ПК өнiмдерiне иiс беруге және (немесе) ингредиенттердiң иiсiн жасыруға арналған заттардың қоспасы;
33) ПК өнiм - тазарту, жағымды иiс беру, сыртқы түрiн өзгерту, оларды қорғау немесе қалыпты жағдайда сақтау мақсатымен адам денесiнiң түрлi бөлiктерiне (терiге, түк басқан жерлерге, тырнаққа, ерiнге, тiске, ауыз қуысының кiлегей қабықшасына және сыртқы жыныс мүшелерiне) жағуға (көмекшi құралдардың көмегiмен немесе оларды пайдаланбай) арналған құралдар;
34) парфюмерлiк-косметикалық өндiрiс - ПК өнiмдердi дайындау мақсаты бар технологиялық операциялар мен басқару әрекеттерiнiң жиынтығы;
35) тiс пастасы - тiс және ауыз қуысының күтiмiне арналған паста тәрiздi немесе гель тәрiздi консистенцияның парфюмерлiк-косметикалық құралы;
36) косметикалық пластырь - косметикалық рәсiмдердi жүргiзуге арналған жабысу әрекетiне ие, материалдан жасалған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
37) ерiн далабы - ерiнге жағуға арналған сәндiк косметикалық құрал;
38) ПК өнiмiн жеткiзушi - ПК өнiмдi жеткiзетiн кез келген меншiк түрiндегi жеке немесе заңды тұлға;
39) тұтынушы - ПК өнiмдi тiкелей пайдалану үшiн сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
40) ПК өнiмiнiң тұтынушы орауы - ПК өнiмдерiнiң сыртқы және iшкi орауларының жиынтығы, сыртқы орауы болмаған жағдайда iшкi орау тұтынушы орауы болып есептеледi;
41) рецептура - ингредиенттердiң салмақтық үлесiн көрсете отыра, ПК өнiмнiң құрамына кiретiн ингредиенттердiң дайындаушы белгiлеген толық тiзiмi;
42) скраб - терi қабатының беткi өлi клеткаларын түлетiп түсiруге арналған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
43) целлюлитке қарсы құрал - дененiң проблемалы учаскелерiнде целлюлит пайда болудың алдын алуға және целлюлит белгiлерi бар дене учаскелерiн күтуге арналған ПК құрал;
44) депиляцияға арналған құрал - түктердi жоюға арналған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
45) интим гигиенасына арналған құрал - жыныс мүшелерiнiң күтiмiне арналған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
46) татуажға арналған құрал - терiнiң бетiне сурет салуға арналған парфюмерлiк-косметикалық құрал;
47) жарамдылық мерзiмi - дайындаушы айқындаған тасымалдау және сақтау талаптарын сақтаған кезде ПК өнiмiн осы техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келетiн және оның арналуы бойынша қолданылатын мерзiм;
48) тальк - дененiң гигиеналық күтiмiне арналған ұнтақ тәрiздi парфюмерлiк-косметикалық құрал;
49) тауарлық белгi (тауарлық маркасы) - бiр жеке тұлғаның тауарларын басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан айыру үшiн қызмет ететiн, белгiленген тәртiпте тiркелген (қабылданған) немесе халықаралық шарттар күшiмен тiркеусiз қорғалатын белгi;
50) ПК өнiмнiң токсикологиялық қауiпсiздiгi - азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiретiн жалпы токсикологиялық әсерiнiң болмауы;
51) зат белгi - тұтынушылар үшiн өнiмдерге жапсырылатын ақпараттар;
52) көлiктiк орауы - ПК өнiмдi тасымалдауға арналған орау;
53) шашқа арналған тушь - шаш өргенде жағуға арналған сәндiк косметикалық құрал;
54) ультракүлгiн сүзгiлер - ультракүлгiн сәулелердi жұтуға және (немесе) қайтаруға қабiлеттi ингредиенттер;
55) фотоқорғаныш құралы (күн сәулесiнен қорғайтын құрал) - ультракүлгiн сәулелердi жұтуға және (немесе) қайтаруға қабiлеттi парфюмерлiк-косметикалық құрал.
3. Өнiмдердiң нарықта айналу жағдайы
3. ПК өнiмдер осы техникалық регламенттерде белгiленген тараптарға сәйкес болуы тиiс.
4. ПК өнiмдер, егер оларды мақсаты бойынша тиiсiнше қолдану кезiнде тек адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп төндiрмеген жағдайда, нарыққа жеткiзiлуi және сатылуы мүмкiн.
ПК өнiмдерi сатуға енгiзгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген тәртiпке сәйкестiгiн мiндеттi растау рәсiмдерiне iлiгуi тиiс. Сәйкес сертификаттың бар болуы туралы мәлiмет iлеспе құжаттамада көрсетiледi.
4. ПК өнiмдердiң қауiпсiздiк талаптары
Жалпы қауiпсiздiк талаптары
5. Қазақстан Республикасында айналымға шығарылатын ПК өнiмдердi арналуы бойынша пайдаланғанда және (немесе) жарамдылық мерзiмi iшiнде алдын ала болжамды пайдаланған кезде адам өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрмеуге тиiс; бұл ретте өнiмнiң жарнамасы, оның таңбалануы, оны пайдалану және орналастыру жөнiндегi нұсқаулық, сондай-ақ өндiрушi, оның агентi немесе Қазақстан Республикасының нарығында өнiмдi таратуға жауапты кез келген тұлға берген қандай да бiр түсiнiк немесе басқа да ақпараттар ескерiледi.
6. ПК өнiмдердiң қауiпсiздiгi:
1) құрамына;
2) микробиологиялық көрсеткiштерiне;
3) улы элементтер мөлшерiнiң деңгейiне;
4) токсикологиялық көрсеткiштерiне;
5) клиникалық-зертханалық көрсеткiштерiне;
6) ПК өнiмдердiң өндiрiсiне;
7) тұтыну орауына;
8) тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптардың жиынтығын қамтамасыз етедi.
ПК өнiмдерiнiң құрамына қойылатын талаптар
7. ПК ингредиенттерi ретiнде осы техникалық регламенттiң 1-қосымшасында санамаланған заттарды пайдалануға тыйым салынады.
8. ПК ингредиенттерi ретiнде 2-қосымшада көрсетiлген шектеулер мен талаптардан тыс осы техникалық регламенттiң 2-қосымшасында санамаланған заттарды пайдалануға тыйым салынады, бұл ретте осы техникалық регламентте белгiленген тұтынушылар мен мемлекеттiк бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.
9. ПК ингредиенттерi ретiнде 3-қосымшада аталған шектеулерден тыс осы техникалық регламенттiң 3-қосымшасында аталған бояуларды ғана пайдалануға рұқсат етiледi, бұл ретте осы техникалық регламентте белгiленген тұтынушылар мен мемлекеттiк бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.
10. ПК ингредиенттерi ретiнде 4-қосымшада аталған шектеулерден тыс осы техникалық регламенттiң 4-қосымшасында аталған консерванттарды ғана пайдалануға рұқсат етiледi, бұл ретте осы техникалық регламентте белгiленген тұтынушылар мен мемлекеттiк бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.
11. ПК ингредиенттерi ретiнде осы техникалық регламенттiң 5-қосымшасында санамаланған ультракүлгiн сүзгiлерiн ғана пайдалануға рұқсат етiледi, бұл ретте осы техникалық регламентте белгiленген тұтынушылар мен мемлекеттiк бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.
ПК өнiмдерiнiң микробиологиялық көрсеткiштерiне
қойылатын талаптар
12. ПК өнiмiнiң микробиологиялық көрсеткiштерi осы техникалық регламенттiң 6-қосымшасында берiлген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
13. Мына ПК өнiмдерiнiң атауларына:
1) араластырусыз пайдаланылатын 25 % астам концентрациядағы органикалық ерiткiштерi бар ПК өнiмiне;
2) су негiзiндегi тырнаққа арналған лактардан басқа, тырнаққа арналған лактарға;
3) дезодорант-антиперспиранттарға;
4) шашқа арналған тотықтырғыш бояулар, түссiздендiруге және мелирлеуге арналған құралдарға;
5) химиялық бұйралау құралдары және шашты түзеуге арналған тиол қосылыстары негiзiндегi құралдарға;
6) тиогликол қышқылдары негiзiндегi депиляцияға арналған құралдарға;
7) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
8) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
9) ваннаға арналған тұздарға;
10) 100% пайыздық эфир майларына микробиологиялық көрсеткiштердi анықтауға талаптар қойылмайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
ПК өнiмнiң құрамында улы элементтердiң мөлшерiне
қойылатын талаптар
14. ПК өнiмiнiң құрамындағы улы заттардың рұқсат етiлген деңгейi:
1) күшән - жол берiлмейдi;
2) қорғасын - жол берiлмейдi;
3) сынап - жол берiлмейдi.
15. Балаларға арналған ПК өнiмдерiн қоспағанда, иiс майларға, парфюмерлiк суларға, иiс суларға, әтiрлерге қатысты улы элементтердiң мөлшерiнiң деңгейiне талаптар қойылмайды.
ПК өнiмнiң токсикологиялық көрсеткiштерi
16. ПК өнiмдерiнiң токсикологиялық көрсеткiштерi осы техникалық регламенттiң 7-қосымшасында айтылған талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Клиникалық-зертханалық көрсеткiштер
17. ПК өнiмдерiнiң клиникалық-зертханалық көрсеткiштерi осы техникалық регламенттiң 8-қосымшасында айтылған талаптарға сәйкес келуге тиiс.
ПК өнiмнiң өндiрiсiне қойылатын талаптар
18. Микроклиматқа, жарыққа, шу деңгейлерiне, дiрiлге, электрмагниттiк сәулеленуге, өнiмдi өндiру немесе сақтау кезiндегi жұмыс аймағының ауасындағы зиянды факторлардың мөлшерiне қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нормативтерi мен ережелерiне сәйкес келуi тиiс.
19. ПК өнiмдерiнiң өндiрiсi жөнiндегi объектiлердi ұстауға, пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары өндiрiстiк және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға, өндiрiстiк процестерге, жабдықтарға, жабдықтарға, шикiзатты сақтау шарттарына, орамына, сондай-ақ шығарылатын өнiмнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.
20. ПК өнiмiнiң осы техникалық регламенттiң талаптарының қауiпсiздiк көрсеткiштерi бойынша сәйкес өндiрiсiн қамтамасыз ету үшiн технологиялық процестi кезеңмен бақылауды кәсiпорындағы қолданыстағы техникалық және технологиялық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
21. Дайын өнiмнiң қауiпсiздiгiне ықпалын тигiзетiн өндiрiстiң барлық процестерi жоспарланады және құжатталады.
ПК өнiмiн дайындаушының бастапқы шикiзаттың, материал мен реактивтердiң әрбiр түрiне жеткiзушi белгiленген тәртiпте бекiткен құжаттамасы бар болуы тиiс.
Алынған шикiзаттардың, материалдардың әр топтамасы қолданыстағы нормативтiк немесе техникалық құжаттамаға сәйкес кiру бақылауынан өтуi тиiс және өндiрiстiк мақсаттарда тек қана шикiзат пен материалдардың осы түрiне қойылатын белгiленген талаптарға, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес пайдаланылуы мүмкiн.
Шикiзат, материалдар, реактивтер және дайын өнiм таңбалануы керек және сақтаудың регламенттелген уақыты iшiнде олардың сақталуын қамтамасыз ететiн талаптарды сақтай отыра және араласуы мен ластануын болдырмайтын арнайы орындарда сақталуы қажет.
Шикiзаттың, материалдың, реактивтер мен дайын өнiмдердiң сәйкес келмейтiн топтамалары тиiстi түрде таңбалануы және оларды пайдаға асыру туралы соңғы шешiм шыққанға дейiн өндiрiс процесiне абайсызда түсiп кетуiн болдырмау үшiн жеке сақталуы керек.
Өндiрiс қалдықтары мен ағын сулар қалдықтармен және ағын сулармен жұмыс iстеу ережелерiн реттейтiн жалпы техникалық регламенттердiң, заңнамалық және нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Шикiзаттарды, материалдар мен реактивтердi iшкi сәйкестендiру мен тасымалдау өнiмнiң қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн сақтауды қамтамасыз етуi және бекiтiлген схема бойынша жүзеге асырылуы қажет.
Ауыз су және техникалық су құбырлары бөлек, түсi әртүрлi болуға тиiс және өзара қосылыстары болмауы керек.
Орауына қойылатын талаптар
22. Тұтыну орауы, сондай-ақ ПК өнiмнiң жинағына кiретiн көмекшi құралдар тұтынушы үшiн ПК өнiмнiң қауiпсiздiгi мен оның жарамдылық мерзiмi iшiнде сақталуын қамтамасыз ететiн материалдардан жасалуы қажет.
23. Ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары мен интим мүшелерiнiң күтiмiне арналған косметикалық құралдардың ашылатын жерiн көрсететiн арнайы белгiлер, сондай-ақ бүлiнгенде немесе ашылғандық фактiсiнiң болмағандығын көрсететiн қорғаныс элементi қарастырылған тұтынушы орауына оралуы керек. Арнайы белгi және қорғаныс элементi өнiмдердiң өзiнде не орамда болуы мүмкiн.
ПК өнiмiн өлшеп бууға қолданылатын тұтыну ыдыстарының барлық түрлерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар
24. Өтiнiш берушi ПК өнiмнiң тұтыну орауына осы техникалық регламентте көзделген мәлiметтермен қатар iшiнде мыналар:
1) ПК өнiмнiң атауы мен аты (олар бар болғанда);
2) дайындаушының, лицензиардың (егер ПК өнiм дайындаушыға технологияның және (немесе) тауарлық белгiнiң иесi берген лицензия бойынша дайындалған жағдайда) және Қазақстан Республикасында тұтынушылардан шағым қабылдауға дайындаушының уәкiлеттi ұйымының атауы мен орналасқан жерi (елiн қоса алғанда, заңды мекен жайы);
3) салмағы 5 г немесе көлемi 5 мл аз ПК өнiмiн, ПК өнiмнiң тегiн үлгiлерiн қоспағанда, ораған уақыттағы тұтыну орауындағы ПК өнiмнiң номиналды мөлшерiнiң нетто салмағы (г, кг), көлемi (мл, л, см 3 ), мөлшерi (дана);
4) өнiмнiң дайындалған күнi немесе осы мерзiм көрсетiлген тұтыну орауындағы орын жазылған "(айы, жылы) дейiн жарамды (пайдалануға болады)" немесе "Жарамдылық мерзiмi... (ай, жыл)" деген сөздермен белгiленетiн жарамдылық мерзiмi;
Қажет жағдайда бұл мәлiметтер сақталуы айтылған жарамдылық мерзiмiн қамтамасыз ететiн шарттармен толықтырылуы мүмкiн;
5) өнiмдi пайдаланған кездегi ерекше сақтық шаралары;
6) нөмiрi немесе өнiмнiң өндiрiстiк партиясының арнайы коды;
7) ПК өнiмiнiң арналуы. Арналуы белгiлi өнiмдер бұған кiрмейдi;
8) бұл мәлiметтерсiз дұрыс қолдануы тұтынушыларға қиындық тудыратын ПК өнiмiн қолдану тәсiлдерi жөнiндегi мәлiметтер;
9) осы техникалық регламенттiң 25-тармағының ережелерiне сәйкес ингредиенттер мен бояулардың тiзiмi;
10) аэрозольдi өнiмдерге озон қабатын бұзатын заттардың болуы/жоқтығы туралы жазылған ақпараттарды енгiзуге мiндеттi.
25. Ингредиенттер тiзiмiнiң алдында "Ингредиенттер" немесе "Құрамы" деген тақырып болуға тиiс.
Тiзiмде ингредиенттер ПК өнiмiн дайындаған сәттегi олардың салмақтық үлесiнiң азаю тәртiбiнде берiледi, бұл ретте парфюмерлiк (хош иiстi) композиция оның құрамын ашпай-ақ "иiстеушiлер", "хош иiстi композиция", "парфюмерлiк композиция" деген сөздердi пайдаланып бiр ингредиент ретiнде көрсетiледi. Парфюмерлiк (хош иiстi) композицияның құрамында осы техникалық регламенттiң 2-қосымшасында айтылған шектеулерден басқа заттар бар болса, оларды да ингредиенттер тiзiмiне қосу қажет.
Салмақтық үлесi 1% төмен ингредиенттердi салмақтық үлесi 1 % жоғары ингредиенттерден кейiн кез келген тәртiппен беруге болады.
Бояулар басқа ингредиенттерден кейiн кез келген тәртiпте түс индексiне немесе қабылданған белгiлеулерге сәйкес көрсетiлуi мүмкiн.
Дайындаушының қарауына қарай халықаралық косметикалық ингредиенттер номенклатурасына сәйкес (INСI) ингредиенттердiң тiзiмiн латын графикалық негiзiн пайдаланып көрсетуiне рұқсат етiледi.
Түрлi түстер сериясы түрiнде шығарылатын сәндiк косметикалық өнiмдер үшiн "болуы мүмкiн" деген терминдi немесе [+/-] деген белгiнi пайдаланып серияда қолданылған барлық бояулар берiлуi мүмкiн.
26. Осы тармақта көрсетiлген ақпарат мына талаптарды сақтай отыра берiлуге тиiс:
егер ПК өнiмнiң сыртқы орауы болмаса, 24-тармақта айтылған барлық ақпараттар iшкi орауында болуы керек;
егер ПК өнiмнiң сыртқы орауы бар болса, iшкi орауында кем дегенде осы техникалық регламенттiң 24-тармағының 1-тармақшасында айтылған ақпарат болуы қажет;
егер осы тармақтың талаптарын сақтау ПК өнiмнiң көлемi немесе тұтыну орауының формасына байланысты толықтай немесе iшiнара мүмкiн болмаса, осы техникалық регламенттiң 24-тармағында көзделген ақпараттың жетiспейтiн бөлiгi қосымша бетiнде, зат белгiде немесе қоса берiлетiн ПК өнiмнiң бiрлiгiне бекiтiлетiн ашық хатта баяндалуы қажет (не тұтынушыға қолжетiмдi болатын өзге тәсiлмен берiледi).
27. 24-тармақта көзделген ақпарат жеңiл оқылатын және сақтаған, тасымалдаған, өткiзген және тағайындалуы бойынша өнiмдi пайдаланған кезде берiк (орауынан шайылып кетпейтiн) түсiнiктi әрiптермен жазылуы тиiс.
28. Ингредиенттер тiзiмi мен тiзiм тақырыбынан басқа, осы тармақтың 24-тармақшасында қарастырылған ақпарат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы керек. Дайындаушы-фирманың атауы, шетелдiк дайындаушының мекенжайы мен өнiмнiң атауы латын графикалық негiзiн пайдаланып белгiленуi мүмкiн.
24-тармағының 2, 4, 5, 7, 8-тармақшаларында айтылған (ПК өнiмiнiң атын қоспағанда) және шетелдiк өндiрушiлердiң ПК өнiмiнiң iшiндегi ақпарат мемлекеттiк тiлге аударылуға және тұтынушыға ыңғайлы түрде ұсынылуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |