Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау Мақсаты


Стандарт «Қынапты бүркіп жуу»



бет22/23
Дата12.04.2024
өлшемі0.64 Mb.
#498537
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
акушерия стандарты

33.Стандарт «Қынапты бүркіп жуу»
Мақсаты: - емдік

- гигиеналық

Көрсетілімдері: - операцияға дайындық

- жатыр мойны мен қынаптың қабынуы

Аурулары - кольпит

- эндоцервицит

- жатыр мойны эрозиясы

- жатыр қосалқыларының созылмалы аурулары.
Қарсы көрсетілімдері:


  • Ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну процесстері


  • Жатырдан қан кету


  • Етеккір

  • Жүктілік



Ресурстар:


  • Залалсызданған қолғаптар


  • Эсмарх ыдысы немесе көлемі 1,5-2 литрлік шыны немесе пластмасса ұштығы бар спринцовка


  • Емдік ерітінді


  • Гинекологиялық айналар


  • Корнцанг

  • Залалсызданған шариктер



Іс – әрекет алгоритмі:


  1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз.


  2. Гинекологиялық креслоны дезерітіндімен өңдеңіз.


  3. Жеке жаялықты төсеп, әйелді соның үстіне жатқызыңыз.


  4. Эсмарх ыдысын 1,5-2 литр биіктікке штативке бекітіңіз


  5. Залалсызданған қолғапты киіңіз.


  6. Техникасын сақтай отырып қныапқа гинекологиялық айнаны енгізіп, қынап пен жатыр мойнын ашыңыз.


  7. Қынапқа эсмарх ыдысының ұштығын енгізіп, кранды ашыңыз.


  8. Қынап қабырғалары мен қынап күмбездерін жуыңыз.


  9. Құрғақ стерильді мақта шариктерімен қынап қабырғаларын құрғатыңыз


  10. Техникасын сақтап гинекологиялық айнаны алып тастаңыз





34.Стандарт «Қынапты былау»

Мақсаты: емдік

Көрсетілімдері: - жатыр мойны мен қынаптың қабыну аурулары:


  • кольпит

  • эндоцервицит



Қарсы көрсетілімдері:


  • Ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары


  • Жатырдан қан кету


  • Етеккір

  • Жүктілік



Ресурстар:


  • Қолғаптар


  • Екі жақтаулы гинекологиялық айна


  • Емдік ерітінді


  • Мақта шариктері


  • Корнцанг



Іс – әрекет алгоритмі:


  1. Гинекологиялық креслоға жеке жаялықты төсеп, пациентті жатқызыңыз.


  2. Стерильді қолғаптарды киіңіз.


  3. Техникасын сақтай отырып екі жақтаулы гинекологиялық айнаны енгізіп, ашыңыз және бекітіңіз.


  4. Жатыр мойыны көрінетіндей етіп қынапты ашыңыз.


  5. Қынапқа ерітіндінің алғашқы порциясын құйыңыз да, айнаны төмен еңкейтіп бірден төгіңіз.


  6. Ерітіндінің екінші порциясын құйып қынапта 10-15 минутқа қалдырыңыз.


  7. 10-15 минуттан соң ерітіндіні төгіңіз.


  8. Құрғақ дәке шариктерімен қынап қабырғаларын құрғатыңыз.


  9. Техникасын сақтай отырып гинекологиялық айнаны алып тастаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет