Организатор: кафедра археологии, этнологии и музеелогии факультета истории, археологии и этнологии e-mail: mirzahan_1974@mail.ru
ФИО: Мадиева Гульмира Баянжановна
вуз (сокращенное название): КазНУ им. Аль-Фараби
ученая степень: д.ф.н., профессор
занимаемая должность: заведующая кафедрой
город, страна Алматы, Казахстан
Название статьи: Қазақ / ағылшын тілдеріндегі «отбасы/family» концептілерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Секция: семья и брак.
ФИО: Досанова Альбина Маратхановна
вуз (сокращенное название): КазНУ им. Аль-Фараби
ученая степень: доктор PhD
занимаемая должность: старший преподаватель
город, страна Алматы, Казахстан
Название статьи: Қазақ / ағылшын тілдеріндегі «отбасы/family» концептілерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Секция: семья и брак.
ҚАЗАҚ / АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «ОТБАСЫ/FAMILY» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлемнің тілдік бейнесі − әлемнің мәдени бейнесі негізінде қалыптасатын болмысты, шындықты көрсетеді. Тіл – мәдениеттің бір бөлшегі, сонымен қатар мәдениет те тілдің бір бөлшегі болып саналады. Тіл әлемнің ұлттық бейнесінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей алмайды, тек қана бейнелейді.
Әртүрлі тілдерде бір ұғымды білдіретін сөздің семантикалық қалпы да әркелкі болуы, әрі оның шындықтың бөліктерін бүркемелеп тұруы да ықтимал. әлемді әр түрлі тілдердегі тілдік құралдар арқылы қабылдау және концептуалдау барысы олардың туыстастығы жағынан да елеулі болып шығуы мүмкін. Басқа сөздермен айтатын болсақ, әртүрлі тілдерде әлемнің бейнелерінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Отбасы/Family компоненттерінің мағыналық топтарына талдау жасағанда екі тілден жиналған материалдардың фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер көп кездеседі. Фразеологизмдер айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беру, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғартады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылған материалдық және рухани мәдениеттерінде ғана сақталған.
Әр ұлт өз тілінде дүние, әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер арқылы кесіп пішеді, қоршаған әлемнің тілдік әлемі, негізінен алғанда, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің, ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болады. Ол – ұлттың ерекшелігін бейнелейтін мәдени-ұлттық коннотациялы тіркестері, өйткені фразеологизмдердің пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор.
Мәдениет – халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы – оның тілі. Тіл – мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.
Сонымен, тіл – халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет – адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.
Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды. Қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерін жүйелеп, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізіп, баяндау арқылы осы ерекшеліктерді анықтауға деген қызығушылықты тудырады. Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары бөлек ағылшын және қазақ халықтары тілдеріндегі фразеологиялық теңеулерді салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы олардың бойындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындау, ортақ айшықтарын табу, теңеулердің жасалуына негіз болған уәждерді ашып көрсету, мағына қалыптасу жолдарындағы ерекшеліктерін салыстыра қарастыру соңғы жылдары аса үлкен қызығушылықты тудырып келеді.
Мақала жазу барысында біз қазақ және ағылшын тілді респонденттерге әлеуметтіклингвистикалық зерттеу жүргізіп көрдік. Сауалнамаға барлығы әртүрлі жастағы – 60 респондент қатысты. Мақсатымыз Отбасы/Family лексикалық бірлігін қалай түсінетінін, оның синонимдік қатарын беруін, осы компонентті тілдік бірліктерді білуін, отбасы құндылығы деген не, отбасының қоғамдағы әлеуметтік рөлін анықтау болды.
Ғалымдар тілдік-логикалық бірліктерді меңгеру үшін лексика-семантикалық топтарға жіктеген дұрыс дейді.
Лексика-семантикалық топ деп мағыналық құрылымындағы ортақ бір семантикалық компоненттің негізінде біріккен қандайда бір тақырыпты атаймыз.
Отбасы лексикалық бірлігінің ассациативтік санадаға бейнесін төмендегі 1-суреттен анық байқауға болады. Төмендегі суретке қарап отбасы қазақ танамында өте үлкен орын алатынын және оның сементикалық топтары өте көп екенін байқатты. Қазақ танымында отбасы ұғымы тек қана туысқандық қатынастағы бірнее адамның бірлесіп өмір сүру ортасы ғана емес, сондай-ақ философиялық ұғымдардың жиынтығы екенін байқатты.
1-сурет − Отбасы сөзінің санада бейнеленуі
Қазақ респонденттерден жалпы алғанда 56 тілдік бірлік жинақталды, оларды артты түрде 5 лексика-семантикалық топтарға: а) мекен-орта, ә) туысқандық қатынас, б) адами қатынастар, в) сезім-эмоция, г) рухани, материалдық жағдай бойынша жіктедік. Төмендегі 1-кестеде олардың барлығы бейнеленген.
Кесте 1 – Отбасы концепісі аясынан туындаған ұғымдар
Мекен-орта
|
Туысқандық
қатынас
|
Адами қатынастар
|
Сезім-эмоция
|
Рухани материалдық
жағдай
|
жанұя
|
ата-анам
|
бауырмашылдық
|
махаббат
|
көмек
|
шаңырақ
|
әке-шешем
|
түіністік
|
неке
|
қамқорлық
|
қара шаңырақ
|
туысқанда-
рым
|
сыйластық
|
сүйіспеншілік
|
еңбек
|
бір шатыр астында өмір сүру
|
әпке-ағаларым
|
тәрбие
|
шаттық
|
жақсылық
|
өз үйім
|
сіңілі-бауырларым
|
тазалық
|
мейірімділік
|
байлық
|
таныс үй
|
асылдарым
|
адалдық
|
аялы алақан
|
қолдаушы
|
өскен ортам
|
ең жақын адамдарым
|
жауапкершілік
|
бақыт
|
рухани байлық
|
көңілді орта
|
асылдарым
|
мәртебе
|
қуаныш
|
өмір мәні
|
тұрағым
|
ата-әжем
|
дәреже
|
жылулық
|
|
ыстық ұям
|
|
абырой
|
сезім
|
|
отан
|
|
бірлік
|
сені жақсы көретін жандар
|
|
тал бесік
|
|
мақтаныш
|
|
|
әулет
|
|
сенім
|
|
|
орны толы орда
|
|
құрмет
|
|
|
2 - сурет – Family сөзінің санада бейнеленуі
Екі тілдегі отбасы/family концептісіне қатысты санада бейнелеген таным мен қалыптасқан түсініктер жиынтығы оларды саналы түрде бірнеше семантикалық топтарға жіктеуге болатындығын көрсетті. Отбасы/family концептілері базалық концептілер бола отырып, олардың түрлері, қызметі, отбасын құратын тұлғалар арсындағы қарым-қатынас, отбасы және неке, отбасылық құрылым, ортасының қоғамдағы рөлі, отбасының әлеуметтік рөлі бойынша қалыптасқан фреймдерді төмендегідей топтардан табамыз.
1. Famіly – қамал, қорған мағынасында: a chip off the old block;
2. Famіly – қан мағынасында: one's own flesh and blood;
3. Famіly – жеміс ағашы мағынасында: as the tree, so the fruit;
4. Famіly – қауымдастық мағынасында: one scabbed sheep is enough to spoil a flock.
Сондай-ақ ағылшын танымында отбасы концептісінің алатын орны ерекше. Отбасылық қатынаста ата-ананың алатын рөлін бірнеше семантикалық топқа бөлуге болады:
-
бір жағынан ол жалпы ұқсастық белгілеріне қара бөлінсе;
-
екінші, туысқандық, пайда болушылық, адамдардың қауымдастығы, «бірлік», «ортақ ой, бірлескен шешім» мағынасында;
-
үшінші «иерархия», «құрылымдық жүйе» мағынасында көреміз. Жалпы алғанда Family – топ, қауымдастық, белгілі бір фундаменталды жүйесі бар генетикалық туыстығымен сипатталады.
Ағышын танымында отбасы деген тек ең жақын туысқан адамдардан ғана тұратын топ. Әке-шешесі, аға-қарындасы, інісі мен сіңілісі. Әйелі мен күйеуінің қатынасында екеуі бір адамдардай тұлға, екеуінің де отбасында өзіндік рөлі бар, әсіресе, әйел адам өте эмоционалды түрлі образды жасай алатын, әрі мейірімді, әрі қатал адам ретінде көрінеді.
Н.Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді. Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады. Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Сонымен, қазақ және ағылшын тілдеріндегі отбасы/family концептілерін салыстыра келе, алдымызға қойған міндеттерге сәйкес мынандай тұжырымдар шығаруға болады:
-
отбасы/family концептілерінің лексика-сематикалық ерекшеліктерін анықтау бойынша ғылыми-теориялық еңбектер, жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша қазақ тілінде 56 семантикалық өріс, ағылшын тілінде 17 семанткалық өріс берді. Оларды шартты түрде 5 лексикалық топтарға жіктедік;
-
отбасы/family концептілерінің этнолингвистикалық табиғатына концептілілік талдау жасау бойынша екі ел мәдениеті салт-дәстүр, өмір сүру барысындағы отбасының әлеуметтік мәртебесі, қоғамдық рөлі, онық қызметі, отбасындағы әйел мен еркек қатынасы, екі мәдениетте де отбасы аса ерекше мәнге ие, өзіндік қалыптасқан институтционалды әмбеп жүйе екені расталды. өзіндік заңдары мен қағидалары бар, отбасының түрлері мен құқықтық негізі жан-жақты анықталды;
-
отбасы/family компонентті тілдік бірліктерді (сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық тікестер) салыстыра-салғастыра талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау бойынша қарастырғанда, отбасы концептісіне қатысты екі халықтың да тілдік санасында отбасының табиғатын оның адам өміріндегі маңызын, қалыптасып қалған өмір заңдылығы, әйел мен еркек, отбасы мен қоғам, ата-ана мен бала, тәрбие мен мораль мәселелеріне қатысты тілдік бірліктер өте көп жиналды, мүмкіндігінше талданды. Алайда қазақ тіліндегі материалдар өте көп болды.
Екі мәдениеттегі бұлұғымның басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарына келер болсақ: а) қазақ танымында ағылшындарға қарағанда отбасында ер адамның рөлі басым, ер адам мемлекетті тіреуші, отбасының алтын діңгегі іспеттес барлық билік, мәртебе сол адамның қолына шоғырланғанын байқаймыз; ә) әйел адам отбасының ұйытқысы, береке-бірлікті сақтаушы, асқан мейірімге толы ардақты ана ретінде көрінеді; б) отбасындағы балаларға аса үлкен мән беріліп, әсіресе, ер баланың басымдығы байқалады.
а) ағылшын танымында ер мен әйел теңдігі мәселесі бірдей, яғни теңдей дәрежеде құқыққа ие; ә) олар көбінесе салқынқанды, тұйық, өзгенің отбасына араласпайтын және өзінің отбасына да бөгде аламдарды араластырмайтын жандар; б) неке басты, маңызды көрсеткіш емес, заңды түрде некелеспеседе бір отбасымыз деп өздерін санай алады.
Ұқсастықтары отбасын құру маңызды деп санайтындықтарында, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле алатындығында, отбасын бір әулет, яғни бір династия «қан» ретінде түсінетіндіктерінде.
Достарыңызбен бөлісу: |