Статистическая сводка и группировка материалов статистического наблюдения



бет3/8
Дата08.03.2022
өлшемі1.19 Mb.
#456058
1   2   3   4   5   6   7   8
3 лекция

Машинамен жинақтау тәсілі электронды есептеу машиналары мен компьютер арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде статистика органдарында электронды есептеу машиналары мен компьютерлер түгелге жуық қолданылуына байланысты қолмен жинақтау тәсілі сирек қолданылады.
  • Сонымен, жалпы алғанда, статистикалық жинақтау деп бақылау нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жнынтық бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша топқа бөліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады. Демек, мәліметтерді жинақтау жүмыстары көптеген аса күрделі есептеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.
  • Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.
  • Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.
  • Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі статистикалық талдаудың алғашкы сатысы ретінде зерттеу жүмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмектеседі.
  • Топтау әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі:
  • жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;
  • қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;
  • 3) қоғамдық құбылыстар мен процестер арасыңдағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау.
  • Бір үлгідегі (типтік) топтаудың мақсаты біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады. Бір үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі:
  • алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тән сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою;
  • топтау белгілеріне сай топтарды анықтау;
  • жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.
  • Бір үлгідегі топтауға мысал ретінде төменде 1-кестенің көрсеткіштерін келтірелік:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет