Стилистика және сөйлеу мәдениеті. Әдеби тіл, оның қызметі, стильдік тармақтары.
https://www.youtube.com/watch?v=xSyF_tvCYx8
Стиль дегеніміз-лебіздің тілдесу үстінде сөйлеуші қойған коммуникативтік (тілдік қарым-қатынас) мақсатқа лайық құрылған түрі.
Әдеби тіл
Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды: 1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады; 2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек; 3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек "тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі"; 4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.
Мәтін стильдері Мәтін стильдері дегеніміз - қаламгердің жазу мәнері, мәтінді оқырманға жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу тәсілі.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасқан:
Бұқаралық ақпарат құралдарында-публицистикалық стиль;
Тұрмыстық қарым-қатынаста-ауызекі сөйлеу стилі.
Стильдердің қолданылу аясы Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.
Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда қолданылады.