Стоматология


Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер



бет103/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер

Бұл вирусты контагиозды дерт. Қоздырғышы — 1934 жылы Джонсон және Пудпасчер ашқан сүзілетін вирус.


Балалар бақшасы мен мектеп жасындағы балалар (5—10) және жас кезінде ауырмаған ересек адамдар ауырады.
Бұл дертке мерзімдік сырқаттану тән — көктем, қыс айларында жиі кездеседі. Продромалды кезеңі 3 аптаға дейін созылады. Бұл кезеңде науқастар әлсіздікке, тәбетінің жоқтығьша шағымданады.
Инкубациялық кезең өтісімен, құлақ маңындағы бір немесе екі безі, төменгі жақасты бездері немесе барлық сілекей бездері де ауруға шалдығуы мүмкін.
Сілекей бездерінің ұлғаюымен беттің әлпеті осы дертке тән өзгереді, осыған байланысты бұл „свинка" деген атқа ие болған.
Жұтынғанда ауырып, оның құлақ маңына таралуы, тамақтанар алдында ауыру сезімінің үдей түсуі (немесе тамақты көргенде), басты қимылдатқанда ауыруы осы дертке тән. Эпидемиялық паротиттің тұрақты симптомы — дірілдің, безгектің болуы. Безгектің ұзақтығы 5—7 күн. Бездер ұлғайған, сипап тексергенде ауру сезімі болады. Эпидемиялық сиалоадениттерде үш нүктеде: құлақ сырғалығы жанында, емізікше өсінді аймағында және төменгі жақ өсіндісінің жарты ай ойығы аймақтарында ауыру сезімінің болуы тән. Ауыздың ашылуы қиындайды. Ауыз қуысының шырышты қабаты күңгірттеніп, сілекей бөлінуі нашарлайды, сілекей безінің оның шығару түтігінің ашылған орны қызарып, ісінеді.
Дерт ағымына байланысты үш түрге: жеңіл, орташа және ауыр болып бөлінеді.
Дерттің ауыр түрінде науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы 39—40°, бездегі ауыру сезімінен басқа, буындардың, аяқ бұлшықеттерінің, жүрек аймағының ауыруы, брадикардия, қан қысымының төмендеуі болуы мүмкін.
Дерттің жедел кезеңі 4 күннен 10 күнге дейін созылады. 5-ші күннен бастап температураның төмендеуі, жалпы жағдайының жақсаруы, без көлемінің кішіреюі байқалады.
Дерт тұрақты иммунитет береді. Айығуы 2—4 аптадан соң басталады.
Дерттің асқынуы. Бездің іріңдеп еруі, жыланкөз пайда болуы мүмкін. Қабыну процесі ортаңғы құлаққа, көру мүшелеріне өтуі мүмкін.
Эпидемиялық сиалоадениттердің жиі болатын асқынулары: балаларда орхит, әйелдер мен қыздарда мастит, жедел панкреатит, нефрит, менингит т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет