Емдеу. Буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу 3 – 4 күндей диета сақтау.
Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тіртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жарылуы, қан кетуі, тіл, ерін, ұрт және түбі тіндерінің жарақаттануы.
Емдеуі – ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.
Алдын алу шаралары. Тіс жұлу кезінде периодонттық айналма байламдарын үзу үшін шырышты қабықты тістен ажырату, ұрттары кең қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде болады.
Босап қалған тіс қайтадан өз орнына қондырылуы қажет. Қарама-қарсы тістердің жарақаттануы, тісті жұлып шығару кезіндегі дөрекі қимыл іс-әрекеттердің нәтижесінен туады. Мұнда тіс сауытының сынуы, эмальдан ажырауы, ұрылу нәтижесінде перидонттың жарақаты пайда болуы мүмкін.
Сақтық шаралары: жұлынған тісті ұясынан дұрыстап шығару қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілуі керек.
Тістерді немесе тіс түбірлерін, ауыз қуысы түбі тіндеріне, ақыл азу тістер арты кеңістігіне, ауыз кіреберісі жанындағы шырышты қабыққа өткізіп жіберу элеватормен, қашаумен дөрекі жұмыс істеу нәтижесінде болады.
Емі. Тіс түбірлері немесе тіс әдетте аурухана жағдайында жұлынуы керек. Екі бағытта (проекция) рентген суреті болуы қажет. Сақтық шаралары: элеватормен байқап жұмыс істеу, сол қолдың саусақтарымен тісті немесе түбірді түбірді тежеп ұстап тұру.
Гаймор қуысының тесілуі. Мұндай жағдай жоғарғы жақ азуларының анатомиялық орналасуына байланысты. Тіс түбірлері гаймор қуысына жақын немесе қандайда бір қабыну процестері, ісіктер болса тік элеваторды абайлап пайдаланбаса кездеседі. Мұнда, мұрыннан ауыз қуысына ауа ағымы еркін өтіп, одан жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық (герметизация) жоқ.
Мұндай жағдайды анықтау үшін саусақтармен мұрынды қысып ұстап, мұрын арқылы тыныс алуды сұрайды, ауа көпіршіктері аралас қан сырылдап тесік арқылы шығады. Осындай жағдайда гаймор қуысын жуу немесе оны құралдармен зерттеу жақсы нәтиже бермейді, қосымша жарақаттануы және ыластануы мүмкін. Түбір гаймор қуысының шырышты қабығы астында оған зиянын тигізбей орналасуы мүмкін. Егер тіс толығымен жұлынып, жақ қуысында қабыну процесі болмаса, тіс ұясында ұйыған қанның жиналуын қадағалап, оны жарақаттанудан және жуылып кетіден сақтау қажет. Осы мақсатпен, тіс ұясының үстіне йодоформға малынған тампон көршілес тістерге бекітіледі. Тампонды айналадағы шырышты қабыққа тігу де мүмкін. Тіс қабырғаларында едәуір үлкен жарақат болса, оны тігу керек. Шырышты қабық шеттерінің тіс ұясы үстінде бір-бірімен жанасуы үшін қосымша қияықтар кесіледі. Ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабығын трапеция тәрізді тіліп, сүйекке дейін тіс ұясы жағына жылжытады. Ал кейде оны таңдай жағынан жасайды, негізін үлкен таңдай тесігіне қаратып, содан кейін тігіс салады. Тіс немесе түбір гаймор қуысына итеріліп өтіп кеткен, бірақ қабыну процесі дамымаған жағдайлар да кездеседі (14-сурет).
14- сурет. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу;
А) ұрттан алынған трапециялы қиындымен; б) қатты таңдайдан алынған тіл тәрізді қиындымен.
Тіс немесе түбір ыластанған болса, оны қуыстан шығарып алып тастамайынша, гаймор қуысының созылмалы қабынуы дамиды.
Сол себепті түбірлерді, тістерді шығарып тесікті неғұрлым тезірек жабу керек. Мұндай жедел операция, әдетте аурухана жағдайында, тіс жұлынған соң 1 – 2 күн аралығында жасалады. Операция Колдуэл – Люктің әдісі бойынша гаймор қуысын тесу арқылы өткізіледі. Тіс жұлынған соң, гаймор қуысы, төменгі тыныс жолы арқылы қатпардағы кесілген жарақат тігіледі. Қажетті дәрі-дәрмектер тағайындалады.
Кей жағдайда тіс жұлынғаннан кейін, гаймор қуысынан тіс ұясы арқылы көп мөлшерде іріңді экссудат ағады, бұл қуыста қабыну процесінің жүріп жатқандығының айғағы.
Мұндай жағдайда қуысты, тіс ұясы арқылы антисептикалық ерітінділермен жуып, тіс ұясын ашық күйінде қалдырады. Науқас рентгендік тексеруден өтуі өажет. Жоғарғы жақ қуыстарына белгіленген арнайы әдістер бойынша операция жасалады (гаймор қуысына ығысып өткен ісіктерге операция жасау әдістері оқулықтың арнайы бөлімінде қаралады).
Достарыңызбен бөлісу: |