3.5 Арақабырғалар: Биіктігі 6 м аспайтын бір қабаттың шектерінде жүктемені тек
ӛз салмағынан және желден ғана қабылдайтын ішкі қабырғалар (ашық терезе
ойықтарында); қабаттың биіктігі жоғары болған кезде осы типті қабырғалар шартты түрде
ӛзін кӛтергіш конструкцияларға жатқызылады.
3.6 Темірбетондық конструкциялар: Жұмыс және конструктивті арматурасы бар
бетоннан жасалған конструкциялар (арматураланған бетонды конструкциялар);
темірбетон конструкцияларындағы барлық әсерлерінен есептік күштер бетонмен және
жұмыс арматурасымен қабылдануы тиіс.
3.7 Беріктігі жоғары бетон: Кәдімгі немесе ауыр бетон үшін сығуға беріктік класы
С50/60 (В60) жоғары және жеңіл бетон үшін беріктік класы LC50/55 (В55) жоғары
бетондары үшін шартты түрде қолданылатын термин.
3.8 Жеңіл бетондар: Цементтік тұтқырлықтағы, кеуекті ірі және кеуекті немесе
тығыз ұсақ толтырғыштағы бетондар.
Ескертпе - ҚР СТ EN 206-1 сәйкес тығыздығы (құрғақ күйінде) 800 кг/м
3
кем емес, бірақ 2000 кг/м
3
аспайды.
3.9 Қызуға тӛзімді бетондар: 1000ºC астам температурасына дейін қыздыруға ұзақ
уақыт бойы тӛзе алатын бетондар.
3.10 Ауыр бетондар: Цементтік тұтқырлықтағы және тығыз ірі және ұсақ
толтырғыштағы тығыз бетондар.
3.11 Арматураның бетондағы тот басуға қарсы тӛзімділігі: Оның коррозиялық
ортамен химиялық немесе электрохимиялық әрекеттестігінің нәтижесінде болат
арматурасының ӛз қасиеттерін сақтау қабілеті.
3.12 Конструктивті арматура: Есептеусіз конструктивті ұғыныста орнатылатын
арматура.
3.13 Алдын ала кернелген арматура: Конструкцияларды жасау кезінде сыртқы
жүктемелерді түсірместен пайдалану кезеңінде бастапқы (алдын ала) кернеулерді
қабылдайтын арматура.
3.14 Металл конструкциялары (металл болаттан жасалған конструкциялар):
Ғимараттардың және басқа инженерлік құрылыстардың қаңқаларында кӛтергіш ретінде
қолданылатын құрылыстық конструкциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |