Сүттіқұдық ауылдық округінде 2013 жылы
атқарылған жұмыстар туралы Сүттіқұдық ауылдық округінің әкімі
А. Ахметовтың баяндамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 «Әкімдердің есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес кент, ауылдық округі әкімдері – тоқсанына бір рет ауыл халқы алдында есеп беру жайы айтылған. Осы жарлықты жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың 12 айында ауылдық округінде атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама.
Сүттіқұдық ауылдық округі аудан орталығы Жаңақорған қентінен 35 км қашықтықта орналасқан.Ауылдық округте 323 отбасы , онда 2 240 халық тұрады Тұрғындардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы.
Ауылдық округтің қамтуында 438 оқушыны қамтып отырған бір орта мектеп, 100 орындық клуб үйі , 15064 дана кітап қоры бар бір кітапхана, 1 - байланыс бөлімшесі, 304 нүктелік АТС, 1 – ауылдық дәрігерлік амбулатория 90 орындық мемлекеттік бір бала бақша, әр қайсысында 40 баладан 2 жеке бала бақша жұмыс істейді. Округ бойынша 20 шаруа қожалығы егін, мал шаруашылығымен айналысса, 12 азамат жеке кәсіпкерлікпен сауда дүкендерін ашып ауыл халқына қызмет көрсетуде.
Жалпы жер көлемі 115 745 га . Оның ішінде ауылшаруашылығына жарамды 37 358 гектардан 1 135 га егістік, 30 136 га жер жайылымдылық, 26 га шабындық. 2013 жылы ауылдық округі бойынша 69 га жерге егіс егілді ның ішінде 50 га бақша қалғаны картоп, жуа, көконіс.
Ауыл тұрғындарының әл ауқатын жақсарту мақсатында ауылдық округке Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен бірқатар жұмыстар атқарылды.
1. 90 орындық бала бақшасының ғимараты 28 тамыз 2013 жылы пайдалануға берілді.Сметалық құны 226 млн тенге. Құрылыстың бас мердігері «Данекер» ЖШС Қызылорда қаласы.
2. Балалар ойын алаңы да осы жылдың шілде айында пайдалануға берілді. Сметалық құны 2,0 млн тенге. Ауылды көркейту-көгаландыру жұмыстарына 500 мың теңгеге, ауылда орнатылған билбордтарды жаңарту, паноларды кайта сырлау, орталық көшелердегі бағаналарды түбін ақтау жұмыстарына жұмсалды , жаңадан 2 - билборд орнатылды. Елді мекенің электр жарығын тұрақты беруін шешу үшін 1520 мың теңгеге жаңа қосалқы стансиясы алынып мамандар орнату жұмыстарын жүргізуде.
3. Кәсіпкер Бердікеев Тәшкенбай өз қаржысына «Жақсылық» сауда үйін салып, шілде айында пайдалануға берілді.
4. Ауыл халқының демеушілігімен ауыл орталығындағы мешіт күрделі жөндеуден өтті.
5.«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бағытында 5-отбасына 10 млн тг, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша («Ақсунқар» ш/к О.Қалымбетов) мал шаруашылығын дамытуға 6 млн тенге көлемінде несие берілді.
6. Аз қамтамасыз етілген 42 отбасының 271 мүшесіне жергілікті бюджеттен 889 186 тенге көлемінде тұрғын үй көмегі. Республикалық бюджеттен жасы 18-ге дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 98 отбасындағы 360 балаға 1 800 000 тенге көлемінде төленді.
7. Жұмыссыз жүрген 14 азамат көктемгі көркейту көгалдандыру,тазалық айлығында қоғамдық жұмысқа тартылып, оларға 541140,0 тенге көлемінде ақша төленді. Күздік тазалық айлығында қоғамдық жұмыстарына екі айға 7 адам тартылып 261,2 мың теңге төленді.
8. Жаңа 600 орындық мектептің құрылысы тамыз айынан басталды. Жаңақұрылыс нысанынан ауылдың 20 азаматтары жұмысқа тартылды.
9. Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының қеңсе ғимараты қүрделі жөндеуден өтті.
Білім саласы бойынша: 2013 жылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептін 11 сыныптар бойынша ҰБТ-ға 36 –нан 16 оқушы қатысып 78,6 пайыз білім денгейін көрсетті. Оқу жылының қорытындысы бойынша бүкіл сыныптарда барлық пәндер бойынша бағдарламалары толық орындалды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша: Сүттіқұдық дәрігерлік амбулаториясына тіркелгендер саны жасөспірімдер-124, 14 жасқа дейін балалар 725, босану жасындағы әйелдер -520, жүкті әйелдер саны-54, туылған балалар саны-50. Флюро тесеруге жоспар 1211 болса орындалғаны -1083 ягни 90,2 пайыз, анықталғаны- туберкулез олар тиісті емін алуда. Туылған балдарға 399 дана құрғак сүт әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына берілді. Жалпы 131.4 мың теңгенің дәрі дәрмегі тегін берілді. Ауыл бойынша есепте тұрған науқастар 363 оның ішінде қан қысым жоғары-67, жүрек ауруы-13, бронха демікпесі-4, асқазан аурулар-16, қан аздық-100, қант диабеті-14, буын ауру-2 бұларға рецет арқылы 639 мың теңгеге дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Ветеринария саласы бойынша 2014 жылдың 01 қаңтарына ауылдық округте тіркелген мал саны мүйізді ірі қара - 2 100 бас, уақ мал 12 000 бас, жылқы - 404 бас, түйе - 112 бас. 2013 жылы республикалық бюджет есебінен ветеринариялық профилактикалық іс шара бойынша ( дәрілеу, емдеу, қан алу) жылдық жоспарға бекітілген мал саны толығымен орындалды.
Спорт саласы бойынша: 2013 жылы 22 наурызда «Наурыз» мерекесінде 5 спорт түрінен жарыс өткізіліп женімпаздары, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 16 мамырда ауылдың 15 спортшысы аудандық мекемелермен кәсіпорын арасындағы «Салауатты ұрпақ-салаутты Қазақстан атты» аудандық спортакиядаға барып ауылдың намысын қорғап қайтты.
10 маусымда Төменарық ауылында «Менің Отаным Қазақстан» атты аудан әкімінің кубогіне ауыл жастары жарысқа барып, 10 қыркүйекте «Спорт ұлт денсаулығының кепілі» атты жарыстан екеуі жүлделі орын алып кайтты.
18-19 қазанда «ҰОС-сы және еңбек ардагері Шәмші Исламовтың атындағы» облыстық еркін күрестен турнир өткізілді. Ауыл жастары облыс бойынша үшінші орынды иеленді 1-палуан 1- орын, 3 палуан 2- орын алды.
Салық түсімі бойынша мүлік салығы жылдық жоспар17,3 мың тг болса орындалғаны 17,3 мың тг яғни 100,0 пайыз, жер салығы жылдық жоспар 163,7 мың теңге орындалғаны 164 мың тг яғни 100,2 пайыз, көлік салығы жылдық жоспар 984,1 мың тг орындалғаны 984,1 мың тг яғни 100,0 пайыз.
2013 жылы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге ауылдық округінен 45 азамат медсараптамадан өткізілді. 3 азамат ҚР қарулы күштер қатарына алынды.
Ауыл әкімі аппаратында 5 мемлекеттік ,3 азаматтық,3 техқызметкер жұмыс істейді.Жыл басынан бері - 49 өкім, 15-шешім қабылданды. Келген құжат саны - 353, шығыс құжат саны - 398. Азаматтардың өтініштері бойынша берілген түрлі анықтамалар саны - 886.
2013 жылдың қорытынды халық алдында есеп беру барысындағы ауыл тұрғындарының сын-ескертпелері ең қүрделісі ауылдың аяқ су мәселесін шешілуі. 1)Ауылдың аяқ су мәселесі облыстық денгейді шешу қолға алынды, бюджеттен қаржы бөлініп осы кезге Тайпақкол су жүйесін тазалау және кайта қазу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар жасалуда.
2) Ауылдағы пошта болімшесінің кен ғимаратқа көшіру мәселесі бойынша «КазПошта»АҚ облыстық басшылығына бөлімшесін босаған ескі балабақша ғимаратына көшіру жөнінде ұсыныс берілді.
Сүттіқұдық ауылдық
округінің әкімі А.Ахметов
Достарыңызбен бөлісу: |