40 орта мектеп Тәрбие сағаты: «Бір отбасы-бір кітап»



бет1/2
Дата14.11.2023
өлшемі387 Kb.
#483241
  1   2
09.10.23 сын. сағ.


40 орта мектеп
Тәрбие сағаты:
«Бір отбасы-бір кітап»





Сынып жетекшісі: Сенадилова Ж.Р..
2023-2024 оқу жылы


Сынып сағатының жоспары



Тақырып:

Бір отбасы-бір кітап

Сынып жетекшінің аты-жөні:

Сенадилова Жулдыз Рыскелдиновна

Күні:

09 қазан

Сынып: 6 «Б»



Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Мақсаты

Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқушылардың көркем әдебиетке деген құштарлығы ояту, олардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту, оқырман отбасын анықтау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


сабақтың басы
5 минут

Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру;
Қызығушылықты ояту;
Сынып сағатының мақсатымен таныстыру;
Тақырыпқа қатысты суреттер ұсыну, тақырыпты болжату.



Амандасу;
Өз ойларын білдіру;
Сынып сағатының тақырыбы мен мақсаты туралы өз ойларын айту;

Суреттер бойынша өз ойларын айтады, тақырыпты болжайды.

Жарайсың
Талпын
Смайликтер



Презен-тация
слайд №1-2

Сабақтың ортасы


30 минут

Тақырыпқа қатысты ақпарат
 Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. 
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.
Кітап туралы ой-толғаныстармен танысады.
**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
**Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!
**Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.
**Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.
**Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында..
**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты..
**Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,
**Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады
**Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол
кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз
ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс
бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
**Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.
**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
**Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.

«Жаңа кітап-жан азығы» бейнебаян көрсетілімі



Өз пікірлерін,ойларын айтады.




https://www.youtube.com/watch?v=n5Xci8uSf3A
06 сек

1-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Абай Құнанбаевтың балаларға арналған өлеңдерін атаңыз?
2. Қазақ салт-дәстүріндегі батаның маңызы?
3. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармаларын атаңыз?
4..Ақселеу Сейдімбектің шығармаларын атаңыз?
5.Әдеби қаһарман дегеніміз не?
6. .«Абай жолы» романынын жазған жазушы
7.Жиреншенің тапқырлығын қандай аңыз әңгімелерден көруге болады?
8.Ахмет Байтұрсыновтың мысал әңгімелері.
9.Ертеде адамның ақыл-ойын немен сынаған?
10.Ахмет Байтұрсынұлының туған жерін ата
11. Абай қай өлкеде өмір сүрген?

1-тапсырма.
Карточкаларды алып сұрақтарға жауап береді

Жарайсың
Талпын
Смайликтер



Үлестірме материал



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет