Студент жастарғА эстетикалық тәрбие беру мухаметжан Қ. Е



Дата07.06.2024
өлшемі88.39 Kb.
#502419
Cтатья. МКЕ


ӘОЖ

Студент ЖАСТАРҒА эстетикалық тәрбие БЕРУ

Мухаметжан Қ.Е.


Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Жоғарғы оқу орындарында философиялық ғылымдарды – этика мен эстетиканы, мәдениет тану бағытындағы пәндерді – дүниежүзілік көркем мәдениетті және мәдениет тануды, өнер тануды оқып үйрену тек қана зияттық емес сонымен қатар эмоциялық бастауды да дамытуды, студенттердің өмірге және өмірге қатысты тұтыну-репродукциялық бағдарланудан шығармашылық-өнімдік бағытқа ауысуды, көркемдік құндылықтардың жоғары үлгілеріне тартуды, олардың әлеуметтік-эстетикалық тәрбиелілігін дамытуды көздейді.


Әлеуметтік-гуманитарлық және эстетикалық пәндерді оқытуды жоғарғы оқу орындарының бірінші курсынан бастау керек, себебі жоғарыда атап өткендей, ол туралы әлеуметтік-психологиялық шарттар бар, сонымен қатар мектеп жүйесімен қатар сақталады. Сондықтан біздің ойымызша айтылған пәндердің мүмкіндіктерін әлеуметтік-эстетикалық тәрбие процесінде пайдаланбау, қазіргідей олардың жоғарғы оқу орнындағы басым «үшінші дәрежелік» лауазымын сақтау, оларды үйренуге оқу жоспарының минималды сағатын бөлу, тек жоғарғы курстарда оқуды ұсыну қателік болып есептеледі. Ал әлеуметтік- гуманитарлық және эстетикалық цикл пәндерінде терең философиялық негіз және пәнаралық дегейге шығу жолы бар.
Әлеуметтік-эстетикалық тәрбие процесінде бақылау-ойлау әдісі маңызды роль атқарады. Өнерге тартылу, оның рухани, әлеуметтік мәнін түсіну тек оларға оқыту кезінде ғана емес, оларды бақылап, олар туралы ойлану кезінде де әсерін тигізеді. Бұл ойланған сезім, сезілген ой әдісі деп аталады. «Эстетикалық жағдай» құру әдісі студенттердің эмоциялық қабылдағыштығын дамыту, олардың эстетикалық бағалау, талғамдық ұстанымдар тәжірибесін жинау мақсатын қойды. Біз бұл орайда Б.М.Неменскийдің пікірін қолдаймыз және өмірді, қоғамдық құндылықтарды сабақтарда алынатын білім мен тәжірибе көзқарасы жағынан түсіну біздің бағдарламамен өткізіліп отырған адамгершіліктік-эстетикалық мұратты игеру мен бекітуге жағдай жасайды, студенттердің әлеуметтік-эстетикалық тәрбиелілігі деңгейінің артуына ықпал етеді деп санаймыз.
Біздің пайдаланатын әдістерімізді шартты түрде үш негізгі топқа бөлуге болады, мысалы : сендіру әдістері, жаттығулар әдістері, бағалау және өз-өзін бағалау әдістері. Бұл әдістер бізге студенттер тұлғасына кешенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
«Қазіргі өмірдегі өнер», «Рухани дифицит», «Өнердегі адамгершілік рухтың ұлылылығы», «Әннің адам өміріндегі ролі», «Қазіргі заман музыкасы мен кинематограф жеке тұлғаның азаматтық тәрбиелеуінде» және басқа тақырыптарға жүргізілген әңгімелер, диспуттар тек қана аталмыш проблема бойынша хабарлама беру мақсатын ғана емес, сонымен қатар студенттердің азаматтық ұстанымын анықтау, эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу, рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыруға жәрдем беру мақсатын қойды.
Түзету әдісі білім беру-тәрбие процесін реттеп отыруға, оған тек студенттердің ғана емес, оны бағыттап, түзетіп отыратын оқытушының өзін де белсенді қатыстыруға тағайындалған. Ашық диалог әдісі жоғарғы оқу орындарының білім беру ортасында толыққанды тұлғаның қалыптасуына әсер ететін таза, ашық қарым-қатынастар, іс-қызмет атмосферасын қалыптастыруды қарастырады. Ашық диалог білім беру-тәрбие процесін субъективті қарым-қатынастар, оқытушылар мен студенттер – жалпы ұжым мүшелері арасында әріптестік режіміне ауыстырады, студенттің әлеуметтік өзін-өзі анықтауында субъективті көзқарасты белсендіреді. Аталмыш әдісті пайдалану студенттерді өздерінің әлеуметтік-адамгершіліктік нормаларын, әдеттерін, бағалауларын түзетуіне, сонымен қатар студенттер тұлғасының басқа мәдениеттермен тең диалогқа түсу үшін өздерін қандайда бір мәдениет өкілі ретінде сәйкестендіру механизмін болдырмауға мүмкіндік береді.
Өз-өзін бақылау әдісі іс-қызметтік көзқарасқа негізделеді студенттердің танымдық, эстетикалық іс-қызметін дамыту болып саналады. Оны іске асырудың тиімді үлгісі «Оқырман, тыңдаушы, көрермен күнделігін» енгізу болса, онда студенттер қандайда бір өнер шығармасынан алған әсерін жазып отырады. Студенттерде өзінің тобындағы дастырының жұмысымен танысуға, салыстыруға, өзінің іс-қызметін талдауына мүмкіндіктері болады.
Мұнда философия, тарих, әлеуметтану, эстетика, педгогика, өнер шекаралы өзара байланысады, мұның өзі бұл пәндердің тек белгілі бір білім көлемін алуға ғана емес, студенттердің әлеуметтік-эстетикалық дамуына да үлкен импульс беретін тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындайды. Сондықтан бұл пәндерді игеру кезінде алдыңғы қатарға студенттерді әлемдік өнер мен мәдениет, олардың даму ерекшеліктерін, бейнелеу тілін ашу атмосферасына енгізу міндеті қойылуы керек. Оқыту әдістемесінде басты бағдар материалды ақпараттық жеткізу емес, студенттерде өнердегі және қоршаған дүниедегі сұлулықты қабылдау, өнер арқылы шынайы өмір мәнін түсіну қабілетін, сұлулық дүниесімен қауышу арқылы өз рухани әлемін байытуға құлшынысын дамыту болуы тиіс.
Уақыттың мол бөлігін өнер туындыларымен қауышуға, оларды бұдан бұрын алынған теориялық білімдер негізінде жан-жақты талдауға арналған ерекше іс-тәжірибелік сабақтарды өткізуге бөлген жөн. Мұндай көзқарас студенттердің тек теориялық түсініктері шеңберін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық тәжірибесін елеулі тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен, білім беру – тәрбие процесінің қозғалысын көркемдік-эстетикалық құндылықтардан, өнерді қабылдаудан оларды теориялық түсінуге қарай бағыттаған маңызды, мұның өзі теориялық қағидалардың автоматты түрде жатталуына кедергі болады және алынған мәліметтерді жеке мағынаға айналдыруға, білімдерді сенімге айналдыруға мүмкіндік береді.
Бұдан әрі мәдениет тану және философиялық пәндерді оқыту қажетті білімдер беретін оқыту түрлерін де, сондай-ақ студенттер алынған білімдер негізінде өздерін тікелей шығармашылық іс-қызметте көрсете алуы үшін оқудан тыс түрлерін де біріктіруі тиіс екендігін атап өткіміз келеді. Мұндай кіріктену студенттерде өмірге деген тұтас, терең эстетикалық көзқарасының дамуына, өзінің пайдалылығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуіне ықпал етеді.
Осыған орай негізгі маңызды қағида жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесін эстетикаландыру болып табылады, яғни эстетикалық тәрбие облысында құндылықтық бағдарларды тереңдету, іс-тәжірибелік қызметте, барлық білім беру деңгейлерінде тұтастыққа және үйлесімділікке талпыну. Эстетикаландыру қағидасы барлық оқу пәндерін оқыту процесіне енгізіледі, оқудан тыс тәрбие іс-қызметінің барлық түрлерінде қолданылады. Эстетикаландыру әлеуметтік қатынастарды оңтайландыру шарасы және масштабы болып табылады, студент тұлғасының өз-өзін іс жүзінде белсенді көрсетуге көмектесетін шығармашылық ізденістер қажеттілігін дамытады. Ол әлеуметтік-гуманитарлы, эстетикалық цикл пәндері үлесін арттыруды, эстетикалық талаптарға жауап беретін білім беру тәрбие ортасын құруды, оқудан тыс жұмысын ерекше ұйымдастыруды қарастырады.
Оқыту жұмысымен іштей, құрылымдық, мазмұндық жағынан байланысқан сабақтан тыс қоғамдық-тәрбиелік іс-қызмет те әлеуметтік-эстетикалық тәрбиенің маңызды факторларының бірі болып табылады, студенттердің көркем шығармашылығын дамытуға, олардың өз білімін жетілдіруіне, өз-өзін тәрбиелеуін, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлануына ықпал етеді.
Жоғарыда аталған сабақтан тыс жұмыстың бағыттары мен түрлерінің барлығының үлкен тәрбиелік мәні бар. Сондықтан оларды жоғарғы оқу орындары студенттерінің әлеуметтік-эстетикалық тәрбиелеу процесінде пайдалану керек. Олар нағыз мәдениетке талпыну барысында, оның байлықтарына құлшынысына, мәдениетті, өз өмірін «жасауға» қатысу ниетіне қолдау көрсетеді, студенттердің жоғарғы оқу орнындағы және сыртындағы қоршаған ортаны өзгертуге және жақсартуға кірісуіне ықпал етеді. Өнермен, тартымды адамдармен қауышу, ұжымдық және көркем-өнерпаздық шығармашылық- студенттердің эстетикалық қажеттіліктерін ынталандырады, оларды іс-қызметтік өмірге бағыттайды, өзін отбасының, жоғары оқу орнының, қаланың өлкенің, елдің толыққанды және жауапты мүшесі ретінде түсінуіне ықпал етеді, ар-ождан және әлеуметтік пайдалылық сезімдерін қалыптастырады. Бұл жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ерекше әлеуметтік-психологиялық механизімдерінің қосылуы арқасында жүреді. Мұндай студенттердің оң әлеуметтік, рухани-адамгершіліктік құндылықтарды игеруіне, олардың әлеуметтік-эстетикалық тәрбиесінің жүзеге асырылуына ықпал ететін механизмдердің ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: сәйкестендіру (индивидті басқа адаммен, топпен не бейнемен теңдестірудің эмоциялық-когнитивтік процесі, ол индивидке әртүрлі әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық түрлерін игеруге мүмкіндік береді); еліктеу (басқа адамдардың қандайда бір үлгісін, әлеуметтік тәжірибесін саналы немесе санасыз қайталау); илану (индивидтің санасыз түрде өзінің ішкі тәжірибесін, өзінің қарым қатынас жасайтын адамдарының сезімдерін, ойларын оның психикасына әсер ету нәтижесінде қайта жаңғыртады); жайлылылық (адамның әлеуметтік әсерге көнгіштігі, оның бағдарлары мен мінез-құлық нормаларының өзгеруімен сипатталады); әлеуметтік фасилитация (басқа адамдардың ынталандыру әсерінің нәтижесінде индивид іс-қызметінің тиімділігінің артуы); басу механизмі (жеке тұлғаның қорғаныс құралы, адамның өзінің сана саласынан жағымсыз сезімдерді, ішкі жанжалды туғызатын белгілі бір ойларды, тілектерді шығарып тастауын білдіреді); импринтинг (адамның саналы және санасыз деңгейде әртүрлі бейнелерді, сезімдерді, оған әсер ететін өмірлік маңызды объектілерді есіне түсіріп алып қалуы); экзистенциалдық қысым (беделді адамдармен өзара байланыс жасау нәтижесінде әлеуметтік мінез-құлық нормаларын санасыз түрде игеру); рефлексия (адамның қоршаған шындықты және өз-өзін өзінің «мені» және қоғам арасындағы ішкі диалог арқылы түсінуі және күйзелуі); тұлға аралық механизм (индивидтің беделді адамдармен өзара әрекет жасау процесінде жүзеге асырылады). Жоғарыда аталған студенттердің әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруін қамтамасыз ететін сабақтан тыс жұмыстар бағыттары және түрлері, механизмдерімен қатар әлеуметтік-эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы жоғары оқу орнында тәрбие кеңістігін, мәдениетке сәйкес білім беру-тәрбие ортасын жасау болып табылады. Мұндай орта жағдайында жеке тұлғаның өз-өзін өзгертуі, үйлесімденуі жүреді.
Дамытушы мәдениетке сәйкес білім беру-тәрбие ортасы студенттердің эмоциялық күйзеліске түсу қабілетін, дүниеге көзқарасын, өзінің әлеуметтік функцияларын орындауға дайындығын көрсетуде шығармашылығын, еркіндігін, белсенділігін ашуға арналған «дала» болып табылады. Модельденетін ортаға біздің ойымызша екі құрауыш – кеңістіктік-заттық және эмоциялық-эстетикалық орта кіруі керек. Олардың әрқайсысы студенттердің әлеуметтік-эстетикалық тәрбиесін дамыту жағдайы болып табылады. Кеңістіктік-заттық дамытушы білім беру-тәрбие ортасына өнер, интерьер заттары, дидактикалық материалдар жатады. Олар студенттердің эстетикалық әсерлерін байытады, эмоциялық тәжірибенің жинақталуына ықпал етеді. Бізге әсіресе студенттердің өздерінің жоғары оқу орнының кеңістіктік-заттық ортасын жасауына қатысуы маңызды болып көрінеді. Оқытушымен бірге не жеке жасалған әртүрлі интерьер заттары, көмекші құралдар студенттердің бейнелік ойлауын, эстетикалық талғамын дамытады, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады, ортақ іске қатыстылық сезімін, туған оқу орнына қатысты сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін туғызады.
Өзіндік рухани кеңістікті эмоциялық-эстетикалық дамытушы білім беру-тәрбиелік орта құрады. Ол біздің зерттеуімізде өнерде орын табатын құндылықтарды (әлеуметтік, ізгілктік, мәдени-танымдық, адамгершіліктік, эстетикалық) синтезделген жүйесі ретінде түсініледі. Әртүрлі өнер түрлерінің өзара бағыныштылығы мен үндестігі, оның құндылықтық табиғаты жеке тұлғаға өзінің тәрбиелік әсерін тигізеді, қоршаған дүниеге деген жаңа, анағұрлым бай және жан-жақты көзқарас қалыптастырады.
Эмоциялық-эстетикалық дамытушы білім беру-тәрбиелік ортаның мазмұны студенттердің оқытушылармен бірге мәдениет, әлеумет әлемінде, өзінің «менің» мәдениет әлемінде, іс-қызметте игеретін жалпы адамзаттық құндылықтарды көрсетеді.
Сонымен қатар , дамытушы мәдениетке сәйкес білім беру-тәрбиелік орта студент жеке тұлғасының өзін жан-жақты көрсетуінің, оның әлеуметтік ұстанымының, дүниеге деген адамгершіліктік-эстетикалық көзқарасының қалыптасуының, оның зияттық, эмоциялық және шығармашылық әуелетінің дамуының, ықтимал кері әсерлер факторларын ескерту және бейтараптандыру қабілетінің қалыптасуының кіріктенген кеңістігі ретінде кескінделеді. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуына және өзіндік дамуына, өз-өзін іс жүзінде көрсетуге, өз әрекеттенуіне маңызды жағдай болып табылады. Мұнда студенттер әлеуметтік мәдени құндылықтарды игеру процесі кезінде өмірдің өркениетті нысандарымен қаруланады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Жұбанов А.Қ. «Эн – күй сапары». Алматы, Ғылым, 1967.

  2. А.В.Иконников «Исусство, Среда, Время». М., 1985.

  3. Ұзақбаева С.А. «Тамыры терең тәрбие». Алматы., 1995.

  4. А.В.Мудрик В.А., Сластенина «Социальная педагогика» М., 1999.

  5. Б.Т.Лихачев «Педагогика». М., 1997.

  6. Б.Неменский «Искусство, культура, образование». М., 1993.

  7. Б.А.Энергросс «Искусство и эстетическое воспитание в системе профессионально-технического образования молодежи»,\ «Исусство и эстетическое воспитание молодежи» Ред.В.Г.Кисунько М., 1981.

  8. В.Н.Липский «Эстетическая культура личности». М., 1987.

  9. В.А.Малахов «Искусство и человеческое мировоззрение». М., 1988.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет