Студенттерге арналған бағдарлама құрамы: мұқаба және екінші жағында рұқсат бет



Дата03.07.2016
өлшемі304.3 Kb.
#173953
Студенттерге арналған бағдарлама құрамы:

  1. мұқаба және екінші жағында рұқсат бет

  2. мұғалім жөнінде деректер

  3. пән жөнінде деректер (оқылу мерзімі, мөлшері, пререквизиті, оқудың мақсаты)

  4. қосымша және негізгі әдебиеттер тізімі

  5. пәннің тақрыптық жоспары

  6. курстың компоненттері:

☻ дәріс тақрыптары ( автордың талғамы бойынша);

☻ тәжрибелік сабақтар тақрыбы (әдебиеттерді көрсетуге болады);

☻студенттердің өздік жұмыстарының түрлері (сабаққа дайындық, өздік жұмыстар, рефераттар, тұжырым жасау, және т.б.). СӨЖ бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес келу керек;

☻ қорытынды бақылау мен үлгерім бақылауы дұрыс жүргізілуге тиіс;

☻ үлгерімді тексеретін бақылау шараларының күнтізбелік кестесі.


  1. курс саясаты ( бақылау жұмыстарының формасы (емтихан да есепке кіреді), бағалау критерилері, сабаққа қатысу, кешігу, орындау мерзімі, сабаққа ынтасы яғни қатысуы, этикалық нормаларды орындауы және т.т.)



Студенттерге арналған Ф СО ПМУ 7.18.2/06

пән бағдарламасы формасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Шетел филологиясы кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Шетел халықтарының әдебиеті:ҮІ-ХХ ғ.ғ

Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті» пәні бойынша

050210, «Филология: шетел филологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін


Павлодар


Студенттерге арналған Ф СО ПМУ 7.18.2/11

пән бағдарламасы формасы

бекітілу беті



БЕКІТЕМІН
Филология, журналистика және өнер факультетінің

деканы _______ Сарбалаев Ж.Т.

"___" __________200_ж.



Құрастырған: доцент Ислям К.С.


Шетел филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Шетел халықтарының әдебиеті:ҮІ-ХХ ғ.ғ Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті

050210 «Филология: шетел филологиясы» мамандығы студенттер үшін
Кафедраның мәжілісінде ұсынылған. 200__ж. «___»__________ № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ Каирбаева А.К.

Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

200_ ж «___ » _______ № ___ хаттама

ОӘК төрайымы__________________ Жуманкулова Е.Н.


Мұғалім жөнінде мағлұматтар:

Шетел филологиясы кафедрасының доценті Ислям Канат Сериковна

Кафедрадағы қабылдау уақыты: әр дүйсенбі сайын сағат 16-дан 17-ге дейін, № 422 ауд.

Тел. 606997



1. Пәннің мақсаты мен міндеттері

1.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Әлемде және Қазақстан республикасында жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси саладағы қайта құру үрдісі болашақ маманды даярлау жүйесінде, соның ішінде кәсіби деңгейі жоғары шетел тілдерінің маманын даярлауда белгілі бір өзгерістердің болуын талап етеді. «Шетел халықтарының әдебиеті:ҮІ-ХХ ғ.ғ Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті» курсы болашақ шетел тілдері маманының кәсіби-педагогикалық даяарлау жүйесіне кіреді және басқа курстармен логикалық тұрғыда байланыста болады. Бұл курс міндетті базалық пәндер жүйесіне енеді.



1.2 Пәннің мақсаты:

«Шетел халықтарының әдебиеті:ҮІ-ХХ ғ.ғ Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті» курсы жалпы және жеке тіл білімі, үйретілетін шет тілі, оқылатын тіл елдерінің әдебиеті, шетел әдебиеті пәндерімен қатар, гуманитарлық бағыттағы орта білім беру орындағы филология саласы бойынша шет тілі мен шетел әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде немесе ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер-филолог ретінде өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыра алатын маман қалыптастыру.



1.3 Пәннің міндеті:

- студент-филологтарға барынша толық және терең білім беру және қабілетін қалыптастыру

- студент-филологтардың кәсіби білім және біліктіліктерді шетел тілі маманы әрекетінде олардың маңызын ашу арқылы дамыту;

  • қазіргі кезеңдегі тілдік білім жүйесінің құрылуын және дамуын ескертетін студенттердің объектілі факторлары туралы ғылыми көзқарасын құрастыру;

1.4 Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:

- қарастырылып отырған тарихи-мәдени дәірлердің пайда болу заңдылықтарын, ішкі эволюциясы мен сабақтастығын, олардың идеялық көркемдік және эстетикалық ерекшелігін;

- шетел әдебиетінің дамуын сол елдердегі әдеби бағыттар, ағымдар мен мектептердің генезисін, эволюциясын, сабақтастығын және алмасуын түсіну арқылы білу;

- батысевропалық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуындағы антикалық әдебиеттің ролін;

- Ортағасыр мен Ренесанас дәуіріндегі әдебиет дамуының ерекшелігін;

- ХҮІІғ. Классицизм мен барокконың эстетикалық ұстанымдарын;

- ХҮІІІғ. Сентиментализм. Рококо. Ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдарын;

- ХІХғ. Романтизм. Классикалық романтизм. Декаданс және авангардизмнің эстетикалық ұстанымдарын;

- ХХғ. «жаңа реализм», модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдарын;

- антикалық және батыс европалық көрнекті жазушылардың шығармашылығы мен әдеби бағыт, ағым, өз дәуіріндегі мектептердің біріне қатысты олардың көркемдік эволюциясын, сонымен бірге, әрқайсысының көркемдік әдісінің өзіндік ерекшелігін және стилін білу;

- адамзаттың көркем тарихының дамуындағы биік белеске айналған және алтын қорға енген әдеби шығармаларды білу;

- қарастырылып отырған құбылыстардың қазіргі дәуірдегі зерттелу жағдайымен таныс болу.



1.5 Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиіс:

- анықтамалық әдебиеттермен, сыни зерттеулермен, әдебиеттанулық еңбектермен жұмыс істей білу тиіс;

- әдебиеттанулық терминологияны еркін меңгеру және дұрыс пайдалана білуге тиіс;

- көркем шығарманың поэтикасына өз бетінше талдай білуге, оның қай тарихи-мәдени дәуірге, қандай бағытқа, ағымға, мектепке жататынын ажырата білуге тиіс;

- берілегн дәуірдегі әдеби құбылыстарды олардың жалпыадамзаттық құндылықтарын өзінше түсіндіре білуге тиіс;

- олардың эстетикалық, адвмгершілік, тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтай білуге тиіс;

- әдеби шығармаларды, әдебиет теориясы мен тарихын білу негізінде өз көзқарасын қорғай ала білуге тиіс;

- зертелетін құбылыстарды шетел тілі мен әдебиеті оқытушысының кәсіби ұстанымдары тұрғысынан түсіндіре ала білуге тиіс.

2 Пререквизиттер:

«Шетел халықтарының әдебиеті:ҮІ-ХХ ғ.ғ Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті» курсы ең алдымен, басқа оқу пәндермен тығыз байланыста оқытқанда ғана толыға түседі. Бұл пәнді басқа пәндермен: Классикалық филология, Әдебиеттану, Елтану, Үйден оқу, Мәтін лингвитикасының негіздері, Академиялық мақсаттағы шет тілі, Философия, Оқытылатын тіл елінің әдебиеті, Әдебиет теориясы, Стилистика, Лингвистика, Мәтін лингвистикасы тығыз байланыстыра оқытқан жөн.

тіл елінің әдебиеті, Әдебиет теориясы, Стилистика, Лингвистика, Мәтін лингвистикасы тығыз байланыстыра оқытқан жөн.
Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

1 Артамонов С.Д. История зарубежной литературы ХҮІІ-ХҮІІІ веков. – М.:Просвещение, 1973. – 800 с.

2 Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних веков. Нем.,исп.,итал., англ.,чеш.,польск., болг.,серб. Литературы Учеб.пособие для студентов филол.специальностей пед.ин-ов. – М.:Просвещение, 1975. – 399 с.

3 Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних веков. М.: Высш. Шк., 2004. – 816с.

4. Тураева С.В. Зарубежная литература. – М.:Просвещение, 1984. – 320 с

Қосымша әдебиет:

5 Анисимов И. Французская классика со времен Рабле до Ромена Роллана. – М, «Худож. лит.», 1977 – 333с.

6 Ботвинник М.Н. Жизнеописания знаменитых греков и римлян. – М.:Просвещение, 1988 – 207с.

7 Гуляев Н.А. Теория литературы. М.: Высш. Шк., 1977 – 278с.

8 Гуляев Н.А. История немецкой литературы. М.: Высш. Шк., 1975 – 526с.

9 Лосев А.Ф. Античная литература. – М.:Просвещение, 1973. – 439с.

10 Самохвалов Н.И. История американской литературы – М.:Просвещение, 1971. – 344 с.

11 Скороденко В.А. Зарубежная литература. . – М.:Просвещение, 1980. – 575с.




Студенттерге арналған Ф СО ПМУ 7.18.2/06

пән бағдарламасы

формасы




р\с

Тақырыптың аталуы





Дәріс

Тәж.

Сөжм

Сөж

1

2

3

4

1

Орта ғасыр әдебиеті

1

1




4

2

Ерте ортағасырлық әдебиет.

1

1




4

3

Дамыған ортағасырдағы әдебиет



1

1




4

4

Кейінгі ортағасыр әдебиеті



1

1




4

5

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті



1

1




4

6

Италия әдебиеті



1

1




4

7

Неміс әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ.

1

1




4

8

Француз әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ


1

1




4

9

Испан және Ағылшын әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ


1

1




4

10

ХҮІІ ғасыр әдебиеті


1

1




4

11

Ағылшын, Француз, Испан әдебиеті ХҮІІ ғасыр


1

1




4

12

Неміс, Италия әдебиеті ХҮІІ ғасыр


1

1




4

13

ХҮІІІ ғасыр әдебиеті


1

1




4

14

Ағылшын, Француз әдебиеті ХҮІІІ ғасыр


1

1




4

15

Италия, Неміс әдебиеті ХҮІІІ ғасыр


1

1




4



БАРЛЫҒЫ

30

15

60




Курстың компоненттері

Дәрістік және тәжрибелік мазмұны

ПӘНДІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Күндізгі ЖОБ





Тақырыптың аталуы


Сағат саны





Дәріс

Тәж.

СӨЖ жОСӨЖ

1

2

3

4

5

5 семестр

1

Орта ғасыр әдебиеті

1

1

6

2

Ерте ортағасырлық әдебиет

1

1

6

3

Дамыған ортағасырдағы әдебиет

1

1

6

4

Кейінгі ортағасыр әдебиеті

1

1

6

5

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

1

1

6

6

Италия әдебиеті

1

1

6

7

Неміс әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ.

1

1

6

8

Француз әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ


1

1

6

9

Испан және Ағылшын әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ


1

1

6

10

ХҮІІ ғасыр әдебиеті


1

1

6

11

Ағылшын, Француз, Испан әдебиеті ХҮІІ ғасыр


1

1

6

12

Неміс, Италия әдебиеті ХҮІІ ғасыр


1

1

6

13

ХҮІІІ ғасыр әдебиеті


1

1

6

14

Ағылшын, Француз әдебиеті ХҮІІІ ғасыр


1

1

6

15

Италия, Неміс әдебиеті ХҮІІІ ғасыр


1

1

6



Барлығы 5 семестрда

15

15



90

6семестр

1

ХІХ ғ бірінші жартысындағы әдебиет (1794-1850)

1

1

5


2

1850-70 жылдардағы АҚШ әдебиеті

1

1


5

3

1850-1870 ж. Ұлыбритания әдебиеті

1

1


5

4

1850-1870 ж. Франция әдебиеті

1

1


5

5

1850-1870 ж. Жаңаромантизм


0,5

0,5

5

6

ХІХ –ХХ ғғ.(1870-1918) аралығындағы Француз, Германия, Ұлыбритания әдебиеті

1

1


5

7

ХІХ –ХХ ғғ.(1870-1918) аралығындағы Испания, Италия, Скандинавия әдебиеті

1

1


5

8

ХХ ғғ.әдебиеті.1910-1920 жылдардағы әдебиеті

0,5

0,5


5

9

ХХ ғғ.әдебиеті.1950-1990 жылдардағы әдебиеті

0,5

0,5


5



Барлығы 6 семестрда

7,5

7,5



45

Курстың аудиториялық мазмұны

Курстың дәріс мазмұны

5 семестр
Тақырып №1. Орта ғасыр әдебиеті

«Ортағасыр», «ортағасырлық мәдениет», «ортағасырлық әдебиет» ұғымдары. Ортағасырлық әдебиет тарихын кезеңдерге бөлу. Ортағасырлық Европадағы христиан мен католик шіркеуі. «Қос шындық» теориясы және оның мәні. Ортағасырдың кеңістік пен уақыт туралы өзіндік түсініктері. Антикалық мәдени мұраның ролі. Ортағасырлық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы халық шығармашылығының маңызы.



Тақырып №2. Ерте ортағасырлық әдебиет.

Латын тіліндегі клерикалдық (жазба) әдебиет. «Каролингтік қайта өрлеу» латын тіліндегі клерикалдық (жазба) әдебиеттің гүлдену дәуірі. Ерте орта ғасырлық халық ауыз поэтикалық шығармашылығы. Мифологиялық эпос. Кельттік эпос. Скандинав эпосы және лирикалық поэзиясы.



Тақырып №3. Дамыған ортағасырдағы әдебиет.

Дамыған ортағасыр әдебиетінің құрамы. Батырлық эпостың куртуаздық. Клерикальдық, қалалық әдебиеттің симбиозы. Дамыған ортағасырдағы батырлық эпос. Ортағасырлық рыцарлық әдебиет. Клерикалдық әдебиет. Ортағасырлық қалалық әдебиет.



Тақырып №4. Кейінгі ортағасыр әдебиеті.

Джефри Чосер. «Кентерберийлік әңгімелердің» поэтикасы. Ленглендтің «Петр Пахар туралы» поэмасы. «Робин Гуд және Вильгельм Телль туралы халық балладалары. Франсуа Вийон шығармашылығы.



Тақырып №5. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

Қайта өрлеу дәуірінің хоногиялық шекарасы мен орны. Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы мен қайшылықтылығы. Оның ерте және ортағасырлақ мәдеиетпен байланысы. Ренессанстық гуманизм. Гуманизм мен ортағасырлық мәдени дәстүр. Реформация туралы түсінік. Схоластика тоқырауына жауап ретінде мистикалық ілімнің дамуы.



Тақырып №6 Италия әдебиеті.

Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі кезең - Италия қайта өрлеу кезеңінің өзіндік ерекше феномені. Данте өмірі мен шығармашылығы. Дантенің «Божественная комедиясы». Ф.Петрарканың өмірі мен шығармашылығы. Джованни Боккаччоның өмірі мен шығармашылығы



Тақырып №7. Неміс әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ

Осы кездегі Германиядағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Солтүстік гуманизмнің өзіндік еекшелігі. Рейхлиннің діни-этикалық көзқарастары мен қызметі. У.Фон Гуттеннің «Диалогтары» антиклерикалдық памфлет ретінде. Германиядағы реформация.Лютердің өмірі мен қызметі. ХҮІ ғасырдың бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет. Бюргерлік әдебиет. Солтүстік қайта өрлеу және Эразм Роттердамский қызметі.



Тақырып №8. Француз әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ.

Осы кездегі Франциядағы тарихи-әлеуметтік жағдай және ренессанстық-гуманистік қозғалыстың пайда болуының алғы шарттары. Бюде мен Лефевр д’Этапль қызметі. Клавин ілімі. ХҮІ ғасырдың бірінші жартысындағы поэзияның дамуы. Маро шығармашылығындағы ортағасырлық дәстүр. Маргарита Наварская поэзиясындағы гуманистік неоплатонизм. Рабленің өмірі мен шығармашылығы. ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы ренессанстық-гуманистік поэзияның даму. Ронсар шығармашылығы.



Тақырып №9. Испан және Ағылшын әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ.

Осы кездегі Испаниядағы саяси-әлеуметтік дамуының ерекшелігі. Сервантес өмірі мен шығармашылығы. Испандық драманың дамуы. Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. Осы кездегі Англиядағы тарихи-әлеуметтік жағдай және католицизм мен Реформация. Гуманистік қозғалыстың пайда болуы. Марлоның өмірі мен шығармашылығы. Шекспир шығармашылығы.



Тақырып №10. ХҮІІ ғасыр әдебиеті.

ХҮІІ ғасыр мәдени және тарихи дәуір ретінде. Классицизм мен барокко.Классицизмнің эстетикалық жүйесінің негізгі жағдайлары және өзіндік ерекшеліктері. Баррокконың ерекшелігі, оның стилистикасы. Қазіргі ғылымдағы барокко концепциясы



Тақырып №11. Ағылшын, Француз, Испан әдебиеті ХҮІІ ғасыр.

Френсис Бэкон және оның ХҮІІ ғасырдағы ағылшын әдебиетіндегі алатын орны. Шекспирлік дәстүрдің маңызы. Бен Джонсон шығармашылығы.Ағылшын революциасының жалпыевропалық маңызы. Мильтон шығармашылығы.Драйден шығармашылығы. Бэньян шығармашылығы. ХҮІІ ғасыр француз әдебиетінің дамуының жалпы сипаттамасы. ХҮІІ ғасырдың басындағы барокко. Наздылық-батырлық романдар.д’Юрфенің «Астреясы», Сент-Аман лирикасы. Арди драматургиясы.Вуатюр поэзиясы. Мадлен де Скюдери романдары. Классицизм.Малерб пен Матюрен Ренье шығармашылығы. Корнель шығармашылығы. Расин мен Мольер шығармашылығы. Лафонтен мен Буало, Ларошфуконың және Лафейттің шығармашылығы. Испан әдебиетінің дамуының өзіндік ерекшелігі. Барокко мен Кальдерон даматургиясы.



Тақырып №12. Неміс, Италия әдебиеті ХҮІІ ғасыр.

Неміс әдебиеті мен Отызжылдық соғыс. Опиц пен оның мектебінің ақындары. Неміс әдебиетіндегі барокко мәселесі. Грифиустың мартирологиялық трагедиялары. Неміс роман жанрының дамуы. Гриммельсгаузен шығармашылығы. Мариноокко поэзиясының негізін салушы және көрнекті өкілі. Маринизм.



Тақырып №13. ХҮІІІ ғасыр әдебиеті.

ХҮІІІ ғасыр және оның қазіргі дәуірәдебиеттану ғылымында бағалануы. ХҮІІ ғасырдағы картезиандық «абсолюттік сана» мен ХҮІІІ ғасыр пәлсапасындағы «адам ақылының» арақатнасы. Сентиментализм, рококо, предромантизмнің жалпы сипаты. Қазіргі әдебиеттанудағы ағартушылық реализм.



Тақырып №14. Ағылшын, Француз әдебиеті ХҮІІІ ғасыр.

ХҮІІІ ғасырдағы ағылшын классицизмнің жалпы сипаттамасы. Поуп шығармашылығының маңызы. Ерте классицизм өкілдері Аддисон мен Стил. Свифт шығармашылығы.Дефо шығармашылығы.Филдинг пен Гольдемит шығармашылығы. Ағылшын сентиментализмі. Стерн мен Макферсон. Предромантизм. Уолпол мен Льюис,Рэдклиф, Блейк және Берне шығармашылығы. ХҮІІІ ғасырдағы француз классицизмі. Реньяр комедиялары. Лесаж драмматургиясы. Прево, Монтескье, Вольтер шығармашылығы. Дидро және энциклопедистер. Руссо сентиментализмы және Бомаршенің эстетикалық көзқарасы.



Тақырып №15. Италия, Неміс әдебиеті ХҮІІІ ғасыр.

Италян театрындағы мелодрама жанры. Гольдони мен Гоции. Альфьери трагедиялары. Неміс классицизмі. Винкельманның эстетикалық теориясы. Гердер мен Гете. Шиллер шығармашылығының штюрмерлік кезеңі.



6 семестр
Тақырып №1. ХІХ ғ бірінші жартысындағы әдебиет (1794-1850)

ХІХ ғ ерекше тарихи-мәдени дәуір ретіндегі жалпы сипаттамасы, әдеби өмірі, әдеби процестердің кезеңдері, әдебиет дамуының ерекшеліктері. Романтизм. Англиядағы романтизмнің ерекшеліктері. Байрон ақын әрі драматург. Шелли. Скотт. Франциядағы романтизмнің ерекшеліктері. Шатобриан. Сталь. Гюго. Германиядағы романтизмнің ерекшеліктері. Фридрих Шлегель. Людвиг Тик. Гейдельберктік романтизм. Ағайыеды Гриммдер. Клейст. Гофман. Гейне. АҚШ романтизмнің ерекшеліктері. Ирвинг. Купер. По.



Тақырып №2. 1850-70 жылдардағы АҚШ әдебиеті

Батыс Европа мен АҚШ елдерінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы рухани және әдеби өмірінің жалпы сипаттамасы. Американдық трансценденталистер. Эмерсон эстетикасы. Гарриет Бичер-Стоу. Мелвил. Готорн. А.Теннисон. Уитмен.



Тақырып №3. 1850-1870 ж. Ұлыбритания әдебиеті

Ағылшын реалистік романының дамуы. 1850-жылдардың аяғындағы натурализмнің қалыптасуы. Д.Элиот. У.Коллинз. Джон Рескин эстетикасы мен перрафаэлиттері. Росетти.Суинберн.



Тақырып №4. 1850-1870 ж. Франция әдебиеті

«Ақындар» мен «тобыр» арасындағы қайшылықтың жаңа иірімі.Теофиль Готьен. Леконт пен Лил. Бодлер. Флобер.



Тақырып №5. 1850-1870 ж. Жаңаромантизм

Германиядағы, Австро-Венгриядағы, Скандинавия елдерінде осы ұғымды пайдалану ерекшеліктері. ХХ ғ басындағы модернизм. ХІХ –ХХ ғасырлар аралығындағы реалимнің ерекшелігі



Тақырып №6 ХІХ –ХХ ғғ.(1870-1918) аралығындағы Француз, Германия, Ұлыбритания әдебиеті

Натурализм.Золя. Мопассан.Верлен.Симвволизм. Рембо. Малларме. Реализм.Франс. Роллан.Ғасырлар шегіндегі ағылшын эстетизмы. Реализм және оның модификациясы. Моррис.Харди. Мередит пен Батлер.Фонтане. Г.Манн. Реализм. Символизм. Георге поэзиясы. Хук шығармашылығы.Экспрессионизм.



Тақырып №7. ХІХ –ХХ ғғ.(1870-1918) аралығындағы Испания, Италия, Скандинавия әдебиеті

Унамунонның бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейінгі шығармашылығы. Ғасыр басындағы испания поэзиясы. Мачадо. Хименес. Итлияның бірігуі және итальян әдебиеті. Кардуччи. Верги суреттеуіндегі халық мінезі. Д,Аннунцио. Скандинавия әдебиеті. Ибсен. Стриндберг. Гамсун шығармашылығы.



Тақырып №8. ХХ ғғ.әдебиеті.1910-1920 жылдардағы әдебиеті

Футуризм, кубизм, дадаизм, ультраизм. Модернизм және оның эстетикасы. Кафка. Элиотт.Джойст. Фолкнер. О.Нил. Т.Манн. Импрессионизм. Голсуорси. Бернард Шоу. Теодор Драйзер.



Тақырып №9. ХХ ғғ.әдебиеті. 1950-1990 жылдардағы әдебиеті

Фашизмді жеңудің дүниежүзілік-тарихи маңызы. Антифашистік қозғалистың француз әдебиетіне ықпалы. АҚШ әдебиетіндегі ұрпақтар мен бағыттардың ауысуы. ХХ ғ мәдениеттердің диалогы, рухани тәжрибенің көппікірлігі мен көпөлшемділігі. Эко шығармашылығы.


Курстың тәжрибелік сабақ мазмұны

5 семестр
Тақырып №1.

Ортағасырлық куртуаздық. поэзиясы. «Тристан мен Изольда» романы куртуаздық. роман ретінде. «Нибилунгтер туралы хикая» - неміс халқының батырлық эпосы.



Тақырып №2.

Ерте ортағасырлық әдебиет. Ваганттар поэзиясы.



Тақырып №3.

Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюель» романы



Тақырып №4.

Кейінгі ортағасыр әдебиеті. Франсуа Вийон шығармашылығы.



Тақырып №5.

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті.



Тақырып №6

Италия әдебиеті. Дантенің «Божественная комедиясы».



Тақырып №7.

Неміс әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ. Бюргерлік әдебиет.



Тақырып №8.

Француз әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ. Маргарита Наварская поэзиясындағы гуманистік неоплатонизм. Ронсар шығармашылығы.



Тақырып №9.

Испан және Ағылшын әдебиеті ХҮ-ХҮІ ғғ. Испандық драманың дамуы. Шекспир драматургиясы.



Тақырып №10.

ХҮІІ ғасыр әдебиеті. П.Корнельдің «Сид» трагикомедиясы және ХҮІІ ғасырдағы классицистік қаһармандық трагедия мәселелері.



Тақырып №11.

Ағылшын, Француз, Испан әдебиеті ХҮІІ ғасыр. Расин және ХҮІІ ғасырдағы классицистік ғашықтық-психологиялық трагедия мәселелері.



Тақырып №12.

Ж.Б.Мольердің «Тартюф», «Сараң», «Дон Жуан» шығармалары және ХҮІІ ғасырдағы классицистік комедия мәселелері.



Тақырып №13

И.В.Гете «Фауст» - ағартушылық әдебиеттегі поэтика эволюциясының мәселесі



Тақырып №14.

Ағылшын, Француз әдебиеті ХҮІІІ ғасыр. Свифт шығармашылығы.Дефо шығармашылығы.



Тақырып №15.

Италия, Неміс әдебиеті ХҮІІІ ғасыр. Италян театрындағы мелодрама жанры.


6 семестр
Тақырып №1.

ХІХ ғасыр әдебиеті Батысеуропалық романтизм. Байрон. Гофман. Гюго.



Тақырып №2.

ХІХ ғасыр әдебиеті Батысеуропалық классикалық реализм. Бальзак. Диккенс. Теккерей.



Тақырып №3.

ХІХ ғасыр әдебиеті Батысеуропалық натурализм. Золя. Гауптман.



Тақырып №4.

ХІХ ғасыр әдебиеті Батысеуропалық символизм. Рембо. Рильке. Уальд.



Тақырып №5.

Батысеуропалық модернизм. Кафка.



Тақырып №6

Томас Манн және ХХ ғасыр. Миф туындатушылық мәселесі.



Тақырып №7.

Батысеуропалық экзистенцализм. Сартр. Камю. Мерток.



Тақырып №8.

ХХ ғасыр. Батысеуропалық театр. Брехт. О.Нил. Пиранделло.



Тақырып №9.

ХХ ғасыр. Реализм тағдыры. Голсуорси. Белль. Ажар.



Студенттің өздік жұмыстарының мазмұны




Өздік жұмыс түрі

Есеп беру формасы

Бақылау формасы

Берілетін сағат

1

2

3

4

5

1

Дәріске дайындық




дәптер тексеру, тест

8

2

Тәжрибелік сабақтарға дайындық

үй жұмысы

бақылау

15

3

Бақылау жұмыстарына дайындық

тест

РБ1, РБ 2

2

4

Шығармаларды оқу







35

5

Курстық жұмыс







30

Барлығы

90

Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1- рейтинг

балл

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

АҚ 1




Бақылау түрі бойынша жоғары ұпай

9

9

9

9

9

9

9

9

28

100

Сабаққа деген ынтасы мен үлгерімі

Дәріс

Д

1


Д

1


Д

1


Д

1


Д

1


Д

1


Д

1


Д

1





8

Тәжрибе сабағы

Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5





40

СӨЖ орындауы

СӨЖ

3


СӨЖ

3


СӨЖ

3


СӨЖ

3


СӨЖ

3


СӨЖ

3


СӨЖ

3


СӨЖ

3





24

Аралық қорытынды бақылау

























АҚ 1 Т28

28




2- рейтинг

балл

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

АҚ 2




Бақылау түрі бойынша жоғары ұпай

10

10

10

10

10

10

10

30

100

Сабаққа деген ынтасы мен үлгерімі

Дәріс

Д

3


Д

3


Д

3


Д

3


Д

3


Д

3


Д

3





21

Тәжрибе сабағы

Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5


Т

5





35

СӨЖ орындауы

СӨЖ

2


СӨЖ

2


СӨЖ

2


СӨЖ

2


СӨЖ

2


СӨЖ

2


СӨЖ

2





14

Аралық қорытынды бақылау






















АҚ230

30

Бақылау түрлері:

Қ – сабаққа қатысу; Үт – үй тапсырмасын дайындау; БЖ – тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысы; АҚБ - аралық қорытынды бақылау
Курстың саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытында және дұрыс орындаса – ең жоғары ұпай 100 балл қойылады. Студентттерден әрбір тапсырманың мезгілінде орындалуы талап етіледі. Себепсіз сабақ босатқаны, сабаққа кешіккені үшін студенттің балы кемітіледі. Курсты өту барысында пән бойынша «Бақылау шараларының календарлық кестесі» жасалды және төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:



  • себепсіз дәрісті немесе тәжрибелік сабақты босатса – 2 баллға төмен бағаланады

  • мезгілінен кешіктіріліп орындалған тапсырма – 2 баллға төмен бағаланады

  • егер барлық тапсырма орындалып отырса ең жоғарғы балл – 6 балл

Бақылау жұмыстарын, конспектілерді (үй тапсырмаларын), рефераттарды көшіруге тыйым салынады, емтиханды әр студент өз күшімен тапсыруға тиіс.

Барлық аудиторлық уақыт дәрістік және тәжрибелік болып бөлінген, одан басқа әр сабақта афоризмдер және лексикалар жатқа сұралынады.

Әр студент студенттік әнұранды ( “Gaudiamus”) жатқа біліп тапсыруға тиіс.

«Календарлық кестеде» бақылау тапсырмаларының барлық түрлері ең жоғары балл негізінде көрсетілген. Олардың орындалмауы немесе сапасыз орындалуы «0» балға дейін кемітіледі.

Сабаққа дайындық тестармен, сөзжұмбақтармен, жат жазулармен тексеріліп отырылады. Барлық тапсырма уақытында орындалып отыруға тиіс.
Осы пән бойынша қорытынды баға «Ережеде...» көрсетілген формула бойынша шығарылады. Қорытынды бағада күнделікті сабақ үлгерімінің, екі шекаралық бақылаудың нәтижелері мен соңғы емтиханның бағасы ескеріледі.

Бір семестерде екі шекаралық бақылау жүргізіледі.Шекаралық бақылау екі түрлі жұмыстан тұрады: тест және коллоквиум бағаланады.Бақылау өткен тақырыптарды блоктарға бөлу арқылы жүргізіледе.

Егер студент екі шекаралық бақылаудан сүрінбей жақсы тапсырып өтсе емтихан немесе сынақ тапсырудан босатылады.

Емтихан билеттері 3 сұрақтан тұрады: екеуі теория бойынша, біреуі тәжрибе бойынша.

Тәжрибелік сабақ бойынша төмендегідей баллдар қойылады:

толық әрі дұрыс жауап – 12 балл; қосымша материалдар қолданса – 20 балл


  1. Теориялық курс бойынша сұрақтар (40 баллов):


№ р/р

Параметрлары

Критерилері

1

Жалпы түсінігі

10 балл

2

Байланыстру машықтығы

10 балл

3

Ой-өрісінің толықтығы

10 балл

4

Салыстра білу машықтығы

10 балл



  1. тәжрибелік тапсырма (60 баллов):


№ р/р

Параметрлары

Критерилері

1

Шығармаларды оқу

30 баллов

2

Курстық жұмыс

30 баллов


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет