Студенттерге арналған Нысан пән бағдарламасы ф со пгу 18. 2/07



Дата03.07.2016
өлшемі285.24 Kb.
#174805
Студенттерге арналған Нысан

пән бағдарламасы Ф СО ПГУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы пәнінен

050301 «Құқықтану» мамандығының

сырттай жалпы орта білім 2005ж

студенттеріне арналған

CТУДЕНТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Студенттерге арналған

пән бағдарламасы





Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.2/11


БЕКІТЕМІН

Тарих және құқық факультетінің

деканы________ А.А. Ақышев

200__ ж. «___» «_______»

Құрастырушы: аға оқытушы Авилхан Ақмамық__________________

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы


Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы пәнінен

050301 «Құқықтану» мамандығының

сырттай жалпы орта білім 2005ж
студенттеріне арналған

CТУДЕНТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама 200__ ж. «___» «__________» бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
200__ ж. «___» «__________» кафедра отырысында ұсынылған № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Г.Б. Ахмеджанова


Тарих және құқық факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен құпталған

200__ ж. «___» «___________» хаттама №___
ОӘК төрайымы _____________ Н.И.Мошна

Оқытушылар жөнінде мәлімет
Авилхан Ақмамық - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибелік сабақтар)

Кафедрада қабылдау уақыты (А-417) топтар бойынша құрастырылған кестелер негізінде



Пән бойынша ақпарат

Сырттай жалпы білім беру 2005

Пән 9 семестрде. 3 апталық мерзімде оқытылады.

9- семестрде барлығы: 51 сағат оның: 8 дәріс, 8 сағат тәжірибе, 35 сағат СӨЖ бөлінген.
Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Мемлекет және құқық теориясы тәлімгерлердің дүниетанымын қалыптастыратын, құқық және мемлекет туралы негізгі түсініктер мен анықтамаларды беретін басты әдістемелік пән болып табылады.



Пәнінің қысқаша сипаттамасы

Пән 050301 «Құқықтану» мамандығында оқитын студенттердің білімін тереңдететін пәндердің бірі болып табылады. Өйткені отбасы заңдылықтарының нормалары құқық қорғау органдарының қызметінің аясында жиі кездеседі. Сондықтан «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы» пәні студенттерге отбасы қатынасында кездесетін кейбір мәселелерді теориялық тұрғыдан талдау арқылы оны практикамен ұштастыра алады. Студент өзін қандай да бір мамандық иесі ретінде дайындықты арттырған кезде оның құқықтық мәдениеті, кәсіби білімінің деңгейі кез келген салада адамның құқықтарын сауатты қорғай білу деңгейімен анықталады және бұл отбасы қатынастарына да тән құбылыс.



Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы пәнін оқудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы туралы білімді тереңдету ғана емес, сонымен қатар студенттерді отбасы құқықтық қатынастарының жүзеге асыруындағы әдістер мен тәсілдермен таныстыру, отбасындағы ерлі-зайыптылар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың әдістері туралы жалпы мағұлымат беру.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы пәнін оқудың міндеттері:


  1. студенттердің ойлау қабілетін, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  2. Қазақстан мемлекетінде болып жатқан отбасылық қатынастарға дұрыс жорамалдар жасап, құқықтық қабілеттіліктерінің артуына көмектесу;

  3. нормативті-құқықтық актілерге талдау жасау және оны дұрыс қолдануға дағдыландыру;

  4. нормативті-құқықтық актілерге деген құрметін арттыру;

5 Қазақстан Республикасының Отбасы құқығын басқа да құқық салаларымен байланыстыра білу;

6 Теорияны практикамен байланыстыру.



Студент аталған пәнді оқып, үйренген соң білуге:

- неке және некеге тұру тәртібі;

- некені бұзу; ата-ана құқығынан айыру;

- алименттік қатынастарды реттеу; бала асырап алу;

- қорғаншы мен қамқоршы тағайындау; некені жарамсыз деп тануды.

Пәнді оқу барысында үйренуге:

- пәннің теориялық мазмұнын меңгеру барысында тәжірибемен ұштастыру арқылы тапсырмаларды шешу.



Сонымен қатар мыналарға дағдылануға:

Нормативті актілерді заң қызметінің барлық салаларында еркін қолдана білуге.



Пререквизиттер

ҚР Қазақстан Республикасының Отбасы құқығын оқып үйренуге дейін оқытылатын пәндер тізімі:



  • Қазақстан тарихы; Рим құқығы; Мамандыққа кіріспе; Философия;

  • ҚР Мемлекет және құқық тарихы.




Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.1/10


050301 – «Құқықтану» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы


Оқу нысаны

Бақылау нысаны

Білім алушылармен жұмыс жасау сағаты

Сесестр бойынша сағаттардың бөлінісі

емт

сын

КЖо

КЖ

ЕГЖ

БЖ

барлығы

Дәр

Тәж

зерт

СӨЖ

Дәр

Тәж

зерт

СӨЖ

жал

ауд

СӨЖ

Сырттай ЖОБ, (2005)

9

















51

16

35

9 семестр

6 семестр

8

8




35




6




78


Пәннің тақырыптық жоспары




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10



Сырттай жалпы орта білім беру 2005ж



ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Пән бойынша тақырыптың аталуы


Сағат саны

Дәр

Тәж

СОӨЖ

СӨЖ

1

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы құқық саласы ретінде.

1







3

2

Неке-отбасы қатынастарының түсінігі. Неке-отбасы қатынастарын қорғау және қамтамасыз ету.




1




4

3

Некеге тұру тәртібі мен жағдайлары. Некені бұзу негіздері.

1







4

4

Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік міндеттері.




1




4

5

Ата-ана құқықтары мен міндеттері. Ата-ана құқығын шектеу мен айыру.

1

1




4

6

Баланың құқы. Кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау.

1

1




4

7

Қорғаншылық және қамқоршылық. Патронат. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың (қызды) асырап алу.

1

1




3

8

Азаматтың хал актілері.

1

1




3

9

Отбасы мүшелерінің алименттік қатынасы.

1

1




3

10

Неке және отбасы заңдылығы нормаларының шет ел және азаматтығы жоқ азаматтарға қолданылуы.

1

1




3

Семестр бойынша барлығы

8

8




35

Пән бойынша барлығы

51


Теориялық курстың мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы құқық саласы ретінде «Неке және отбасы» заңы.

«Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы» курының пәні және түсінігі. Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы неке-отбасы қатынастарының тарихы. «Обасы құқығы» құқық саласы ретінде. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығын реттеу әдісі мен тәсілдері. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстандағы отбасы және неке мәселелері туралы алғашқы заң актілері. «Неке және отбасы» туралы 1998ж 17 желтоқсандағы заңы. ҚР-сы Жоғарғы сотының неке-отбасы қатынастарын және басқа да қайнар көздердің мәселелері туралы қаулысы.


2-тақырып. Неке-отбасы қатынастарының түсінігі. Неке-отбасы қатынастарын қорғау және қамтамасыз ету.

Отбасы құқықтық қатынастарының түсінігі және ерекшелігі. Неке-отбасы заңдылығы мен реттелетін қатынастар. Отбасы құқықтық қатынасы: түсінігі,түрі, субъектісі және объектісі.

Неке-отбасы қатынастарының топтастырылуы. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығындағы әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттілік түсінігі. Неке-отбасы қатынастарын мемлекеттік реттеудегі АХАЖ және Сот органдарының рөлі.Отбасы құқықтық қатынасын өзідік қорғау. Талап мерзімі. ҚР-ның Конституциясымен әке,ана,баланы қорғау.
3-тақырып.Некеге тұру тәртібі мен жағдайлары. Некені бұзу негіздері.

Некеге тұру тәртібі мен жағдайлары. Неке жасы. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы және оларды өлді деп жариялап, некені тоқтату. АХАЖ және сот органдарында некені тоқтату негіздері. Некеге тұрушы тұлғаларды медициналық тексеру. Некені бұзу жөніндегі соттың шығаратын шешімі. Жалған неке. Некені жалған деп тану тіртібі мен негіздері. Жалған некенің құқықтық зардаптары.


4-тақырып. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік міндеттері.

Отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері. Тегін таңдауда ерлі-зайыптылардың таңдау құқығы. Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың мүліктік заңды режимі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кездегі үлестері. Неке шарты түсінігі. Неке шартының мазмұны. Неке шартын өзгерту, бұзу, тәртібі.


5-тақырып. Ата-ана құқықтары мен мідеттері. Ата-ана құқын шектеу және айыру.

Ата-ана құқы мен міндетінің туындау негіздері. Ата-ана құқынын айыру және шектеу: негізі мен тәртібі. Әкелікті тану. Әкелікті сот әртібімен тану.

Бала тәрбиелеу, оқытып, білім беру және оның құқы мен заңды мүддесін қорғауда ата-ана құқықтары мен міндеттері.
6-тақырып. Баланың құқы. Кәмелетке толмаған баланың құқын қорғау.

Отбасында баланың асырап-сақталуына құқы. «Баланың құқықтары» туралы БҰҰ Конвенциясы. Баланың өз мүддесін қорғаудағы баланың құқықтары. Баланың жеке құқығы. Баланың мүліктік құқы. Ата-анасынан бөлек тұратын баланың туыс-туғандарымен қарым-қатынасы.


7-тақырып. Қорғаншылық және қамқоршылық. Патронат. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы (қызды) асырап алу.

ҚР-ның және шетел азаматтарының ұлды (қызды) асырап алу жағдайы мен тәртібі. Асырап алудың күшін жою. Қамқоршы, қорғаншы, қамқорлыққа алынушының құқықтық жағдайы. Қорғаншылық және қамқоршыны өз міндетін орындаудан босату, күшін жою. Қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату. Патронат .Патранаттағы қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған баланың құқығы. Патронатқа тәрбиеленуге берілген баланы асырау.


8-тақырып. Азаматтың хал актілері.

Азаматтың хал актілері: маңызы мен тарихы. Азаматтың хал актілерін тіркеу түсінігі мен түрлері. Тууды тіркеу. Аты-жөнін өзгертуді тіркеу. Өлімді тіркеу.


9-тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынасы.

Ата-ана, балалардың алименттік міндеттері. Ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттері. Отбасы басқа мүшелерінің алименттік міндеттері. Сот тәртібі арқылы алимент өндіру. Алименттік міндеттерден тоқтату. Алимент төлеуге келісім. Балаларды та-ана асырауынан босату.


10-тақырып. Неке-отбасы заңдылығы нормаларының шетел және азаматтығы жоқ азаматарға қолданылуы.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың некеге тұру және бұзу тәртібі. Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Шетел азаматтарының кәмелетке толмаған баланы асырап алуы.

Халықаралық келісім-шарттар мен басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының Қазақстан Республикасының территориясында қолданылуы.


Практикалық сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы құқық саласы ретінде. «Неке және отбасы» заңы.

Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы неке-отбасы қатынастарының тарихы.

«Обасы құқығы» құқық саласы ретінде.

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығын реттеу әдісі мен тәсілдері.

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығының қайнар көздері
2-тақырып. Неке-отбасы қатынастарының түсінігі. Неке-отбасы қатынастарын қорғау және қамтамасыз ету.

Отбасы құқықтық қатынастарының түсінігі және ерекшелігі. Туысқандық.

Неке-отбасы қатынастарының топтастырылуы.

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығындағы әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттілік түсінігі.

Неке-отбасы қатынастарын мемлекеттік реттеудегі АХАЖ және Сот органдарының рөлі.
3-тақырып. Некеге тұру тәртібі мен жағдайлары. Некені бұзу негіздері.

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығындағы неке түсінігі.

Некеге тұру тәртібі мен жағдайлары. Неке жасы.

Негеге кедергі келтіру.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы және оларды өлді деп жариялап, некені тоқтату.

АХАЖ органдарында некені тоқтату негіздері.


4-тақырып. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік міндеттері.

Отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.

Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік заңды режимі.
5-тақырып. Ата-ана құқықтары мен мідеттері. Ата-ана құқын шектеу және айыру.

Ата-ана құқықтары мен міндеттері.

Ата-ана құқынын айыру және шектеу.

Ата-ана құқы мен міндетінің туындау негіздері.

Суррогат ананың құқықтық жағдайы.
6-тақырып. Баланың құқы. Кәмелетке толмаған баланың құқын қорғау.

Отбасында баланың құқын анықтау.

Баланың жеке құқығы.

Кәмелеттік жасқа толмаған баланың мүліктік құқықтары.

«Баланың құқықтары» туралы БҰҰ Конвенциясы.
7-тақырып. Қорғаншылық және қамқоршылық. Патронат. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы (қызды) асырап алу.
ҚР-ның және шетел азаматтарының ұлды (қызды) асырап алу жағдайы мен тәртібі. Бірнеше баланы асырап алу. Асырап алудың күшін жою.

Қорғаншылық пен қамқоршылықты тану тәртібі. Қамқоршы, қорғаншы, қамқорлыққа алынушының құқықтары мен міндеттері.

Қорғаншылық және қамқоршыны өз міндетін орындаудан босату. Қорғаншылық пен қамқоршылық органы.

Патронат түсінігі.


8-тақырып. Азаматтың хал актілері.

Азаматтың хал актілері: маңызы мен тарихы.

Азаматтың хал актілерін түсінігі мен тіркеу.

Тууды тіркеу.

Аты-жөнін өзгертуді тіркеу.
9-тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынасы.

Ата-ана, балалардың алименттік міндеттері: мөлшері, нысаны мен тәртібі.

Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттері: өндіру тәртібі, мөлшері, алимент төлеуден босату.

Отбасы басқа мүшелерінің алименттік міндеттер мен түрі.

Алимент төлеу тәртібі мен келісімді бекіту нысаны.
10-тақырып. Неке-отбасы заңдылығы нормаларының шетел және азаматтығы жоқ азаматарға қолданылуы.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың некеге тұру және бұзу тәртібі.

Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік және мүліктік құқықтары мен міндеттері.

Шетел азаматтарының кәмелетке толмаған баланы асырап алуы.



Студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы құқық саласы ретінде «Неке және отбасы» заңы.

Қазақстан Республикасыныңың құқығы тарихындағы отбасы заңдылықтарының даму үрдісі.

Заңға сәйкес актілердің отбасылық қатынастарға қолданылу ерекшелігі мен құқықтық маңызы.
2-тақырып. Неке-отбасы қатынастарының түсінігі. Неке-отбасы қатынастарын қорғау және қамтамасыз ету.

Құқықтық қатынастың пайда болуы. Отбасы құқықтық қатынастарды жіктеу.

Отбасы құқығы қатынастарының элементтері.
3-тақырып. Некеге тұру тәртібі мен жағдайлары. Некені бұзу негіздері.

Некеге тұрудың құқықтық шарттары және оны сақтау жолдары.

Медициналық тексерудің қазіргі кездегі құқықтық маңызы.

Заңды неке мен жалған некенің құқықтық салдары.


4-тақырып. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік міндеттері.

Мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу.

Мүліктік құқықтар мен міндеттерді реттеудегі отбасы заңдылықтарының құқықтық маңызы. Неке шартының құқықтық маңызы.
5-тақырып. Ата-ана құқықтары мен мідеттері. Ата-ана құқын шектеу және айыру.

Ата-ана құқығын заңдылықпен реттеу маңызы.

Баланың құқықтарын жүзеге асырудағы ата-ананың құқықтарының маңызы
6-тақырып. Баланың құқы. Кәмелетке толмағанбаланың құқын қорғау.

Отбасында баланың асырап-сақталуына құқы. «Баланың құқықтары» туралы БҰҰ Конвенциясы. Баланың өз мүддесін қорғаудағы баланың құқықтары. Баланың жеке құқығы. Баланың мүліктік құқы. Ата-анасынан бөлек тұратын баланың туыс-туғандарымен қарым-қатынасы.


7-тақырып. Қорғаншылық және қамқоршылық. Патронат. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы (қызды) асырап алу.

Бала асырап алудың құқықтық шарттары. Шет ел азаматтарына қойылатын талаптар. ҚР және шет ел азаматтарының бала асырап алудағы ерекшеліктері.


8-тақырып. Азаматтың хал актілері.

Азаматтық хал актілерінің құқықтық шарттары. Хал актілерді топтастырудың ерекшелігі мен құқықтық маңызы.


9-тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынасы.

Алимент түсінігі. Алименттік қатынастардың пайда болу шарттары. Алиментті өндіріп алу және оның құқықтық негізі.


10-тақырып. Неке-отбасы заңдылығы нормаларының шетел және азаматтығы жоқ азаматарға қолданылуы.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың отбасы заңдылығының қолданылуының маңызы мен құқықтық алғы шарттары. және бұзу тәртібі. Бала асырап алу ерекшелігі.



СӨЖ мазмұны

Сырттай жалпы орта білім беру 2005




СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу




Сабаққа қатысу

4

2

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және (сабақтың тақырыптары бойынша материалдарды оқу және тапсырмаларды шешу) дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

1,6

3

Аудиторлиялық сабақтардан тыс студенттердің өз бетінше дайындалатын тақырыптар

Конспект немесе ауызша жауап беру

Жеке қабылдау

5,4

4

Бақылау шараларын өткізу




1МБ, 2МБ, тест тапсырмалары және басқа да бақылау шараларын өткізу

20

Барлығы







35


Ескерту: Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарда көрсетілген, бірақ сабақтарда талданып үлгермеген сұрақтарды студент өз бетімен өзіндік жұмыстарда талдау жасайды.


Аудиторлиялық сабақтардан тыс студенттердің өз бетінше дайындалатын тақырыптар

1-тақырып. Отбасы құқығының қайнар көздері ретінде шет елдердің құқық нормаларын ҚР территориясында қолданылу ерекшелігі.

2- тақырып. Баланы асырап алудағы балаға берілетін құқықтар мен міндеттер.

3- тақырып. Отбасы қатынастарының құқықтық ерекшелігі.

4-тақырып. ҚР тәуелсіз мемлекет ретіндегі ҚР отбасы қатынастары заңдылықтарының тәжірибеде жүзеге асырылу ерекшелігі мен маңызы.

5-тақырып. ҚР отбасылық құқықтық институттарының маңызы.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі 1999ж.

2 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994. 27. 12.

3 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 1999. 01. 06.

4 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі 1999ж.

5 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 1999ж.

6 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі 1999ж.

7 «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17.12.

8 «Некені бұзу туралы істі қару кезінде соттардың заңнаманы қолдану туралы»ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 2000ж.28.04.

9 «Асырап алу туралы істі қару кезінде соттардың заңнаманы қолдану кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 2000ж.22.12.

10 Қазақстан Республикасында азаматтардың хал жағдайы актілерін тіркеу тәртібі туралы ереже, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 1999ж.22 мамыр №620

11Указ президента РК «О мерах по социальной поддержке многодетных семей» от 4 декабря 1992 г.

12 Конвенция «О правах детей» 1989 г.

Қосымша әдебиеттер

13 Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.

14 Антокольская М.В место семейного права в системе отраслей частног права// Государство и право1995ж. №6

15 Муратова С.А. Семейное право. М. 1991 ж.

16 Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

17 Кабышев О.А. Брак и развод. М. 1998 ж.

18 Кабышев О.А. Право и алименты. М. 1998ж.

19 Баянов Е. Мемелекет және құқық негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы, 2001 ж.

20 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы: Жеті Жарғы,1997 ж.

21 Басин Ю.Г. Сделки. Учебное пособие. А., 1996.

22 Гражданское право. Часть 1. Учебник под ред. Ю.К.Толстого, А.П.Сергеева. Санкт-Петербург, 1996.

23 Кодекс о браке и семье. Новосибирск, 1996.

24 Семейное право. Учебник под ред. В.А. Рясенцева. М., 1982.

25 Чефронова Е. Судебный порядок расторжения брака// Российская юстиция 1996 ж.№9

26 Хазова О.А. Брачный договор// Дело и право 1995 ж.№9

Студенттің өздік жұмыстараның түрлерінің тізімі
Пәнді меңгеру барысында тақырыптық жоспар мен күнтізбелік кестеге сәйкес, Сіздер аудиториядан тыс мынадай жұмыстардың тізімін орындайды:


  • әрбір практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмаларын басқа да жұмыстарды орындау;

  • кез келген маңызы бар жағдайларды шешу үшін оқу матариалдарын еркін және толық меңгеру;

  • дәріс сабақтарына кірмейтін міндетті сұрақтарға конспект жасап және оқу материалдарына талдау жасау;

  • тақырыптар блогы бойынша крассвордтар құрып және де тесп тапсырмаларын құрастыру;

  • әрбір тақырыптар бойынша өзіндік бақылау жұмыстарын жасау.

Практикалық сабақтарға қосымша материалдарға талдау жасап, әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетілген талаптар бойынша өткен сабақтарға дайындалу.

Семестердің аяқталудың ортасында 100 балдық көрсеткіш негізінде аралық бақылау (АҮ) пәннің өткен тақырыбы бойынша белгіленеді. Межелік бақылауды (МБ) 100 балдық көрсеткіш бойынша есептеледі.



Ааралық бақылаудың үлгерімнің балдарды бақылау шараларының кестесіне сәйкес бөліп, үлгерімді бағалайды.


Апта

Сессия аралық кезең

Емтихандық сессия кезеңі

Қорытынды балл

Апта бойынша жоғарғы баллдар

1СК

2СК

3СК

1

2

3

100

Аудиториядан тыс сабақтарға дайындалу

СОӨ түрлері

1ҮТ

2ҮТ

3ҮТ













Бақылау нысаны

АЖ

АЖ

АЖ













Жоғарғы балл

8

8

8










24

Дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу

СОӨ түрлері










4ҮТ

5ҮТ

6ҮТ




Бақылау нысаны










ҚжК

ҚжК

ҚжК




Жоғарғы балл










8

8

8

24

Практикалық сабақтарға дайындалу

СОӨ түрлері










7ҮТ

8ҮТ

9ҮТ




Бақылау нысаны










ЖД

ЖД

ЖД




Жоғарғы балл










8

8

8

24

Өз бетінше оқитын тақырыптарды тапсыру

СОӨ түрлері










1ҮТ

2ҮТ

3ҮТ




Бақылау нысаны










АЖ

АЖ

АЖ




Жоғарғы балл










8

10

10

28



Ескертулер:
Бақылау түрлері (шартты белгілер):

КЖ-курстық жұмыс

КЖБ-курстық жұмыс бөлімі

АЖ-ауызша жауап

ЖД-жұмыс дәптері

Әрбір студент өзінің группаластарымен бірге барлық сабақтарға белсенді араласып, барлық тапсырмаларды талқылауға қатысуы керек. Сіздерден сабаққа кешікпеуді, кез келген сабақ тәртібін бұзу аудиториядан шығарылып, жазалау шаралары қолданылады.

Белгілі бір себепсіз сабақты жібергені үшін мынадай шаралар қолданылады:

- дәріс сабақтарын босатқаны үшін - минус 2 бал;

- практикалық сабақтарын босатқан үшін - минус 6 бал;

Әрбір сабаққа дайындалғанда міндетті түрде берілген тапсырмаларды шешу керек. Сіздердің дайындықтарыңыз практикалық сабақтарда сұрақтар қою арқылы тексеріледі. Егерде Сіз, бақалау шаралары кезінде белгілі бір себептермен қатыса алмасаңыз келесі сабақтарда жеке қабалдау бойынша тапсырыс тапсыруға болады, ал ондай жағдай орын алмаса онда сіз, «0» баллдық көрсеткіш аласыз.

Межелік бақылауға пән бойынша АҮ үлгерімі бар студенттер ғана жіберіледі.

Студенттің пән бойынша рейтингі МБ мен АҮ қорытындысы негізінде мына формуламен есептеледі:


МБ 1(2) = АҮ 1 (2) *0,7+МБ 1 (2) * 0,3
Ерер де студен 50 баллдан төмен көрсеткіш көрсететін болса, онда студенттің рейтингі анықталмайды. Онда жағдайда декенатқа жазған өтініші бойынша МБ тапсырудың жеке кестесі белгіленеді.

Студенттің пән бойынша семестрлік пәндік көрсеткіші (ПК)



ПК = (МБ1+МБ2)/2.

Қорытынды материалдарды оқып болғаннан кейін емтихан тапсырады. Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) рейтинг көрсеткішін жинаған студенттер (50 кем емес) жіберіледі.

Емтихан аралас нысанда қабылданады (тест + ауызша билетпен). Емтихандарда немесе жазбаша жұмыстарды орындау барысында материалдарға қарау, басқаларынан көмек сұрау, (АҮ) көрсеткішінен студенттен «10» бал төмендетіледі.

Пән бойынша қорытынды баға студентте егер де рейтинг бойынша бақылауға жіберілген және қорытынды бақылауға қатысқан студенттерге шығарылады. Ередне қорытынды бақалуға белгісіз жағдайлармен келмей қалса онда «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен бағаланады. .

Қорытынды бақалудың бағасын көтеру үшін емтиханды қайта тапсыруға болмайды.

Егерде Сіз емтиханда (50 балдан төмен) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алсаңыз, онда пән бойынша Сіздің бағаңыз «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен тізімдемеге енгізіледі.



Академиялық қарызы бар студенттер қалған пәндерін ақылы негізде қайта оқып, емтизхандарды тапсырады.
Пән бойынша студенттердің білімін бағалау


Қорытынды баға көрсеткіштері (Қ)

Баллдардың цифрлық эквиваленті

Бағаның әріптік жүйесі

Әдеттегі бағалар

95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


Сәттілік тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет