ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
1. Пән туралы ақпарат
Пән атауы. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биотехнологиясы.
Кредиттер саны 3
3 курс, 6 семестр
Білім бағдарламасының атауы және шифры: 6В05102 - Биотехнология
Жаратылыстану география институты
Биология кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Бекетова А.К.,PhD, аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, 392-00-49) сот. 8(775)3683136
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)× 0,6 + емт× 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Пәннің мақсаты өсімдік ағзасындағы өтіп жатқан процестерді зерттеу
«Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биотехнологиясы» пәнінің негізгі міндеті:
экономикалық жағынан тиімді жаңа өсімдіктер мен штаммдарды алу.
Инвитро органдарды, ткань, клетка және жоғары өсімдіктердің дараланған протопластарын, а/ш өсімдіктерінің ғылыми және өндіріс салаларының биотехнологиясы. Биотехнология ғылымының даму тарихы. Генетикалық әртүрлілерді жасаудағы клеткалық технология. Мәдени клетка және тканьдардың биологиясы. Клонды микро көбейу және өсімдіктерді емдеу. Өсімдіктердің өсіп-өнуінің реттеушілері. Киосақтау, клетка және тканьдардың банкілері.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау, тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз берген жауаптарды үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |