Студенттің аты-жөні:
Сыныбы:
Уақыты:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Балалар әдебиетінің бәйтерегі
Тәрбие сағатының мақсат-міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбие сағатының түрі: әдеби кеш
Тәрбие сағатында қолданылатын технологиялар:АКТ, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлаулды дамыту технологиясы.
Тәрбие сағатында қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жеке санасын қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, үлгі-өнеге; қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдісі: сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Оқыту құралдары: Шара құрылымы бойынша слайд, компьютер, проектор, кітап көрмелері.бейнебаян,фильмнен үзінді.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен амандасып, шараның мақсат-міндеттерін түсіндіреді. Шараға қатысты жабдықтарының жұмысқа толық дайындығын тексереді
Кіріспе сөз
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бердібек Соқпақбаевтың 99 жылдығына орай өткізіліп отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Жазып та көрдім мен де өлең,
Жазып та көрдім, қара сөз.
Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз.
2-жүргізуші:
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырмандардың құрметіне бөлену, ерекше таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай дарындарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап, Мұзафар Әлімбаев, Сапарғали Бегалин, Сәкен Жүнісов, Мұхтар Мағауин т. б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |