Студенттің практика бойынша есеб І


ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ



бет3/10
Дата14.06.2023
өлшемі1.41 Mb.
#475041
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жанерке практика (копия) (копия)

ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу
Қазақстан Республикасында XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап табиғатты жоспарлы пайдалану мақсатына бағытталған экологиялық саясат қалыптасты. Қазақстан өзінің тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қолдайтынын әрдайым дәлелдеп келеді. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында бірінші болып олардан бас тартты. БҰҰ қоршаған орта жөніндегі (Рио-92) конференциясының қорытынды құжаттарына қол қойды, климаттың өзгеруі, тақырлануымен күрес, биологиялық алуандықты сақтау жөніндегі маңызды хлықаралық конвенцияларға қосылды. Орхус және Еуропа экономикалық трансшекаралық конвенциясын бекітті.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесі экологиялық
саясатпен тікелей байланысты. Экологиялық стратегияның негізгі мақсаты
экологиялық қолайлы орта құру үшін табиғат пен қоғамның арақатынасындағы үйлесімділікке қол жеткізу болып табылады. Осыған байланысты төрт басым бағыт айқындалды:
-Экологиялық қауіпсіз қоршаған орта құру.
-Табиғат ресуртарын теңдестікті сақтай отырып пайдалану.
-Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлулугін сақтау.
- Экологиялық білім беру.
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық
іргелі бөлігінің бірі болып табылады. Ол экологиялық теңдестіктің
тұрақтылыгымен, табиғи ортаға шектен артық антропогендік әсерлерден
қоғамның қорғалуымен анықталады. Қазақстанда табиғи ортаның жағдайы өте күрделі, шешілмеген мәселелер көп. Негізгі экологиялық мәселелер –
қалаларда ауаның ластануы, өндірістік және тұрмыстық қалдықтьардың күннен- күнге көбейіп жинақталуы, ауылшаруашылықжерлерінің азуы тақырлануы, жер бетіндегі және оның қойнауындағы су көздерінің ластануы, территориялардың радиоактивтік ластануы, Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Талас, өзендеріне көршілес территориялардан лас сулардың құйылуы. Әмудария және Сырдария өзен бассейндерінде жоғарғы қарқынмен суармалы егістіктерді дамыту Арла қасіретін туғызды. Каспий теңізінің суының көтерілуі мұнай ұңғыларын су астында қалдырып, теңіздің биологиялық ресурстарына қауіп төндірді.Республикамыздың аумақтарының алты уранкен табиғи провинцияларының болуы және ол жерлерде уранды өндіру, өңдеу жұмыстары жүргізілуі, өнеркәсіптің жаңа орындарын ашу сонымен бірге, бұрынғы әскери және сынақ полигондарының ( Сарышаған, Капустин Яр, Азғыр және т.б.) территориялары радиоактивті және химиялық заттармен ластанды.

Сурет 1.Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу

Қалалар мен елді мекендерде халықтың денсаулығына теріс әсер ететін


факторлар – ауаның ластануы және сапалы ауыз судың жеткіліксіздігі. Ауасы
аса ластанған қалалар – Балқаш, Теміртау, Риддер, Өскемен, Ақтөбе,
Алматы, Зырян, Шымкент, Тараз. Ауаны негізгі ластаушы заттар: шаң, күкірт, және азот тотықтары, көмірсутектер, металл тотықтары және т.б. Олар жылу-энегетика кәсіпорындары жылына атмосфераға миллион тоннаға жуық зиянды заттар шығарады. Атмосфераның ластануына өндіріс және тұрмыс қалдықтары, олардың үйінділері, шлактары едәуір үлес қосады. Автокөлік Республикамыздың бірнеше ірі қалаларда ауаны негізгі ластауш көздеріне айналды. Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы табиғат ресурстарын ұтымды игеріп, өндіргіш күштерді дамытып, халықтың игілігін арттыруға негізгі кедергілердің бірі болып отыр. Қазақстанның орташа жылдық өзен-су қоры 100 км3 астам, оның 56 км3 территориямызда қалыптасады. Өзен ағыстары көлемі бойынша Қазақстан әлемдегі сумен аз қамтамасыз етілген елдер қатарына кіреді. Елімізде таза экологиялық ахуалды қалыптастыру үшін: су көздеріне тазартылмаған ақаба, кәріз суларды төгуді және басқа жағымсыз әрекеттерді тоқтату керек. Пайдаланылатын су көздерін (қоймаларын,өзендерді,көлдерді және т.б. су нысандарын) қажетті деңгейде судың тазалығын сақтайтынқұрылыстармен , құрылымдармен қамтамасыз ету керек. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін суды тұтынуға дайындау технологиясын жаңартып, тиімді су тазарту құрылымдарын қолданып, су жүйелерін жетілдіру қажет болада. Жер асты суларын пайдаланып, жайылымдарды суландыруды қолға алу керек.
Республика территориясының жартысына жуығы (48,2 %) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Оның басым бөлігі жайылым. Өнеркәсіп аймақтарында такен өндірісінің қалдықтары үйілген территориялар, мұнай ұңғыларының орындары 60 мың га ауданды ластап жатыр. Еліміздің территориясының 6 % астамын алып жатқан әскери полигондар, ғарыш айлағы, бұрынғы атом қаруын сынаған аймақтар әр түрлі зиянды заттармен ластанған. Қоршаған ортаны ластауға өндіріс және тұрмыстық қалдықтар да үлес қосуда. Қазір 20 млрд. т астам қалдықтар жиналған. 14 млрд.т қара және түсті металлургия қалдықтары 50 мың га жерді алып жатыр. Жыл сайын 14 млн.м 3 тұрмыстық және 500-700 млн.т өндірістік қалдықтар шығарылады, оның 92 млн т улы қалдықтар. Жан басына есептегенде елімізде жылына 50 тонна тау жыныстары өнделіп және өңделеді. Оның 95 % қалдыққа шығады. Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 % -і түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды. Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозуы прблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін. 2005 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға,тозған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды және немесе қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымынын хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет. Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлейттену процестерін болдырмау және жердің тозуы ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу. Ауылшаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі елдерінің санатына
жатады. Қазіргі уақытта су обьектілерін тау-кен өндіру, металлургия және
химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқында ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Су обьектілеріне антропогендік салмақ пен олардың калпына келтіру қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде баолық ірі өзен бассейіндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су шаруашылық обьектілерінің барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйіне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленісуіне себеп болды. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтарындағы № 71 қаулысымен су ресуртарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған. Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығ саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткілікті көлемде және кепілді сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен Ауыз су салалық бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасының Су кодексі және Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері туралы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды, 2006-2010 жылдары негізгі су бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады. Қабылданған бағдарламалық құжаттардың шеңберінде 2006 жылы іске асырылуы суды қажет ететін өндірістер дамуының қарқыны мен көлемін шектеуге, су үнемдейтін технологияларды, су пайдаланудың айналымы және тұйық жүйелерін жаппай енгізуге, өнім бірлігіне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерін есепке алу мен реттеудің казіргі заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкіндік беретін сумен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мақсатты бағдарлама әзірлеу қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің қолданыстағы ставкаларын саралау , су шаруашылық обьектілерін ұстау мен жөндеу жөніндегі шығыстарды өзін-өзіақтауға кезең-кезеңмен көшіре отырып, су пайдаланушыға су жеткізу жөніндегі қызмет үшін баға белгілеуді оңтайландыру жөніндеі іс- шараларды да дамытуға тиіс. Өзен экожүйелеріне ауырпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануы мен қоқыстануының алдын алу үшін 2006-2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су обьектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзірленетін болады, 2006- 2007 зиянды әсердің мүмкін болатын шекті нормативтерін және судың жай- күйінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-қолданбалызерттеулердің кешені жүргізіледі, ол су обьектілеріне ластаушы заттартөгінділерін таңбалыдан жиынтық нормалауға кезекң-кезеңмен көшіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі вғынды суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезінде жаңа технологияларды енгізуді жеделдетеді. Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішінде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су обьектілерін, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауіпті технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткізу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бірегей табиғи кешендерді сақтау мәселелері жатады. Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңбернде көршілес мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі. 2004 жылдың басында Қазақстан Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларда аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауіпті қалдықтарды декларациялау жөніндегі жаңа кеден ережелерін белгілеуге және кейіннен олардың қайталама шикізат пен өнім түрінде республика аумағна олардың қайтадан түсуін болдырмауға және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Отралық Азия өңірінің қалған елдері бұл конвенцияға қосылмағандақтан, траншекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әділ пайдалануды қамтамасыз ету, қауіпті заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердің алдын алу, ластаушы төлейді қағидатын орындау жөнінде шаралар қолданған
жоқ. Бүгінге, бұл жағдай шешуге, яғни Траншекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу және жою үшін: 2006-2007 жылдары Қазақстан мен іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандарын экологиялық басқару жөніндегі бірлескен зерттеулер жүргізу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет