Студенттің семинар жұмысы тақырыбы



Дата03.01.2022
өлшемі61.68 Kb.
#450793
түріСеминар
Эссе жастар тәрбиесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ КАФЕДРАСЫ




СТУДЕНТТІҢ СЕМИНАР ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы жастар тәрбиесінің төмендеуіне отбасын, ата-аналарды кінәлап жатады. Көпшіліктің ойынша ата-аналардың балаға қарайтын уақыты аз. Себебін көрсете отырып өз ойыңды мысалдармен дәлелдеп жаз


Тексерген: Муканова Қ.Қ, Хасенова И.Қ

Орындаған: Нұрбек Д.Н

Тобы: КЯ-903С
Семей, 2021

Қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы жастар тәрбиесі мәселесінде ұрпақ сабақтастығының әлсіреген. «Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» демекші, баланың санасына да байланысты, дей тұрғанмен де тәрбиенің негізі отбасынан басталатыны тарихи-әдеби еңбектерде анықталған. Сонымен, жастар тәрбиесінің солғындауына байланысты түйіткілді мәселенің туындауы тәрбиенің дұрыс берілмеуі салдарынан ба?

Баланың арқасүйерлері ата-ана болғандықтан, отбасының үлгілі болуы бірінші орында тұру керек. Бірақ,өкінішке орай, қазіргі қоғамымызда бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, жаман әдетке бой алдырған ата-аналар баршылық. Қазір кей жастардың арасындағы арақ ішу, темекі тарту, анашаға бой алдыру, әдепсіздік сынды жаман әдеттердің көбеюі – осының дәлелі.

Баланың толыққанды өсіп-жетілуінің маңызды факторы – ата-ананың қамқорлығы. Сөйте тұра, көпшілік ата-ана бала-шағасына қалай көңіл бөлу қажеттігін түсінбейді. Мәселен, «Осы балам көштен қалмасын деп, ақша тауып жатырмын», - деп, балаларының материалдық қажеттіліктерін өтеуге тырысады. Ал отбасы мейірімін сезінбеген бала өз кезегінде қоғамға араласа алмайтын, өзімшіл адамға айналуы әбден мүмкін. Қоғамдағы жастардың суицидке жиі баратындығы – өздерінің адам ретіндегі болмысын анық сезінбеуінен. Бұл мәселенің де туындауы – балаға ата-ана тарапынан берілетін қамқорлықтың жетіспеушілігі.

Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан бақылау жүргізілудің рөлі ерекше. Бүгінгі кезең – ғылым мен техниканың дамыған шағы. Осыған сәйкес, жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды әлеммен шектен тыс әуестенеді. Баласының ғаламторды қандай мақсатта пайдаланып жатқандығына мән бермеуі – ата-ана салғырттығы. Әр отбасы баласының бос уақытын қалай өткізетіндігіне жете мән беруі тиіс. Ғаламтор шыр­мауындағы жас буын жат мәдениетті сіңіріп, түрлі ағым өкілдерін пір тұтып өсіп келе жатыр. Қарапайым компьютерлік ойындардың өзі жастарды қылмысқа итермелеудің бір себебі болып отыр.

Әр ата-ана баласының қызығушылықтары мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасап, мамандық пен өнер тандау жолына шектеу қоймауы қажет. Бірақ,бірқатар ата-аналар балаларының қабілетін танып-білместен, оны өзі қаламаған түрлі үйірмелерге қатыстыртады, одан қалса «мына мамандық қазіргі кезде сұранысқа ие» немесе «осы мамандықты таңда, қаржылық дәрежесі жақсы» деп, мамандықты да өзі таңдап беруге тырысады. Бүгінгі жастардың бойына сіңген оқуға, еңбекке деген құлықсыздық, мақсатсыздық сынды қасиеттердің көбеюі – осының салдарынан.



Жастар қоғамның даму бағытын айқындайды. Осы орайда, әр ата-ана қоғамда өзіндік орны бар, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосуы қажет. Бұл - оңайға соқпайтын іс. Десек те, жоғарыда аталған олқылықтарды ескере отырып, мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға болады. Ол үшін бала тәрбиесіне байланысты еңбектерді оқып, психолог мамандармен кеңесу қажет. Баланың балабақшадағы тәрбиешісімен, мектептегі мұғалімімен байланыс жүргізіп, мінез-құлық, қабілет ерекшеліктеріне талдау жүргізудің де болашақ жастар тәрбиесінің түзу болуына үлкен септізігін тигізері хақ. Баланың дамып-жетілуінде бірінші кезекте ата-ана тарапынан берілетін қолдаудың маңызды қызмет атқаратынын да ұмытпаңыз. Ойласаңыз, қазіргі жастар бойында бұрыңғының асыл қасиеттердің азайып барады, біз соған қапаланамыз. Бірақ, сол қасиеттерді өзіміз де олардың бойына сіңіре алатынымызды ескере білмейміз. Ол үшін балаңызды қазақтың ұлттық құндылықтарымен сусындатып өсірсеңіз жеткілікті. Міне, келешек жастар тәрбиесінің жан-жақты жетілуі осы міндетерді орындағанда ғана толыққанды жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет