Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Бақылау - өлшеу аспаптары, өндірістік байланыс



бет5/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#169894
1   2   3   4   5

26 - тарау. Бақылау - өлшеу аспаптары, өндірістік байланыс

және белгі беру
372. Бақылау-өлшеу құралдары (бұдан әрі-БӨҚ) жақсы жарықтанған, қолайлы және бақылауға ыңғайлы арналған орындарда орналастырылады.

373. Электролиздік сутегі өндірісінде қысымдарды өлшеуге мынадай манометрлер қолданылады:

1) сутегі үшін-әдеттегі техникалық немесе аммиакты;

2) электролит үшін-аммиакты;

3) оттегі үшін-осы ортаға арналған.

Манометрлерде өлшенетін арналған ортаға арналған тетіктер орналастырылады.

374. Электролизерлердің жұмыс істеуін бақылауға арналған, электролиз бөлімшесінің бөлмелеріне арналған, реттегіш бекеттерінде мыналар қарастырылады:

1) әрбір электролизерге амперметр;

2) әрбір электролизерге вольтметр;

3) электролизердің әрбір ұяшығына көп деңгейлі ауыстырып қосқышпен жалғанған вольтметр;

4) әрбір реттелген ток беру жүйесінің немесе электролизерлердің топтарының сыртқы қабатынының бүтіндігін бақылау аспабы;

5) электролизерге немесе электролизерлердің тобына (технологиялық талапқа байланысты) Вольт-сағат немесе ампер-сағат есептегіші;

6) реттегіш агрегаттың трансформаторының кірер жағына қойылған электр энергиясын есептегіші.

375. Пневматикалы бақылау-өлшеу құралдарына және автоматты реттегіш құрылғыларына (БӨҚжАР) келетін қысылған ауа өз алдына жеке жүйемен беріледі.

376. Пневматикалық БӨҚжАР жүйелерінде әрекетсіз газдар қолдануға рұқсат етілмейді.

Технологиялық құбырлардан бөлек БӨҚжАР жүйелеріне арналған ауа құбырлары өз бойында пневматикалық өлшегіш құралдардың 1 сағаттық жұмысын қамтамасыз ете алатын буферлі сыйымдылықтарды болады.

377. Пневматикалық өлшегіш құралдардың жұмысына арналған ауа көрсеткіштері, техникалық құрылғылардың төлқұжаттарында көрсетілгенмен, бірақ ластығы 1 сынып төмен емес болады.

378. Электролиздік, сутегі тазалау және құрғату, компрессорлық және газ толтыру бөлмелері автоматты газ анықтағыштармен қамтамасыз етіледі. Жарылыс қауіпті концентрацияларды анықтайтын газ анықтағыштар осы концентрацияның 10 пайызы және апаттықтық тұтану (жарылу) концентрациясының 25 пайызы бөлмеде білінсе жарық және дыбысты береді.

379. Тұрақты жұмыс орындарында (операторлық, пульттық) ескертуші және апаттық белгі берулер басқару қалқанында және бөлмеден шығар есікте беріледі, ал қызметшілер мезгілімен келетін бөлмелерде, белгі бөлмеге кірер есіктің сыртында беріледі. Барлық жұмыс орындарына жалпы дыбысты белгі беруге рұқсат етіледі.

380. Сутегі газ анықтағыштарының ауытқуы (өлшеу дәлдігі) газ көлемінің ± 0,2 пайызын құрайды.

381. Сутегі алумен, сақтаумен және қолдануымен байланысты барлық өндіріс орындары байланыс және белгі беру жүйелермен жабдықталған.

382. Автоматты өрт сөндіру белгісін беру және басқа технологиялық көрсеткіштерді тәулік бойы кезекшілік ететін басқары жүйесіне беру қажеттілігі жобамен анықталады.



27 - тарау. Автоматтық басқару жүйесі және апатқа қарсы қорғаныс құрылғылары
383. Таңдалынып алынған технологиялық процестердің бақылау жүйелері, автоматты түрде және қашықтықтан басқару (басқару жүйелері), автоматты қорғаныс жүйелері, апаттық жағдайлардағы байланыс және хабарлаудың жүйелері осы Талаптың, технологиялық регламенттің талаптарына жауап береді және технологиялық көсеткіштердің берілген дәлдігін, сенімділікті және технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

384. Бақылау, басқару және апатқа қарсы қорғаныс жүйелерін таңдау, технологиялық процесс ерекшеліктері және нысанның құрамына кіретін технологиялық бөліктің жарылыс қаупіне байланысты есепке ала отырып жобалаушылар жүзеге асырады.

385. Электрлік құралдарды, басқару және бақылау жүйелерінің элементтерін және апатқа қарсы қорғаныс құралдарын, байланыс және хабарлау құралдарын өндірістің жарылыс қаупі бар аумақтарында және сыртқы құрылғыларда орналастыру электр қондырғыларының Талаптарына сай болады.

386. Бақылау, басқару және апатқа қарсы қорғаныс жүйелерінің құрылғылары, олардың функционалдық қызметі, қорғаныс деңгейінің мөлшерлері, бақыланатын параметрлері айқын көрсетілген тиісті жазулармен таңбаланады.

387. Сутегіні өндіру, тазалау, сақтау, сығымдау және толтыру процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері қамсыздандырады:

1) жарылыс қаупі бөлмелердегі ауаны бақылау;

2) процесс параметрлерін тұрақты бақылау және олардың регламентте белгіленген мөлшерін сақтау.

388. Апатқа қарсы қорғаныс жүйелерінде, процестің жарылыс қауіптілігін анықтау кезінде, көп нүктелі құралдарының қолдануына рұқсат етілмейді.

389. Жарылыс қаупі бар бөлмелерде және сырттан кірер есіктердің алдында жұмыс ортасының ауасының газдалғандығы туралы белгі беру беретін жарық және дыбысты құрылғысы орнатылады.

390. Сутекті бекеттің жабдықтарын, бақылау-өлшеу, белгі беретін және бекітетін құралдарының өшіріліп тұрған кезінде, егер ол жобада қарастырылмаса, рұқсат етілмейді.

391. Басқару, бақылау және апатқа қарсы қорғаныс құралдарын, байланыс және хабарлау құралдарын ыңғайлы әрі қауіпсіз жерге орналастырады. Бұл жерлерде дәлдікке, сенімділік және жүйелердің тез әрекетіне кері әсер ететін, дірілдеулер, ластанулар, механикалық, дыбыстық және басқа әсерлері болмай, электрондық құралдармен орнатылған бөлмелерге арналған микроклиматтық көрсеткіштер сақталады.

28 - тарау. Өндірістік бөлмелерді пайдалануға қойылатын талаптар
392. Барлық өндірістік бөлмелер жергілікті газ өртін өшіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіруші құрал ретінде азот немесе көмірқышқыл газ қолданылады. Жергілікті өрт өшіру жүйесіндегі қысым-0,3 МПа кем болмайды.

393. Газды өртті сөндіруге арналған газды өндірістегі газ жүйесінен немесе баллондық рампадан, сонымен қатар, ғимарат сыртында орналасқан өрт сөндіруге арналған әрекетсіз газдарды сақтайтын ресивер немесе басқа ыдыстардан алады. Өрт сөндіруге құбырлар мен технологиялық аппараттарды үрлеуге арналған жүйені де пайдалануға рұқсат етіледі.

394. Жергілікті өрт сөндіру құрылғысында өрт сөндіруге арналған кемі 2 дана әрекетсіз газ беру жұмсақ құбыры болады.

395. Сутегі және оттегі айналымда жүретін сутекті-оттекті бекетте тез тұтанатын және жарылғыш заттар, жанар-жағар май материалдары, адсорбенттер, катализаторлар және басқа қосалқы материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.

396. Компресссорлық бөлмеде, екі күндік май қоры сиятын, бірақ жалпы көлемі 1 м3 көп емес ыдыс орнатуға рұқсат етіледі. Май ыдыстары сыртқа шығарылған ауа шығатын түтігі бар тығыз қақпақпен жабылады.

397. Өндіріс орындары тазалықта болады. Жұмыс орнында өткелдер мен шығатын қосалқы есіктерді жауып қалатын жабдықтардың қосалқы бөлшектерін және материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.



29 - тарау. Жабдықтарды пайдалануға және оларды

жөндеуге қойылатын талаптар
398. Жөндеу жұмыстары жоспарлы-сақтық жөндеулер кестесіне сай жүргізіледі.

399. Әрбір цехта, бөлімшелерде аппараттар мен құбырлардың технологиялық өзара байланыстары сызылып көрсетілген сызбасы ілініп қойылады. Барлық технологиялық аппараттарда және бекіткіш және басқа да тетіктерде технологиялық регламент және технологиялық сызбаға сәйкес позициялардың белгілеулері айқын жазылады. Электролизерлық және агрегаттық бөлімшелерде электрлік қосылыстар сызбасы ілініп қойылады.

400. Электролизерлерді айнала төселген диэлектрлік кілемшелер оқтын-оқтын тазартылады және қаралады. Тесіктер, жыртықтар және соларға ұқсас ақаулары табылса, диэлектрлік кілемшелер ауыстырылады.

401. Технологиялық құбырлар және ток өткізетін шиналар төселген арықшаларды, өткелдерді, алаңқайларды ағаш-жабуларымен жабуға рұқсат етілмейді.

402. Егер аппараттардың көру шыныларында, электролит деңгейі көрінбесе, электролизерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

403. Аппараттардағы, жабдықтардағы және құбырлардағы сутегінің қысымы 0,5 кПа төмен болмайды. Егер сутегі қысымы белгіленген мөлшерден кем болса, тиісті жабдық өшіріледі.

404. Электролиттің және бөлмедегі электролиттік газдардың сынауға алынатын үлгілерді қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып алынады. Үлгі алу құрылғылары ауа шығып тұратындай жабдықталған арнайы кебежеге салып қойылады.

405. Катализаторларды, адсорбенттерді, сілтілерді және ингибиторлық қоспаларды салу және алу жұмыстары кезінде жұмыскерлер респираторларды, қорғағыш көзәйнектерді, қолғаптарды пайдалана отырып, осы заттармен жұмыс істеуге арналған тиісті технологиялық регламент талаптарын орындалады.

406. Катализаторларды және басқа да реагенттерді салу және алу жұмыстарын аяқтағаннан кейін, барлық арнайы жұмыс киімдері шаңнан, төгілген қалдықтардан тазаланады. Катализатордың майда бөлшек шаңдарын тазалау үшін өнеркәсіптік шаңсорғыштарды пайдаланады.

407. Түйісу аппаратынан пассив болмаған кезде катализаторды түсіру рұқсат етілмейді. Пассивация процесі технологиялық регламентте қарастырылады.. Пассивацияны құбырдағы сумен жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

408. Технологиялық жабдықтар, құбырлар, механизмдер және бақылау құралдары таза және даяр күйде ұсталады.

409. Әрбір жабдықтарға белгілі бір қызмет мезгілдері белгіленеді. Бұл көрсеткіш туралы мәлімет жабдықтар төлқұжаттарында әзірлеушімен көрсетіледі.

410. Технологиялық процесс шарттарымен оқтын-оқтын алып-салу және құрастыру жұмыстары жүретін технологиялық нысандағы фланецтік қосуларына арналған, оның пайдалану мерзімі, бақылау тәртібі, бөлшектерін ауыстыру мезгіл көрсетілген технологиялық регламент қарастырылады.

411. Сутекті-оттекті бекетте өз мерзімінен артық пайдаланылған құбыр желілері, ыдыстық және басқа да жабдықтар арнайы сараптамадан өткізіліп, уәкілетті органнан пайдалану мерзімін ұзарту жөнідегі рұқсат алады.

412. Жарылыс қорғаныс, отты тоқтату және басқа да апатқа қарсы құралдарының тиімділігі мен сенімділігі сараптама жүргізілу және құжаттармен бекітіледі.

413. Сутектік компрессорлық құрылғыларды регламентте белгіленбеген көрсеткіштерде пайдалануға рұқсат етілмейді.

414. Компрессорлардағы ескірген майды ауыстыру, әзірлеушінің және технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.

415. Жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерді жөндеу, тазалау және қозғалатын бөліктері мен қоршауларын бекіту рұқсат етілмейді.

416. Аппараттарды, ыдыстарды және құбырлардың байқауға, жөндеуге және сол жұмыстарды жүргізуге дайындау технологиялық регламентпен анықталады.

417. Өндірісте ауысымды қабылдау және өткізу жабдықтардың барлығын қарап шығып, ол туралы кітапшада белгі соғу арқылы жүргізіледі. Барлық анықталған кемшіліктер жойылады.

418. Жабдықтарды қарап, жөндеуге қабылдар алдында, электр қабылдағыштарға берілетін электр энергиясы беру тоқтатылып және қауіпсіздік шаралары қабылданады. Электролизерлері ішкі байқаудың және жөндеудің алдында тұйықталып және жерге қосылады. Жөндеу жұмыстары біткен соң және оны іске қосар алдында электролизерлерден тұйықталу мен жерге қосулар алынып тасталынады.

419. Электролизер бөлімшесіндегі кез келген жөндеу жұмыстары және бөлмедегі жабдықтардың ішкі байқауы олардың электр энергиясын сөндіргеннен кейін 4 сағат өткен соң жүргізеді.

420. Электролизердің кабельдерінің сыртқы қабатының ток өткізбеу кедергісі кемі 1 МОм болады.

421. Ішкі байқауға және жөндеуге жататын технологиялық аппараттар, ыдыстар және құбырлар, өнімнен босатылып, жұмыс істеп тұрған аппараттардан темір, фланецтен шығып тұратын құйрықшасы бар, фланецтік бекіткіш қою арқылы бөлінеді. Олардың ішінде болған өнімдердің түріне қарай, олар әрекетсіз газбен үрленіп, бумен тазартылады және қажет болған жағдайда сумен жуылып және құрамында 19 пайыз оттегісі бар таза ауамен үрлеп тазартылады.

422. Жабдықтарды жөндеу үшін қоршалуды шешу тек қана механизмдарды тоқтатқаннан кейін рұқсат етіледі. Механизмдерді жөндеуден кейін іске қосу оның қоршалуларын орындарына қойып, оның барлық бөліктерін өз орындарына бекіткеннен кейін рұқсат етіледі.

423. Жөндеуде немесе байқауда тұрған жабдықтарға және құбырларға, «Аппарат жөндеуде», «Құбыр жөндеуде» деген жазулары бар сақтық тақтайшалары ілінеді. Тақтайшаларды шешу және жабдықтарды іске қосу жөндеу жұмыстарының басшысы нұсқауымен ғана рұқсат етіледі.

424. Егер жөндеуге тоқтатылатын агрегат басқа өндірістермен технологиялық байланыста болса, онда оны жөндеуге тоқтату ұйымның техникалық бастығы бұйрығымен жүргізіледі.

425. Іске қосу кезінде газгольдерлерді жөндеу, үрлеу және толтыру, тазалау технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі. Газгольдерлерді үрлеу әрекетсіз газбен жүргізіледі.

426. Сутекті бекетті, азотпен рампа арқылы үрлеуге қажет азот қоры ең кемі сутегі жүйесінің 4-еселі көлемін қамтамасыз етеді.

427. Электролизерлердің сүзгісін тазалау алдында қысымнан және электролиттен босатылып, магистральдық тетіктерден ажыратылады. Сүзгінің қақпағын тек қана қысымнан босатылғаннан кейін рұқсат етіледі, ал сүзгінің көлденең тоқтатылуы кезінде электролитті құйып алғаннан соң жүргізеді.

428. Электролизерден электролитті құйып алу, азотпен барлық аппараттардың үрлеуден кейін жүргізіледі.

429. Сутегімен, оттекпен және электролитпен толтырылған аппараттарда жөндеу жұмыстары рұқсат етілмейді.

430. Электролиттік сутегі өндірісінің жарылыс-өрт қауіпті нысандарында жөндеу жұмыстарын ашық отты қолдануымен жүргізу, технологиялық регламентке сәйкес, рұқсаттама арқылы беріледі.

431. Сутегі айналымда жүретін сутекті бекетте ашық отты қолдануымен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жабдықтарды өшіріп, ауада сутектің жоқтығын растайтын сараптама жүргізгеннен кейін 4 сағат өткен соң және қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізеді.

432. Қосылыстардан газдардың шығуын сабын ерітіндісімен, арқасында немесе басқа сенімді тәсілмен анықтайды. Ашық жалын қолдануға рұқсат етілмейді.

433. Жарылыс қауіпті бөлмелерде, газгольдердің газды енгізу (шығару) камерасында ұшқын бермейтін аспаптар қолданылады.

434. Құбырлардағы ысырмалар және бекіткіштер жүйелі түрде бұралады және май жағылады. Ысырмалар мен бекіткіштерді ашып – жабуға жабылулары қандай да болмасын көлденең темір қолдануға рұқсат етілмейді. Технологиялық процестің ауытқуына немесе өзгеруіне әсер ететін ысырмалар және вентильдерді бұрауға рұқсат етілмейді.

435. Қысымда жұмыс істейтін аппараттар мен арматуралардың болттары мен гайкаларын қатты қысып тарта түсуге рұқсат етілмейді. Шлангілер және штуцерлер сенімді нықталып бекітіледі.

436. Сыртқы ауа шығатын құбырларды қыс кезінде қарап, мұздан және қардан тазартады.

30 - тарау. Электрлік ыдырату қондырғыларын іске қосуға дайындау және іске қосу
437. Электролиз қондырғыларын іске қосуға дайындау және іске қосу технологиялық регламенттің және жобаның талаптарына сәйкес жүргізіледі.

438. Қондырғыларды іске қосу алдында барлық қамтамасыз ету жүйелері (жылумен, сумен, электрмен және ауамен жабдықтау, желдету және салқындату және басқалар) тексеріледі.

439. Электролиз қондырғыларын іске қосу алдында, барлық электролизерлерлер, басқа аппараттар бумен тазаланады. Бумен тазалау уақыты технологиялық регламентпен анықталады. Құбырларды және аппараттарды сумен тазартуға рұқсат етіледі.

440. Бумен немесе сумен тазартудан кейін электролиз қондырғыларының аппараттары мен құбырларын жүйені судан босатып және су тамшылары толық кепкенше, құрғақ азотпен үрлеп тазартады. Соңынан тамшының бар-жоғы үлгі сынауларды сұрыптауымен анықталады . Нәтижелер актімен рәсімделеді.

441. Сутегі және оттегімен жұмыс істейтін барлық аппараттар, құбырлар және олардың тетіктері майсыздандырылады. Майын кетіру әдісі жобамен анықталады.

442. Егер электролизердегі электролит тиісті деңгейде болмаса, онда оны жұмысқа қосуға рұқсат етілмейді.

443. Құбырлар жүйесін электролиттен және судан тазартуды электролизерлердің технологиялық сүзгілер арқылы жүргізуге рұқсат етілмейді.

444. Технологиялық агрегаттар және аппараттарды іске қосу жұмыстары, тек қана, белгіленген тәртіпте комиссия қабылдағаннан кейін және тиісті актілерді толтырғаннан кейін жүргізіледі.

445. Технологиялық аппараттар, тетіктер, аспаптар және автоматика құралдары стенділерде ауа өткізбеуге тексеріледі.

446. Сынақтарды өткізу технологиялық регламенттің талаптарына сай жүргізіледі.



31 - тарау. Электрлік ыдырату қондырғыларын жоспарлы және апатты түрде өшіру
447. Электролит төгіліп, газдар шықса немесе сутекті бекет бөлмелерінде немесе кәсіпорын аумағында жарылыс немесе өрт болса, тез арада электролизерді апаттық тоқтатады. Электролизерді апаттық тоқтату тетігі ұдайы қызметкерлер болатын бөлмеде, ыңғайлы жерде болады.

448. Апаттық жағдайда немесе өрт шықса, ең алдымен өрт сөндіру командасын, ал, газ шықса газдан құтқару командасын шақырады, сосын бекіткіштерді жауып, газдың қысымын төмендету керек те, сутегі және оттегіні атмосфераға шығарады.

449. Электролизерлік құрылғыларды жоспарлы сөндіруі кезінде сутегі және оттегі аралық қысымдардың айырым жоғарылауының қорғанысын сөндіріп тастауға рұқсат етілмейді.

450. Электролизерлік құрылғылардың жоспарлы сөндіруі кезінде құбырының бекіткіштерін ашып қояды. Сутегі және оттегіні атмосфераға шығару гидрозатвор арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, ауа немесе жалынның жүйеге кіріп кетпеуі қамтамасыз ететін басқа құрылғыларды пайдалануға болады.

451. Электролиздік қондырғының автоматты түрде апаттық қорғаныспен өшірілуі кезінде, оның себептерін анықтап, олардың жою және тек қана содан кейін, технологиялық регламентке сәйкес іске қосылады.

452. Өшірілген электролиздік құрылғыларды әрекетсіз газбен үрлемей, ұзақ уақыт қысымда ұстауға рұқсат етілмейді.



32 - тарау. Электролиттік сутегі және оттегі өндірістік нысандарында жұмыс жүргізуге қойылатын жалпы талаптар
453. Электролиздік сутегі өндірісі нысандарының қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа құралдармен қамтамасыз етіледі.

454. Жеке қорғаныс құралдары мен аспаптары қызметкерлерге газдандырылған қоршаған орта әсерінен, дірілден, шуылдан және электр тогынан қорғайды. Бекетте қызметкерлердің жылжымалы заттар мен механизмдерден жарақат алуын, биіктіктен құлауын болдырмау шаралары қарастырылады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған құралдарды дайындап, орнына қояды.

455. Машиналар мен механизмдердің шынжыр және тісті берілістері, адамдарға қауіп-қатер тудырмас үшін және оларға бөгде заттар түсіп кетпеу үшін қоршаулармен жабдықталған.

456. Жабдықтардың қызметкерлерге қауіп-қатер төндіретін тетіктері, бөлшектері, құрылғылары мен элементтері, қорғау және қорғаныс құрылғылардың бет жақтары белгілі түстермен боялады.

457. Сутегі өндірісі мен айналымындағы нысаналарға темір бедерлері немесе шегелері бар аяқ киіммен және статикалық электр пайда болатын киімде кіруге болмайды.

458. Жарылыс қаупі бар аумақтары бар қондырғыларда жұмыс істегенде, ұшқын шықпайтын құрал-аспаптарды пайдаланған дұрыс.



Негізгі терминдер мен анықтамалар
Агрегаттық–сутегі-оттегі бекетінің электролизерлерді қуаттандыруға қатысты реттегіш агрегаттар, сонымен қатар, тиісті аппаратуралар орналастырылған.

Бидистиллат - екі қайтара тазарту әдісімен алынған таза тазартылған су.

Блоктық электролиздік құрылғы-бір агрегатқа жинақталған бірнеше электролизерлерден құрылған сутегі алу қондырғысы.

Сутегі-оттегі бекеті (СОБ), сутекті бекет-бөлек ғимаратта және ашық алаңда немесе бірнеше цехтарда немесе бөлімшелерде, технологиялық процесс нәтижесінде электролиздік газдар алынатын, сонымен қатар, тұтынушының тапсырысына орай, бұл газдардың параметрлерін өзгерту операциялары, қосалқы операциялар, басқару-бақылау және қосалқы қызметтер орналасқан орын.

Сутегі (электролиздік) қондырғы-сутегі және оттегі алуға арналған электролизге негізделген бірнеше аппараттар мен құрылғылардың жиынтығы, агрегатталған қондырғы.

Сутекті жүйе-газ тәрізді сутегі айналымда жүретін, өзара технологиялық құбырлармен жалғасқан жабдықтар (электролиздік қондырғылар, тазалау жүйесі, ресиверлер, компрессорлар, толтырғыш рампалар және тағы басқалар) кешені.

Қосалқы бөлме (орын)-сутегі өндірісінің технологиялық процесіне тікелей қатыспайтын, оларсыз процесті жүргізуге болатын, бірақ олар қауіпсіз жұмыс жүргізуді және тиісті санитарлық-гигиеналық шарттарды қамтамасыз ететін және жабдықтардың жұмысына септігі тиетін жабдықтар орналасқан орын.

Газ анықтағыш - газды ортаны сонымен қатар сутегіні автоматты тұрақты талдауына арналған газ анықтағыштардың екінші деңгейлі белгі беруші аспаптары орналастырылған бөлме.

Гидробекіткіш – электролизерлік қондырғының су құйылған, ол арқылы электролиттік газ (сутегі немесе оттегі) атмосфераға шығарылатын және электролизер қондырғысына оттың және ауа оттегісінің өтуіне кедергі жасайтын арнайы ыдыс.

Дистиллят – бу немесе электрлік дистиляторларда қарапайым тәсілмен тазартылған су.

Қалпақша-бекіткіш-автоматтық бекіткіш құрылғы, қажет болған жағдайда жылдам, сенімді және қауіпсіз құбырдағы газ жүруін тоқтату.

От тоқтатқыш-қиыршық таспен немесе басқа материалмен, толтырылған, сутегіні атмосфераға шығару құбырында қондыруға рұқсат етіледі.

Шайғыш - сутегі немесе оттекті, сілтілі тұманнан тазартуға арналған аппарат.

Бөлгіш бағана-электролиттен газдардың (сутегіні немесе оттектің) айырылуына арналған аппарат.

Есептелген көрсеткіштер-материалдық ортаның, процестің электрлік және басқа да сипаттамаларының қысымдарының, температураларының, шығындарының және олардың концентрацияларының белгіленген мөлшері.

Қысымды реттегіш – электролизер қондырғысынан шығатын газдардың қысымына қарамай-ақ, жүйедегі сутегі мен оттегінің қысымдарының тепе-теңдігін сақтауға арналған аппарат.

Реттеуіш - шайғыш - бірлескен, қысым реттеуіш және шайғыш қызметін атқаратын электролизер аппараты.

Сирек қызмет көрсетілетін жабдықта-тәулігіне 1 рет те қызмет көрсетілмейтін жабдықтар.

Ресивер - қысымда жұмыс істеуші, газ тәрізді өнімдерді (сутегіні, оттекті, азотты) сақтауға ыдыс.

Ресивер алаңы - ресиверлер орналастырылған, қоршалу бар, ашық алаң.

Жанғыш құбыр-жауын-шашыннан қорғалған және газ үлгісін сараптамаға алу құрылғылары бар, газдарды атмосфераға алып шығатын темір құбыр.

Тамбур - шлюз - өзінен-өзі жабылатын есіктері бар, тұрақты желдеткіш ауа келіп тұратын, сутегі айналымдағы бөлмелерден А дәрежелі немесе басқа да бөлмелерге өтуге арналған арнайы бөлме.

Технологиялық процесс-айқын берілген физикалық-химиялық түрленулер, гидравликалық, термодинамикалықтар, жылу-массаалмасу сияқты өзгерулер нәтижесінде өнім алу жүйесі.

Технологиялық бөлімше - технологиялық процестің бөлігі ретінде бөлек функцияны орындайтын технологиялық жабдықтар, құбырлар, тетіктер орналасқан орын.

Мұздатқыш – электролизер қондырғысының электролиз процесінен кейін газдарды, электролитті салқындатуға арналған жылу алмасу аппараты.

Сілтілі тұман-электролизерден және электролизер қондырғысы аппараттарынан шыққан электролиз өнімдері қалдықтарымен ұшып шыққан электролиттің ұсақ дисперсті фракциясы.

Электролизер – сүзгі-пресс сияқты, қысымда жұмыс істейтін биполярлық электродтары бар, олардың арасынан тұрақты ток өткен кезде катод жағында сутегі, анод жағында оттегі пайда болады.

Электролиздік бөлімше (электролиздік цех) - бір немесе бірнеше электролиздік (сутектік) қондырғылар және соған қатысты басқа да жабдықтар орналасқан бөлме.

Электролиздік сутегі және оттегі-электролизер қондырғы аппаратурасында суды электрлік ыдырату тәсілімен алынған, жуылған және суытылған, сонымен қатар тазаланған және кептірілген, өнім ретіндегі немесе газ түріндегі сутегі және оттегі.

Электролизер ұяшығы – электролизердің тік орналасқан катод және анодтан тұратын бөлігі, сонымен қатар олардың электролитпен толтырылған кеңістіктің аралықтары. Әрбір ұяшықта, талап бойынша, үш тесік болады: біреуі төменгі бөлімде - электролит беруге арналған; жоғарғы бөлімде орналасқан екеуі - электролиз өнімдерінің (сутегіні және оттектің) электролизерге қоса салынған немесе сыртта орналасқан коллекторларға ағылуына арналған бөлігі.

«Рұқсат етіледі»- бұл шешім амалсыз керек кезде қолданылады.

«Талап бойынша»- бұл талап басым болып келеді, ал оны орындамау негізделеді.

«Ұсынылады»- тап осы шешім дұрыс, бірақ басты шешім емес.


Қабылданған қысқартулар
ТП - трансформаторлық қосалқы станция;

РУ - бөліп бергіш құрылғы;

КИПиА - бақылау - өлшеу, және автоматика құралдар;

ПТТ - электр қондырғыларының техникалық пайдалану талаптары;

ПАЗ – апатқа қарсы қорғаныс;

ВКС - сутекті - оттекті бекет;

БЭУ - блоктық электролиз құрылғысы.

___________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет