Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтер көрсету туралы ұсынылатын шарттың үлгі нысаны



Дата20.07.2016
өлшемі67.31 Kb.
#211276

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтер
көрсету туралы ұсынылатын шарттың үлгі нысаны

_______________ ауылы (қаласы) 20__жылғы «__»_______________________

Кәсіпорын жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп аталатын ________________________атынан____________________________

         (заңды тұлғаның атауы)

бір тараптан, __________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су пайдаланушы» деп аталатын____________________________________атынан

(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

_________________ екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар осы Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру бойынша қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

      Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдарға мынадай түсініктеме беріледі:



  1. Шарт – барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге осы Шарт;

  2. қызметтер – Шарт шеңберінде Су беруші Су пайдаланушыға көрсетуі тиіс, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі көрсетілетін мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша суармалы суды жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді білдіреді;

  3. Су беруші – Шартта көрсетілген жағдайларда суару суын жеткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  4. Су пайдаланушы – қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін суландырылатын жерлерді пайдалануға байланысты заңды немесе жеке тұлға;

  5. тариф – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен суару суын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифі.




  1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарт бойынша Су беруші суармалы суды жеткізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді тариф бойынша көрсетуге, ал Су пайдаланушы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.





  1. Тараптардың міндеттері

      Су беруші:



    1. Барлық суару маусымы ішінде_____жылға белгіленген_______ мың текше метр суды пайдалану лимиті шегінде онкүндік шығыстар кестесіне сәйкес су шаруашылығы жүйесінің Су бөлу орындарында Су пайдаланушыға су беруге.

    2. Су пайдаланушыға суды берудегі күтілетін өзгерістер туралы кемінде екі тәулік бұрын хабарлауға.

    3. Су көзінде су ресурстары тапшылығы болған кезде әр су пайдаланушы үшін белгіленген кестелер бойынша судың көлемін төмендетуге.

    4. Қолда бар су есептеу құралының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге.

    5. Вегетациялық кезең басталғанға дейін суармалы дренаж желісінің су қабылдауға әзірлігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Су пайдаланушы:

    1. Шаруашылық ішіндегі суару желісін жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға және оларды тұрақты тазалауды жүргізуге.

    2. Су берушіге су қабылдау кестесіндегі күтілетін өзгерістер туралы кемінде 2 тәулік бұрын хабарлауға.

    3. Берілген суармалы суды нысаналы мақсаты бойынша, яғни суару үшін ғана ұтымды пайдалануға.

9. Суармалы суды мақсатсыз пайдаланған жағдайда, субсидиялар сомасын бюджетке қайтаруды және мақсатсыз пайдаланғаны үшін_______ мөлшерінде айыппұл төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.


  1. Қосымша талаптар




    1. Суды беру-қабылдау суармалы суды берудің бекітілген кестесіне сәйкес су бөлу орындарында жүзеге асырылады. Суды беру-қабылдау белгіленген нысанда екі данадағы журналда тіркеледі (біреуі Су берушіде, екіншісі Су пайдаланушыда сақталады). Жазу қара немесе көк сиямен шарикті немесе қаламсапты қаламмен жазылады.

    2. Суды беру-қабылдау келісілген мерзімде тәулігіне кемінде 2 рет тараптардан ресми түрде уәкілетті өкілдердің бірігіп қадағалауымен жүргізіледі, нәтижелері журналдарға тіркеледі.

Тараптардың бірі келмеген жағдайда, екінші тараптың жазуына дау айтылмайды.

    1. Шаруашылықаралық каналдар мен өзендерде сорғыларды орнату міндетті түрде Су берушімен келісілуге тиіс.

Судың жеткізілген көлемін суландырудан басқа мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұлай болмаған жағдайда су алу суды өз бетінше алу болып саналады.



  1. Есеп айырысу тәртібі




    1. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суды жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтер ҚҚС-ты ескере отырып__________жылға мың текше метрге_________теңге көлемін құрайды.

(Су пайдаланушы көрсетілген қызметтерге тариф бойынша толық көлемде ақы төлейді) немесе (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтің құнының 50 %-ын төлейді, ал қалған 50 %-ын - субидиялар алғаннан кейін) немесе (Су пайдаланушы осы Шартқа қол қойғаннан кейін жылдық көлемнің ________%-ы көлемінде аванс төлейді және Су беруші авансқа жұмысты істегеннен кейін ай сайын нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлейді) (қажетін уағдаласу бойынша қалдыру керек)

    1. Су пайдаланушының жылдық лимиті, барлығы_______________ мың текше метр.

    2. Тариф бойынша су пайдаланудың жылдық лимитінің құны ____________ теңге, ҚҚС есебімен.

    3. Осы Шартқа қол қойылмаған жағдайда, суару маусымы басталғанға дейін Су беруші Су пайдаланушыға су беруді жүзеге асырмайды.




  1. Төлем шарты




    1. Осы Шарт бойынша төлем теңгемен жүргізіледі.

    2. Қызметтер толық немесе ішінара көрсетілмеген жағдайда Су беруші осы Шарттың мерзімі өткен кезден бастап _____ күннен кешіктірмей аванстық төлемнің тиісті сомасын қайтарады және Су пайдаланушыға _________ мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.

    3. Жазылған есептерге Су пайдаланушыға тапсырылғаннан кейін 20 күн мерзімде ақы төленуге тиіс.




  1. Айыппұл санкциялары




    1. Тарифтер бойынша уақтылы ақы төленбеген кезде Су пайдаланушы Су берушіге мерзімі өткен әр күнге төлем сомасының _______ мөлшерінде өсімпұл төлеуге тиіс. Айыппұл санкцияларының (өсімпұлдың) жалпы сомасы төлем сомасының ____ %-ынан аспауы тиіс.




  1. Дауларды реттеу тәртібі




    1. Осы Шарт бойынша туындаған немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасында келіссөздер арқылы шешілуге тиіс.

    2. Егер Тараптар келісімге келе алмаса, онда келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.


8. Тараптардың жауапкершілігі
1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. Форс-мажорлық міндеттемелер
1. Егер осы Шарт бойынша су көлемі Су пайдаланушыға дүлей апаттар, суару көзіндегі судың тапшылығы сияқты еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан түгел жеткізілмесе, Су беруші ол үшін жауап бермейді.

2. 9.1-тармақта көрсетілген мән-жайлар тиісті мемлекеттік органдар тиісті түрде растаса, заңды болады.

3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ Тарап ______ күн мерзімде жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың басталғаны мен тоқтағаны және олардың ұзақтығы туралы басқа Тарапқа хабарлауға міндетті.
10. Өзге де жағдайлар
1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оларға Тараптардың құқылы өкілдері қол қойса, қолданыста болып табылады.

2. Осы Шарт _______ тілдерінде ____ данада Тараптардың әрқайсысына бірдей заңды күші бар бір данадан жасалды.

3. Шарт өзара келісім бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін. Ол үшін мұны қолдайтын Тарап Шартты бұзудың болжамды мерзіміне дейін _______ ай бұрын екінші Тарапқа хабарлайды.
11. Шартқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі


1. Суландыруға арнайы су пайдалануға рұқсат (су көзінен суды өз еркімен алғанда).

3. Бекітілген тариф бойынша су алуға өтінім.

4. Су пайдаланушыға су берудің онкүндік кестесі.

2. БСН/ЖСН, жеке басының куәлігі, банк деректемелері.

5. Күн сайын су беру есебінің журналы.

6. Жерге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.


12. Қорытынды ережелер
1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
2. Шарттың қолданылу мерзімі:
20___жылғы «__»_________басталады
20___жылғы «__»_________аяқталады
Тараптардың мекенжайлары:
Су беруші Су пайдаланушы

______________________________     ______________________________

(индекс, облыс, аудан, ауыл)                   (толық атауы)

______________________________      ______________________________

          (республика)                         (мекенжайы)
______________________________      ______________________________
    банктің атауы, және.б.                   (тел. факс)

______________________________      БСН _________________________

             е./шот
______________________________      ______________________________

______________________________           е./шот

______________________________ ______________________________
Қол қоюшының лауазымы, Т.А.Ә. жұмыс телефоны
Басшы:                              Басшы:

__________________________      __________________________

Бас бухгалтер:                      Бас бухгалтер:

__________________________      __________________________



      Ескертпе: Шарт нөмірі облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) бекіткен субсидия алатын су пайдаланушылар тізбесіндегі Су пайдаланушының реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.
_____________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет