Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің КӨрсетілген көлемін анықтау әдістемесі



Дата17.07.2016
өлшемі254.46 Kb.
#205933


БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 30.12.2010 жылғы № 611 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Төрағасының 6.01.2011 жылғы № 24-01-06/7 бірлескен бұйрығы.




СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨРСЕТІЛГЕН КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мазмұны
Кіріспе бөлім ……………………………………………………......................... 4

1. Жалпы ережелер ………………………………………………...……............. 4

2. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің көлемін есепке алу …………………………………………......... 7

3. Кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу ………………………………............................ 7

4. Тұтынушыларға – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке
алу ................................................................................
……………………..... 8

5. Жеке жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу ……………………………………......................................... 8

Кіріспе бөлім
Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесіне сәйкес жеке, заңды тұлғаларға және жек кәсіпкерлерге (бұдан әрі - тұтынушыларға) сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету үшін елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын ұйымдармен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетілген қызмет көлемін анықтау кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы барлық тұтынушыларда реттелетін қызметтерді есепке алу аспаптарының болуын міндеттейді.

Алайда, іс жүзінде заңды негіздер бойынша (сынуына, ауыстыруына және тексеруге байланысты есепке алу аспабының болмауы) есепке алу аспабы болмайтын табиғи жағдайлар бар.

Сонымен қатар, есепке алу аспаптары арқылы көрсетілген қызмет көлемін анықтау мүмкін болмайтын жағдайлар (апаттық ысырап болуы, шартсыз сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдалану) кездеседі.

Соған байланысты осы Әдістеме қызмет көрсетуші бұл және басқа жағдайда тұтынушыға төлеу үшін шот қоятын көрсетілген қызметінің көлемін анықтау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ереже
1. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат  етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

2) қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны);

3) оқшау тазарту құрылыстары - тұтынушының ауыз суын дайындауға немесе өзінің сарқынды суларын елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;

4) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) белгісі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;

5) кірме су құбыры - қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі сумен жабдықтаудың тарату желісіндегі құбыр;

6) су тұтыну нормасы - нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылық жануарларының тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың есептік мөлшері;

7) тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

8) өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі - бар еңістігі мен 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кезде және оның тәулігіне құбыр бойынша 24 сағат бойы су қозғалысының жылдамдығы секундына бір метр кезінде құбыр бойынша бұрылатын сарқынды су шығыны;

9) су құбырының толық өткізу қабілеттілігі - 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кезде және оның тәулігіне құбыр бойынша 24 сағат бойы су қозғалысының жылдамдығы секундына екі метр кезіндегі су шығыны.

2. Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемі қызмет көрсетуші пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылған және коммерциялық есепке алуға қабылданған есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша анықталады. Қызмет көрсетуші тиісті есепті кезең үшін пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасындағы есепке алу аспабымен тіркелген қызметтің барлық көлемін толық төлеуді талап етуге құқылы.

3. Есепке алу аспабы болмаған кезде, осы Әдістемеде және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі нақты елді мекенде бекітілген су тұтыну нормасы бойынша есептеу арқылы анықталады.

4. Көрсетілген су бұру қызметінің көлемі, осы Әдістемеде және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, сумен (ыстық, техникалық, ауыз су), оның ішінде шұңқырға (септикке) сарқынды суды бұру немесе оқшау тазарту құрылыстары кезінде сумен жабдықтау қызметінің көлеміне тең қабылданады.

5. Коммерциялық есепке алуға қабылданған ағынды сарқынды суды есепке алу аспабы тұтынушыда болған кезде көрсетілген су бұру қызметінің көлемі осы есепке алу аспабының көрсеткіші бойынша анықталады.

6. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған, сондай-ақ елді мекеннің су бұру жүйесіне сарқынды суды бұратын әр түрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларда сарқынды суды есепке алу аспабы болмаған жағдайда, оларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі есепке алу аспабының көрсеткіші бойынша немесе су тұтыну нормасы бойынша есептеу арқылы анықталады.

7. Қызмет көрсетушінің рұқсаты бойынша кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі есепке алу аспабы болмаған кезең ішінде, бірақ бір айдан артық емес, есепке алу аспабының көрсеткіштеріне сәйкес алдағы үш айдың орташа шығыны бойынша анықталады. Аталған мерзім өткен соң есепке алу аспабы болмаған кезде көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі су тұтыну нормасы бойынша есептеу арқылы анықталады.

8. Әзірлеуші зауытпен белгіленген шегіндегі есепке алу аспабының қателігі сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін қайта есептеу жүргізуге негіздеме болып табылмайды.

9. Суды коммерциялық есепке алу үшін өлшеудің ең төмен қателігі бар С. дәлдік класы есепке алу аспабын орнату ұсынылады.

10. Тұрғын үй қорында өрт сөндіруден басқа жағдайларда, оның кiмге тиесiлi екенiне мен меншік нысанына қарамастан, тұтынушыда және тұтынушы болып табылмайтын объектіде өрт сөндіруге, өрт-тактикалық оқуларға және гидранттарды тексеруге елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің су шығынын тұтынушы мен объект иесі төлеуге тиіс. Ішкі өрт сөндіруге шығындалған судың көрсеткіші туралы мәліметті қызмет көрсетушіге тұтынушының және тиісті өртке қарсы қызметтің өкілдері, ал сыртқы өрт сөндіру, өрт-тактикалық оқулар мен гидранттарды тексеру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілдері береді.

2. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің көлемін есепке алу
11. Ыстық сумен жабдықтау – бір немесе бірнеше кәсіпорын көрсететін суық сумен жабдықтау және суды қыздыру – әр түрлі екі қызметтен тұратын күрделі қызмет.

12. Көп пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ыстық су ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі. Бұ ретте, үйге ортақ суды есепке алу аспабы ыстық және суық сумен жабдықтаудың кірмелеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.

13. Ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде тұтынушыға суық су ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі және ғимаратта екі құбырға бөлінеді: біреуі – суық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне, екіншісі – жергілікті суысытқыш арқылы ыстық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне ағады. Бұл ретте, үйге ортақ есепке алу аспабы суық сумен жабдықтаудың кірмесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.

14. Тұтынушылар мен қызмет көрсетушілер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, осы қызмет көрсетуші көрсететін қызметі үшін ғана есептесулер жүргізеді.


3. Кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу
15. Тұтынушыларға - кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемі мынадай тәртіпте анықталады:

1) жеке және үйге ортақ есепке алу аспабы болмағанда – су тұтыну нормалары бойынша;

2) жеке есепке алу аспабы ішінара орналастырылғанда және үйге ортақ есепке алу аспабы болмағанда – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері және су тұтыну нормалары бойынша;

3) жеке есепке алу аспабы ішінара орналастырылғанда және үйге ортақ есепке алу аспабы болғанда – су тұтыну нормалары бойынша, үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының сомалық көрсеткіштері және су тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, қоса салынған және жапсарлас тұрғын емес үй-жайларының иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлеміне тепе-тең мөлшерде төлейді;

4) 100 % жеке есепке алу аспабы және үйге ортақ есепке алу аспабы болмағанда – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша;

5) 100 % жеке есепке алу аспабы және үйге ортақ есепке алу аспабы болғанда – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша, үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының сомалық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, қоса салынған және жапсарлас тұрғын емес үй-жайларының иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлеміне тепе-тең мөлшерде төлейді;

6) елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған Тұтынушылардың сарқынды су көлемі жіберілген су көлеміне тең қабылданады;

7) ағындысы шұңқырға (септикке) бұрылған және кейін ол тасылып шығарылып, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын Тұтынушылардың сарқынды су көлемі тұтынылған су көлеміне тең қабылданады.

16. Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен бөлек дербес кірмесі бар тұтынушылар - кондоминиум қатысушылары үшін көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі жалпы тәртіпте анықталады.

17. Кондоминиум объектісін басқару органы оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен оның қатысушыларының жеке есепке алу аспаптарының сомалық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты қызмет көрсетушіге өз бетінше төлеуге құқылы.

18. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісіне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде тиісті құқығы болғанда үйге ортақ есепке алу аспабы көрсеткіштерінің негізінде қызмет көрсетушімен көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін есептесулер жүргізеді және қызмет көрсетушімен жасалған шарт негізінде өз бетінше кондоминиум қатысушыларынан төлем жарналарын жинайды.


4. Тұтынушыларға – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу
19. Есепке алу аспабы жоқ тұтынушыларға – заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтің көлемі сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетуге шарт жасасу кезінде құрастырылған су тұтынуды есептеу көлемі бойынша анықталады.

20. Тұтынушылар – заңды тұлғалар үшін су бұру қызметінің көлемі мынадай жағдайларда біржола шығындалған су көлеміне азаяды:

1) су шығарылатын өнімнің құрамына кірсе;

2) қызмет көрсетушімен техникалық сипаты мен көлемдері келісілген айналмалы және қайталама сумен жабдықтау жүйесін қолданғанда;

3) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартына сәйкес жасыл желектерді суаруға суды пайдаланғанда.
5. Жеке жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу
21. Бұзушылықтар анықталған кезде сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу:

1) есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалаушы  бұйымдарды айқындаған  жағдайдасоңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап анықталған күнге дейін кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  екі айдан артық емес;

2) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен ысырап анықталған кезде, кірмеде есепке алу аспабының болмауы немесе оның ақаулары болғанда – жойған күнге дейін нақты уақыт бойы кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі. Егер ысырап басталған күнді анықтау мүмкін болмаса – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап, бірақ  екі айдан артық емес;

3) есепке алу аспабын тексеру үшін қызмет көрсетушінің лауазымды адамын тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап жібергенге дейін есепке алу аспабы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;



4) тұтынушының есепке алу аспабында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (жапқыш жабдықта), өрт сөндіру гидранттарында пломбалардың жұлынуы анықталғанда – су өлшеуіш торабын немесе су өлшеуіш торабын соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап қызмет көрсетушінің өкілі қайта пломбалағанға дейін кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  екі айдан артық емес;

5) тұтынушы немесе оның өкілі есепке алу аспабы орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде – бөгет болған сәттен бастап қызмет көрсетушінің өкілі пломбалағанға дейін есепке алу аспабы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;

6) қызмет көрсетушіге есепке алу аспабының ақаулары туралы хабарламаған кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап ақаулар анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  екі айдан артық емес;



7) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету жөнінде қызмет көрсетушімен шарт жасаспай елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен су пайдалану фактісі анықталғанда – кірмеге өз бетімен қосылып, нақты пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  екі айдан артық емес;

8) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерінен су пайдалану фактісі анықталғанда – өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  екі айдан артық емес;

9) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған су құбыры арқылы суару фактісі анықталғанда, кірмеде есепке алу аспабының болмауы немесе оның ақаулары болғанда – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап мұндай су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  бір айдан артық емес;

10) судың төгіле тұрақты ағу фактісі анықталғанда, кірмеде есепке алу аспабының болмауы немесе оның ақаулары болғанда – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап су жеткізетін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ  бір айдан артық емес.

22. 21-тармақта көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде су бұру қызметінің көлемін есептеу, 21-тармақтың 2) және 9) тармақшаларынан басқа, егер су бұру қызметінің көлемі есептелмесе, сумен жабдықтау қызметінің есептелген көлеміне тең қабылданады.

23. Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған тұтынушы су бұру жүйесіне ағызатын сарқынды су көлемін есептеуге қажетті деректер ұсынбаған жағдайда, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі нақты пайдаланған уақыт кезеңі үшін елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған жерде өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады.

24. Тұтынушының аумақтарынан, өнеркәсіп және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне беткі сарқын суларды ағызу фактісі анықталғанда су бұру қызметінің көлемі соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады, бірақ бір айдан артық емес.

25. Батырылатын сорғылар және басқа айдау құрылғыларын пайдаланып, елді мекеннің су бұру жүйесіне нөсер, тасқын, топырақ суларын ағызу фактісі анықталғанда су бұру қызметінің көрсетілген көлемі соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап сорғы не айдау құрылғысы тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істегенде олардың шлангысының толық өнімділігі бойынша анықталады, бірақ бір айдан артық емес.

УТВЕРЖДЕНЫ

Совместным приказом И.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 30.12.2010 г. № 611 и Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 6.01.2011 г. № 24-01-06/7.



МЕТОДИКА

ОПРЕДЕЛЕНИЯ ОБЪЕМОВ ПРЕДОСТАВЛЕННЫХ УСЛУГ

ВОДОСНАБЖЕНИЯ И ВОДООТВЕДЕНИЯ

Содержание
Вводная часть……………………………………………………………..……...12

1. Общие положения…………………………………………………………….12

2. Учет объема предоставленных услуг при открытой и закрытой системах водоснабжения ………………………………………………………….……….15

3. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения участникам кондоминиума……………………………………………………...15

4. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения потребителям – индивидуальным предпринимателям и юридическим лицам…………………………………………………………………………...…16

5. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения в отдельных случаях…………………………………….........................................17

Вводная часть
Настоящая Методика определения объемов предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения (далее – Методика) разработана в соответствии со статьей 37 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и Правилами пользования системами водоснабжения и водоотведения, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан № 832 от 5 июня 2009 года в целях обеспечения единого подхода при определении объемов предоставленных организациями, эксплуатирующими системы водоснабжения и водоотведения населенных пунктов (далее – услугодателями), услуг водоснабжения и водоотведения физическим, юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям (далее – потребителям), использующим эти услуги.

Закон Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках» обязывает всех потребителей иметь приборы учета регулируемых услуг.

Однако, на практике существуют естественные условия, когда приборы учета воды отсутствуют по правомерным основаниям (отсутствие прибора учета в связи с поломкой, заменой, поверкой).

Кроме того, существуют ситуации, когда определить объем услуг по приборам учета не представляется возможным (аварийные утечки, пользование системами водоснабжения и водоотведения без договора).

В связи с этим настоящая Методика определяет порядок определения объемов предоставленных услуг в этих и других случаях, по которым услугодатель выставляет потребителю счета для оплаты.
1. Общие положения


  1. В настоящей Методике используются следующие термины и определения.

1) прибор учёта - техническое средство, предназначенное для измерения объёма воды, имеющее нормированные метрологические характеристики, воспроизводящее и хранящее единицу физической величины в течение определённого интервала времени, и разрешённое к применению для коммерческого учёта в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

2) услугодатель - водохозяйственная организация (предприятие водоснабжения и водоотведения), осуществляющая полный технологический процесс водоснабжения и водоотведения и эксплуатирующая системы водоснабжения и водоотведения населенного пункта с целью оказания услуг потребителям по водоснабжению и водоотведению, а также осуществляющая технический надзор за состоянием систем водоснабжения и водоотведения потребителей, регулирующая и контролирующая развитие систем водоснабжения и водоотведения населённого пункта в целом;

3) локальные очистные сооружения - совокупность сооружений и устройств потребителя, предназначенных для подготовки питьевой воды или очистки собственных сточных вод перед их сбросом в систему водоотведения населенного пункта;

4) граница раздела эксплуатационной ответственности - линия раздела элементов систем водоснабжения и водоотведения по признаку обязанностей (ответственности за их эксплуатацию), устанавливаемая соглашением сторон. При отсутствии такого соглашения граница раздела эксплуатационной ответственности устанавливается по границе раздела балансовой принадлежности;

5) ввод водопровода - трубопровод от распределительной сети водоснабжения, включая колодец с запорной арматурой в точке подключения, до первой задвижки в здании;

6) норма водопотребления - расчётное количество воды для удовлетворения суточной потребности одного человека, животных личного подсобного хозяйства или на единицу поливной площади в конкретном населённом пункте;

7) потребитель - физическое или юридическое лицо, имеющее в собственности или на иных законных основаниях системы водоснабжения и водоотведения, присоединенные к системам водоснабжения и водоотведения населенного пункта, и пользующееся услугами водоснабжения и водоотведения услугодателя на договорной основе;

8) полная пропускная способность самотечного трубопровода – расход сточной воды, отводимой по трубопроводу, при существующем уклоне и наполнении 1,0 d (d – внутренний диаметр трубопровода) и скорости движения сточной воды 1 метр в секунду при действии его 24 часа в сутки;



9) полная пропускная способность водопровода – расход воды по трубопроводу при наполнении равном 1,0 d (d – внутренний диаметр трубопровода), и скорости движения воды два метра в секунду при действии его 24 часа в сутки.

  1. Объем предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения определяется по показаниям приборов учета, установленных на границе раздела эксплуатационной ответственности и принятых на коммерческий учет услугодателем. Услугодатель вправе требовать оплаты всего объема услуг, зафиксированного прибором учета на границе раздела эксплуатационной ответственности за соответствующий расчетный период.

  2. При отсутствии приборов учета, объем предоставленных услуг водоснабжения определяется расчетным путем по нормам водопотребления, утвержденным в соответствующем населенном пункте, кроме случаев, предусмотренных настоящей Методикой и действующим законодательством Республики Казахстан.

  3. Объем предоставленных услуг водоотведения принимается равным объему предоставленных услуг водоснабжения (питьевого, технического, горячего), в том числе при отводе сточных вод в выгреб (септик) или локальные очистные сооружения, кроме иных случаев, предусмотренных настоящей Методикой и действующим законодательством Республики Казахстан.

  4. При наличии у потребителя прибора учета сбрасываемых сточных вод, принятого на коммерческий учет, объем предоставленных услуг водоотведения определяется по показаниям данного прибора учета.

  5. Объем предоставленных услуг водоотведения потребителям, не присоединенным к системе водоснабжения населенного пункта (услугодателя), а также имеющих различные источники водоснабжения, отводящим сточные воды в систему водоотведения населенного пункта (услугодателя), при отсутствии приборов учета сточных вод определяется по показаниям приборов учета воды или расчетным путем по нормам водопотребления.

  6. В случае временного отсутствия приборов учета в связи с их очередной поверкой, ремонтом или заменой по разрешению услугодателя объем предоставленных услуг водоснабжения определяется по среднему расходу за три предыдущих месяца согласно показаниям приборов учета на период отсутствия приборов, но не более одного месяца. По истечению указанного срока, при отсутствии приборов учета объем предоставленных услуг водоснабжения определяется по нормам водопотребления.

  7. Погрешность показаний приборов учета в пределах, установленных заводом-изготовителем, не является основанием для произведения перерасчета за услуги водоснабжения и водоотведения.

  8. Для коммерческого учета воды рекомендуется устанавливать приборы учета воды класса точности С, имеющие более низкие погрешности измерений.

  9. Расход воды из системы водоснабжения населенного пункта на тушение пожаров, пожарно-тактические учения и проверку гидрантов у потребителя и на объектах, не являющихся потребителями, кроме случаев тушения пожаров в жилищном фонде, независимо от его принадлежности и форм собственности, подлежит оплате потребителем или владельцем объекта. Сведения о количестве израсходованной воды на внутреннее пожаротушение передаются услугодателю представителями потребителя и соответствующей противопожарной службы, а на наружное пожаротушение, пожарно-тактические учения и проверку гидрантов – представителями государственной противопожарной службы.

2. Учет объема предоставленных услуг

при открытой и закрытой системах горячего водоснабжения


  1. Горячее водоснабжение представляет собой сложную услугу, состоящую из двух различных услуг – холодного водоснабжения и подогрева воды, которые могут оказывать как одно предприятие, так и несколько.

  2. При открытой системе горячего водоснабжения в многоквартирные дома горячая вода поступает из централизованной системы горячего водоснабжения. При этом общедомовые приборы учета воды устанавливаются на границах раздела эксплуатационной ответственности на вводах горячего и холодного водоснабжения.

  3. При закрытой системе горячего водоснабжения холодная вода поступает потребителю из централизованной системы питьевого водоснабжения и в здании разделяется на два трубопровода: один – далее во внутридомовую распределительную сеть холодного водоснабжения, второй – через местный водонагреватель во внутридомовую распределительную сеть горячего водоснабжения. При этом общедомовые приборы учета устанавливаются на границах раздела эксплуатационной ответственности на вводе холодного водоснабжения.

  4. Потребители и услугодатели ведут расчеты только за услуги, предоставляемые этим услугодателем, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан.


3. Учет объема предоставленных услуг

водоснабжения и водоотведения участникам кондоминиума


  1. Объем предоставленных услуг водоснабжения для потребителей – участников кондоминиума, определяется в следующем порядке:

    1. при отсутствии индивидуальных и общедомового приборов учета – по нормам водопотребления;

    2. при частичной установке индивидуальных приборов учета и отсутствии общедомового прибора учета – по показаниям индивидуальных приборов учета и по нормам водопотребления;

    3. при частичной установке индивидуальных приборов учета и наличии общедомового прибора учета – имеющим приборы учета – по показаниям индивидуальных приборов учета, не имеющим приборы учета – по нормам водопотребления, разница между показаниями общедомового прибора учета и суммарным показанием индивидуальных приборов учета и объемов, рассчитанных по нормам водопотребления, подлежит оплате собственниками квартир, встроенных и пристроенных нежилых помещений (участниками кондоминиума) пропорционально объемам потребленной воды;

    4. при 100%-ном наличии индивидуальных приборов учета и отсутствии общедомового прибора учета – по показаниям индивидуальных приборов учета;

    5. при 100%-ном наличии индивидуальных приборов учета и общедомового прибора учета – по показаниям индивидуальных приборов учета, разница между показаниями общедомового прибора учета и суммарным показанием индивидуальных приборов учета подлежит оплате собственниками квартир, встроенных и пристроенных нежилых помещений (участниками кондоминиума), пропорционально объемам потребленной воды.

    6. Объем сточных вод Потребителей, присоединенных к системе водоотведения населенного пункта, принимается равным объему отпущенной воды.

    7. Объем сточных вод потребителей, стоки которых отводятся в выгреб (септик) и в дальнейшем вывозятся и сливаются в систему водоотведения населенного пункта, принимается равным количеству потребленной воды.

  2. Объем предоставленных услуг водоснабжения для потребителей – участников кондоминиума, имеющих самостоятельный ввод от централизованной системы водоснабжения, определяется в общем порядке.

  3. Орган управления объектом кондоминиума по решению общего собрания его участников вправе самостоятельно оплачивать услугодателю разницу между показаниями общедомового прибора учета и суммарным показанием индивидуальных приборов учета его участников.

  4. Орган управления объектом кондоминиума при наличии соответствующего права на основании решения общего собрания участников объекта кондоминиума производит расчеты за предоставленные услуги водоснабжения и водоотведения с услугодателем на основании показаний общедомового прибора учета и самостоятельно осуществляет сбор оплаты от участников кондоминиума на основании договора с услугодателем.


4. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения потребителям – индивидуальным предпринимателям и юридическим лицам


  1. Объем предоставленных услуг для потребителей – юридических лиц, не имеющих приборов учета, определяется по расчетному объему водопотребления, составленному при заключении договора на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения.

  2. Для потребителей – юридических лиц, объем услуг водоотведения уменьшается на объем безвозвратно потерянной воды в случаях:

    1. когда вода входит в состав выпускаемой продукции;

    2. применения системы оборотного и повторного водоснабжения, технические характеристики и объемы которых согласованы с услугодателем;

    3. при использовании воды на полив зеленых насаждений согласно договору на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения.


5. Учет объема предоставленных услуг

водоснабжения и водоотведения в отдельных случаях


  1. Расчет объемов предоставленных услуг водоснабжения при выявлении нарушений производится:

  1. при обнаружении у потребителя приспособлений, искажающих показания приборов учета – по полной пропускной способности ввода водопровода, с момента последней проверки по день обнаружения, но не более двух месяцев.

  2. при обнаружении утечек из систем водоснабжения потребителя, при отсутствии прибора учета на вводе или его неисправности – по полной пропускной способности ввода водопровода за фактическое время по день ликвидации. Если день начала утечки установить невозможно – с момента последней проверки (осмотра), но не более двух месяцев;

  3. при недопуске потребителем (его представителями) должностного лица услугодателя к проверке приборов учета – по полной пропускной способности трубы, на которой установлен прибор учета, с момента последней проверки до момента предоставления допуска;

  4. при обнаружении срыва пломбы на приборе учета потребителя и/или обводной линии водомерного узла (запорной арматуры), пожарных гидрантов – по полной пропускной способности ввода водопровода или пожарных гидрантов с момента последней проверки водомерного узла или пожарных гидрантов до момента повторной опломбировки представителем услугодателя, но не более двух месяцев;

  5. при необоснованном воспрепятствовании потребителем или его представителем установке приборов учета – по полной пропускной способности трубы, на которой должен быть установлен прибор учета с момента воспрепятствования до момента опломбировки установленного прибора учета представителем услугодателя;

  6. при неуведомлении услугодателя о неисправностях прибора учета – по полной пропускной способности трубы, на которой установлен прибор учета с момента последней проверки прибора учета до момента обнаружения неисправности, но не более двух месяцев;

  7. при выявлении факта пользования водой из сетей водоснабжения населенного пункта (услугодателя) без заключенного с услугодателем договора на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения – по полной пропускной способности трубы на вводе самовольного присоединения за время фактического пользования до момента обнаружения (отключения), но не более трех месяцев;

  8. при выявлении факта пользования водой из противопожарных систем, кроме случаев тушения пожара – по полной пропускной способности трубы перед пожарным краном или гидранта, с которого осуществлялось самовольное пользование, за время фактического самовольного пользования до момента обнаружения, но не более двух месяцев;

  9. при обнаружении факта полива посредством трубопроводов, присоединенных к системе водоснабжения потребителя, при отсутствии прибора учета на вводе или его неисправности – по полной пропускной способности такого трубопровода с момента последней проверки, но не более одного месяца;

  10. при обнаружении факта постоянного протекания воды на излив, при отсутствии прибора учета на вводе или его неисправности – по полной пропускной способности подводящей трубы излива с момента последней проверки, но не более одного месяца.

  1. Расчет объемов предоставленных услуг водоотведения при выявлении нарушений, указанных в пункте 21, принимается равным рассчитанному объему услуг водоснабжения, кроме подпунктов 2) и 9) пункта 21, когда объем услуг водоотведения не рассчитывается.

  2. При непредставлении данных, необходимых для расчета объема сточных вод, сбрасываемых в систему водоотведения потребителем, не присоединенным к системе водоснабжения услугодателя, объем предоставленных услуг водоотведения определяется по полной пропускной способности самотечного трубопровода в месте присоединения к системе водоотведения населенного пункта (услугодателя) за время фактического пользования.

  3. При обнаружении факта сброса поверхностных стоков с территорий, промышленных и строительных площадок потребителя в систему водоотведения населенного пункта, объем услуги водоотведения определяется по полной пропускной способности самотечного трубопровода с момента последней проверки, но не более одного месяца.

  4. При обнаружении факта сброса паводковых, ливневых, грунтовых вод в систему водоотведения населенного пункта с использованием погружных насосов и других перекачивающих устройств, объем предоставленных услуг водоотведения определяется по полной производительности насоса или перекачивающего устройства шланга при действии его 24 часа в сутки с момента последней проверки, но не более одного месяца.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет