Свод правил республики казахстан


 Аспалы кермелік жабындар конструкцияларын монтаждау



Pdf көрінісі
бет65/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.4.12.5 Аспалы кермелік жабындар конструкцияларын монтаждау
 
4.4.12.5.1 Көтергіш және тұрақтандырғыш кермелер мен болат арқандардан 
жасалған керме фермалар элементтері, әдеттегідей, зауытта дайындалады және монтаждау 
алаңына орамалармен немесе атанақтарда жеткізіледі.  
Орамалардың диаметрі төмендегідей болуы ұсынылады:
- арқанның диаметрі 42 мм дейін болған жағдайда – 2 м кем емес;


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
61 
- арқанның диаметрі 42 мм жоғары болған жағдайда – 3,5 м кем емес.
Аталған элементтердің әрбір партиясы дайындаушы зауыттың төлқұжатымен 
қамтамасыз етілу керек.
4.4.12.5.2 Болат қанаттарды даярлаушы-зауыттың паспортында көзделген көтергіш 
және тұрақтандырғыш ванта мен ванталық фермалар элементтерін монтаждық алаңда 
дайындаған кезде баптауы 20 мин. бойындағы күшке алдын-ала тарту қажет.
4.4.12.5.3 Монтаждау жағдайларында дайындалған арқан элементтері монтаждау 
кранының әрекет ету аймағына ашылған күйде беріледі.
4.4.12.5.4 Дөңгелек арматура шыбықтарынан жасалған кермелер, әдетте, монтаждау 
алаңында жасалады және созылғаннан кейін монтаждау кранының әрекет ету аймағына 
жеткізіледі.
4.4.12.5.5 Керме жабындар элементтері крандармен арнайы, уақытша тіректерді 
және сызбалары ЖАЖ әзірленетін басқа да құралдарды пайдалану арқылы монтаждалады.
4.4.12.5.6 Керме жабынын монтаждау толығымен аяқталғаннан кейін оның 
элементтері белгіленген әдіспен созылады (алдын-ала кернеу), содан кейін жабын пішіні 
геодезиялық тексеруден өткізіледі. Бақылау орындары және шекті ауытқулар жұмыс 
құжаттамасында белгіленуге тиіс. 
4.4.12.5.7 Жабын теңестірілгеннен кейін жабын элементтері – темірбетон плиталары, 
панелдер, профильденген төсем монтаждалады.
4.4.12.5.8 Монтаждалып болған конструкцияларды ақырғы қабылдау кезінде 4.1.50 
көрсетілген құжаттар тапсырылу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет