ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
87
және басқалардың) көмегімен ғимарат қабатындағы көтергіш элементтерді монтаждап
болғаннан кейін; бір қабатты ғимараттарда – монтаждау
крандарының немесе арнайы
құрылғылардың көмегімен монтаждау қажет.
4.6.2.4 Панелдер мен плиталар жоспарда және биіктігі бойынша монтаждалатын
және тірек конструкцияларына салынған орнату
кертіктерін қосарлау арқылы
орнатылады. Панелдердің үстін бөліктеу осьтеріне қатысты теңестіру қажет.
4.6.2.5 Панелдердің көлденең және тік түйіспелеріне тығыздайтын аралық
төсемдерді тақталарды орнатқанға дейін төсеу керек.
4.6.2.6 Экструзиондық панельдердің хризотилцементтік
табақтарынан жасалған
қабырғалар конструкцияларының аяқталған монтажын қабат-қабат, секция-секция немесе
аралықтар бойынша қабылдау керек.
4.6.2.7
Қабылдау кезінде панелдердің сенімді бекітілуін, жарықтардың,
орнықсыздықтардың, бұзылған жерлерінің жоқтығын тексеру керек.
Қабырғалар
панелдерінің арасындағы түйіспелер аралық бақылаудан өткізіледі.
4.6.2.8 Жобада арнайы талап болмаған жағдайда,
қабырғалар конструкциялары
арақабырғалардағы монтаждалған панелдердің ауытқушылығы 28-кестеде келтірілген
шамалардан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: