ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
84
аймағында элементтердің тігінен түзелуіне мүмкіндік
беретін және мұнаралардың
жылжуын жеңілдететін домкраттармен немесе сыналармен жабдықталған жылжымалы
монтаждау мұнарасын пайдалану арқылы монтаждау қажет. Конструкцияны тіректерде
жобалық бекіткеннен және қатты түйіспелер
аймағында, кілтте және басқа жерлерде
босатылғаннан кейін ғана ілмектен босатуға болады.
Үш топсалы аркаларды және аралықтары 18 м дейін жақтауларды көлденең күйде
жинақтауға және жазықтықтан қаттылығын қамтамасыз ету үшін алдын ала кілтте
қысулармен монтаждық күшейте отырып, бұру әдісімен монтаждауға рұқсат етіледі, бұл
жағдайда монтаждық жүктемелерге есептеу жүргізу қажет.
4.5.4.3 Ірі көлемді жартылай аркаларды немесе бір болмаса екі қатты түйіспелері бар
жартылай жақтауларды түйісу аймағы
габаритті бекіткіштермен, жұмыс алаңдарымен,
дәнекерлеу посттарымен (қажет болғанда) жабдықталған және,
егер жобада
қарастырылған болса, түйіспелердегі саңылауларды полимербетонмен құйып бекіту
мүмкіндігіне жол беретін көлденең немесе тік стапельде жинақтау қажет. Монтаждауды
бастамас бұрын конструкцияға жүгіртпелер, кергіштер,
салма бөлшектер, беларқалар,
саңылаулар және т. б. осьтер салу керек.
4.5.4.4 Көлденең стапельде ірілендіріп жинақтау кезінде жинақталған жартылай
аркаларды немесе жартылай жақтауларды жазықтықтардан ірілетілген түйіспелерді
күшейткеннен кейін көмкеру қажет.
4.5.4.5 Іргетастарға тірелген аралықтары үлкен құрама
екі топсалы аркаларды және
жақтауларды, сондай-ақ аралығында қатты түйіспелері бар, тіректері темірбетоннан
немесе
болаттан
жасалған
топсасыз
жақтауларды
түйіспелер
аймағында
орналастырылатын және тиісті бекіткіштермен, домкраттармен
және конструкцияның
ЖАЖ сәйкес алдын ала бүгілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басқа да
құрылғылармен жабдықталған жылжымалы монтаждау тіректерін пайдалана отырып
монтаждау керек.
4.5.4.6 Металл тартпасы бар үш және екі топсалы аркаларды
ірілендіріп жинақтау
тәсілі металл-ағаш фермаларын ірілендіріп жинақтау тәсіліне ұқсас.
4.5.4.7 Ағаш бастырмалардағы аркалар мен жақтаулардың шатыржалын жинақтау
кезінде бұрамасұқпалар мен сыналар астындағы саңылаулар тек бір бастырмада ғана
жасалу керек. Бұл саңылаулар өтпелі саңылауларды бұрғылау
кезінде бағыттағыштар
ретінде қолданылады.
4.5.4.8 Екеуден артық тарамнан құралатын тартпалары бар аркаларда керу күштерін
реттеу және бақылау қажет.