Т. Бердалин Қарабұлақ селолық округінің әкімі атқарылар істер көп



Дата21.06.2016
өлшемі29.16 Kb.
#151809
Т.Бердалин

Қарабұлақ селолық округінің әкімі
атқарылар істер көп

Округ аймағында Қарабұлақ, Амангелді елді мекендері орналасқан. Жер көлемі-50556га, халық саны 763 адам.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында 2012 жылы 7 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 1 азамат жастар тәжірбиесінен өтуде, Үкімет тарапынан көрсетілетін жәрдемақыға 7 отбасы, 19 бала, 184 мың 557 теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алды.

Қарабұлақ ауылына 9,3 км газ құбырын тарту жұмыстары жандандырылып 62 млн теңгеге 9 км қорғаныс бағаналары орнатылып, электр желісі және 4,5 км газ құбыры тартылып, «Ақтөбе Проекп Групп» ЖШС мекемесі ауыл ішіндегі газ құбырының жобасының жұмыстарын жасап, қазіргі таңда 57 млн теңге қаржысы бөлініп, «Влад» ЖШС-нің араласуымен 200м ауыл ішілік газ құбыры жүргізілді.

Алға-Қарабұлақ-Амангелді елді мекендерінің тас жолдарына аудандық бюджеттен 1млн теңге қарастырылып, қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, 200,0 мың теңгеге жол жиегіндегі шөптер қырқылып, 300,0 мың теңгеге Амангелді ауылындағы көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100,0 мың теңгеге Алға-Қарабұлақ-Амангелді жолдарына жол белгілері орнатылды.

Округтің шаруа қожалықтары бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатынасып тұрады.

Аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімімен бірлесе отырып жоспарға сәйкес, «Рамазан» ЖШС-нен 4 тонна ұн кебегі және «Иран» фирмасы ЖШС 5 тонна ұн кебегі 70 қапшық ұн алынып, арзан бағамен халыққа таратылды.

Мал тұқымын асылдандыру бағдарламасына сәйкес, 130 бас іріқара малы қолдан ұрықтандырылды.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Қайр-А» шаруа қожалығы несие алып, ірі қара мал басын көбейтуде.

Бизнес2020» бағдарламасы аясында «Тұлпар» ш/қ, «Бекарыс» ш/қ, «Кайр-А» ш/қ, «Рысбек» ш/қ, «Нұржан» «Рейімқұл», «Назарбай» шаруа қожалықтары Үкімет тарапынан көрсетілген көмекке ие болды, яғни аталған шаруа қожалықтарының жұмысшыларына белгіленген жалақының 50%-н Үкімет төлеп, 20 азамат жұмыспен қамтылды.

«Көркейе бер туған жер!» акциясы аясында «Реймқұл» шаруа қожалығы Амангелді ауылында мәдениет үйін салу құрылысын бастап, 2013 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 4 жас маман жұмысқа орналасып, үкімет тарапынан берілетін бір жылғы көтерме ақымен қамтамасыз етілді.

Қарабұлақ орта мектебінде 20 сынып бөлмесі бар, физика, биология кабинеттері арнайы жабдықталған. «Балапан» бағдарламасы бойынша 2 топтан тұратын шағын орталық жұмыс жасайды, Амангелді негізгі мектебінің шағын орталығында 5 бала тәрбиеленеді.

«Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында ата-аналардың демеушілігімен 20 мың теңгеге Қарабұлақ орта мектебінің шағын орталық тобына ойыншықтар алынып берілді.

Биылғы оқу жылында жылумен қамтамасыз ету үшін Қарабұлақ орта мектебіне 249,3 тонна, Амангелді негізгі мектебіне 37,5 тонна көмір әкелініп, жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.

2012-2013 оқу жылында Қарабұлақ орта мектебінде 36 оқушы, ал Амангелді негізгі мектебінде 30 оқушы тегін тамақтанады. Мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Село аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, Амангелді ауылында 1 медициналық пункт жұмыс жасап, дәрігерлік амбулаторияда 6 азамат, ал Амангелді медициналық пунктінде 3 азамат қызмет етеді.

Биылғы жылы Қарабұлақ дәрігерлік амбулаториясына 7,3 тонна көмір , Амангелді медициналық пунктіне 4,5 тонна жанар-жағар май әкелініп, жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.

Газет журналдарға жазылу көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді.

Қарабұлақ және Амангелді ауылдарын телефон желісімен толықтай қамтылды деуге болады. Қазіргі таңда село бойынша 124 телефон және интернет желісімен қосылуға толықтай мүмкіндік бар.



Амангелді елді мекенінде 28 үй, Қарабұлақ елді мекенінде 12 үй «Отау ТВ» телеарнасымен қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде, жер және мүлік салықтары 100% орындалып, көлік салығынан 58 мың теңге ақша жиналып, тапсырылды. Аудандық жер қатынастары бөлімімен және Салық басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарған жұмыс нәтижесінде жерді өз мақсатында пайдаланбай отырған 6 шаруа қожалығы жабылып, 358 га жер аудандық жер қорына тапсырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет