Толеранттылықтың шекарасы бар ма?



Дата28.11.2023
өлшемі14.11 Kb.
#484669
Толеранттылықтың шекарасы бар ма


Толеранттылықтың шекарасы бар ма?
Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу – Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бос­тандығы мен құқығын сый­лауға, бақытты өмірге қадам ба­суға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстан көптеген ұлттар өкілдерінің ортақ үйі, қа­сиетті Отаны болып отыр. Діні, мә­дениеті, тілі, сал-дәстүрі әртүрлі ұлттардың елімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқаны абыройымызды арттыра түсуде. Бұл мәселеде Қазақстанды әлем үлгі тұтады. Ұлы Даламызда бұрыннан қалып­тасқан толеранттылық, төзім­ділік үрдістері бүгінгі Қазақ­стан қоғамындағы азаматтық тату­лық пен келісімнің, ұлтаралық, дінаралық теңдіктің бастауында тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» бағдар­ламасында: «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған», деп атап көрсеткенін баршамыз бі­леміз. Толеранттылық пен дін еркіндігі еліміздегі дінаралық келісімнің орнауын қамтамасыз етуде. Бұл өз кезегінде Қазақстанның қай салада болсын дамуына тікелей әсерін тигізуде. Мұны қазақстандықтар жақсы түсінеді. Осы орайда Абайдың 34-ші қара сөзінен үзінді келтірсек ар­тық­тық етпес. Абай: «Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүр­генде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек – ол Құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар? Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» дейді. Ұлы Абайдың бұл сөздерінен үлгі алуға тиістіміз. Оны ұрпақ тәрбиесінде, өз өмірімізде үнемі айтып жүрсек, қанеки. Адамзатқа қауіп төндіретін қандай да бір ықтимал жағдайларға қарсы амал ету ешқашан артықтық етпейді. Бұл бағытта әрбір істі өзара келісіммен, бірлікпен шешкен жөн. Қазіргі таңда уақыт біздің ғана емес, бүкіл әлемнің алдына толеранттылықтың, төзімділіктің мән-маңызын түсінудің қажеттігін алға тартуда. Онсыз әлем қауіп-қатерден арылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет