Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары



бет7/19
Дата25.02.2016
өлшемі12.31 Mb.
#19338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Барлық тау (Қатонқарағай, Үржар) атауының мағынасы тува тіліндегі порлуг/борлук «батпақты», «балшықты» деген сөздерден жасалған. Сонда Барлық Арасан – «Батпақты арасан» деген мағына білдіреді. Оның айғағы бұл жерлер батпақты келеді.

Алакөлдің минералды суы, тұзды суы, балшығы әртүрлі ауруларды емдейді. Қатонқарағайдағы Арасан (Рахман) қайнарлары теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Қарағайлы орманды тау бөктеріндегі бірнеше шипалы бастаулар гранитті тектоникалық терең жарықтардан шығып жатыр. Судың химиялық құрамы шипалық қасиеті жөнінен родонды, кремнийлі болып келеді. Шипалы су 100 м тереңдікке дейін кездеседі. Рахман қайнарларының суы жүйке, қан айналымы, тері, құяң ауруларын емдеуге қолданылады. Арасан бұлақтарының маңында шаруашылық әрекет жүргізілмеген, мұндай нысандар табиғат сыйы ретінде қабылданып, меншіктік сипатқа да ие болған.



«Әулиелік» сипатқа ие болған басқа су көздерінің (Әулие, Әулиебұлақ, Әулиебастау) маңына мол бақпаған, суын ластамаған. Бұл географиялық атаулардағы ақпар арқылы осы нысандарды қорғау ісінің жүзеге асырылғаннын дәлелдейді. Алтайдағы сарқырамалар, сылдырлап аққан бұлақтардың өзі адамның жаны мен тәніне күш – қуат береді. Баршатас ауылының маңында орналасқан темірлі, сульфатты, магнийлі емдік қасиеттерінен бағалау тұрғысынан «әулиелік» атау берген қазақ халқы шипалы су көзін ластаудан сақтап, қорғау мақсатын да көздеген. Ақбет тауының астынан осы арада бұрқырап бұрқырап шығып, сарқырап ағып жатқан «Әулиелі бұлақ» деп аталады. Бұлақ суының химиялық құрамында қажетті мөлшердегі иод, фтор және натрий барлығы табиғатта сирек кездесетін, идеалдық суға жақын, өте бағалы. Асқазанға шипалы «асханалық су» болып саналады. Сондықтан суының осындай қасиетіне байланысты бұл бұлақты «Әулиелі бұлақ» деп халық біліп атаған. Табиғат байлығымен сирек кездесетін жаратылысымен көз тартқан, сұлулығы мен эстетикалық бағасы зор Баянауланың тау жоталарынан көптеген бұлақ, жылғалар ағып шығады. Ең ірілері Қатпас, Қүркелі, Қынды, Қисықөзек бұлақ, Тайлақ, Тайым, Мойылды, Малдыбұлақ, Үре тау жоталарының терістік, батыс, түстік және шығыс бағыттарымен құлай ағады. Бұлақтар номинациясы жергілікті табиғат жағдайларын дәстүрлі дүниетаным мен шаруашылық қажеттерге орай бейнелеумен байланысты қойылғаны анық. Жер бедері, өсімдік және жануарлар дүниесі, қасиетіне, тарихи оқиға, ру-тайпа, адам атына байланысты бұлақ атаулары көптеп кездеседі. Абайдың, Тәкежан, Ізғұтты, Ысқақтың қасқабұлақтары, Атабай, Бұғыбай, Дүйсенбай, Көкембай, Нүрпейіс көздері, Қалмақтұма, Калмыцкий ключ, Ишантұма, Мәнжұрбұлақ т.б. микрогидронимдер 100-ден астам географиялық атауларда көрініс тапты (3-кесте).
3-кесте – Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы микрогидронимдердің салыстырмалы сипаттамасы

Микрогидронимдер

Табиғи

Жасанды

Ақпа

2

Арық

60

Арасан

11

Апан

15

Бастау

54

Қауға

6

Бұлақ

427

Құдық

128

Жыра (жылға)

8

Суат

9

Қайнар

29

Тоған

37

Көз

267

Шыңырау

5

Тұма

47







Үйірім

7







Шүмек

5







Барлығы

857




260

Бұлақ суының қолайлы-қолайсыздығын айғақтайтын Жылыбұлақ (5 рет), Жылысай (3 рет), Суықбастау (2 рет), Суықбұлақ (18 рет), ағысын реттейтін Тентек, Тентекжыра, Сылдырама, Сарқырамабұлақ, Күркіреме, Айнабұлақ түсін анықтайтын Ақбұлақ, Аққайнар, Ақбастау, Ақтұма, Қаражыра, Жырасай, Қарабұлақ, Қаратұма, Сарыбұлақ, Сарыбастау, Көкбастау, Көкқайнар, Көктұма, Көкүйірім, Қызылбұлақ, Қызылқайнар, Қызылтұма, санына байланысты, Бесбастау, Жалғызбастау, Үшбастау, Үшбұлақ, Төртбастау, Мыңбұлақ т.б. атауларды анықтадық.

Зерттеу барысында Қазақстанның шығыс өңірлерде табиғи су көздерінің біршама көп кездесетін аңғардық. Өйткені, таулы келетін аумақтарда су ресурстарының қоры мол өзен-көл, бұлақ атауларының жиі кездесетіні белгілі және гидрологиялық нысандардың сипаты нақты бейнеленген. Табиғи су көздерін сипаттайтын географиялық атауларды анықтайтын терминдерде экологиялық-географиялық негіз бар деуге болады, Табиғи су көздері шаруашылықта маңызды рөл атқарған және өткен тарихтан мол географиялық ақпарлар береді (4-сурет).
2.5 Қазақстанның Алтайы және Сауыр-Тарбағатай мұздықтарының топонимдерде бейнелену дәрежесі

Гляциология ғылымы география, гидрология, геофизика және геология, геоморфология ғылымдарының түйісуінде қалыптасқан және жер бетіндегі (мұздықтар, мұз қиыршықтары, қарлы жамылғылар), атмосферадағы (қар, қырау, бұршақ, қарлы жаңбыр), гидросферадағы (көл, өзен, және теңіз мұздықтары) және литосферадағы (жер асты мұздары), яғни барлық табиғи мұздарды – олардың пайда болуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, жалпы планетамыздың табиғи дамуындағы атқаратын рөлін зерттейді.

Қазіргі кезде құрлық ауданының шамамен 11 %-ға жуығы, яғни 16 млн км² аумағы мұздықтармен жабылған. Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашынның қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде – хионосферада (грекше – қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі. Алтай тауы сансыз ұсақ салаларын есептемегенде, ірі-ірі бірнеше тау жоталарынан құрылған. Солтүстігінен оңтүстігіне қарай жүргенде де, батысынан шығысқа қарай жүргенде де тау жоталары бірте-бірте көтеріле түсіп, Қатын-Шүй тау жоталарының түйіскен тұсында ең биік нүктесіне жетеді.

4-сурет – Табиғи су көздерінің гидронимдердегі көрінісі (Құрастырған: Қ. Т. Сапаров)

Алтайдың аруы атанған Мұзтау (Белуха) осында орналасқан. В. В. Сапожников оның биіктігі 4620 м деп көрсетеді. Алайда соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, ресми карталарда 4506 м делініп жүр. Сонымен Алтай тауларының мәңгі мұздықтары талай өзендерді қоректендіріп тұрады. Бұл өзендер орта есеппен теңіз деңгейінен 2600 м биіктіктен бастау алады. Қазақстан Алтайын мөлдір суының молдығына қарай кейде Көгілдір Алтай деп те атайды. Оңтүстік Алтайда Бұқтырма, Нарын, Күршім, Ақ Берел, Қара Қаба (Жеті Қаба), Сарымсақты, Қалжыр, Алқабек, Білезік, Ақсу, Қалғұты т.б. өзендер бастау алады. Шағын өзендер мен әр сайда ағып жататын мөлдір бұлақтарды ешкім санаған емес. Климаттың күрт өзгеруі, антропогендік жүктеменің табиғатқа тым түсірілуі яғни экологиялық әсерден мұздықтар аумағы біртіндеп азаюда. Алтайды көктей кесіп өтетін Ертіс оның ең ірі өзеніне жатады. Үлкен Берел мұздығы жөніндегі алғашқы мәліметтерді Ф.В.Геблер (1836) Алтайда болған саяхатында жазып кетті.

В.В.Сапожников зерттеулерінде мұздықтарды биік таулардың ландшафттарының элементі ретінде қарастырады: жер бедері, өсімдік жамылғысы, тау өзендері және климаттың континенттілігі олардың қалыптасуына маңызды рөл атқаратынын атап көрсеткен. Оңтүстік Алтайдың мұздану орталығын анықтауда М. В. Тронов Жоғары Бұқтырма мен Күршім өзендерінің алабын атап көрсетеді. Ол Оңтүстік Алтай мұздану облысында ауданы – 80 км2 болатын 122 мұздықты анықтады. Батыс Алтайдың мұздықтары Оңтүстік Алтайға қарағанда біршама аз. Листвяга (Қоңыржон) – 20, Холзун (Қалзың) – 5, Иванов жотасында – 4 мұздықтар бар. С. В. Калесник тау беткейлері экспозициясын биіктік белдеулерге «кедергі» әрекет деп қарастырып, тауға жақын жатқан жазықтардан соғатын жел құбылыстарын «циркуляциялық ассиметрия» сонымен қатар олардың баурайларында «кедергілік тау етегі» және кедергілі «жауын көлеңкесі» ландшафттары қалыптасатынын атап көрсетті.

А.Г.Исаченко таулы бедер климатты өзгертіп, климаттық және ландшафтық шекарасы ығыстырып, «кедергілі тау етегі» және «кедергілі көлеңке» ландшафтысын қалыптастырады және бұл әрекеттер температура мен ылғал алмасуда ерекше орын алған. Биіктік-ландшафтық белдеу типінің зоналығы және тау климатының ерекшеліктері климаттың континенттілігіне тәуелді болады. Қазақстандық Алтайдың климаты қоңыржай, өтпелі еуропалық қоңыржай континентті және Шығыс-Сібірге қарай күрт континентті болып келеді. М. В.Троновтың пікірінше, аумақ 3 климат типінің (моңғол, орта азия, батыс сібір) түйіскен жерінде орналасқан. Қатын жотасында ол аумағы – 75 км² болатын 126 мұздық бар екенін анықтады. Қазақстандық Алтайдың мұздықтарын зерттеуге Ф. В. Геблер, В. Д. Тронов, В. В. Сапожников, В. В. Резниченко, В. Б. Сочава, М. В. Тронов, Ю. Л. Селиверстов, Я. К. Башлаков, В. В. Заморуев, Р. В. Хонин, П. А. Окишев, В. С. Ревякин т.б. айтарлықтай өз үлестерін қосты. Биік таулы өңірлердің өзен алаптарындағы мұз басу үрдістері жайлы Н. Н. Пальгов, Е. Н. Вилесов, К. Г. Макаревич, Г. Н. Голубев, Ғ. А. Тоқмағамбетов, И. С. Соседов, А. П. Горбунов т.б. еңбектерінде жан-жақты баяндалған.

1966–1967 жж. Қазақ ССР ҒА Физикалық география секторының гляциологтары аэрофототүсірулер және ірі масштабты картаның негізінде Қазақстандық Алтай мұздықтарының ауданын және санын анықтап каталогын құрастырды. Қазақстандық ғалым-гляциолог Е.Н.Вилесов Қазақстан Алтайының мұздықтарына арнайы зерттеулер жүргізіп, ресейлік ғалымдармен бірлесіп, Алтай мұздықтарының каталогын (т.15,1969) жарыққа шығарды. Бұл каталогта Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық қарастырылған. Олардың жалпы ауданы – 89,6 км². Алайда, Қаз ССР ҒА география секторының (1973–1974 жж) Жоғарғы Бұқтырма және Ақ Берел алабында жүргізген экспедициялық зерттеулердің мәліметтері толыққанды емес, өйткені, каталогтағы мұздықтар (1942–1955 жж. аэрофотосуреттері) тізімдері ескірген материалдарға негізделген. Сапасы нашар аэрофотосуреттерден барлық мұздықтарды анықтау қиындыққа соғады. Н. В. Ерасов, Ғ. А. Токмағамбетов (1975) және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде Қазақстандық Алтай бөлігінен ауданы – 99,1 км2 болатын 350 мұздық анықталған. Соңғы зерттеулер нәтижесінде Жоғарғы Бұқтырма алабынан – 14 мұздық (жалпы ауданы – 8,4 км2 ) және Ақ Берелден 8 мұздық (1.1 км2) табылды. Біздің зерттеулерімізде жинақталған мәліметтер бойынша Шығыс Қазақстан облысының мұздықтарының таралу ареалдарымен салыстырмалы үлесі анықталды (кестелер 4–5, 5-сурет) Алтайда ірі мұздықтар өте аз, тек қана 4 мұздықтың ұзындығы – 5км, ал 71 мұздықтың ұзындығы – 5 км шамасында. Алтайдың ең ірі мұздығы Үлкен Берел, ұзындығы – 10,4 км, ауданы – 10,3 км² (4-кесте). Мұздықтардың жылжуы – белгілі бір кезең сайын қайталанып келіп отыратын құбылыс. Бірақ ішкі жағдайлары өзгермейді, олар белгілі бір уақытта қайталанып отырады. Сыртқы жағдайлардың жауын-шашынның жазда тез еруі, қар көшкінінің жиілігі және т.б өзгеруі лүпілдеу кезеңінде маңызды әсер етеді, өйткені, жылжудың пайда болуының басты факторы ретінде оның динамикалық қайта құрылуына әкеп соқтыратын мұздықта артық масса мен шектік кернеудің жиналу мерзімінен реттеледі. Мұздық атауларын топонимика саласында гляционимдер деп атайды. Мұздық атаулары көбіне сол таулардың жоталары немесе оларды ашқан саяхатшылар атымен жиі аталып жүр. Ал кейбір мұздықтарда осы күнге дейін өз атаулары жоқ (4-кесте).


4-кесте – Алтайдың Қазақстандық бөлігінің ең ірі мұздықтары

Атауы

Өзен алабы

Морфоло-гиялық типі

Жалпы экспозициясы

Ұз. км

Аудкм2

Биіктігі, м

Фирн сызы

ғы

ның



шегі

Үлкен Берел

Ақ Берел

күрделі

аңғарлық


ОШ, Ш

10,4

10,3

3120

1920

Кіші Берел

Ақ Берел

күрделі аңғарлық

ОШ, О

8,3

8,9

2810

2100

Үлкен Бұқтырма

Бұқтырма

күрделі аңғарлық

С

5,3

8,1

2900

2520

Кіші Бұқтырма

Бұқтырма

күрделі

аңғарлық


С, Ш

2,8

2,9

2920

2680

Лысова

Ақ Берел

карлық аңғарлық

ОБ

2,4

2,4

2770

2410

Попович

Ақ Берел

қарлы аңғарлық

СШ

2,6

1,7

2770

2950

Безымянный

Ақ Берел

карлық

ОШ

2,3

1,4

2930

2410

Ұлықтық

Тықбұлақ

аңғарлық

СШ, С

3,5

1,3

2980

2560

Тақтыбұлақ

Тықбұлақ

қарлы аңғарлық

СШ

2,5

1,1

2960

2650

Двухлопастной

Ақ Берел

қарлы аңғарлық

СШ

1,9

1,0

2680

2340

Сонымен қатар, сыртқы пішіні, орналасу ерекшеліктері, су жүйесі, елді мекен, тайпа, адам атынан туындаған гляционимдер де баршылық. Түркі тілдерінде мұздық термині қосымша мағыналарға сәйкес келеді: көшпе-мұз (қ. қалп), чиран (балк.), чангмұз (аз.), бузлақ (тат), муз, музтаг (хак., алт., шор), монғол тілінде «улун оройн мос» – тау мұздығы т.б.

Зерттеу нысанына айналған Қазақстандық Алтайдың ең биік нүктесін қазақтар Мұзтау деп атаса, орыстар Белуха немесе Катунские столбы деп атайды. Ал алтайлықтар Қатын бажы немесе Ақсулы деді. Бұл жерден үш халықтың жер-суға ат (номинация) берудегі байқампаздығы, тілдік, логикалық ерекшеліктері байқалып тұр. Орыстар таудың ақшаңқан түсін және жеке-жеке тұрған шыңдарын таңдап алса, алтайлықтар Қатын өзенінің басталатынын және бұл мұздықтан бастау алатын сулардың ақ айран түстес лайлы болатынын ескерген. Қазақтар бұл тауды басқа таулардан ажыратып тұрған бірден-бір белгісі – мәңгі мұз жамылғысын атауға негіз етіп алған сыңайлы. Тау мұздықтары мен қарлардың орналасу ерекшелігін анықтайтын белок (тау басы) термині (24 атау) негізінде қалыптасқан тау аттары ерекше көрініске ие. Иванов, Полынов, Сержин, Мурашев, Кучин, Лямин, Коровин т.б. антропонимнен туындаған «белок» атауларын жатқызуға болады.

Б. Бияров Өр Алтайдың оронимдерін зерттеу барысында кейбір орогляциологиялық терминдерге (атқы, көшкі, шашын) тоқталып, анықтамасын берген. Атқы қар мен мұздың кенет еруінен немесе қатты нөсердің салдарынан болатын, таудан ағып түсетін су тасқыны. «Сел» сөзіне балама болады. Көшкі таудың жылда қар сырғып түсетін қия беттері. Мағынасы: тау басынана сырғып түсетін қар, мұз, құм-тас қиыршықтары. Шашын – «қар көшкіні» түсетін жерлерге берілген атау. Қармен бірге түсіп, шашылып жатқан тастарды «шашын» деп атауы да мүмкін.

Осы орайда Атқытүскенсай, Жалпақкөшкі, Көккөшкі, Серікбай көшкіге кеткен, Бірінші Шашын, Екінші Шашын, Селдіртас шашыны атаулары қалыптасқан. Шашынның орысша мағынасы «морена», «россыпь» сөзіне сәйкес келеді. ТМД елдерінің мұздықтар Каталогында Алтай және Батыс Сібір (15 том) Таулы Алтай және жоғары Ертіс (Ертіс өзенінің сол жақ саласының алабы), Қаба, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Оба өзендерінің коректенетін мұздықтары жөнінде мәліметтер толық берілген. Жоғары Бұқтырма (Ертіс) алабында 74 мұздық орналасса, Ақ Берел (Бұқтырма, Ертіс) алабында – 37, Тұрғысын өзені алабы – 7, Үлбі (Ертіс) алаптарынан 15 мұздық анықталды.

Өсімдік және жануарлар дүниесін сипаттайтын Аршаты, Самырсындыбұлақ, Төсқайың, Бүркітсай, Таутекелі, Өгізсимас, сыртқы пішіні және ерекшелігінен мол геоэкологиялық ақпар беретін Аласақыр, Домалақ, Крутой, Қаражарық, Водападный гляционимдері бар. Антропонимнен туындаған Николаев, Попович т.б. мұз атауларымен бірге Ақкөл, Жаманқалың, Күркіреу, Табаты, Тайсомаха, Құрты (6), Қаракөл, Тікбұлақ, Ұлықтық, Жалғызмұз, Ақ, Ұланды, Құржыра т.б. мұз атаулары жергілікті оронимдерде бейнеленді. Табын-Богдо-Ола тау жотасынан батысқа қарай ендік бойымен созылып жатқан Оңтүстік Алтай тау жүйесіне Қаба өзенінің алабы сұғына еніп жатыр.

В. В. Сапожников Табын-Богда-Ола оронимін «Бес әулие тау» деп аударған. Бұл таудың басын қар басқан бес шыңы болғандықтан, «Бес әулие тау» деп атаған. Монғол қазақтары Бес боғда деп атайды. Мұнда да тауға табынатын дәстүр айқын сезіліп тұр. Қара-Қаба өзенінің бастауында оңтүстік Алтай екі бөлікке: Тарбағатай және Сарымсақты, оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай, Жетікезең, батысқа қарай Күршім жоталарының тізбектері деп бөлінеді. Қаба өзенінің алабында 85о52/-84о03/ ш.б. және 49о09/ с.е.) ауданы – 13,9 км2, 87 мұздық анықталған. Мұндағы мұздықтар: қарлық-аңғарлық аспалы және қарлық мұздану ауданның 60 %–ын алып жатыр. Ең үлкен мұздық Теректібұлақ өзені бастауында орналасқан. Оның ұзындығы – 3,2 км, ауданы – 2,0 км2, мұздықтардың орналасу шегі 2880-2920м биіктікте өтеді. В.В. Резниченконың (1910) зерттеулерінен кейін бұл өңірде гляциологиялық зерттеулер кейінгі уақытқа мүлдем жүргізілген жоқ деуге болады.

Аққаба (Қаба, Қара Ертіс, Жайсаң, Ертіс өз.) алабында 39 мұздық анықталған. Мысалы Екіашабұлақ, Екен, Құлағанжар, Қоржын,Самырсын, Самырсындыбұлақ, Темірқаба т.б. атауы жоқ гляционимдер шоғырланған. Арасан Қаба (жоғарыда аталған өзендер) алабында 21 мұздық бар. Атап айтсақ Арасан, Тік Арасан, Арасан Қаба, Қанжыға, Жандама, Шай-Аяқ т.б., Қара-Қаба (жоғарыда аталған өзендер) алабында 24 мұздық: Қарақаба (3), Жаман Қаба, Наурызбай және атауы жоқ гляционимдер топтамасы табиғат жағдайларында көрініс тапты.

Алтай мұздықтары секілді, Қаба өзені алабының мұздықтары соңғы он жылдықта жылына 5–25 м жылдамдықпен шегінуде. Олардың саны азаюда және тау жоталарынан мүлдем жоғалып кету қаупі бар. Ертіс өзенінің сол жақ саласының алабына Сауыр-Тарбағатай тау жотасының мұздықтары жатады. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Алтай мен Жетісу Алатауының арасында орналасқан тау жоталары (85о18/ және 85о34/ ш.б., 47о03/ с.е.) ендік бойы ұзыннан ұзақ созылып, Жайсаң және Алакөл тауаралық ойыстарымен қоршалып жатыр. Қазіргі мұздану облыстарымен салыстырғанда Сауыр жотасы жеке алшақ жатқан мұздық ауданына жатады. Мұздықтардың таралу ауданы Мұзтау, Обалы, Құртқа өзендерінің бойымен өтеді. Аумақтың 51,2 %–ын алып жатқан ауданы – 8,5 км2 болатын 4 аңғарлық және ауданы – 6,2 км2 қарлық-аңғарлы, қарлық-аспалы 11 мұздықтар бар. Сауырдың барлық мұздықтарын морфологиялық тұрғыдан Ю.П. Селиверстов сипаттап жазды.

Сонымен, барлық 18 мұздықтың жалпы ауданы – 16,6 км2. Ең ірі мұздығы – Қосайрық гляционимі болып табылады. Оның ауданы – 3,7 км2, ұзындығы – 4 км-ге жетеді. Мұздықтардың экспозициясы солтүстік (СШ, СБ) бағыттарда, шегі 3130 м биіктікте жатыр. Сонымен Үлкен Ұласты (Қара Ертіс, Ертіс алабы), Кендірлік (Жайсаң көлі, Ертіс өз.) алабтарының гляционимдеріне: Қосайрық, Бүркітқонған, Дара, Үлкен Боқан, Қиын Боқан, Орта Боқан (3), Кішкене Боқан, Ой-Қарағай, Орта және Батыс Мұзтау, Шығыс Обалы, Орта Обалы, Аба, Кішкене Аба, Құртқа, Кішкене Құртқа т.б. жатқызуға болады. Қар сызығының шекарасы шығысында біршама биігірек орналасқан. Еліміздің таулы өңірлеріндегі мұздықтарды зерттеудің өзіндік қиыншылықтары орын алады.



Адам өміріне өте қауіпті жағдайларда шыңдарға шығып, асуларды асып, өз алдарына қандай да бір мақсат қойып, өмірлеріне қауіп төнсе де, тек алға деп ұмтылған зерттеушілердің әрекетін ерлік деп бағалауға болады. Сондықтан, тылсым табиғат ғажайыптарының сырын игеремін деп, өз өмірін қауіпке мұзтанушыларды есте мәңгі қалдыру мақсатында географиялық атауларда олардың есімін байқауға болады. Алтай мұздықтарының атауларында сол жердің физикалық - географиялық ерекшеліктері (пішіні, ұзындығы, көлемі, орналасуы, түсі, флора мен фаунасы, т.б.) белгілі дәрежеде көрініс тапқан (5-сурет) .



5-сурет Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай және Сауыр-Тарбағатай жотасындағы мұздықтардың салыстырмалы үлесі
Алтайдағы атауы жоқ және белгісіз мұздық атауларына ұлы тұлғалардың есімін беріп, бұрмаланған мұздық атауларын түзетіп, Алтай мұздықтарының каталогын қазіргі таңда қолданыста жүрген гляционимдер негізінде жарыққа шығару гляциолог-ғалымдардың алдында тұрған маңызды міндет деп санаймыз. Аумақтардың мұздықтарын зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу жағдайы, дамуы, өзгеруі, өзен алаптарындағы орналасу ерекшеліктері жөнінде құнды деректер жинақталды. Таулы мұздықтар (гляционимдер) туралы жинақталған мәліметтеріміздің маңызы зор, себебі олар бізге табиғи құбылыстардың өзара байланыстарын көрсетіп, қоршаған ортаның заңдылықтарын қабылдауға мол мүмкіндіктер береді(5 - кесте).
5-кесте – Шығыс Қазақстан облысының мұздықтарының таралу ареалдары





Батыс Алтай

Оңтүстік Алтай

Сауыр-Тарбағатай

мұзд.алабы

саны

мұзд. алабы

саны

мұзд. Алабы

саны

1 Иванов

4

Жоғ. Бұқтырма

74

Мұзтау

8

2 Листвяга

20

Ақ Берел

37

Обалы

6

3 Холзун

5

Тұрғысын

7

Құртқа

4

5




Үлбі

15







6




Қаба

87







7




Ақ Қаба

39







8




Арасан Қаба

21







9




Қара Қаба

24










Барлығы

29




304




18




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет