Табиғат – тіршілік аясы «Таза болса табиғат – аман болар адамзат»



Дата18.02.2023
өлшемі15.27 Kb.
#469735
Табиғат - тіршілік аясы эссе Касымова Д


Табиғат – тіршілік аясы
«Таза болса табиғат – аман болар адамзат»,


«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ» - демекші, адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өміре алмайды.
Табиғатты ата бабаларымыз анаға теңеген. Өйткені табиғатта тірі дүниенің барлығы өсіді, дамиды, көбейеді, ұрпағын таратады. Табиғаттың бойындағы барды адамдар да, жан-жануарда, өсімдіктерде өз бойына сіңіріп, қуат алады. Табиғат сырын түсінбеу , оған немқұрайлы қарау үлкен зардапқа алып соқтырады.
Адам – табиғаттың құрам бөлігі . Табиғат – барлық тылсым дүние ұрпақтан –ұрпаққа қалатын мол байлық, асыл қазына . Табиғат сұлулығы талай ақынның шабыттын оятып, суретшінің қиялын жандандырды, ақындар табиғатқа арнап жыр жолдарын арнады. Табиғат – адам тіршілігінің қайнар көзі. Яғни, табиғатты қорғау, аялау, пайдалы қорларын үнемді пайдалану әр адамзаттың борышы екенін білеміз. Дегенмен рухани және құнды байлығын сыйлаған Жер – Анамыздың өз перзенттік борышымызды ақтай аламыз ба?
Бүгінгі таңда барлық адамдарды алаңдатып отырған үлкен мәселелердің бірі – бізді қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және оның ластануы. Тіпті біздің тұратын шағын ауылымыздың маңына тастай салған ең қарапайым тұрмыстық қалдықтардың өзі экологияға үлкен қауіп төндіруде. Топырақтың ластануы тұрмыстық қалдықтардан басталады. Тұрмыстық қоқыстарды арнайы орындарға жеткізбей тастап кетулері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің жетіспеушілігінен туындайды. Тұрмыстық қоқыстар шіруімейді, оның толығымен жойылуы жүздеген жылдарды қажет етеді. Зерттеулер нәтилері бойынша, қағаздан жасалған қоқыстар 2-5 айға дейін, қаңылтырдан жасалған заттар жүз жылға дейін, ал пластик бутылкалар бес жүз жылға дейін шіріп ыдырайды. Қоқыс шіріндісінен бөлінетін СО2 мен СН4 сияқты парникті газды бөліп, бүкіл ғаламдық жылынуға әсерін тигізуде. Ал кейбір тұрмыстық қалдықтар жер асты сулары мен топырақты ластайтын улы заттар бөлінеді. Тұрмыстық заттардан шыққан қоқыстардың 80 пайызын қайта өңдеп, тұрмыста қайта қолданысқа жіберуге болады. Қазіргі таңда бұл мәселе біздің елімізде де қолға алынып жатыр. Осы орайда мектебімізде «Эко-бум» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Біз сыныбымызбен пастик бутылкаларды жинап, олардың қалпақтарын бөлек жинап тапсырамыз. Осы наурыз айыннан бастап макалатура жинап жатырмыз. Өз туған ауылымыздың тазалығы мен көркейуі өз қолымызда екенін сыныптан тыс сағаттарда, тәрбиелік іс- шарларда түсіндіріліп, санамызға жеткізіп отырылады.
«Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғатпен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда» деп Ыбырай Жақаев айтқандай көркем табиғатты және оның байлығын көздің қарашығындай сақтап табиғат адамзат баласы үшін мәңгі құтты қонысыекенін балабақшадан бастап түсіне білсек, әр адамның дені сау, өмірі ұзақ болары анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет