Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті « Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы Тақырыбы: Қой эстрозын балау
Орындаған:
501 топ студенті
Серікқызы Аружан
Эстроз - Oestrus ovіs балаңқұрттары қоздыратын жіті және созылмалы энтомоз ауруы. Бөгелек балаңқұрттары қойдың танау, маңдай, бет сүйек қойнауларына орналасып, қабындырады, малдың тыныс жолдарын тарылтады.Пысқырық бөгелегінің дене тұрқы 10-12 мм, денесін сарғыш-қоңыр түк басқан. Басы кеудесіне қарағанда енді, екі жағында күрделі екі көзі, ал төбесінде нүкте тәрізді үш қарапайым көзі бар. Мұртшасы қысқа, ауыз мүшесі жетілмеген. Кеудесі ірі, орта шенінде төрт қара жолағы бар. Үш жұп аяқтары келтелеу, қоңыр түсті, түкті. Құрсақ жағы сопақ, түсі қара қоңыр, әр жері ақ жолақтанған. Эпизоотологиялық деректер Эпизоотологиялық деректер Пысқырық бөгелегі Қазақстанның облыстарында жыл бойы бір ұрпақ берсе, оңтүстік аймақ-тарында жылына екі ұрпақ беріп үлгіреді. Бірінші ұрпақтан шыққан бөгелектер мамыр айында, екінші ұрпақ-тан шыққандары тамыз-қыркүйекте ұшады. Олардың жаппай ұшуы топырақ қызуы 17 0С асқанда басталып, 15-20 күнге созылады. Бөгелектер көбінесе қой қорасы маңын сағалайды, ал ұрық шашар кезінде қой отарларын іздеп, 30 шақырымға дейін ұша алады.Қойдың эстроз ауруы республиканың қой шаруашылығымен айналасатын барлық аудандарында кездеседі. Әсіресе, еліміздің далалы және шөл-шөлейітті аймақтарында пысқырық бөгелегі мал басын жаппай зақымдайды. Кейбір шаруашылықтарда танау құртымен қойдың 90% зақымданады. Бір қойда ондаған, ал кейде 100 дейін балаңқұрт болады. Әсіресе кәрі, әлсіз мал бұл ауырумен жиі ауырады. Клиникалық белгілері Клиникалық белгілері Эстроз созылмалы ауру. Аурудың клини-калық белгілері малдағы балаңқұрттың санына және қойдың қоңына байланысты. Аурудың үш кезеңі белгілі. Бірінші кезеңі жәндіктердің ұшу мерзімі кезінде балаңқұрттардың малға жабысуына сай келеді. Балаңқұрттар танауына енген мал ауырсынады, мұрнын жерге үйкелейді, тұмсығынан қан аралас жалқаяқ ағады, тыныс алуы қиындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |