Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылы «18» қыркүйекте

№ 172 бұйрығымен

бекітілген

Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптары

1 - тарау. Негізгі терминдер мен анықтамалар
1. Табиғи газдарды тарату мен тұтыну жүйелерінің өндірістік қауіпсіздігі туралы осы Талапта келесі терминдер және анықтамалар пайдаланылады:

1) газдарды таратушы жүйе-газды оның тұтынушыларына тікелей тасымалдау мен беруге арналған, өзара ұйымдық және экономикалық байланысқан объектілерден тұратын мүліктік өндірістік кешен;

2) газдарды таратушы желі-елді мекендердің (қалалық, ауылдық және басқа да), кент аралықты қоса алғанда сыртқы газқұбырларынан, газдарды таратушы станцияның (бұдан әрі-ГТС) ажыратқыш шығару құрылғысынан немесе газдың басқа көзінен газды тұтыну объектінің енгізуші газқұбырына дейінгіні құрайтын газдарды тарату жүйесінің технологиялық кешені. Газдарды тарату желісіне газқұбырларындағы құрылыстар, электрохимиялық қорғаныш құралдары, газды реттейтін орындар (бұдан әрі-ГРО), шкафты реттейтін орындар (бұдан әрі-ШРО), газдарды таратудың технологиялық үдерісін (бұдан әрі-ГТ ТҮ) басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі-АСУ);

3) сыртқы газқұбыры-ғимараттан тыс жерде ендіретін газқұбырының алдындағы ажыратушы құрылғыға немесе ғимаратқа жер астынан кіргізген кезде құтыға дейін төселген жер асты, жер үсті немесе жерден биік орнатылған газқұбыры;

4) таратушы газқұбыры-газдарды тарату желісінің газды газбен жабдықтау көзінен өндіруші газқұбырларына дейін газды тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін газқұбыры;

5) кент аралық газқұбыры-газды тарату желісінің елді мекендердің аумағынан тыс жерде орналасқан газқұбыры;

6) қосатын газқұбыры-ендіретін газқұбырының алдындағы ажыратушы құрылғыға дейін немесе ғимаратқа жер астынан кіргізген кезде құтыға дейінгі таратушы газқұбырына жалғанған жердегі газқұбыры;

7) енгізетін газқұбыры-сырттан орнатқан кезде газқұбырының ғимаратқа кіретін жеріндегі ажыратқыш құрылғының сыртынан орнатылған ішкі газқұбырына дейінгі бөлігі, ғимараттың қабырғасы арқылы төселген газқұбырын қоса алғанда;

8) алаңның сыртындағы газқұбыры-газды газбен жабдықтау көзінен өндірістік тұтынушыға дейін беруді қамтамасыз ететін, кәсіпорынның өндірістіктің аумағынан тыс жерде орналасқан таратушы газқұбыры;

9) алаңның ішіндегі газқұбыры-газды өндірістік тұтынушыға дейін беруді қамтамасыз етуші кәсіпорынның өндірістіктің аумағының ішінде орналасқан таратушы газқұбырының бөлігі (енгізу);

10) есептік қысым-есептік ресурсының ішінде сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін көлемдерін негіздеу кезінде беріктігіне есептеу жүргізілетін газқұбырындағы максималды артық қысым;

11) пайдаланудың есептік ресурсы-объектінің пайдалану немесе жөндеуден кейін қалпына келтіру басталғаннан шекті күйіне ауысқанға дейінгі орындайтын жұмысының жиынтығы;

12) қызмет еткінің есептік мерзімі-пайдалану немесе жөндегеннен кейін қалпына келтіру, басталғаннан шекті күйіне ауысқанға дейінгі күнтізбелік ұзақтығы;

13) жалғайтын бөліктер (фитингтер)-газқұбырының бағытын өзгертуге, жалғауға, тармақтауға, бөлімдерін жалғауға арналған элементтері;

14) диагностика-объектілердің (газқұбырлары және ғимараттардың) техникалық жай-күйін анықтаудың теориясын, әдістері мен тәсілдерін қамтитын білімдердің саласы;

15) техникалық қызмет көрсету-бұйымдарды (техникалық құрылғыны) мақсаты бойынша пайдаланған кезде, күткенде, сақтап және тасымалдағанда жұмыстық қабілетінде немесе жарамды күйінде ұстау жөніндегі операциялар жиынтығы немесе операциясы;

16) жөндеу - бұйымдардың (газқұбырларының және құрылыстардың) жарамдылығын немесе жұмыстық қабілетін қалпына келтіру және бұйымның ресурстарын немесе олардың құрамдас бөліктерін қалпына келтіру жөніндегі операциялардың жиынтығы;

17) ГРО, газды реттейтін қондырғы (бұдан әрі-ГРҚ)-газдың қысымын төмендетуге және оны газды тарату желілерінің белгіленген деңгейлерінде ұстауға арналған технологиялық құрылғы;

18) ШРО-шкафты күйінде жасалған технологиялық құрылғы, газдың қысымын төмендетуге және оны газды тарату желілерінің белгіленген деңгейлерінде ұстауға арналған;

19) газды реттейтін блокты орын (бұдан әрі-ГРБО)-тасымалданатын блокты қалпында жасалып, заводтан толық дайын күйінде шығарылған технологиялық құрылғы, газдың қысымын төмендетуге және оны газды тарату желілерінің белгіленген деңгейлерінде ұстауға арналған;

20) газды қауіпті жұмыстар-газдалған немесе газдың шығуы мүмкін ортада орындалатын жұмыстар;

21) отты жұмыстар-ашық отты пайдаланумен байланысты жұмыстар;

22) газдың қауіпті шоғырлануы-жалынның таралуының төменгі шоғырлану шегінің 20 % асатын, газдың ауадағы шоғырлануы (газдың көлемдік үлесі);

23) бұзбайтын бақылау-материалдардың сипатын бұйымды бұзбастан немесе үлгілерін алмастан анықтау;

24) дәнекерлеу технологиясының аттестациясы-ұйымның аттестациялық технология бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына жауап беретін, жалғауларды дәнекерлеу жұмыстарын орындай алуының техникалық мүмкіндіктерін растаудың мақсаттарында жүргізілетін, құбырлар мен жалғанған бөліктердің дәнекерленген жалғауларының көрсеткіштерін және сипаттамаларын анықтаудың процедурасы;

25) дәнекерлеу технологиясы аттестациясының таралу саласы-технологияларды сынаудың негізгі көлемі мен өлшемдерін тану;

26) газды тұтыну жүйелері-газды тасымалдау мен газды пайдаланатын жабдықта отын ретінде пайдалануға арналған, өзара ұйымдық және экономикалық байланысқан объектілерден тұратын мүліктік өндірістік және технологиялық кешені;

27) газды тұтыну желісі-ішкі газқұбырларының желісін, газды жабдықты, газдың жану үдерісінің қауіпсіздігі мен реттеу автоматикасының жүйесін, газды пайдаланатын жабдықты, бір өндірістік аумақта (бұдан әрі-алаңда) орналасқан құрылыстар мен ғимараттарды қоса алғандағы газды тұтыну жүйесінің өндірістік және технологиялық кешені;

28) газдандырылған өндірістік қазандық-орнатылған жабдықтың жиынтық жылу қуаттылығы 360 кВт және одан да көп болатын бір және одан да көп қазандар орналасқан жай;

29) газдандырылған өндірістік жай, цех-газды және газды қолданатын жабдық орналасқан, көрсетілген жабдықты технологиялық (бұдан әрі-өндірістік) үдерісте қолданудың мақсаттарында табиғи газды отын ретінде пайдалануға арналған өндірістік жай;

30) газды пайдаланатын жабдық (бұдан әрі-қондырғы)-газды отын ретінде қолдану арқылы технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдық. Газ пайдаланатын жабдық ретінде қазандар, құбырлар, пештер, газпоршенді қозғалтқыштар, технологиялық желілер және басқа да жабдық пайдаланылады;

31) өндірістік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы-сараптама объектінің өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні немесе келмейтіні туралы негізделген қорытындыларды мазмұндайтын құжат;

32) газды тарату желісінің қорғалатын аймағы-пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету және оған зиян келуіне жол бермеудің мақсаттары мен газқұбырлары жолының бойына және газды тарату желілерінің басқа да объектілерінің айналасына орнатылатын пайдалану шарттары ерекше аумақ;

33) газды тарату желісінің пайдаланушы (газды таратушы) ұйымы (бұдан әрі-ГТҰ)-газды тарату желісін пайдалануды жүзеге асыратын және газды тұтынушыларға берумен байланысты қызметтерді көрсететін маманданған ұйым. Пайдаланушы ұйым-газды тарату желісінің меншік иесі не желінің меншік иесі ұйыммен оны пайдалануға келісім-шартты жасасқан ұйым;

34) апатқа қарсы қорғаныс-газды апаттық ажырату құрылғысы;

35) тосқауыл қою-персонал қауіпсіздік талаптарын бұзған кезінде газды жіберуге немесе агрегатты қосуға мүмкіндік бермейтін құрылғы;

36) дабыл белгісі-бақыланатын өлшемнің мәні ескерту беретін шекке жеткен кезінде дыбыстық немесе жарық белгісін беруді қамтамасыз ететін құрылғы;

37) резерв тәртібі-газды пайдаланатын қондырғының жай-күйі, бұл кезде газ жағылмайды және газқұбырларында артық қысым болмайды. Газқұбырларының жетегіндегі тығынды арматура қондырғыға қатысты «жабық» қалпында болады;

38) сақтап қою тәртібі, жөндеу тәртібі-газқұбырларының қондырғыларын газдан босатып және бұқтырманы орнату арқылы ажырату тәртібі;

39) газды қазандар-көмірсутекті газдарды жағуға арналған қазандар;

40) сақтандырғыш бекіту клапаны (бұдан әрі-СБК)-газдың берілісін тоқтатуды қамтамасыз ететін құрылғы, бұдан жұмыс органын жабық қалпына келтірудің жылдамдығы 1 с аспайды;

41) сақтандырғыш түсіру клапаны (бұдан әрі-СТК)-газды жабдықты желідегі газ қысымының рұқсат берілген шектен асып кетуінен қорғауды қамтамасыз ететін құрылғы;

42) «жылу жәшігі»-қазанға жапсарлас жабық кеңістік, онда қосалқы бөліктер (коллекторлар, камералар, экрандардың кіретін және шығатын бөліктері және басқалары) орналасқан;

43) газды турбиналы қондырғы-газды турбинаның, газды ауа жолының, басқару жүйесінің және қосалқы құрылғылардың құрастырылып біріктірілген жиынтығы. Газды турбиналы қондырғының түріне байланысты оған компрессорлар, газды турбина, қосатын құрылғы, генератор, жылу алмастырғыш аппарат немесе желінің суын өндірістік жабдықтау үшін қыздыруға арналған кәдеге жаратушы қазан кіреді;

44) кәдеге жаратушы қазан-газды жағып бітіруге арналған оттықты немесе оттықсыз булы не сумен қыздырылатын қазан, онда жылу ретінде технологиялық өндірістердің ыстық газдарын немесе басқа технологиялық өнім ағындарын пайдаланады;

45) газды турбина-электрқуатын өндіруге арналған құрылғы, жұмыс денесі ретінде органикалық отынның жану өнімдерін пайдаланады;

46) булы газды қондырғы-қыздырудың радиациялық және конвективті беттерін қамтитын, органикалық отынды жағудың және газды турбинада жұмыс денесі ретінде пайдаланылатын жану өнімдерінің жылуын кәдеге жаратудың есебінен булы турбинаның жұмысы үшін буларды айналдыратын және қыздыратын құрылғы оған енетіндер: газды турбина(лар), генератор(лар), кәдеге жарату қазаны жағып бітіру арқылы немесе онсыз, энергетикалық қазан, булы турбина(лар).

47) газды ауа жолы-газды пайдаланушы құрылғының оттық ішілік кеңістігін қоса алғандағы ауа желілерінің және түтін, газ желілерінің жүйесі;

48) полиэтиленді құбырлар мен бөліктерді дәнекерлеуге арналған дәнекерлеу аппараттары:

қолмен басқарылады, бұнда дәнекерлеу тәртібін көзбен шолып немесе жартылай автоматты түрде бақылай отырып, бақылау нәтижелерін жұмыстарды жүргізудің журналына тіркеу арқылы қолмен орындалады;

автоматтандырудың орташа дәрежесімен, бұларда дәнекерлеу дәнекерлеу өлшемдерінің компьютерлік бағдарламасын пайдалану және дәнекерлеудің тәртібін толық бақылауда ұстау арқылы бақылаудың нәтижелерін хаттама түрінде басып шығару жолымен жүргізіледі;

автоматтандырудың жоғары дәрежесімен, бұларда дәнекерлеу дәнекерлеу өлшемдері мен дәнекерлеудің үдерісін компьютерлік бағдарламасын пайдалану (сонымен бірге қыздыру элементін автоматты түрде кетіру) арқылы, сонымен бірге әр түйіскен жерді дәнекерлеудің нәтижелерін тіркетумен толық хаттама түрінде басып шығару жолымен жүргізіледі.



2 - тарау. Қолдану саласы және қолданудың тәртібі
2. Осы Талап отын ретінде пайдаланылатын табиғи газдарды тарату және газды тұтыну жүйелерін жобалау, құрылысы, құрастыру, қайта құру мен пайдалануға, сондай-ақ осы жүйелерде қолданылатын (техникалық құрылғыларға) қойылатын өндірістік қауіпсіздік саласындағы арнайы талаптарын белгілейді.

3. Талаптар келесілерге қолданылады:

1) кент аралықтарын қоса алғандағы елді мекендердің сыртқы газқұбырлары;

2) өндірістік, ауыл шаруашылық және басқа да өндіріс орындарының сыртқы (алаң ішілік), ішкі газқұбырлары және газды жабдығы (техникалық құрылғылар);

3) жылу электр станцияларының (бұдан әрі-ЖЭС) сыртқы және ішкі газқұбырлары мен газды жабдығы (техникалық құрылғылар), сонымен бірге газды турбиналы және булы газды қондырғыларға газ қысымы 1,2 МПа асатын алаң ішілік газқұбырлары, ықшамдау және лайықтау, тазарту, кептіру, қыздыру блоктарын қоса алғанда газды дайындау орындары және сығымдаушы компрессорлық станциялар;

4) ауданның жылу станцияларының (бұдан әрі-АЖС), өндірістік, жылу-өндірістік және жылу қазандықтарының, сонымен бірге жеке тұрған, тұрғызылған, салынған және шатырлы қазандықтардың сыртқы және ішкі газқұбырлары және газды жабдық (техникалық құрылғылар);

5) ГРО, ГРБО, ГРҚ және ШРО;

6) болат газқұбырларын электрохимиялық коррозиядан қорғау құралдары;

7) газды таратудың және тұтынудың технологиялық үдерістерін автоматтандырылған басқару жүйелері және құралдары;

8) газқұбырларындағы құрылыстар мен ғимараттар.

4. Талаптар келесілерге қолданылмайды:

1) автомобильді газтолтыратын компрессорлық станциялар (бұдан әрі-АГТКС);

2) металлургиялық өндіріс орындарының технологиялық (алаң ішілік) газқұбырлары және газды жабдықтар;

3) газ қысымы 1,2 МПа асатын магистралды газқұбырлары және бұратын газқұбырлары;

4) химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін, табиғи газды шикізат ретінде пайдаланатын өндіріс орындарының технологиялық (алаң ішілік) газқұбырлары және газды жабдықтар;

5) газды өндіретін өндіріс орындарының технологиялық (алаң ішілік) газқұбырлары және газды жабдықтар;

6) сұйытылған көмірсутекті газдарды (пропан-бутан) сақтау, тасымалдау және пайдалану объектілері;

7) газды пайдаланатын жылжымалы қондырғылар, сондай-ақ автомобиль, темір жол көлігінің, ұшатын аппараттардың, өзен және теңіз кемелерінің газды жабдығы;

8) арнайы газды және газды пайдаланатын әскери мақсаттағы жабдық;

9) сынақтық газқұбырлары және газды жабдықтың тәжірибиелік үлгілері;

10) газды ауа қоспаларының жарылыс қуатын пайдаланатын немесе қорғаныш газдарын алуға арналған қондырғылар;

11) газ тұрмыстық немесе зертханалық мақсаттарда пайдаланылатын әкімшілік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының ішкі газқұбырлары мен газды құрал-жабдық;

12) өндірістік мақсаттарға арналған жылу қуатын өндірместен және (немесе) қызметтерді ұсынбастан орнатылған жабдықтың жиынтық жылу қуаты 100 кВт-тан кем болатын қазандықтарымен, жылу генераторларымен әкімшілік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын автономды жылытудың және ыстық сумен жабдықтаудың жүйелері.

5. Газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, құрастыру және пайдалану, жабдықтардың (техникалық құрылғылардың) құрылысын, құрастыру, ретке келтіру мен сынақтан өткізуді өндірістік қадағалау, өндірістік қауіпсіздік сараптамасы, кадрларды қауіпті өндірістік объектілер үшін дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау және жұмыстарды орындау Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік туралы заңына сәйкес білімі тексеруден өткен тұлғалармен жүзеге асырылады.

6. Газқұбырларының құрылысы және құрастыру, газқұбырлары мен техникалық құрылғыларды техникалық диагностикалау кезінде бұзбайтын әдістермен дәнекерлеу жұмыстарының (денекерлеп жалғаудың) сапасын техникалық бақылау белгіленген тәртіпте аттестациядан өткен зертханаларда жүзеге асырылады.

3 - тарау. Жобалау
7. Газқұбырларын электрлі химиялық коррозиядан қорғауды қоса алғандағы, газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің, олардың элементтері құрылысының (қайта құрудың) жобалары аттестациядан өткен ұйымдармен орындалады.

8. Елді мекендердің газ тарату және өндіріс орындарының газды тұтыну жүйелерінің жобалары осы Талапты, құрылыс нормалары мен басқа да нормативтік құжаттарды ескере отырып жасалады.

Қабылданған жобалық шешімдер газбен үзіліссіз және қауіпсіз жабдықтауды және газды тұтынушыларды жедел ажыратудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

9. Газқұбырлары құрылысының жобалық құжаттамасын жасау елді мекендерді газбен жабдықтау жөнінде белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлардың негізінде жүзеге асады.

Газды тарату желісінің жобалық кестесі және газқұбырының құрылысы газқұбырын пайдаланудың нормативтік мерзімінің шегінде қауіпсіз және сенімді пайдалануды, газды қысымы мен шығыны бойынша берілген өлшемдерімен тасымалдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ конденсатты тығындалуларға жол бермейді.

10. Осы Талап газқұбырларына және олардағы құрылыстарға қолданылады:

1) жылу электр станциясының аумағындағы газтурбиналы және булы газды қондырғыларға 1-а санатты қысымы жоғары 1,2 МПа асады;

2) 1 санатты қысымы жоғары 0,6-дан асады қоса алғанда 1,2 МПа-ға дейін;

3) 2 санатты қысымы жоғары 0,3-тен асады қоса алғанда 0,6 МПа-ға дейін;

4) 3 категориялы қысымы орташа 0,005-тен асады қоса алғанда 0,3 МПа-ға дейін;

5) 4 санатты қысымы төмен, қоса алғанда 0,005 МПа-ға дейін.

11. Жобаларда қарастырылып отырған, сонымен бірге импорттық материалдар, техникалық құрылғылар, өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органда оларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат алады.

12. Газды тарату желілерінің жобаларын бірегей мемлекеттік немесе жергілікті координат жүйелері бойынша жасалған топографиялық жоспарларда жасайды.

Жобаларда геологиялық-гидрологиялық зерттеулердің деректерін мазмұндайды.

13. Газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің жобалық құжаттамасы бекіткенге дейін газды тарату ұйымының тапсырыс берушісімен оның берген нормативтік құжаттарына сәйкес келісіледі, егер 24 айдың ішінде құрылыс басталмаса, қайтадан келісуге жатады.

14. Газды тарату желісіне қосылудың нормативтік құжаттары газды таратушы ұйымдармен беріледі.

15. Нормативтік құжаттарға газды тарату желісінің орналасу орнын жоспарда көрсету арқылы оған қосылудың нүктесі, қосылу нүктесіндегі газдың қысымы, құбырлардың диаметрі және материалы, электрохимиялық қорғаныш құралдары (болат газқұбыры үшін) туралы мәліметтер, сондай-ақ топырақтың белсенділігі мен кездейсоқ тоқ көздерінің бар екені туралы деректер енеді.

16. Газбен жабдықтау объектілерінің құрылысы, қайта құру және техникалық қайта жарақтандырудың жобалық құжаттамасы өндірістік қауіпсіздіктің сараптамасынан өткізуге жатады.

17. Өндірістік қауіпсіздіктің сараптамасынан өткізуге жататын жобалар:

1) облыстарды, аудандарды, қалалық және ауылдық кенттерді газбен жабдықтау кестелерінің;

2) газды тарататын газқұбырларының, сонымен бірге газқұбырларын электрохимиялық коррозиядан қорғаудың;

3) елді мекендерде газды таратудың технологиялы үдерістерін автоматизациялаудың; газдың жану үдерістерінің қауіпсіздігі мен реттеудің автоматика жүйелерін қоса алғанда, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да өндірістік орындардың, ЖЭС, АЖС, жылу-өндірістік және жылу қазандықтарының газды тұтыну жүйелерінің.

18. Өндірістік қауіпсіздіктің сараптамасына өткізуге газды және газ пайдаланатын құрал-жабдық орналасқан ғимараттар (қазандардың, ГРО, ГРБО, цехтардың ғимараты), сондай-ақ құрылыстар (газ жүретін және түтін құбырлары) жатады. Ғимараттардың сараптамасы жобалық құжаттаманы сараптаған кезде, бұрын оған газ пайдаланушы құрал-жабдықты орналастыруға арналмаған ғимаратты, ғимаратқа газды пайдаланатын жабдықтың авариясынан әсер болғаннан кейін қайта кескіндегенде, сондай-ақ қызметінің мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

19. Газдандыру жобаларының өндірістік қауіпсіздігінің сараптамасы, техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін аттестациядан өткен ұйымдар тартылады.

Жобалық құжаттаманың өндірістік қауіпсіздік сараптамасы Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңымен белгіленген тәртіпте жүзеге асады.

4 - тарау. Газды тарату желілері
20. Газқұбырын төсеудің және газқұбырынан қосалқы инженерлік коммуникацияларға, сондай-ақ құрылыстарға, ғимараттарға, табиғи және жасанды бөгеттерге дейін көлденеңінен және тігінен қашықтықта болуының шарттарын таңдап алуды газбен жабдықтау жөніндегі қолданыстағы құрылыс нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген басқа да нормативтік құжаттарды ескере отырып орындайды.

21. Жобаларда газқұбырларын жер астынан төсеу қарастырылады. Газқұбырларын жер үстінен және жер астынан төсеу сәйкесінше негіз болғанда жүзеге асырылады.

Газқұбырларының орналасуы құбыр үстінен 0,8 м кем болмауы көзделеді.

Болат газқұбырлары үшін көлік және ауыл шаруашылығы машиналары қозғалуы көзделмеген орындарда (кент аралық газқұбырлары),-0,6 м кем болмайды.

22. Белгіленген тәртіпте бекітілген басқа нормативтік құжаттармен қайшылықтар болмаған жағдайларда басқа инженерлік коммуникациялармен бірлескен алаң ішілік газқұбырларын қоса алғанда, жер үсті және жер асты газқұбырларын төсеуге рұқсат беріледі.

Құбыржелілерінің арасындағы қашықтық технологиялықтың және құрылысы мен пайдалану кезіндегі жұмыстарды жүргізудің қолайлы болуының шарттарынан қабылданады.

Газқұбырларын құрылыстар мен ғимараттардың қабырғалары бойынша төсеген кезде қоршайтын құрастырмаларға дейінгі қашықтық (жарыққа) газқұбырының диаметрінің жартысынан кем болмайтындай етіп алынады.

Газқұбырына бөлінген жердің ені жер асты газқұбырында ғимараттың көлденең аумағына және тіректердің, эстакадалардың, өткелдердің мәтшаларын қоса алғанда, траверстің (ригелдің) барлық ұзына бойына тең.

23. Жер үстінен төсегенде арматураны автомобиль және жаяу жүргінші көпірлерінің аумағының шегіндегі алынбалы жалғанған жерлеріне, темір жол және автомобиль жолдарының үстінен орнатуға рұқсат берілмейді.

Газқұбырлары жолының бұрылатын бұрыштарының есебінен автомобиль және темір жол аумағының шегінде компенсаторларды орнатуға, олардың қауіпсіздігін негіздеген кезде рұқсат беріледі.

24. Газқұбырлары құрастырмасының беріктігі және төзімдігінің есептері, сондай-ақ газқұбырларының гидравликалық есебі белгіленген тәртіпте бекітілген сәйкесінше әдістемелік құжаттар бойынша жүргізіледі.

25. Газқұбырларының есебі газқұбырына әрекет уақыты, бағыты бойынша әсер ететін жүктемелерді, сондай-ақ топырақ және табиғи шарттармен туындаған жүктемелерді (босаңсу, отыру, сейсмикалық әсерлер, аумақты өңдеу және басқалары) ескере отырып жүргізіледі.

Газқұбырына әсер ететін жүктемелерді есептеген кезде, құбыр және арматураның өз салмағы, газқұбырларының алдын ала қысымды күйі, температуралық ауытқулар, көшкін және су тасулары кезіндегі болуы мүмкін қосымша жүктемелердің әсері ескеріледі.

26. Жер үстінің газқұбырлары үшін дірілді жүктемелер болған кезде немесе сейсмикалық аудандарда орналасқандары үшін, олардың жылжуын қамтамасыз ететін және газқұбырының тіректен құлауына жол бермейтін бекіту әдістері қарастырылады.

27. Газқұбырларын жер үстінен төсеген кезде стандартты жылжымалы немесе жылжымайтын немесе типті не жеке жобалар бойынша орындалған тіреуіш бөліктері қарастырылады.

Тіректердің аралығы табиғи әсерлермен туындаған пішіннің өзгеруін ескере отырып анықталады. Топырақтың пішіні өзгереді деп жобаланған кезде тіректердің құрылысы, әдетте газқұбырын жобалық қалпына келтірудің мүмкіндігін қарастырады.

28. Жер үстінің газқұбырлары жанбайтын материалдардан жасалған тіректерге, эстакадаларға, өткелдерге төселеді.

Газқұбырының адымы газқұбырларынан болатын жүктемені, топырақтың тіректерге әсерін, сондай-ақ табиғи әсерлерді ескере отырып анықталады. Төсемнің биіктігі құрылыс нормалары мен талаптарға сәйкес қабылданады.

29. Жер үсті газқұбырларының қозғалмайтын тіректердің арасындағы телімдері оларға құбыр қабырғасының температурасының, қысымның тигізетін әсерлерін ескере отырып есептеледі. Осы әсерлердің орындарын толтыру үшін жолдың бұрылатын бұрыштарының есебінен газқұбырларының өздігінен орнын толтыруын немесе заводтық дайындалған компенсаторларды (линзалы, сильфонды) пайдаланады.

30. Газқұбырлары үшін құбырлардың материалдарын, арматураларды, жалғайтын бөліктерін және газды тұтыну жүйелері үшін техникалық құрылғыларды таңдаған кезде қысымды, есептік температураларды және басқа да шарттарды есепке ала отырып бекітілген номенклатураны басшылыққа алады.

31. Құбыр қабырғасының қалыңдығы газқұбырларының опырылып құлайтын орындарда жер асты және жер үстінде 3 мм кем болмайтындай етіп, және опырылып құламайтын орындардағы жер үстінде 2 мм кем болмайтындай етіп таңдалады.

Жер асты өткелдері үшін құбыр қабырғасының қалыңдығы есептік қалыңдығынан 2 мм артық, бірақ 5 мм кем болмайтындай, жалпы желідегі темір жолдар арқылы өткелдерде-есептік қалыңдығынан 3 мм артық, бірақ 5 мм кем болмайтындай етіп орындайды.

Болат құбырлардың құрамындағы көміртек 0,25 %, күкірт-0,056 %, фосфор-0,046 % көп болмайды.

Көміртекті және қоспалануы төмен болаттар үшін көміртектің баламасының көлемі 0,46 % аспайды.

32. Полиэтиленнен жасалған құбырдың материалына, таңбалауға және газқұбырлары үшін полиэтиленді құбырларды сынаудың әдістеріне қойылатын талаптар мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді.

Газ құбырларын дайындау үшін қосалқы полиэтиленді пайдалануға рұқсат берілмейді.

33. Газқұбырларының құрылысы кезінде пайдаланылатын полиэтиленді құбырлар ISO 161-1:1996(Е) бойынша беріктігінің талап етілген минималды шегімен (бұдан әрі-MRS) 8,0 MПa кем болмайтын полиэтиленнен жасалады.

Полиэтиленді газқұбырларының құрылысы кезінде MRS мәні әртүрлі құбырларды және жалғайтын бөліктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

34. Полиэтиленді құбырлардан жасалған жер асты газқұбырларын төсеуге рұқсат беріледі:

1) елді мекендердің аумағында-0,3 МПа дейінгі қысымда;

2) елді мекендердің аумағынан тыс жерлерде (кент аралық)-0,6 МПа дейінгі қысымда.

Беріктік қорының коэффициенті 2,5 кем емес болып қабылданады.

35. Бір-екі қабатты және коттеджді ғимараттары бар елді мекендердің аумағында беріктік қорының коэффициенті 2,8 кем болмайтын қысымы 0,3 МПа жоғары 0,6 МПа дейін полиэтиленді құбырлардан жасалған жер асты газқұбырларын төсеуге рұқсат беріледі.

Тұрғындар саны 200 адамға дейін жететін елді мекендер үшін қысымы 0,6 МПа дейін беріктік қорының коэффициенті 2,5 кем болмайтын полиэтиленді құбырлардан жасалған жер асты газқұбырларын төсеуге рұқсат беріледі.

36. Полиэтиленді құбырлардан жасалған жер асты газқұбырларын төсеуге рұқсат берілмейді:

1) пайдаланудың барысында құбыр қабырғасының температурасы минус 15°С төмендеуі мүмкін болғанда;

2) құрамында ароматты және хлорланған көмірсутектері бар газдарды, сонымен бірге сұйытылған көмірсутекті газдардың сұйық фазасын тасымалдау үшін;

3) сейсмикалығы 7 балдан жоғары аудандарда елді мекендердің аумағында беріктік қорының коэффициенті өлшем ұзындығынан 2,8 төмен құбырлардан дәнекерленіп түйіскен жалғауларын ультрадыбысты әдіспен 100 % бақылаусыз;

4) жер астында, жердің бетінде, ғимараттардың ішінде, сондай-ақ тоннелдерде, коллекторларда және арналарда;

5) жасанды және табиғи көпірлер арқылы (жалпы желідегі темір жолдар және 1-3 санатты автомобиль жолдары, жылдам жүретін жолдар, магистральды көшелер мен жалпы қалалық маңызы бар жолдар арқылы), сондай-ақ ені 25 м асатын су бөгеттері және 3 типті батпақ арқылы беріктік қорының коэффициенті 2,8 төмен болғанда және құбырдың номинальды сыртқы диаметрінің мәні құбыр қабырғасының номиналды қалыңдығына қатысы (SDR) ISO 161-1:1996(Е) бойынша 11 артық болған кезде.

37. Жер асты газқұбырларының басқа коммуникациялармен қиылысатын жерінде газдың коммуникация бойымен енуіне және қозғалуына жол бермейтін қорғану шаралары қарастырылады.

38. Жер үстінің газқұбырлары электр берілісінің жоғары вольтты желілерімен қиылысқан кезде электрдің сымдары үзілген жағдайдағы олардың газқұбырларына құлауына жол бермейтін қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

Газқұбыры мен оның қорғаныс құрылғысының қарсылығы 10 Ом аспайды.

39. Қиылысқан жерлері мен қатар төсеген кездегі газқұбырлары және электрсымдарының арасындағы қашықтық электрқондырғыларын орнату жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің талаптарын сақтай отырып орындалады.

Қатар төсеген кезінде майтолтырғыш кабель желілерінің қысымы 35 кВ дейін болатын кабель желілерінен және пластмассалы оңашалағышы бар кабель желілерінен 1 санатты жоғары қысымдағы 0,6 астам 1,2 МПа дейін болатын газқұбырына дейінгі көлденең қашықтығы-2 м кем емес;

2 санатты жоғары қысымдағы 0,3 астам 0,6 МПа дейін қоса алғанда-1 м кем емес;

3 санатты орташа қысымдағы 0,005 астам 0,3 МПа дейін қоса алғанда-1 м кем емес;

4 санатты төмен қысымдағы 0,005 МПа дейін қоса алғанда-1 м кем емес.

Кабель желілері құбыр желілерін, сондай-ақ мұнай және газ желілерін қиып өткен кезде, кабелдер мен құбыр желілерінің арасындағы қашықтық 0,5 м кем болмайды.

Бұл қашықтықты кабелді қиылысу орнына құбырлардың әрбір бағытына 2 м кем болмайтын қашықтықпен төсеген кезде 0,25 м дейін азайтуға рұқсат беріледі.

Майтолтырғыш кабель желісі, кабель желісі құбыр желілерінің пластмассалы оңашалағышымен қиылысқан кезде, олардың арасындағы қашықтық 1 м кем болмайды. Орын тар болған жағдайларда 0,25 м кем болмайтын қашықтыққа рұқсат беріледі, бірақ кабелдер құбырларда немесе қақпағы бар темірбетонды науаларда орналасуы шарт.

40. Газқұбырларын қабырға арқылы төсеген кезде болат қалыпқа салынады. Қалыптың ішкі диаметрі құрылыс пен ғимараттың пішіні өзгеруінің орын алуы мүмкіндігін ескере отырып анықталады және газқұбырының диаметрінен артықтығы 100 мм кем болмайтындай етіп жасалады. Газқұбыры мен қалыптың арасындағы саңылаулар икемді материалмен тығыздалады.

41. Тығын арматурасы мен компенсаторларды орналастыруға арналған құдықтар оларды құрастыруды және пайдалануды қамтамасыз ететін көлемге ие.

Құдықтардың құрастырмасы топырақ суларына қатысты суға төзімді болып жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет