Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жiктемесiн бекiту туралы



Дата26.06.2016
өлшемі21.54 Kb.
#159673
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жiктемесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 1310 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 620-құжат

      "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жiктемесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi 

Қазақстан Республикасы   


Үкiметiнiң        
2004 жылға 13 желтоқсандағы 
N 1310 қаулысымен     
бекiтiлген         

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың жiктемесi

      1. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:


      5-тен астам, бiрақ 10-нан көп емес адам қаза болса;
      50-ден астам, бiрақ 100-ден көп емес адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi бес мыңнан он бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай объектiлiкке жатады.
      2. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықса және облыстың екi ауданының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      10-нан астам, бiрақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
      100-ден астам, бiрақ 500-ден көп емес адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мыңнан жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жергiлiктiге жатады.
      3. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
      500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.
      4. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      200-ден астам адам қаза болса;
      1500-ден астам адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет