Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы" 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 және "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1353 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 358-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларында:
382-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«382. Кезекшi iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарына әзiрлiктiң үш дәрежесi белгiленедi:
1) № 1 әзiрлiк:
iздестiру-құтқару ӘК шұғыл ұшып көтерiлуге әзiр, қозғалтқыштар сынақтан өткен, электрмен қоректендiрудiң жердегi көздерi iске қосылған, авариялық-құтқару мүлкi әуе кемесiнiң бортында және шұғыл түрде пайдалануға әзiр;
ұшқыштар құрамы, парашюттiк-десанттық құтқару тобы (бұдан әрi – ПДҚТ) әуе кемесiнде, ал техникалық құрам - әуе кемесiнiң жанында;
экипаждарға мiндет қойылған және қажет болған жағдайда, ұшу барысында радио арқылы нақтыланады, экипаж командирi ұшуды басқару пунктiмен радиобайланыста болады;
ЖIҚТ қойылған мiндеттердi орындау үшiн шұғыл түрде шығуға әзiр болады;
тiкұшақтың ұшып көтерiлуi және ЖIҚТ-ның шығуы – 10 минуттан кешiктiрiлмейдi;
ұшақтың ұшып көтерiлуi – команда берiлгеннен кейiн 15 минуттан кейiн;
2) № 2 әзiрлiк:
iздестiру-құтқару ӘК ұшуға әзiр, қозғалтқыштар сынақтан өткен, авариялық-құтқару мүлкi ӘК бортында және пайдалануға дайындалды;
ПДҚТ-ның ұшқыштар құрамы мен техникалық құрамы ӘК-ге жақын арнайы белгiленген орында болады;
экипаждарға ұшып шығуды ұйымдастыру және iздестiру тәсiлi жөнiнде нұсқаулар берiлдi;
iздестiру жөнiндегi мiндет ұшып көтерiлу алдында және қажет болған жағдайда, ұшу кезiнде нақтыланады;
ЖIҚТ-ның жеке құрамы бөлiмше басшысы айқындаған орында болады, ЖIҚТ мүлкi мен жарақтары жиналған және мiндеттердi орындауға шығуға дайындалған көлiк құралдарына тиелген, көлiк құралдарының тұрған орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлген;
тiкұшақтың ұшып көтерiлуi және ЖIҚТ шығуы – команда берiлгеннен кейiн 20 минуттан кешiктiрiлмейдi;
ұшақтың ұшып көтерiлуi – команда берiлгеннен кейiн 30 минуттан кешiктiрiлмейдi;
3) № 3 әзiрлiк:
iздестiру-құтқару ӘК, автомобильдер және басқа да iздестiру-құтқару құралдары пайдалануға дайындалған және белгiленген орындарда (әуеайлақтарда, тұрақтарда немесе гараждарда) болады;
ПДҚТ мен ЖIҚТ-ның ұшқыштар құрамы, техникалық және жеке құрамы оқуда, жұмыста және демалыста;
iздестiру-құтқару ӘК ұшып көтерiлуi, ЖIҚТ шығуы жазда 30 минуттан, қыста 45 минуттан кешiктiрiлмей; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi авиациясының iздестiру-құтқару ӘК № 3 әзiрлiктен ұшып шығуы үшiн қажеттi уақыт аралығы жазда 2 сағат 30 минутты, қыста 3 сағатты құрайды.
Демалу кезеңiнде, жұмыстан тыс уақытта (азаматтық авиацияның экипаждары үшiн резервте тұрған кезде) – ұшып көтерiлу уақыты 2 сағат 20 минуттан кешiктiрiлмейдi.
Ескертпе:
1) № 3 әзiрлiктен № 2 әзiрлiкке ауысу уақыты – 10 минут (демалыс жағдайынан, жұмыстан тыс уақытта – 2 сағат 10 минут);
2) № 3 әзiрлiктен № 1 әзiрлiкке ауысу уақыты – 20 минут (демалыс жағдайынан, жұмыстан тыс уақытта – 2 сағат 20 минут);
3) № 2 әзiрлiктен № 1 әзiрлiкке ауысу уақыты – 10 минут.
Iздестiру-құтқару ӘК экипаждарының:
№ 1 әзiрлiкте болу уақыты – 2 сағаттан аспайды;
№ 2 әзiрлiкте болу уақыты – тәулiк бойы (2 тәулiктен аспайды).
Кейiннен № 3 әзiрлiкке ауыса отырып, ұшу кезеңiне ғана № 2 әзiрлiкте кезекшiлiк атқару кезеңiнде – 7 тәулiк;
№ 3 әзiрлiкте – 15 тәулiктен аспайды.».
3. Осы қаулы 1-тармақтың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1353 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 4 қарашадағы
№ 1296 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерiн (бұдан әрi – ӘК), сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерiн iздестiрудi және құтқаруды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидалардың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды қамтамасыз етудiң iздестiру-құтқару қызметiн бiрлесiп құратын барлық мемлекеттiк органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, iздестiру-құтқару командаларының, мемлекеттiк органдардың авариялық-құтқару қызметтерiнiң, ӘК мен әуежайларды пайдаланушылардың арасында жауапкершiлiктi бөлу және iс-шараларды ұйымдастыру арқылы iске асырылады және қамтамасыз етiледi. Ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметiнiң ұйымдастырушылық схемасы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтiрiлген.
3. Осы Қағидаларда:
1) авариялық хабардар ету тәртiбi, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерiн, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерiн iздестiрудi және құтқаруды ұйымдастыру схемасы;
2) персоналға және әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарын, iздестiру-құтқару командаларын, мемлекеттiк органдардың авариялық-құтқару қызметтерiн, әуе кемелерi мен әуежайларды пайдаланушыларды қажеттi жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақтандыруға қойылатын талаптар;
3) iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) (бұдан әрi – IҚО (Ж)) жүргiзу жоспарын әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбi;
4) барлық мемлекеттiк органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, мемлекеттiк органдардың iздестiру-құтқару командаларының, авариялық-құтқару қызметтерiнiң, ӘК және әуежайларды пайдаланушылардың арасында iздестiру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершiлiктi бөлу және iс-шараны ұйымдастыру;
5) азаматтық авиация ұйымдары IҚО (Ж) жүзеге асырған және оларды қамтамасыз етуге қатысқан жағдайда, олардың шығындарын өтеу тәртiбi айқындалады.
4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) авариялық кезең – әртүрлi жағдайлар кезiндегi айқынсыздық кезеңiн, алаңдаушылық кезеңiн немесе апат кезеңiн бiлдiретiн жалпы термин;
2) авариялық жағдай – әуе кемесiн мәжбүрлi түрде қондыру қажет болатын ұшудағы ерекше жағдай немесе апаттық жағдайға ұласып кетудi болғызбау үшiн экипажға физикалық және психологиялық ауыртпалық түсiретiн және одан жоғары кәсiби шеберлiктi талап ететiн жағдай;
3) алаңдаушылық кезеңi – оның кезiнде әуе кемесi мен оның бортындағы адамдардың қауiпсiздiгi үшiн қауiп бар жағдай;
4) апат кезеңi – әуе кемесiне және оның бортындағы адамдарға елеулi және тiкелей қауiп төнiп тұрғанына немесе жедел көмектiң талап етiлетiндiгiне негiздi сенiмдiлiктiң болуымен сипатталатын жағдай;
5) айқынсыздық кезеңi – әуе кемесiнiң және оның бортындағы адамдардың қауiпсiздiгiне қатысты сенiмсiздiктiң болуымен сипатталатын жай-күй;
6) галс – әуе кемесiнiң бұрылыстан бұрылысқа дейiнгi жол сызығы;
7) жердегi iздестiру-құтқару командасы (бұдан әрi – ЖIҚК) – арнайы оқытылған персоналдан тұратын және IҚО (Ж) жүргiзуге арналған жабдықтармен жарақталған команда;
8) квадрат – iздестiру мен құтқару ауданының шекараларындағы төрт жағы бiрдей тiкбұрыш нысанындағы жер;
9) қауiптi жүктер – денсаулық, қауiпсiздiк, мүлiк немесе қоршаған орта үшiн қатер туғызуы мүмкiн және «Қауiптi жүктердi әуемен қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтың», ИКАО, ДОС 9284 АN-905, қауiптi жүктер тiзбесiнде көрсетiлген бұйымдар немесе заттар;
10) құтқару – апатқа ұшырау жағдайындағы адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық немесе өзге де көмек көрсету және оларды қауiпсiз орынға жеткiзу мақсатындағы операция;
11) парашюттiк-десанттық құтқару тобы (бұдан әрi – ПДҚТ) – мемлекеттiк авиацияның IҚО (Ж) жүргiзу үшiн арналған жарақтармен жасақталған және iздестiру-құтқару әуе кемесiнiң персоналы құрамына кiретiн авиациялық құтқарушылардан тұратын топ;
12) тiркеу мемлекетi – тiзiмiне ӘК енгiзiлген мемлекет;
13) Iздестiрудi және құтқаруды үйлестiру орталығы (бұдан әрi – Үйлестiру орталығы) – iздестiру-құтқару қызметiнiң жұмысын тиiмдi ұйымдастыруға жәрдем көрсету үшiн, Қазақстан Республикасының iздестiру және құтқару аудандарының шегiнде IҚО (Ж) жүргiзудi үйлестiру үшiн жауапты орган;
14) Щ-код – ӘК экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрi – ӘҚҚ) және әуе қозғалысын басқару (бұдан әрi – ӘҚБ) органдарының диспетчерлерi арасындағы, сондай-ақ әуежайлар арасындағы байланыс үшiн кодтық таңбалау мен қысқарту;
15) iздестiру мен құтқарудың авиациялық күштерi мен құралдары – экипаждары және құтқару мен тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары бар ӘК, авариялық-құтқару мүлкi мен жарақтары, сондай-ақ апат орнына оларды қондыру құралдары (парашют жүйелерi, құтқару контейнерлерi, парашют тұғырнамалары) бар ПДҚТ және ЖIҚК;
16) iздестiру мен құтқарудың қосалқы орталығы (бұдан әрi – Қосалқы орталық) – Үйлестiру орталығына бағынатын, соңғысын толықтыру үшiн құрылған орган;
17) iздестiру – әдетте Үйлестiру орталығы немесе Қосалқы орталық үйлестiретiн, қолда бар персонал мен апатқа ұшырау жағдайындағы адамдардың орналасқан орнын анықтауға арналған құралдар пайдаланылатын операция;
18) IҚО (Ж) – апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң жолаушылары мен экипаждарын iздестiру және құтқару мақсатында жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенi;
19) iздестiру-құтқару ӘК – IҚО (Ж) жүргiзу үшiн арналған арнайы жабдықпен және арнайы мүлiкпен жарақтандырылған кез келген ӘК, сондай-ақ арнайы жабдықтарсыз IҚО (Ж) жүргiзуге тартылатын ӘК;
20) iздестiру-құтқару қызметi – авариялық мониторинг, байланыс, үйлестiру, iздестiру мен құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету немесе мемлекеттiк және жеке меншiк ресурстарды, оның iшiнде өзара iс-қимыл жасайтын әуе, теңiз және басқа да кемелер мен қондырғыларды пайдалана отырып, медициналық себептер бойынша эвакуациялау функцияларын жүзеге асыру;
21) iздестiру-құтқару күштерi мен құралдары – олардың экипаждары, құтқару және тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары бар iздестiру-құтқару әуе кемелерiн, авариялық-құтқару мүлкi, оларды апат орнына жеткiзу жарақтары мен құралдары бар ПДҚТ және ЖIҚК, байланыс, бақылау және басқару органдары мен пункттерiн қамтитын ұғым;
22) мемлекеттiк авиация басқармасының пунктi – мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi;
23) iздестiру және құтқару ауданы (бұдан әрi – IҚА) – оның шегiнде IҚО (Ж), сондай-ақ iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының кезекшiлiгi қамтамасыз етiлетiн айқындалған көлемдегi аймақ
24) NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсету мен қағидаларды қолданысқа енгiзу, олардың жай-күйi немесе өзгерiсi туралы ақпаратты немесе олар туралы уақтылы ескертудiң ұшуларды орындауға байланысты персонал үшiн маңызды мәнi бар қауiп туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
25) IҚО (Ж) жүргiзу орнындағы үйлестiрушi – нақты бiр ауданда IҚО (Ж) үйлестiру үшiн тағайындалған адам;
26) IҚО (Ж) үйлестiрушi – нақты орын алған немесе болжамды авариялық жағдайға байланысты ден қою шараларын үйлестiру үшiн уақытша тағайындалған лауазымды адам;
27) ӘК үйлестiрушi – IҚО (Ж) үйлестiрушiге және IҚО (Ж) жүргiзу орнындағы үйлестiрушiге қолдау көрсету мақсатында бiрнеше ӘК-нiң IҚО (Ж) қатысуын үйлестiретiн адам немесе адамдар тобы;
28) КОСПАС-САРСАТ жүйесi – 406 МГц жиiлiгiнде сигналдар тарататын авариялық маяктарды анықтау үшiн арналған халықаралық спутниктiк жүйе.
5. Iздестiру және құтқару мыналарды қамтиды:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған ӘК туралы iздестiру-құтқару қызметiнiң авариялық хабардар етуi;
2) IҚО (Ж) ұйымдастыру және жүргiзу;
3) iздестiру мен құтқарудың авиациялық күштерi мен құралдарын басқару.
6. Iздестiру және құтқару мақсаттары үшiн азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органдардың, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның иелiгiндегi органдар мен ұйымдардың iздестiру мен құтқаруды жүзеге асыру жүктелген басшылары ұшуларды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастырады.
7. Ұшуларды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
1) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының кезекшiлiгiн ұйымдастыру;
2) iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын авариялық-құтқару мүлкiмен және жарағымен жарақтандыру;
3) ӘК және ұшқыштар құрамын құтқару және тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру.
8. IҚО (Ж) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын құтқару мақсатында ұйымдастырылып, жүргiзiледi.
Олар мыналарды қамтиды:
1) кезекшi iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының ұшып шығуын (шығуын) ұйымдастыру;
2) iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын басқару, олардың өзара әрекет етуiн ұйымдастыру және күшейту;
3) апатқа ұшыраған ӘК-нi iздестiру;
4) ӘК iшiнен зардап шеккендердi шығару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету;
5) адамдарды апат орнынан, соның iшiнде медициналық мекемелерге эвакуациялау.
9. Iздестiру мен құтқару Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұйымдастырылады, онда iздестiру мен құтқару аудандары белгiленедi. Iздестiру мен құтқару аудандарының шекаралары ұшу ақпаратындағы аудандармен не болмаса жергiлiктi диспетчерлiк пункттердiң не болмаса салалардың немесе iздестiру-құтқару ӘК iс-қимылдары радиустарының жауапкершiлiк аудандарына сәйкес келедi.
10. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде авиация ұшуларын iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
11. Шет мемлекеттердiң ӘК ұшуын Қазақстан Республикасының аумағында iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ӘК тең негiзде жүзеге асырылады.
2. Барлық мемлекеттiк органдардың, әуе қозғалысына қызмет
көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, iздестiру-құтқару
командаларының, мемлекеттiк органдардың авариялық-құтқару
қызметтерiнiң, әуе кемелерiн пайдаланушылар мен әуежайлардың
арасында iздестiру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша
жауапкершiлiктi бөлу және iс-шараларды ұйымдастыру
12. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етуге жалпы басшылықты Үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.
Үйлестiру кеңесi консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органдардың бiрлескен шешiмiмен құрылады.
Үйлестiру кеңесiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның өкiлi басқарады.
Үйлестiру кеңесiнiң құрамына кiретiн лауазымды адамдар iздестiру мен құтқаруды үйлестiрушiлер болып табылады, олар iздестiру-құтқару қызметiн құру және оның жұмысын қамтамасыз ету және аталған қызметтiң жұмысын жоспарлауды тиiстi түрде үйлестiру үшiн жауапты болады.
Үйлестiру орталығын құрамы мен жұмыс тәртiбi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның, азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органдардың, құрамына авиациялық бөлiмшелер кiретiн басқа да мемлекеттiк органдардың бiрлескен шешiмiмен айқындалады.
13. Үйлестiру кеңесi мынадай функцияларды атқарады:
1) министрлiктердiң, ведомстволардың, ӘК пайдаланушылардың авиациялық оқиға орын алған жағдайда iздестiру мен құтқаруды, апатқа ұшырау жағдайындағы адамдарға көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi;
2) Қазақстан Республикасы экономикасының түрлi саласындағы авариялық-құтқару қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
3) шет мемлекеттердiң iздестiру-құтқару қызметтерiмен бiрлесiп, IҚО (Ж) және iздестiру-эвакуациялау жұмыстарын жүргiзуге арналған келiсiмдер мен шарттарды қарайды;
4) iздестiру, құтқару және эвакуациялаудың жаңа техникалық құралдарына тапсырыстарды әзiрлеу, беру және оларды пайдалануға беру кезiнде бiрыңғай техникалық саясат жүргiзедi, сондай-ақ iздестiру-құтқару техникасы мен жарақтарының жаңа үлгiлерiн сынақтан өткiзуге қатысады;
5) Қазақстан Республикасы авиациясының ұшуларын iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
6) iздестiру-құтқару ӘК экипаждарын, ПДҚТ, ЖIҚК персоналдарын даярлау бағдарламаларын (курстарын) қарайды;
7) iздестiру мен құтқару аудандарының, мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттiк авиацияға қатыстылығына қарай iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң, күштерi мен құралдарының кезекшiлiгiн ұйымдастыру аудандарының шекараларын белгiлейдi.
14. IҚО (Ж) жүргiзу кезiнде қызметтердiң iс-қимылдарын үйлестiрудi қамтамасыз ететiн жедел орган – Үйлестiру орталығы болып табылады. Апатқа ұшырау жағдайындағы (апатқа ұшыраған) мемлекеттiк әуе кемелерiнде IҚО (Ж) жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк авиацияның Қосалқы үйлестiру орталығы (бұдан әрi – мемлекеттiк авиацияның ҚҮО) құрылады.
15. Үйлестiру орталығы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен аэронавигациялық ұйымның Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының базасында құрылады және тәулiк бойғы негiзде тұрақты жұмыс iстейдi.
Мемлекеттiк авиацияның ҚҮО мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен мемлекеттiк авиацияның басқару пунктiнiң базасында құрылады.
16. Үйлестiру орталығы (не болмаса Үйлестiру орталығының келiсiмi бойынша мемлекеттiк авиацияның ҚҮО) мынадай функцияларды орындайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпаратты қабылдайды және бұл туралы азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдарды ақпараттандырады;
2) авариялық жағдай кезiнде және олардың даярлығын тексеру кезiнде кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда бередi;
3) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажы мен жолаушыларын iздестiру мен құтқарудың бастапқы жоспарын әзiрлейдi;
4) ӘК-нiң мемлекеттiк тиiстiлiгiне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған (апатқа ұшырау жағдайындағы) ӘК экипажы мен жолаушыларын iздестiру және құтқару жұмыстарын үйлестiредi;
5) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган тағайындаған iздестiру және құтқару пункттерi арқылы халықаралық спутниктiк iздестiру және құтқару жүйесiнен (бұдан әрi – КОСПАС-САРСАТ) алынған апат сигналдары туралы ақпаратты алады және оны iздестiру және құтқару аудандарындағы кезекшi iздестiру-құтқару құралдарына жеткiзедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағында жауынгерлiк iс-қимылдар барысында апатқа ұшыраған ӘК экипажын iздестiрудi және құтқаруды ұйымдастырады;
7) кезекшiлiк жоспарына сәйкес тиiстi iздестiру және құтқару ауданында iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының ӘК кезекшiлiк атқаруын бақылайды;
8) азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдарды олардың сұрау салуы бойынша кезекшi құралдар туралы хабардар етедi;
9) шектес мемлекеттердiң Үйлестiру орталықтарымен тұрақты негiзде қажеттi байланыс орнату және оны қолдау мақсатында ынтымақтастықты ұйымдастырады.
17. Үйлестiру орталығының:
1) радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тiлiн бiлетiн оқытылған авиация персоналы;
2) тәулiк бойғы жұмыс режимi;
3) iздестiру және құтқару ауданына қатысты карталары;
4) бағыттарды межелеу және орналасқан жерiн белгiлеу құралдары;
5) барлық ӘК пайдаланушыларының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды орындайтын ресми өкiлдерiнiң телеграфтық AFTN мекенжайлары мен телефон нөмiрлерi;
6) iздестiру мен құтқарудың әрбiр ауданы үшiн IҚО (Ж) жүргiзудi ұйымдастыру жоспарлары бар.
18. Үйлестiру орталығы мыналармен:
1) ӘҚҚ органдарымен, мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-мен;
2) iздестiру және құтқару аудандарындағы IҚО жедел штабтарымен;
3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның Республикалық дағдарыс орталығымен (бұдан әрi – РДО);
4) КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктiк iздестiру мен құтқару жүйесiнiң ақпарат қабылдау орталығымен;
5) мемлекеттiк авиация басқармаларының пункттерiмен;
6) әуеайлақтық метеорологиялық органдармен;
7) Үйлестiру кеңесiнiң тұрақты құрамына кiретiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерiмен жедел және тұрақты екi жақты байланыс құралдарымен жарақталады.
Байланыс құралдары таратылатын хабарламаларды әрi қарай талдау үшiн дыбыс жазу аппаратурасымен жабдықталады.
19. Үйлестiру орталығы, мемлекеттiк авиацияның ҚҮО өз қызметiнде авиация саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның стандарттары мен ұсынымдарын және азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiлген ережелердi басшылыққа алады. Үйлестiру орталығының мамандары өз жұмысында азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Үйлестiру орталығы мамандарының лауазымдарына аэронавигациялық ұйым белгiлеген бiлiктiлiк талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
20. Үйлестiру орталығы басшылығының шешiмiмен әрбiр IҚО (Ж)-ға:
1) Үйлестiру орталығының немесе оған бағынысты органның не мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-ның құрамына кiретiн персонал арасынан IҚО (Ж) үйлестiрушiсi;
2) операция жүргiзiлетiн жерде IҚО (Ж) жалпы басшылықты жүзеге асыратын операция жүргiзiлетiн жердегi үйлестiрушi тағайындалады. Операция жүргiзiлетiн жердегi үйлестiрушi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 мамырдағы № 562 ҚБПҮ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидасында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, табиғи және техногендiк төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң жанынан құрылған iздестiру және құтқару аудандарының IҚО (Ж) жедел штабының (бұдан әрi – Жедел штаб) басшысы болып табылады;
3) Үйлестiру орталығының немесе мемлекеттiк авиацияның ҚҮО шешiмi бойынша жедел штабтың құрамына бiрнеше iздестiру-құтқару ӘК пайдалануды үйлестiрудi жүзеге асыратын ӘК үйлестiрушiсi (аэронавигациялық ұйымның мамандары арасынан немесе iздестiру және құтқару ауданындағы мемлекеттiк авиация өкiлiнен) тағайындалады.
21. IҚО үйлестiрушiсiнiң мiндеттерi:
1) авариялық жағдайға қатысты деректердi алу және жинау;
2) нақты бiр авариялық жағдайға қарай IҚО (Ж)-ның бастапқы жоспарын әзiрлеу;
3) IҚО (Ж) жүру барысына талдау жасау;
4) қосымша iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын тарту мақсатында мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
5) РДО, мемлекеттiк авиацияның ҚҮО, сондай-ақ шекаралас мемлекеттердiң Үйлестiру орталықтарымен iс-қимылдарды үйлестiру;
6) IҚО (Ж)-ға қатысты ақпаратты нақты және тұрақты түрде жаңартылған жазбасын хронологиялық тәртiппен жүргiзу;
7) авариялық кезеңдi жариялау/жабу;
8) функциясына авиациялық оқиғалар мен инциденттердi тексеру кiретiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар ету;
9) IҚО (Ж) жүргiзу барысы туралы қорытынды есеп берудi дайындау болып табылады.
22. IҚО (Ж) жүргiзу орнындағы үйлестiрушiнiң (бұдан әрi – IҚО (Ж) басшысы) мiндеттерi:
1) IҚО (Ж) жүргiзу орнында бөлiнген күштер мен құралдарды басқару;
2) Үйлестiру орталығымен, РДО-мен IҚО (Ж) жүргiзудiң бастапқы жоспарын iске асыру бойынша өзара iс-қимыл жасау, оны әрi қарай әзiрлеу және нақтылау;
3) IҚО (Ж) жүргiзу орнында байланыс орнату әдiстерiн айқындау;
4) iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының iс-қимылын бақылау;
5) IҚО (Ж) жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
6) Үйлестiру орталығына, РДО-ға IҚО (Ж) жүргiзу нәтижелерi туралы күнделiктi есеп беру;
7) IҚО (Ж) жүргiзудiң барлық жағдайларын тiркеу (iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының IҚО (Ж) жүргiзу орнына келу және осы ауданнан кету уақыты; тексерiлген аудандар; iздестiру кезiнде қолданылған жол желiлерi арасындағы аралық табылған заттар мен белгiлер; қолданылған iс-қимылдар; алынған нәтижелер);
8) IҚО үйлестiрушiсiне және РДО-ға, тартылған күштер мен құралдардың басшыларына қайтып талап етiлмейтiн күштер мен құралдарды босату жөнiнде ұсынымдар беру;
9) Үйлестiру орталығына, РДО-ға тiрi қалған адамдар саны мен олардың тектерi туралы ақпарат беру;
10) Үйлестiру орталығына, РДО-ға қосымша қажет көмекке сұрау салу болып табылады.
23. ӘК үйлестiрушiсiнiң мiндеттерi:
1) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету:
ӘҚҚ органдарымен өзара iс-қимыл жасап, ӘК қауiпсiз эшелонда ұстау;
IҚО (Ж) үйлестiрушiсiн IҚО (Ж) жүргiзу орнындағы метеожағдай туралы хабардар ету;
әуе кемесiнiң аймаққа кiру және одан шығу нүктесiн, сондай-ақ ұшудың абсолюттiк биiктiктерiн белгiлеу;
iздестiру-құтқару әуе кемелерiне жiберiлетiн және олардан келетiн радиохабарламаларды фильтрлеу;
IҚО (Ж) кезiнде бөлiнген радиожиiлiктердi қолдануды үйлестiру;
ӘҚҚ-ның шектес органдарымен орындалатын iс-қимылдарды үйлестiру;
2) мiндеттердiң бiрiншi кезектiлiгiн айқындау және оларды бөлу:
iздестiру-құтқару ӘК экипаждарының IҚО (Ж)-ны орындаудың жалпы жоспары туралы ақпарат алуын қамтамасыз ету;
iздестiру және құтқару ауданын қамтуды бақылау және тиiстi деректер ұсыну;
iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң экипаждарына IҚО (Ж) басшысы қойған мiндеттердi орындау жөнiндегi нұсқаулық өткiзу;
3) iздестiру ауданын қамтуды үйлестiру:
IҚО шарттарының өзгеруiне ден қою және iздестiрудiң тиiмдiлiгiн бақылау;
IҚО (Ж) басшысына iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң үнемi даярлығын қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар беру;
4) Үйлестiру орталығына жиынтық ақпар беру;
5) IҚО (Ж) басшысымен тұрақты өзара iс-қимыл жасау, оған iздестiру-құтқару әуе кемелерiн пайдалану бойынша әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.
24. Iздестiру мен құтқарудың әрбiр ауданында кезекшi iздестiру-құтқару ӘК тағайындалады. Кезекшi iздестiру-құтқару ӘК жауапкершiлiк аудандарын бөлу азаматтық, мемлекеттiк және эксперименттiк авиациядағы iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң қолда бар құрамына сүйене отырып, сондай-ақ iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң iс-қимылдары радиусымен әуе трассаларының, жергiлiктi әуе желiлерiнiң, авиациялық жұмыстар жүзеге асырылатын аудандардың бағыттарын қамту шартымен Үйлестiру орталығының шешiмiмен жүзеге асырылады.
Кезекшi iздестiру-құтқару әуе кемелерiн шоғырландыру олардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларының (бұдан әрi – ҰНҚ) 382-тармағында белгiленген мерзiмдерде ұшуға әзiрлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн әуеайлақтарда немесе қону алаңдарында жүзеге асырылады.
25. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган Үйлестiру кеңесiнiң шешiмiн азаматтық авиация қарамағына жатқызылған iздестiру-құтқару ӘК кезекшiлiгiн ұйымдастыру үшiн аэронавигациялық ұйымға жiбередi.
Аэронавигациялық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуе кемелерiн пайдаланушылармен Үйлестiру орталығының шешiмiне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған iздестiру және құтқару аудандарындағы iздестiру-құтқару ӘК кезекшiлiгiне арналған шарт жасайды.
Iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң кезекшiлiгi мыналарды қамтиды:
1) iздестiру-құтқару ӘК кезекшi экипажының кезекшiлiк кезеңiнде кезекшiлiктiң белгiленген мерзiмiнде үнемi әзiр болуы;
2) iздестiру-құтқару ӘК кезекшiсiнiң кезекшiлiк кезеңiнде кезекшiлiктiң белгiленген мерзiмдерiнде ұшуға үнемi әзiр болуы;
3) кезекшi экипажды iздестiру және құтқару ауданына ұшу үшiн iздестiру-құтқару ӘК-нiң шоғырланған жерiне жеткiзудi қамтамасыз ету;
Iздестiру-құтқару ӘК кезекшiлiгiнiң құнына қосымша дайындық және IҚО (Ж) орындау деңгейiн арттыру мақсатында оқу-жаттығу үшiн ұшу кiредi. Оқу-жаттығу үшiн ұшуды орындауға бөлiнген қаражатты Үйлестiру орталығының шешiмi бойынша жағдайды нақтылау үшiн IҚО (Ж) жүргiзу кезеңiндегi кезекшi iздестiру-құтқару әуе кемесiнiң алғашқы ұшуына жұмсауға болады.
Аэронавигациялық ұйыммен iздестiру-құтқару ӘК-нiң iздестiру және құтқару аудандарында кезекшiлiкке арналған шарт жасасқан iздестiру-құтқару ӘК-нi пайдаланушы экипаждың және ӘК-нiң белгiленген мерзiмде ұшып шығуға үнемi әзiр болуын қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт талаптарының орындамағаны үшiн жауапты болады.
26. Үйлестiру кеңесiнiң кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нiң жауапкершiлiк аудандарын белгiлеу жөнiндегi шешiмiнде мыналар көрсетiледi:
1) iздестiру-құтқару ӘК-нiң iздестiру және құтқару ауданындағы әрекетiнiң радиусi, ӘК-нiң ұшу-техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптар;
2) iздестiру және құтқару аудандарының шекаралары;
3) iздестiру-құтқару ӘК кезекшiлiгiнiң белгiленген мерзiмдерi (тәулiк бойы немесе регламент бойынша, күнтiзбелiк кезең);
4) кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нiң iздестiру және құтқару ауданындағы ұшу сағаттары көрсетiлген оқу-жаттығу ұшулары;
5) iздестiру-құтқару ӘК-нiң жабдықталмаған қону алаңдарына қону қажеттiгi туралы талаптар;
6) экипаждың IҚО (Ж)-ға қажеттi рұқсатының болуы туралы мәлiметтер;
7) әзiрлiк дәрежесi;
8) iздестiру және құтқару ауданының ерекше жағдайларына сүйене отырып, кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-ге қойылатын қосымша талаптар.
27. ӘК-нiң барлық түрлерiн iздестiру-құтқару мүлкiмен, жарағымен жарақтандыруды, сондай-ақ iздестiру экипаждарын дайындауды иелiгiнде немесе меншiгiнде ӘК бар министрлiктер мен ведомстволар, авиакомпаниялар (ӘК пайдаланушылар) жүзеге асырады.
28. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган IҚО (Ж) үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын бөледi. Авариялық-құтқару қызметтерi персоналының ЖIҚК мәртебесi бар. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң және құрамаларының IҚЖ үшiн тартылған персоналының саны әрбiр iздестiру және құтқару ауданы үшiн IҚО (Ж) жүргiзудi ұйымдастыру жоспарында айқындалады.
29. Мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi орган Үйлестiру кеңесiнiң шешiмiне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған iздестiру және құтқару аудандарына парашюттiк қызметтiң кезекшi нұсқаушылары, құтқарушылар, медициналық және инженерлiк-техникалық қызметкерлер құрамынан құралатын ПДҚТ-ға мамандарын бөледi. ПДҚТ-ға тарту тәртiбi IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарымен айқындалады.
30. Теңiздердiң акваториялары мен iшкi су айдындарында апатқа ұшыраған ӘК-нiң экипаждары мен жолаушыларын iздестiру мен құтқаруды қамтамасыз ету үшiн IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес теңiз және өзен кемелерi тартылады.
31. КОСПАС-САРСАТ жүйесiнен апат туралы ақпарат қабылдау үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның бiрлескен шешiмiмен iздестiру және құтқарудың байланыс пункттерi тағайындалады (КОСПАС-САРСАТ жүйесiнен ақпарат қабылдау үшiн iздестiру және құтқарудың түйiсу нүктелерi).
32. Авиациялық IҚО (Ж) ұйымдастыру және жүзеге асыру кезiнде бастапқы кезеңде, мүмкiндiгiнше iздестiру және құтқару ауданындағы ӘК экипажы тартылады.
33. IҚО (Ж) ұйымдастыру және жүргiзу кезiндегi ӘҚҚ органдарының негiзгi мiндеттерi:
1) әуе кемесiндегi апат кезеңi туралы ақпаратты өзара әрекет етушi ӘҚҚ пункттерiнен және Үйлестiру орталығынан қабылдау және оларға тарату;
2) iздестiру-құтқару ӘК-нiң бiрiншi кезекте ұшып шығуын қамтамасыз ету;
3) өздерiнiң iздестiру және құтқару аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету;
4) апат ауданындағы iздестiру-құтқару ӘК-нiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
5) IҚО (Ж) жүргiзу ауданында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидасына (бұдан әрi – Әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидасы) сәйкес ӘҚБ органы арқылы әуе кеңiстiгiн пайдаланудың тиiстi режимдерi мен шектеулерiн қамтамасыз ету болып табылады.
34. Әуежайларды (әуеайлақтарды) пайдаланушылар IҚО (Ж) жүргiзуде кез келген мүмкiн болатын көмектi көрсетедi.
Персоналға және әуежайларды (әуеайлақтарды) қажеттi жабдықтармен жабдықтауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 404 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасымен айқындалады.
35. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар ӘК-нi iздестiру мен құтқаруды жүргiзу кезiнде қолдан келетiн кез келген көмектi көрсетедi және iздестiру-құтқару күштерi мен құралдары келгенге дейiн адамдарды құтқару, оларға медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ ӘК мен оның бортындағы құжаттаманы, жабдықтар мен мүлiктi қорғау бойынша қажеттi шаралар қабылдайды.
36. ӘК жолаушыларын, экипаждарының мүшелерiн апат орнынан эвакуациялау апатқа ұшыраған әуе кемесiн пайдаланушының күшiмен және құралдарымен немесе шығыстарды кейiннен пайдаланушы өтеп беретiн өзге де күштермен және құралдармен жүзеге асырылады.
37. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-ге қажеттi көмек көрсету үшiн:
1) басқа мемлекеттердiң iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарына;
2) осы ӘК-нiң иесi мен пайдаланушысына;
3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК тiркелген мемлекет билiгiне Қазақстан Республикасының аумағына кiруге рұқсат берiледi.
Шетелдiк iздестiру-құтқару ӘК-ге рұқсат беру тәртiбi Әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында белгiленедi.
Шет мемлекеттердiң ЖIҚК рұқсат беру тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |