Тағы да бір-біріңе деген жұмсақтық пен ізгілік, уа, Сүннеттің жақтаушылары! Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бадр


«Иман йемендік және даналық та йемендік» (



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі384.5 Kb.
#11319
1   2   3
«Иман йемендік және даналық та йемендік» (әл-Бухари 3499, Муслим 188)17, - деп айтқан сөздерінен үлеске ие болады және осы еңбектің жазылу мақсаты іске асады деп үміт етеміз. Және мен Сүннеттің жақтаушыларынан кім болса да осындай салдарға ие болған джархты құптайды және, бұл (джарх) Сүннеттің жақтаушыларының арасында дұшпандық пен өшпенділіктің таралуынан және осыдан жүректер дөрекіленіп қараюынан өзге ешқандай пайдалы жеміс әкелмесе де, осыған салынуды құптайды деп ойламаймын.18

Ақыл-парасатқа ие адам Сүннеттің жақтаушылары бір-бірімен шұғылданып, бір-бірінің ар-абыройын кемітіп, бір-бірінен сақтандырып жүргенде еуропаландырудың жақтаушылары Екі Харамның (Мекке мен Мәдина) жерінде тәртіп орнатылған соң ұятсыздық пен бұзықтық таратып жүргеніне таң қалады. Бұл «Хадиша бин Хууайлид клубы» деп жалған аталған клубта орын алып жатқан адамгершіліктің құлдырауынан байқалуда. Бұған қатысты мен «Хадиша бин Хууайлид» есімін феминист әйелдер жиналатын орынға қолдануға рұқсат етілмейді» деп аталатын мақала жазған болатынмын.

Мен Ұлы және Құдыретті Аллаһтан Ол барлық жерде Сүннеттің жақтаушыларына Сүннетке ілесуінде көмектесуін, олардың арасында сүйіспеншілік және келісім орнатуын, оларды ізігілік және тақуалықта өзара көмектесуге шабыттандыруын, олардан алауыздыққа және өзара ұрыс-керіске салатын барлық нәрселерді алыстатуын сұраймын. Сондай-ақ Аллаһ Тағаладан барша мұсылмандарға діни білімге қол жеткізуге жәрдем беруін және оларды ақиқатта бекем етуін сұраймын!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!


Абдуль-Мухсин ибн Хамд әл-‘Аббад әл-Бадр.
х.1/16/1432 ж.

1 «әл-Джарх уа-тта’диль» (сенімсіз ету (сенімділігін, беделін түсіру) және сенімділігін растау) Исламда маңызды орынға ие. Бұл ғылым дінді бұрмалайтындардан оны қорғаудың құралы болып табылады және олар оны әдейі бұрмалайды ма, әлде қателікпен бе – бұл маңызды емес. Әбу Зинад былай деп баяндайтын: Мен Мәдинада әрқайсысы шыншыл жүзге жуық адамды көріп үлгердім, алайда олардың хадистері қабылданбайтын, өйткені (олар) бұл үшін жарамсыз еді! Муслим 1/29.

«әл-Джарх уа-тта’диль» ғылымының заңдылығы туралы айтар болсақ, мұны Құран, Сүннет және үмметтің бірауызды пікірі (иджмаъ) растайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй мүміндер! Аллаһ алдында күәлік жасауда әділдікте мықты тұрыңдар, егер тіпті күәлік өздеріңе, немесе әке-шешелеріңе немесе жақындарыңа қарсы болса да. Өйткені Аллаһ екеуіне де тым жақын, олар бай немесе кедей болсын». (ән-Ниса 4: 135)

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сөз айтқандарыңда әділ болыңдар, тіпті бұл туысқанға қатысты болса да». (әл-Ән’ам 6: 152)

Имам әш-Шаукaни бұл аяттың тәпсірінде былай деді: Яғни сендер қандай да бір дерек туралы айтып жатқандарыңда, немесе күәлік келтіргендеріңде, немесе джарх және та’диль мәселелері туралы сөйлегендеріңде, әділетті болыңдар!” Қз.: “Фатхуль-Қадир” 2/498.

Анас былай деп баяндаған: Бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасынан мәйітті жерлеуге алып бара жатқан қауым өткен кезінде, адамдар қайтыс болған адамды мақтай бастады, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Міндетті болды», - деді. Кейін тағы бір осындай жиын өтті және адамдар өлген адам туралы жаман айта бастады, ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Міндетті болды», - деді. Сонда ‘Умар: “Не міндетті (болды)? – деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біріншісі туралы сендер жақсы атадыңдар, енді ол міндетті түрде Жәннатта болады, ал екіншісі туралы сендер жаман атадыңдар, енді ол міндетті түрде Отта болады. Сендер – Аллаһтың жердегі куәгерлерісіңдер!» - деді”. әл-Бухари 1367.

Имам ән-Науауи сенімсіз етудің (джархтың) тыйым салынған ғайбатқа жатпайтыны туралы айтып, былай деген: «Бұл бірауызды пікір (иджмаъ) бойынша рұқсат етілген, ал қажетті жағдайда тіпті міндетті болады». Қз.: “Рияд әс-салихин” 473.

Имам Ахмадтың ұлы ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: “Бірде Әбу Тураб менің әкеме келді, ал менің әкем: «Пәлен жеткізуші сенімді емес, ал пәлен сенімді», - деп айта бастады. Әбу Тураб (сонда): “Уа, шейх, ғалымдарды ғайбаттама! – деді. Сонда менің әкем оған: "Қасірет саған (н/е: Қайғы келсін басыңа)! Бұл – ғайбат емес, насихат! – деді».  Қз.: ”Тарихуль-Бағдад” 12/316

Имам Әбу ‘Иса әт-Тирмизи былай дейтін: Хадис жақтаушылары адамдар туралы тұжырым шығаратындықтары үшін, түсініктері жоқ кейбіреулер оларды сөгетін. Алайда біз адамдар туралы тұжырым шығаратын, сахабалардың ізбасарларының (табиғиндердің) қатарынан болған көптеген имамдарды көрдік. Олардың қатарында Ма’бад әл-Джуханидің жете білмейтіндігі туралы айтқан Хасан әл-Басри мен Тауус бар. Са’ид ибн Джубайр Талқ ибн Хубайбтің кемшіліктері туралы айтқан. Ал Ибраһим ән-Наха’и және ‘Амир әш-Ша’би Харис әл-А’уар туралы айтқан. Адамдардың сенімділігі мен сенімсіздігі туралы тұжырымдау сондай-ақ Айюб әс-Сахтияниден, ‘Абдуллаһ ибн ‘Аунадан, Суләймән әт-Таймиден, Шу’ба ибн әл-Хаджаждан, Суфьян әс-Сауриден, Малик ибн Анастан, әл-Ауза’иден, ‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәрактан, Яхья ибн Са’ид әл-Қаттаннан, Уаки’ ибн әл-Джарахтан, ‘Абдур-Рахман әл-Махдиден және басқа да ғалымдардан жеткізіледі. Олардың барлығы адамдар туралы тұжырым шығаратын және қажетті адамды лайықты емес деп есептейтін. Ал біз оларды бұған ықыластары мен мұсылмандарға деген насихаттары итермеледі деп санаймыз. Олар туралы «олар адамдарды сөккілері және ғайбаттағылары келген» деп ойламау керек! Шындығында, олар сонысымен сол адамдардың әлсіздігін және сенімсіздігін түсіндіргілері келген, адамдар оларды білу үшін. Өйткені олар сенімсіз деп санаған адамдардың кейбіреулері бидғатты жақтаушылардан болған, кейбіреулері хадистерді ойдан шығаратын, кейбіреулері ұмытшақ және жаңылысатын еді және көптеген қателіктерге жол беретін. Ал осы имамдар дінге жаны ашып, олардың жағдайын түсіндіргілері келетін. Өйткені дін туралы күәлік беру адамдардың құқықтары мен мал-мүліктері туралы куәлік беруден маңыздырақ әрі бастапқырақ болып табылады!» Қз.: “әл-‘Иляль әс-сағир” 1/738.

Имам әл-Ауза’и былай деп айтатын: Егер бидғаттар таралып кетсе және білім иелері мұны сөкпесе, (адамдар) бидғаттарды Сүннетке айналдырып алады». Қз.: “Шарх асхаб әл-хадис” 19.

Имам әз-Захаби былай деп айтатын: “Саләфтар өте жиі сақтандырумен (тахзирмен) айналысатын, өйткені олар жүректерді әлсіз және күмәндар оларға оңай кіреді деп есептейтін”. Қз.: “әс-Сияр” 7/261.

Шейх Ибн Баз былай дейтін: Егер аһлю-Сунна үнсіз болса және Құран мен Сүннетке қайшы келетіндердің қателіктерін түсіндірмесе, олар сонысымен Аллаһтың қахарына ұшыраған және адасқан Кітап иелері (яхудилер мен христиандар) сияқты болады. Қз.: “Фатауа Ибн Баз” 3/72.

Алайда кез келген адам джарх және та’диль мәселелерімен айналыса алмайды, оған тек білім иелері ғана құзырлы. Өйткені егер білімсіз мұсылмандар осы мәселелермен айналыса бастаса, олар білместіктерімен шын мәнісінде сенімсіздік танытуға тиісті болмаған нәрсегеге де джарх жасаулары мүмкін және, өкінішке орай, осылай болып та жүр.

Шейх Ахмад ән-Наджми былай дейтін: Адамды бидғатпен сипаттау және бидғатшыға бойкот жасау тек ғалымдар (оны) бидғатта айыптағанда ғана болуы керек! Және сендер, уа, жас студенттер, әрбір адам туралы ол бидғатшы деп, тіпті оның бидғаттары болса да, мұны ғалымдарға ұсынбай және олар сендерді осыда қолдамай, шешім шығаруға асықпаңдар! Ал бұлсыз ешнәрсе істемеңдер!» Қз.: “Фатауа әл-джалия” № 93.

Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселені де түсіндіріп кету қажет, ал бұл – шейх Салих әл-Фаузан және шейх ‘Абдуллаһ әл-Ғудаян сияқты кейбір қазіргі заман ғалымдарының «Джарх және т’адиль ғылымы кітаптарда, ал оның имамдары қабірлерде және бұл ғылым біздің кезімізде жоқ» деген сөздері. Сүннеттің көптеген дұшпандары аһлю-Сунна ғалымдарының бұл сөздерін пайдаланып, адасқандарды теріске шығаруға және олардан сақтандыруға тыйым салуда. Олар күндіз-түні: «Біздің заманымызда джарх жоқ!» - деп айтады, ал өздері тек аһлю-Сунна ғалымдарына джарх жасаумен ғана айналысады!

Ал шейх әл-Фаузанның немесе әл-Ғудаянның және осы сияқты нәрселерді айтқан ғалымдардың сөздеріне келер болсақ, олар джарх уа-тт’адиль дегенде, әу баста алғашқы ғасырларда хадис жеткізушілермен байланысты ғылым туралы айтады. Бірақ бұл осы ғалымдардың адасқандарды және дінді бұрмалайтындарды теріске шығаруды рұқсат етпейтіндерін немесе жоққа шығаратындарын білдірмейді, біреу дінді шынымен қателесіп бұрмалайтынына, әлде қасақана бұрмалайтынына қарамастан. Мұның қарапайым ғана мысалын шейх әл-Фаузанның өзінің әрекетінен көруге болады, ол көптеген тұлғалардың адасушылықтарын теріске шығарып, олардан сақтандырады. Шейх әл-Фаузанға мынандай сұрақ қойылған еді: «Адасқандарды теріске шығару себебінен жүректер қараяды ма? Мұнда бізді ішінде адасқандарды теріске шығару бар білім иелерінің кітаптарын оқудан сақтандыратындар бар!» Шейх былай деп жауап берді: «Адасқандарды теріске шығармау – міне осы жүректі қарайтатын нәрсе! Өйткені олардың күмәндары жүректерге кіріп, оларды қарайтады. Ал теріске шығаруға және қателіктерді түсіндіруге келер болсақ, керісінше, бұл жүректерді жұмсартады және ақиқатқа алып келеді. Өтірік пен күмәндардың таралуын қалайтын адамдардан келіп шығатын мұндай жалған сөздерге көңіл бөлмеңіздер!» Тыңдаңыз “Шарх фатуа Хумууия” № 10.

Сондықтан терминология қалай аталмасын: «тахзир» (сақтандыру), «радд» (теріске шығару), «джарх» (сенімсіз ету) тағы да басқаша – оның оқасы жоқ, мәні бір болып қала береді. Бірақ ақиқат ақиқат болып қала береді: адасқандарды және адамдарды адасушылыққа салатындарды теріске шығару және олардан сақтандыру қажеттілік болып табылады!

Имам Ахмадқа: Сен үшін не абзалырақ: адамның намазды орындап, ораза ұстап, и’тикаф жасауы ма, немесе бидғатшылардан сақтандыруы ма?» - деген сұрақ қойылғанда, ол былай деп жауап берді: Адам намазды орындаса, ораза ұстаса және и’тикаф жасаса, ол мұны өзі үшін істейді, ал ол бидғатшыдан сақтандырса, бұл мұсылмандар үшін жақсырақ». Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 28/231.

Ал «әл-джарх уа-тта'диль» ұғымының өзі туралы айтар болсақ, ол белгілі мекенмен де, уақытпен де шектелмейді, тіпті термин ретінде ол орынды және қажетті. Біздің әл-Фаузан және әл-Ғудаян сияқты ғалымдарға деген сүйіспеншілігіміз бен құрметімізге қарамастан, бұл мәселеде біз олардың сөздерін ала алмаймыз және алмауымыз да керек, өйткені оларда бұл ғылымның уақытпен шектелетініне және оның тек хадис жеткізушілерге қатысты болғанына дәлел жоқ!

Хафиз әс-Сахауи өзінің «Мутакалимуна фи-рриджаль» атты жолдауында жазған кіріспесінде сақтандырумен айналысатындар туралы айтып: «Бұл адамдар сахабалардың кезінде болған және әр кез болуларын тоқтатпаған», - дейді.

Имам ән-Науауи ғайбаттың рұқсат етілетін алты жағдайы туралы айтқанда, джарх туралы былай деген: «Бұл бірауызды пікір бойынша рұқсат етілген, ал қажеттілік болғанда, тіпті міндетті болады». Қз.: “Рияд әс-салихин” 473.

Біз хиджраның 600-жылдары өмір сүрген имам ән-Науауидің джарх туралы айтып тұрғанын және бұл ғылымды қандай да бір уақытпен шектемегенін көріп тұрмыз!

Хафиз Ибн Касир ғайбат туралы аяттың тәпсірінде былай деп айтқан: Ғайбат жасауға бірауызды пікір бойынша тыйым салынған, джарх пен та’диль немесе насиха сияқты пайдасы бар жағдайдан бөлек! Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 3/295.

Біз осы сөздерден немесе қандай да бір имамдардың сөздерінен (кейбір замандастарымыздан бөлек) «әл-джарх уә-тта’диль» ғылымы (шектеулі) уақытқа ие екендігін және уақыттың өтуімен ол жойылып кету керектігін көріп тұрмыз ба? Әбу ‘Иса әт-Тирмизи «әл-‘Иляль әс-сағир» еңбегінде, Ибн Хиббан «әл-Маджрухинде», Ибн Әби Хатим «әл-Джарх уа-тта’диль» кітабында, Ибн Раджаб «Шарх әл-иляльда», бұл ғылым туралы жазып кеткен басқа да көптеген ұлы имамдардың ешқайсысы джархтың Исламның алғашқы буындарына немесе тек хадис жеткізушілерге қатысты екендігін айтпаған.

Шейх Муқбиль былай деп айтатын: Джарх пен т’адиль тек алғашқы үш ұрпақпен шектеліп, ал содан кейін келетіндерге тыйым салынады ма сонда?! Сенің бұған дәлелің қайда?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім айыпталатын бір нәрсені көрсе, мұны түзетсін», - деп айтатын. Қз.: “Фадаих уә насаих” 145.

Шейх Ибн ‘Усаймин де, оған: «Джарх пен тад’иль ғылымының Сүннеті өлді ме?» - деген сұрақ қойылғанда, «әл-джарх уа-тта’дильдің» ешқашан өлмейтінін, жойылмайтынын және адамдар жер басып жүргендерінде бола беретінін айтқан.

Ал кім бұл ғылымның біздің кезімізде жоқ екендігі туралы айтса, дәлел келтірсін, бірақ тек ғалымдардың сөзін ғана емес, өйткені тура сондай тәсілмен сол дәлелдерге қарсы джарх уа-тта’диль ғылымын қандай да бір уақытпен, орынмен немесе мәселемен шектемейтін жүздеген басқа ғалымдардың сөздерін келтіруге болады!


2 Шейх ‘Абдуль-Малик Рамаданидің «Мадарик ән-назар фи-ссияса» атты кітабы 90-жылдары Алжирда орын алған, сол кезде адасушылыққа кіргізетін кейбір «имамдардың» себебінен әмірді құлатуға шақыратын көтерілістегі оқиғаларға арналған. Сонда он мыңдаған мұсылмандар қаза болды және бұл көтеріліс Исламға да, мұсылмандарға да бүлік пен қайғы-қасіреттерден басқа ешқандай пайда келтірмеді.

Аталған кітапта пайда және зиянмен, мұсылман әмірлеріне қарсы шығумен, джихадпен, ғалымдармен, кім үмметтің маңызды мәселелерін шешу керектігімен байланысты т.с.с. көптеген маңызды мәселелер қамтылған. Бұл кітапқа пікірді шейх әл-Әлбани және шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад жазған. Сондай-ақ оны шейх Ибн ‘Усаймин, шейх Салих әл-Фаузан, шейх Ахмад ән-Наджми, шейх Салих әс-Сухайми, шейх Раби’ әл-Мадхали, шейх ‘Убайд әл-Джабри сынды т.б. ғалымдар мақтаған.

Шейх Салих әс-Сухаймиге: «Құрметті шейх ‘Абдуль-Малик Рамаданидің «Мадарик ән-назар фи-ссияса» кітабы туралы күмәндарды таратып жүрген кейбір студенттерге қандай насихат айтар едіңіз?» - деген сұрақ қойылғанда, шейх әс-Сухайми былай деп жауап берді: Ауру түсініктің себебінен дұрыс сөз қаншалықты жиі айыпталды! Бұл – осы кезде таралған кесірлі манһаждан ерекшеленетін шынайы манһажды түсіндіретін өте жақсы кітап. Ал бұл кітаптың артықшылығын үй есегінен де надан адамнан өзге ешкім жоққа шығармайды!» Қз.: “Шарх әс-ситат усуль” 38.


3 «Хизбия» терминінің анықтамасына қатысты шейх Ахмад ән-Наджми және шейх Раби’ әл-Мадхали «хизбия» партияшылдықты, қандай да бір топқа қатыстылықты білдіретін «хизб» сөзінен шыққан деп айтқан. Және бұл партия жүйелі ме, әлде бытыранқы ма – айырмашылығы жоқ. Хизбия деп саләфтардың манһажына қайшы келетіннің барлығы аталады. Аллаһ бұрынғы өткен адасқан қауымдарды “ахзаб” деп атады. Құран мен Сүннетке қайшы келетін белгілі бір адамның идеяларына соқыр түрде ілесу – міне осы – хизбия. Белгілі бір адам үшін немесе белгілі бір жамағат үшін дұшпандық және өшпенділік таныту – бұл хизбия. Саләфтар ұстанбаған идеяларға негізделген топтарды, партияларды немесе көпшілік «жамағаттар» деп атайтын ұйымдарды құру – хизбия. Сенің идеяларыңды ұстанатын адамға немесе жамағатқа, тіпті егер ақиқат олармен болмаса да, көмектесу – хизбия!

4 Сектанттықтың мұндай көрінісін өз кезінде шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани да сөккен. Шейх әл-Әлбаниге мынандай сұрақ қойылды: «(Бір бөлігі) белгілі бір ғалымның сөздерін ұстанатын, ал өзгелері басқа ғалымның пікірін ұстанатын жастар бар. Соның салдарынан олар бір-біріне дұшпандық танытатын әртүрлі ағымдарға (хизбияға) ұқсап кетеді».

Шейх былай деп жауап берді: “Мұндай нәрсе Исламда рұқсат етілмеген! Біз үнемі Исламда сектанттыққа жол берілмейтінін және олардың біреулері бір ғана ғалымның пікірінен, ал басқалары басқа біреуінің пікірінен ұстап алатын мұндай шектен шығушылыққа Ислам тыйым салады деп айтып келеміз. Алайда ол да, басқа кез келген ғалым да, пайғамбарлар мен елшілерден айрықша, қателесуден қорғалмаған. Әрбір мұсылман адам бір-біріне сүйіспеншілік пен ықыластылық танытып, бұл өмірде бір-ақ адамнан өзге әлдекімді соқыр түрде жақтаушылықтан бас тартуы қажет, ал ол – Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)!” Тыңдаңыз: “Сильсилятуль-худа уә-ннур” № 573.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: Ақиқаттың және Сүннеттің жақтаушылары «Өз ойынан сөйлемейтін. Сөйлегені - көкейіне салынған уахи ғана» (ән-Наджм 53: 3-4) болған Аллаһтың Елшісіне ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілеседі. Айтқан барлық нәрсесінде оған сеніп, бұйырған барлық нәрсесінде оған мойынсұну қажет болған адам – дәл сол. Және бұл үкім одан өзге имамдардан ешкімге берілмейді! Керісінше, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінен басқа кез келген адамның сөздері қабылданылуы немесе тәрк етілуі мүмкін. Ал адамдардың ішінен Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге қандай да бір тұлғаны орнықтырып, оны жақсы көріп және онымен келісетіндерді аһлю-Сунна уәл-джама’аға, ал оған қайшы келетінді бидғатшыларға жатқызатын адам туралы айтар болсақ, мұндай адам іс жүзінде бидғаттарды, адасушылықты және бөлінуді жақтаушылардан, бұл имамдардың ізбасарларының кейбір топтарының арасында олардың (сол имамдардың) дін туралы пікірлеріне қатысты орын алып жатқанындай! Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 3/346.

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деп айтатын: Жек көрінішті және қауіпті адасушылықтардың қатарынан – адамдардың бір-бірі туралы айтқан сөздерін естіп алған адамның солардың негізінде сүйіспеншілікті, жек көрушілікті, мақтауды немесе сөгіс білдіруді құрай бастауы! Мұндай адасушылықтың себебінен нәтижесі қайғылы болған қаншама нәрселер орын алды және адамдар бір-бірі туралы қаншама негізсіз нәрселер таратты десеңізші! Әрбір зерделі адам үшін мұндай нәрсені растап алу, абай болу және асықпау қажет, ал осынысымен адамның діндарлығы, оның байсалдылығы және оның ақыл-парасаттылығы танылады». Қз.: “әр-Рияд ән-надыра” 209.



5 Шейх әл-‘Убайлян айтып жатқан нәрсе едәуір маңызды. Саләфтардан жеткен қандай да бір хабарға (асарға) қияс жасаудың негізінде бидғатта және адасушылықта айыптай беретін мұсылмандар қаншама десеңізші. Мысалы, Суфьян әс-Сауримен орын алған мына оқиға сияқты. Бірде ол Бағдадқа келіп, бір шейхтың төңірегіне жиналған көпшілікті көреді. Суфьян: «Бұл кім?» - деп сұрайды. Оған: «Бұл адам аһлю-Суннадан, ал оның мазхабы - Сүннет», - деп жауап беріледі. Суфьян: «Ал оның айналасындағылар кімдер?» - деп сұрағанда, оған: «Олар - қадарилер», - деп жауап береді. Сонда ол: «Ол - қадари», - деп айтады. Тағы осы сияқты хабарлар (көп).

Мұның барлығы - ақиқат және, саләфтар айтпақшы, адам өзі сияқтылармен дос болып, өзі сияқтыларға жақтасады.

Бірақ, біріншіден, сөз пәленше немесе түгенше дүние істерінде онымен тіл табыса алмағандығы, яки оның мазхаб ұстанғандығы үшін, не тағы да сондай бір орынсыз себепті оны бидғатшылықта айыптаған адамы туралы емес, шындығында да бидъатшы болып табылатын адам туралы болуда.

Екіншіден, өздерін саләфияға жатқызатын көптеген бауырлардың қасіреті – олардың былай немесе былай істеген адамның бидғатшы болып табылатындығы туралы саләфтардан келген бір-екі асарды алып, осындай жалпылама немесе жеке айтылған сөзді нақты адамға қатысты батыл түрде қолдана алатындары.

Қандай да бір имамның айтқан сөздері оларды белгілі бір мұсылманға қатысты қолдануға Аллаһтың аяттарынан да немесе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен де лайықтырақ бола алады ма екен?! Сонда имамдар «жалпы» және «жеке» деген ұғымдарды, сондай-ақ амалдары мен сөздеріне қарай «Ондай адам лағынеттелген» деп т.с.с. сипатталған кез келген нақты адамға қатысты осымен байланысты үкімдер қолданыла бермейтінін кім үшін ашып көрсетті екен?!

Ал ендеше саләфтардың жалпылама сипатта айтқан сөздерін нақты адамдарға қатысты жөн-жосықсыз қолдана беретіндер туралы не айтуға болады? Және бұл жиі жағдайда саләфтардың бұл сөздері анық адасқандарға және бидғаттардың жақтаушыларына қатысты айтылғандығына қарамастан орын алуда!

Сөз болып жатқан нәрсеге дәлел келтірейік: Умар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде Химар деген лақап аты бар Абдуллаһ деген адамның болғандығын баяндайтын. Ол Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күлдіретін, ал Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол оның шарап ішкені үшін оны ұруға бұйыратын-ды. Бірде (адамдар) оны Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келді де, оның бұйрығы бойынша оны ұра бастады, ал бір адам: «Уа, Аллаһ, оны лағынетте! Оны ертіп әкелгендері қандай жиі еді!!» - деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны лағынеттемеңдер, өйткені Аллаһпен ант етемін, мен оның Аллаһты және Оның Елшісін жақсы көретінін білемін!» - деді». әл-Бухари 6780.

Өйткені Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерде шарап ішкендерді лағынеттегеніне қарамастан, ол нақты бір адамды лағынеттеуге тыйым салды. Бұл хадистің талқыланып жатқан мәселемен байланысын шейхуль-Ислам Ибн Таймия өте жақсы түсіндіріп, былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамды лағынеттеуге тыйым салды, өйткені ол Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін еді. Дегенмен ол спирттік ішімдік ішуін қоймайтын, ал спирттік ішімдік үшін хадисте он адам лағынеттеледі. Алайда лағынет туралы жалпы мәтіннен нақты бір адамды лағынеттеу міндеттілігі туындамайды, өйткені бұл адамды лағынеттелгендердің санатынан шығаратын кедергілер болуы мүмкін. Күпірлікте айыптаудың жалпы мәтіндері мен қорқытулары бар мәтіндер де осы сияқты. Дәл сол үшін де Құран мен Сүннетте қорқытуы бар жалпылама мәтіндер белгілі шарттардың болуымен және белгілі кедергілердің болмауымен шартталады!” “Маджму’уль-фатауа” 10/32.

Ал енді Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) лағынет айтқан іс-әрекет үшін лағынеттеу бірден нақты адамға түспейтін болса, онда қалайша белгілі бір саляфтың адасқан немесе бидғатшы деп атауы нақты адамға ешбір талқылаусыз бірден түседі екен?! Шейхуль-Ислам былай деп айтқан: “Ақиқатында, күпірлікте айыптауға (такфир), бұзақылықта айыптауға (тафсиқ) және сол сияқты айыптауларға қатысты өзіне қорқытуды қамтыған Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ имамдардың сөздері, белгілі бір шарттар (дәлелді ұсыну т.с.с.) орындалғаннан басқа жағдайда, бірден нақты адамға қатысты қолданылмайды. Және бұл діннің негіздеріне қатысты ма, әлде оның тармақтарына ма – оның айырмашылығы жоқ!” “Маджму‘уль-фатауа” 10/372.

Мұның үстіне, шейхуль-Ислам Ибн Таймия саләфтардың сөздерін нақты адамға жөн-жосықсыз түсіретін адамға қатысты былай деген: “Имам Ахмадтың және басқа да имамдардың көп жауаптары жағдайы белгілі болған сұраушының сұрағына байланысты берілген болатын, немесе олардың жауаптары жағдайы оларға белгілі нақты адамға айтылған еді. Ал бұл Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнеге етілген нақты оқиғаларды талқылау сияқты еді. Алайда кейбір адамдар мұндайды жалпы ережеге айналдырып алды да, оны әмір етілмеген нәрсеге қатысты шеттетуде (хаджр) және сөгіс айтуда қолданатын болды!» Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 28/213.



6 Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай деді: “Тура жолға ілес, әрі саған құтылғандардың санының аздығы зиян тигізбейді. Және адасушылық жолдарынан сақ бол, әрі опат болғандардың санының көптігіне әуесің кетпесін!” Қз.: “әл-Азкар” 238.

Юнус ибн ‘Убайд былай дейтін: “Біздің уақытымызда біреудің Сүннетке шақырып жатқаны таң қалуға лайықты, бірақ одан да таңғаларлығы - біреулердің сол шақыруға жауап беріп, Сүннетті қабылдап жатқаны!” Әбу Ну’айм “әл-Хилия” 3/21.

Және осындай сөздерді бұл имам 1200 жыл бұрын айтқан болса, онда біздің кезіміз туралы не айтуға болады?!


7 Өздерін саләфияның қатарына жатқызатындардың кейбіреулері біздің кезімізде дұрыс негіздерге және білімге ие адамды қателігі немесе тіпті іс жүзінде қателік те болып табылмайтын нәрсе үшін оп-оңай саләфиядан шығаратыны таң қалдырады. Бірақ сонымен бір мезгілде кеше ғана ең адасушы болып жүрген, бірақ оларға қосылған біреу олар үшін бір мезетте Сүннеттің шынайы жақтаушысы болып шыға келеді.

8 Са’ид ибн әл-Мусайиб былай деп айтатын: Кемшіліктері болмайтын ғалым, ізгі немесе қадірлі адам жоқ. Алайда егер адамда жақсы қасиеттері кемшіліктерінен көп болса, оның жақсы қасиеттері кемшіліктерін жояды. Тура сол сияқты, егер онда кемшіліктер жақсы қасиеттерінен басым болса, олар оның жақсы қасиеттерін жояды”. Ибн ‘Абдуль-Барр “Джами’у баяниль-‘ильм” 2/48.

Имам Әбу Муса әл-Мәдини былай деп айтатын: “Қателіктері табылмайтын имамдар кемде-кем, ал егер имамды қателігі себепті тастайтын болса, онда көптеген имамдарды тастауға тура келер еді, ал мұны істеуге рұқсат етілмейді!” әз-Захаби “әс-Сияр” 14/374.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Шариғат пен даналықтың ережелерінен - егер адамда игі амалдары көп болса және оның Исламда жақсы ізі болса, онда оған басқаға жасалмайтын ақтау жасалады және басқаға кешірілмейтін күнә кешіріледі”. Қз.: “Мифтаху дари-сса’ада” 1/176.


9 Аллаһтың Елшісінің өзінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл білімді әр ұрпақтың әділеттілері, беделділері (ғалымдары) алып жүреді, олар оны артық кетушілердің бұрмалауларынан, адасқандардың қосатындарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорғайды - деп куәлік етуіне (әл-Байхақи 10/209, әл-Хатыб 1/29) сәйкес, аһлю-Суннаның мойындалған ғалымдарына деген қарым-қатынастың негізі олардың беделін және әділеттілігін мойындау (та’диль) болып табылатынын білу қажет.

Хафиз әл-‘Ирақи және Ибн Хаджар былай деп айтқан: Бұл хадис көптеген жолдармен жеткізіледі және олардың барлығы әлсіз болып табылады. Қз.: “әт-Тақйид уәл-идах” 138, “әл-Исаба” 1/117.

Алайда бұл хадистің жеткізілу жолдарының көп болуы себепті көп имамдар оның сенімділігін күшейткен. Бұл хадисті сахих деп санаған ғалымдардың қатарында Ахмад, әл-Лялякаи, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уазир, әл-‘Аляи, әл-Қасталяни, әс-Саффарини, әл-Әлбани, ‘Абдуль-Қадир әл-Арнаут т.б. бар. Қз.: “Шараф асхаб әл-хадис” 2/35, “Лисан әл-мизан” 1/312, “Бағатуль-мультамис” 3-4, “Тахқиқ Мишкат әл-масабих” 248.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр бұл хадиске сүйеніп, былай деп айтатын: “Білімге деген қамқорлығымен танылған, білімді алып жүруші әрбір адамға қатысты негіз, оны сенімсіз етудің (джарх) орынды екені айқын болмайынша немесе оның көптеген қателіктерге жол бергені расталмайынша, оның қадірін (лайықтылығын) мойындау (‘адаля) болып табылады”. Қз.: “әт-Тамхид” 1/28.

Имам Ибн әл-Джаузи былай деп айтқан: “Ибн ‘Абдуль-Барр айтқан нәрсе, оған бұл мәселеде кейбіреулердің келіспеушілік жасағандарына қарамастан, дұрыс болып табылады”. Қз.: “Фатх әл-муғис” 1/300.

Сондай-ақ бұл пікірді әл-Миззи, ән-Науауи, Ибн әл-Қайим, Ибн Сайд ән-Нәс және басқалар таңдаған. Қз.: “Фатх әл-муғис” 1/300, “Тахзиб әл-асма” 1/17.

Имам әз-Захаби: Ақиқатында, ғалымдар туралы айтылған сөздер әділдік және тақуалық таразысында өлшенуі қажет, - деп, ақиқатты айтты. Қз.: ”әс-Сияр” 4/448.

Алайда осы жағдайда өздерін ғалым деп көрсететін немесе қарапайым халық ғалым деп есептейтін адамдар туралы емес, ғалым екенін басқа ғалымдар мойындаған және растаған шынайы ғалымдар туралы сөз болып тұрғанын білу қажет!

Имам әш-Шатыби былай деді: “Ғалымдар оны ғалым деп танымаған ғалым, басқа ғалымдар ол туралы: «Ол – ғалым», - деп куәлік бермейінше, ғалым болып табылмайды!” Қз.: “әл-И’тисәм” 2/738.

Шейх Са’д әш-Шисри былай деп айтатын: “Ғалым (‘алим) мына үш нәрсенің біреуі арқылы танылады: 1. Ғалымдардың тобы «пәленше ғалым болып табылады» деп берген ұсынысы (тазкия); 2. Егер сен қандай да бір қаланың ғалымдары күрделі сұрақтарымен қандай да бір адамға жүгініп жатқандарын көрсең, оның ғалым екенін біл; 3. Егер біреу өзін пәтуа беру үшін ұсынса және ғалымдардан ешкім оны бұл үшін сөкпесе”. Тыңдаңыз “Фасалю аһля-ззикр ин кунтум лә та’лямун”.



10 Жалғасы осы мақала болған өзінің «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» кітабында шейх әл-‘Аббад былай деп айтатын: Әрбір білім алушыны ол теріске шығарылған адамға немесе теріске шығарушы адамға қатысты өз ұстанымын анықтап алсын деп, емтиханннан өткізуге болмайды. Және егер ол олармен келіссе, онда олардан құтылды, ал егер келіспесе, онда оны бидғатта айыптайды және бойкот жариялайды. Ешкім аһлю-Суннаға бидғатта айыптау (табдиъ) және бойкот жасау мәселесінде мұндай анархияны жапсыруға хақысы жоқ! Сондай-ақ, ешкім осы анархия жолына ілеспегенді ол бидғатқа немқұрайлылық танытады (мумайиъ) деп айыптауға құқықты емес! Қз.: “Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна” 52.

Сондай-ақ мұндай емтихандарды имам әл-Бухари де сөккен, әрі бидғат деп атаған.

Біреу: «Бірақ тексеру және сынақтан өткізу Құран мен Сүннетте заңдастырылмаған ба? Өйткені Аллаһ Тағала: «Әй, иман келтіргендер! Сендерге қоныс аударған мумина әйелдер келгенде, оларды тексеріңдер», - деп айтты ғой. (әл-Мумтахана 60: 10). Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күңнен: «Аллаһ қайда? Мен кіммін?» - деп сұрап, оның ақидасын тексерді емес пе?! Саләфтардан болған имамдар да адасқандардың белгілі имамдарға деген қатынасын білу арқылы оларды әшкерелеп, емтихандар өткізбеді ме?! Әбу Джа’фар Мухаммад ибн Харун былай деп айтатын: Егер сен Ахмад бин Ханбаль туралы жаман сөз айтып жатқан адамды көрсең, оның адасқан бидғатшы екенін біл! Қз.: “әл-Джарх уә-та’диль” 1/308. Әбу әл-Хасан әл-Хамдани былай деп айтатын: Ахмад бин Ханбальбұл ол арқылы мұсылман бидғатшыдан ажыратылатын сынақ (михна)!” Қз.: “Тахзиб әл-камаль” 1/457. Ал имам Ахмадтың өзі былай деп айтатын: Егер сен имам Маликті жек көретін адамды көрсең, оның бидғатшы екенін біл!» Қз.: “әл-И’тисам” 1/386. Әрі осы мағынада айтылған сөздер көп», - деп айтса, мұның жауабы төмендегідей.

Тексерудің мұндай түрлерінің және емтихандардың рұқсат етілгендігіне күмән жоқ. Алайда мұндай тексерулерге қияс жасап, кез келген мәселелерде адамның адасушылығын немесе ақиқатта екендігін айқындау үшін, емтихан жасауға бола бермейді. Біріншіден, шейх әл-‘Аббад өзінің сөздерінде бірауызды келісілген пікір болмаған мәселеге қатысты емтихан өткізуді меңзеп тұр. Екіншіден, егер имамдар адамның сенімдеріне тексеру өткізген болса да, олар мұны имамдықтарына қатысты Сүннеттің жақтаушыларының барлығы бірауызды келіскендерге қатысты жасаған. Үшіншіден, бұл имамдардан олардың қателік жасаған адамға деген қатынаспен, мысалы, «Кім пәленшені адасушы деп санамаса, сол бидғатшы» т.с.с. деп айтып, тексеру өткізгендігі жеткізілмейді. Төртіншіден, адасқандығы туралы Сүннеттің жақтаушыларының барлығы бірауыздан келіскен адасқандарға қатысты емтихан өткізудің оқасы жоқ, бірақ Сүннеттің жақтаушылары оларға қатысты келіспеушілікте болған адамдарға қатысты емтихан өткізуге келер болсақ, бұл рұқсат етілмейді!

Сондықтан заңдастырылған тексеруді мойындаған шейх Ибн Таймия шариғат тарапынан заңдастырылмаған емтихан өткізуді сөгетін және былай деп айтатын: Сондай-ақ үметті бөлуге және Аллаһ та, Оның Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған нәрселер арқылы емтихан өткізуге рұқсат етілмейді! Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 3/415.

Көбірек пайда алу үшін шейх Ибрахим әр-Рухайлидің «Абуль-Хасан әл-Марибиді бидғатшы деп санамайтын адамнан білім алуға болады ма?» деп сұраған ливандықтармен жақында ғана болған әңгімесін келтіруге болады. Шейх Ибрахим былай дейді: Яғни сен оны бидғатшы деп санамайтын адамнан білім алмайтын болып тұрсың ғой?! Сендер білім иесінен білім алмай жүрсіңдер және ол пәлен адамды бидғатшы деп санамағандығы себепті сен жеті жыл бойы өзіңе одан білім алуға тыйым салып жүрсің бе?! Уа, бауырым, мен саған былай деп айтамын: «Егер адамда білім болса және сонымен бірге ол Джахм ибн Сафуанды (джахмияның негізін салушы) бидғатшы деп санамаса, тіпті онда білім және игілік болса да, осы - одан бас тарту және одан білім алмау үшін (жеткілікті) сылтау. Бірақ оған қатысты келіспеушіліктер болған, адамдар оған теріске шығару жасаған, және олардың кейбіреулері оны бидғатшы деп санаған, ал кейбіреулері оны олай деп есептемейтін аһлю-Суннадан болған адамға келер болсақ, сендер осы себепті бидғатта айыптау туралы шешім шығармағанның дәрістерін тастауға адамдарды міндеттеп жатырсыңдар. Сендерге не болған, уа бауырлар?! Естеріңді жиыңдар!»

Шейх Рухайлидің осы таспасы таралғаннан соң бір адам бұл сөздерді қате деп санады да, оларға қатысты наразылығын білдірді. Алайда шейх Ибраһим әр-Рухайли бұл келіспеуге «Тасыль әл-масаиль әл-мусташкилә мин джауаб әс-саиль» деп аталатын дәйекті және ғылыми тұрғыдағы теріске шығару жазды және онда наразылық білдірушінің атын атамай-ақ, оның сөздерін келтіріп, оларға жауап берді.


11 Бір немесе екі, немесе бір топ ғалымдардың жасаған сенімсіз етуі (джархы), олардың (ғалымдардың) бұл сенімсіз етуі (джархы) бірауызды болмаса, оларға қатысты қайшылыққа түсу мойынсұнбау және күнә болып табылатын Құран мен Сүннет секілді қабыл етілуді және осыған ілесуді мұсылмандарға міндеттемейтінін білу қажет. Нақты айтқанда, Сүннетке және саләфтардың манһажына ілесумен танылған атақты шейхтарды, студенттерді немесе қарапайым мұсылмандарды джарх жасау туралы сөз болып тұр. Әсіресе адам джарх жасалған адам туралы ешнәрсе білмейтін жағдайда. Және ол джарх жасалған адамға қатысты өзінің ұстанымын анықтап алу үшін теріске шығарушының немесе сақтандырушының сөздерін оқуға міндетті емес.

Имам аш-Шафи’и былай деп айтатын: Кімнің болсын сөздері кез келген жағдайда міндетті болып табылмайды, Аллаһтың Кітабынан және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен басқа. Басқа нәрсенің барлығы оларға ілеседі!. Қз.: “ар-Рисалә” 39.

Шейх әл-Әлбаниге: «Кәпірді кәпір деп есептемейтіннің өзі кәпір. Бидғатшыны бидғатшы деп есептемейтіннің өзі бидғатшы. Кім бізбен болмаса, ол бізге қарсы» деген ереже туралы сіздің пікіріңіз қандай?!» - деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Бұл ереже қай жақтан келген?! Және оны орнатқан кім?!



Егер біреу басқа біреуге такфир жасаса және оған дәлел келтірсе, барлық адамдар оның жасаған такфирінде оған ілесуі шарт болып табылмайды! Өйткені ол қателесуі мүмкін, ал басқа ғалым бұл адамға такфир жасауға болмайды деп есептеуі мүмкін. Бидғатта айыптау (табдиъ) мен бұзақылықта айыптау да (тафсиқ) тура осы сияқты! Ал іс жүзінде бұл – осы ғасырдың бүлігінен (фитнасынан), және оның себебі «білімді» деп аталуға таласатын кейбір жас адамдардың асығыстығы болып табылады.

Іс жүзінде бұл мәселе ауқымдырақ. Мысалы, бір ғалым белгілі бір нәрсені міндетті деп есептейді, алайда басқа бір ғалым өзгеше санайды. Әрі ғалымдар бұрын да келіспеушілікте болған, және әркез өзара келіспеушілікте болады да, және біреудің ижтихадына еру барша үшін міндетті болып табылмайды. Біреудің пікіріне ілесуге қалғандарды міндеттейтін - тек ешқандай білімі жоқ муқаллид (соқыр түрде ілесуші) ғана. Ал, мысалы, такфир жасаған, яки біреуді бұзақылықта немесе бидғатта айыптаған ғалымға келер болсақ, ал біреу оның пікірімен келіспейтін болса, оның пікіріне ілесу ешуақытта міндетті болмайды”. Тз.: “Сильсилятуль-худа уә-ннур” № 778.

Ал егер адам тіпті белгілі бір ғалым тарапынан нақты бір адамды күпірлікте айыптауын қабылдауға міндетті болмаса, онда келіспеушілігі болған джархты қабылдау туралы не айтуға болмақ?!

Шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убайлянға: «Адамдардың арасында емтихан өткізуге және білім талап етушілерді ғалымдардың нақты бір адамға жасаған джархындағы немесе аһлю-Сунна арасындағы өзге де тартысты мәселелердегі сөздеріне ілесуді міндеттеуге қатысты сіздің пікіріңіз қандай?» - деген сұрақ қойылды.

Шейх әл-‘Убайлян былай деп жауап берді: Бұл мәселе түсіндіруді қажет етеді. Егер ғалымдар айтып жатқан адам оның бидғатшы екеніне қатысты аһлю-Суннаның арасында келіспеушілік жоқ адамдардан болса, онда мұсылман адам аһлю-Сунна есептегендей есептеуге міндетті, әйтпесе олардың жолынан ауытқып кетеді, егер оның білімі болса! Алайда егер айтылып жатқан адам өзі аһлю-Суннадан болып, бірақ қателікке түскен болса және сол себепті аһлю-Суннаның кейбір жақтаушылары мұндай нәрсе аһлю-Суннадан шығарады деп есептесе, онда мұндай жағдайда мұсылман адам, егер ол үшін бұл мәселе айқындалмаған болса немесе ол басқаша деп есептеп, бұл мәселеде басқалардың (ғалымдардың) сөздеріне ілессе, мұны қабылдауға міндетті емес. Ал кім мұндай нәрсе (яғни белгілі ғалымдардың сөздерін міндетті түрде қабылдау) әрбір мұсылман үшін міндетті болып табылады деп есептесе, ол Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайшы келеді, өйткені толық ақиқат пен толық қамқоршылық Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге ешкімге қатысты болуы мүмкін емес! Ибн ‘Аббасқа: «Сен ‘Алидің жолындасың ба әлде ‘Усманның ба - деп сұрақ қойылғанда, ол: «Жоқ, мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолындамын - деп жауап берген. Және осындай нәрсе (яғни адамды бір тарапты қолдауға мәжбүрлеу) Аллаһ Тағала: «Яхудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», - деді, ал христиандар: «Яхудилер тура жолмен жүрмейді», - деді» (әл-Бақара 2: 113), - деп айтқан яхудилер мен христиандар түскен нәрсеге алып баратын жол болып табылады”.

Яғни яхудилер мен христиандар өздері адасушылықта бола тұра бір-бірін адасушылықта айыптады.

Осы жерде сол фактіні және келіспеушіліктері бар джархқа қатысты шейхтардың жоғарыда аталған сөздерінің анық бұрмалануын айтып кету қажет. Кейбір адамдар оларды дұрыс түсінбей немесе дұрыс түсінуді қаламай, осы шейхтарды және көптеген басқа да мұсылмандарды: «Олар ғалымдардың бірауызды келісімі болмағаннан басқа джархты қабылдамайды, ал бұл - қателік, өйткені саләфтар дәйектелген джархты, тіпті ол бір имамның айтқан джархы болса да, қабылдаған», - деп айыптайды.

Бұл айыптауларға берілетін жауап Аллаһтың рахметі бойынша қарапайым-ақ:

Біріншіден, тіпті бір имамның дәйекті джархы қабылданатындығына және дәлел болып табылатындығына күмән жоқ. Алайда мәселенің түйіні - оны қабылдау әрбір мұсылман үшін міндетті ме әлде жоқ па, сондай-ақ оны қабылдамау күнә болып табылады ма немесе саләфиядан шығаратын нәрсе ме - міне осыда болып тұр. Мәселе міне неде. Емтихан өткізуде және келіспегендерді Сүннеттен шығаруда негіз етіп алатын «Дәлелденген джархты қабылдау» деген ұғым мен «Келіспеушілігі бар джархты қабылдауға міндеттеу» деген ұғымның арасында айырмашылық бар. Және, мысалы, ғалымдардан біреу белгілі біреуге джарх жасаған болса немесе белгілі біреуді бидғатта айыптаған болса, онда кез келген мұсылман мұны қабылдай алады және осы пікірді ұстана алады. Және осыдан кейін ол ешнәрсені мүлдем қабылдамаса да, сол ғалым сенімсіз еткен адамға сенбесе де болады. Алайда бұл ғалымның оның джархындағы ілесушісі басқа мұсылмандарды осымен сөгуге немесе міндеттеуге құқықты емес, өйткені бір ғалымның және тіпті он ғалымның пікірі – бұл оған қайшы келуге тыйым салынған бірауызды келісім (иджмаъ) емес, ижтихадттың салдары ғана. Күпірлікте, бидғатта айыптау, джарх пен та’диль – мұның барлығы – Аллаһтан түскен уахи емес, ғалымдардың ижтихадынан туындаған нәтиже. Имам Әбу ‘Иса әт-Тирмизи былай деп айтатын: Білім иелерінен болған ғалымдар білімнің басқа да салаларында өзара келіспеушілікке түсетініндей, жеткізушілердің әлсіздігіне қатысты да өзара келіспеушілік танытатын. Қз.: “әл-Иләль әс-сағир” 5/765.

Хафиз әл-Мунзири былай деп айтатын: Олардың (әл-джарх уа-тта’диль имамдарының келіспеушілігі) фақиһтердің келіспеушілігі сияқты. Мұның барлығы ижтихадтан келіп шығады. Қз.: “Джауаб асиля филь-джарх уа-тта’диль” 83.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Яхья ибн Ма’иннің, әл-Бухаридің, Муслимнің, Әбу Хатимнің, Әбу Зур’идің, ән-Насаидің, Ибн ‘Адидің, әд-Дарақутнидің және сол сияқты (ғалымдардың) адамдарға, хадистердің сенімділігіне және әлсіздігіне қатысты айтқан сөздері Маликтің, әс-Сауридің, әл-Ауза’идің, әш-Шафи’идің және сол сияқты (ғалымдардың) заң-ережелерге, харам мен халалды білуге қатысты айтқан сөздері сияқты”. Қз.: “Радд ‘алә әл-Бакри” 1/72.

Имам әс-Сан’ани былай деп айтқан: Екі имамның бір жеткізушіге (риуаятшыға) қатысты айтқан сөздері әртүрлі болуы мүмкін, олардың біреуі хадисті әлсіз деп санайды, ал екіншісі сахих дейді. Біреуіне джарх, ал екіншісіне та’диль жасалады. Мұның барлығының (хадистер мен риуаятшылардың) сенімділігі мәселесі және сол сияқты мәселелер - пікірлер түрленетін ижтихад мәселелерінен екенін еске салады”. Қз.: “Иршаду-ннуқад” 13.

Сосын, мынаны да түсіну қажет: бір имамның дәлелдеп жасаған джархы саләфтар тарапынан оны қайтаруға себеп болмаған жағдайда қабылданатын. Мысалы, барша оны сенімді деп танитын хадис жеткізуші болды, алайда бір мухаддис оның хадистерді қолдан жасайтынын немесе ойдан тоқитынын тауып әшкереледі де, мұны басқаларға айқын дәлелдер келтіріп негіздеп берді делік. Мұндай жағдайда осы джархты қайтаруға (қабылдамай тастауға) себеп те, қажеттілік те жоқ, тіпті басқа имамдар бұған дейін оны мақтаған болса да. Бірақ қалайша мұндай жағдайды, біреудің пікірі бойынша, аһлю-Суннадан шыққан, ал басқа біреудің пікірі бойынша, шықпаған, біреудің пікірі бойынша, бидғатшыларды қорғайтын, ал басқа біреудің пікірі бойынша, олар бидғатшылар болып саналмайтын, біреудің пікірі бойынша, манһажында қателігі бар, ал басқа біреудің пікірі бойынша, бұл саләфиядан шығармайтын ижтихад мәселелеріндегі қателіктері ғана бар белгілі бір уағыздаушыға немесе шейхқа немесе студентке қолдануға болмақ?!

Ал әрбір мұсылманның тарапынан қабылдануға және оған ілесуге міндетті болып табылатын джархқа келер болсақ, бұл – барлық ғалымдар бірауызды келісімде болған джарх, ал мұндай жағдайда шейх әл-‘Убайлян айтқанындай оған қайшы шығуға болмайды. Анас былай деп баяндаған: Бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасынан мәйітті жерлеуге алып бара жатқан қауым өткен кезінде, адамдар қайтыс болған адамды мақтай бастады, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Міндетті болды», - деді. Кейін тағы бір осындай жиын өтті және адамдар өлген адам туралы жаман айта бастады, ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Міндетті болды», - деді. Сонда ‘Умар: “Не міндетті (болды)? – деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біріншісі туралы сендер жақсы атадыңдар, енді ол міндетті түрде Жәннатта болады, ал екіншісі туралы сендер жаман атадыңдар, енді ол міндетті түрде Отта болады. Сендер – Аллаһтың жердегі куәгерлерісіңдер!» - деді”. әл-Бухари 1367.

Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): Сендер – Аллаһтың жердегі куәгерлерісіңдер!» деген сөздері бір, екі, он сахабаларына ғана ма, әлде барлығына қатысты айтылған ба?!

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтқан: «Егер адам бір халыққа келсе және олар оған: «Қош келдіңіз!» - десе, онда Қиямет күнінде ол өзінің Раббысына қош келеді! Ал егер адам бір халыққа келсе, ал олар оған: «Саған игілік болмасын!» - деп айтса, Қиямет күнінде оған игілік жоқәл-Хаким 3/525. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсиля әс-сахиха” 1189.

Бұл хадистерде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық мұсылмандар туралы, соның ішінен ізгілері және лайықтылары туралы айтып тұр және өзінің үмметінен бір немесе екі адамды ажыратып жатқан жоқ. Бірақ егер үммет бір адамға қатысты пікірде келіспеушілікке түссе – не болмақ?! Онда оған қатысты кімнің куәлігі Аллаһ тарапынан қабыл етілмек: ол туралы мақтау айтатынның ба, әлде жоқ па? Осындай кезде олардың дәйектеріне қарау керек емес пе?

Имам әз-Захаби былай деп айтатын: Біз джарх пен та’диль имамдарын күнәдан таза деп санамаймыз, алайда олар адамдардың барлығынан қарағанда туралықта тұрады, басқаларға қарағанда азырақ қателеседі, өзгелерге қарағанда әділдікте күштірек және өзгелерге қарағанда зұлымдықтан алыстау! Егер олар джархта және та’дильде бірауызды келісімде болса, онда осыған азу тісіңмен жармасып ал да, осыдан ауытқыма, әйтпесе өкінетін боласың. Ал олардың пікірінен ауытқитын адамға келер болсақ, оған назар бөлудің қажеті жоқ. Қз.: “әс-Сияр” 11/82.


12 Бұл біздің кезімізде дінде қарапайым білімге де ие болмай, өздеріне төрешілердің (қазылардың) ролін жүктеп алған көптеген жас мұсылмандардың қасіретіне айналды! Суляйман ибн Салим былай деп баяндайтын: Бірде біз Әбу Синан әл-Асадимен бір мәселені қарап отырғанбыз және біздің біреуіміз кейбір білім иелерінің (дәрежелерін) төмендетіп, олар туралы бір нәрселер айта бастады. Сонда Әбу Синан оған мұны істеуге тыйым салды да, оның ауызын жауып, былай деді: «Егер талибуль-‘ильм діндегі мәселені зертеп үйренуден бұрын адамдарды талқылауды (сөгуді) зерттеп үйренетін болса, ол қашан жетістікке жетпек?!»” Қз.: “Тартиб әл-мадарик” 4/104.

Шейх Салих әл-Фаузанға: «Білім алудың бастапқы жолында біреулерді бидғатта, басқаларды пасықтықта айыптап, кейбір өзге студенттердің ар-намысын қаралаумен айналысатын жастарға қандай насихат айтасыз? Сондайлармен бірге отырсақ болады ма? Және сондайлармен бірге отыру ғайбат және өсек айтылатын мәжіліс болып табылады ма?» - деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: Бұл адамдар білім талап етушілер болып табылмайды, олар – бұрмалауларды талап етушілер және алауыздық пен мұсылмандардың арасында өшпенділіктің таралуын талап етушілер! Білім талап етушілер білімді Құран мен Сүннеттен іздейді және адамдар туралы өсектер мен сөздерді тасымайды. Бұл - ғайбаттан, өсектен және алауыздықты өршітуден, бірақ насихат емес! Егер сен қателесіп жатқан біреуді көрсең, оған насихат жаса, өйткені дін – Аллаһқа, Оның Кітабына, мұсылмандардың әмірлеріне және барша мұсылмандарға деген ықыластылық! Ал жиналыстардағы сөздерге және адамдардың арасындағы бөлінушілікке келер болсақ, бұл – білім талап етушіні айтпағанда, мұсылмандардың сипаты емес. Білім талап етушілер мұсылмандардың бірлігін бұзу емес, Аллаһқа шақыруы керек, білім алуға, дұрыс ақидаға (сенімге), сондай-ақ мүминдердің арасындағы бауырластыққа ынталандыруы қажет! Ал егер біреу қателессе, онда оған насихат жасау керек және егер ол қабылдаса – Аллаһқа мадақтар, ал қабылдамаса – күнәсы өзіне!

Шейх Салих әл-Фаузан сондай-ақ былай деп айтқан: Мен: «Адамдар туралы сөздерді тастаңдар! Адамдар туралы сөздерді тастаңдар! Пәлен - хизби..., түген - пәлен-пәштен... Адамдар туралы сөздерді тастаңдар! Насихат айтумен айналысыңдар және адамдарды бір сөзде бірігуге және білім иелерінен білім алуға шақырыңдар!» - деп айтамын. Дұрыс білім алуға немесе діни білімдерге шақырыңдар, әрі бұл абзалырақ, немесе өзіңе және қоғамыңа пайда әкелетін дүниелік білім алуға шақырыңдар. Ал сыбыстарды (қиля уа қаля), «Пәлен қателеседі», «Пәлендікі дұрыс» деген сөздерді жинаумен айналысуға қатысты айтар болсақ, бұл жамандықты тарату болып табылады, мұсылмандардың бірлігін қақ айыруға және бүлікке алып келеді!”

Сонымен қатар шейх әл-Фаузан былай деп айтқан: Білім алуды енді бастап жатқан студенттерге және қарапайым адамдардың қатарынан болған басқа да адамдарға бидғатта және пасықтықта айыптаумен айналысуға рұқсат етілмейді, өйткені бұл қауіпті нәрсе! Өйткені бұл адамдар білімсіз әрі бұл мәселеде бейхабар. Сондай-ақ бұл нәрселер олардың арасында дұшпандық пен өшпенділікке әкеп соғады. Оларға білім алумен айналысу керек және тілдерін пайдасыз және тіпті өздеріне де, өзгелерге де зиян келтіретін нәрселерден тыю міндетті болып табылады! Қз.: “Фатауа әл-Фаузан” 2/211.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет