Аурулар
|
Сәйкес симптомдары
|
Айрықша симптомдары
|
Зертханалық тесттер
|
Инфекциялық мононуклеоз
|
Лимфоаденопатия, ангина, гепатолиеналды синдром, қызба
|
клиникалық саралау қиын, Полиошақтылық, бөрте жоқ
|
ИФА-да Эпштейн-Барр вирусына IgM, Паул-Буннель оң тесті. Қанда атиптік мононуклеарлар 10%-дан көп.
|
Стрептококты/ стафилококты ангина
|
Қызба, лимфоаденопатия, ангина.
|
гепатолиенальды синдром, бөртпе полиошақтылық жоқ.
|
Қанда – нейтрофильді лейкоцитоз, культураны бөлу.
|
Қызылша
|
Желке лимфа түйіндерінің үлкеюі, экзантема
|
Тек қана желке лимфа түйіндері зақымдалады, гепатолиеналды синдром, полиошақтылық жоқ.
|
Қызылша вирусына IgM ИФА.
|
Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі
Листериоз
|
Ангина, пневмония,пиелонефрит, менингит, жыныс ағзаларының, тері, көз, лимфа түйіндерінің зақымдалуы, гепатолиеналды синдром, сары ауру.
|
Клиникалық саралау қиын. Ішектің зақымдалуы тән емес. Бөртпе – бос-іріңді.
|
Культураны бөлу, оң ПТР, ИФА-да IgM немесе листерияларға IgG деңгейінің өсуі.
|
Жіті менингоэнцефалит (вирусты, бактериялық этиология).
|
Менингеалды, энцефалиттік синдром
|
Гепатолиенальы синдром, полиаденопатия, бөртпе, полиошақтылық жоқ
|
Культураны бөлу, ПТР, ИФА-да IgM немесе қоздырғыштарға IgG деңгейінің өсуі , ТЕИФР.
|
Аденовирусты инфекция
|
Қызба, назофарингит, лимфаденопатия
|
Клиникалық саралау қиын. Гепатолиеналды синдром, бөртпе, полиошақтылық жоқ
|
Вирусология, ПТР, ИФА-да IgM немесе аденовирустарға IgG деңгейінің өсуі , ТЕИФР.
|
Энтеровирусты инфекция
|
Қызба, экзантема, полиаденопатия, гепатолиеналды синдром, энцефалит.
|
Клиникалық саралау қиын.
|
Вирусология, ПТР, ИФА-да IgM немесе аденовирустарға IgG деңгейінің өсуі, ТЕИФР.
|
Сепсис
|
Қызба, интоксикация, белгілердің полиағзалығы, экзантема, менингит, отит, синусит, пневмония.
|
Клиникалық саралау қиын.
|
Қанда – нейтрофильді лейкоцитоз, қақырықтан, қаннан және инфекция ошағынан қоздырғышты бөлу, ПТР, ИФА, ТЕИФР.
|
Достарыңызбен бөлісу: |