Жыныс циклы физиологиялық және морфологиялық үрдістеріні
жиынтығы, қысыр аналық малдың жыныс жүйесінде және барлық организмде бір күйлеуінен екінші күйлеуіне дейін уақытта өтетін үрдіс.
Жыныс циклдары малдың жыныстық жетілуімен бірге пайда болады және белгілі мерзімде қайталанады. Аналық малдар қартайғаннан кейін олардың жыныс циклдары тоқталады. Бұл көріністі климактерийлік мезгіл деп атайды. Әрбір малда ол әртүрлі болады: биеде 17-25 жыл снырда 15-20 жыл, саулық пен ешкіде 8-10 жыл, мегежінде 7-8 жыл. Жұмыс циклін екі негізгі фазаға бөлуге болады: фолликулярлық - бұл кезде аналық жыныс бездерінде фолликулдар жетіледі, эстрогенді гормондар бөлінеді және лютеиндену овуляциядан кейін келеді, сары дененің және оның қызметінің пайда болуымен сипатталады.
Жыныс циклы негізгі жүйке үрдісінін қарым-қатынасының позициясынан үш сатыға бөлінеді:
козу,
тежелу,
бірқалыптылық.
Жыныс циклының қозу сатысы (проэструс-эструс) 4-жаксы көрінетін феномендермен бейнеленеді - күйлеу, жыныстық қозу, күйіт, фолликулдардың жетілуі және овуляция.
Қозу сатысы
Қозу сатысының бастапқы фазасында - проэструсте гонадотропиялык гормондардың әсерінен аналық жыныс бездерінде фолликулдардын өсу және жетілу үрдістері белсендіріледі, олармен өндірілетін эстрогенді