Тақырыбы : Медициналық ұйымдағы мейіргердің жұмысын ұйымдастырудағы бас мейіргердің (көшбасшы) рөлі



бет1/3
Дата01.04.2024
өлшемі2.46 Mb.
#497277
  1   2   3
гулжан серикбай




Аннотация
Мейіргер ісі – бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандық. Қазіргі заманғы мейірбике ісі – бұл жеке ғылымға бөлінген тұтас сала. Әр елде мейірбикенің функциялары мейірбике ісінің заңнамасында көрсетілген. Қолданбалы мейіргер жұмысының маңызы кәзіргі таңда өте зор,себебі Әрбір медициналық ұйымдағы орта медперсонал мамандардың ең үлкен және ұтқыр ұжымы болып табылады, өйткені халыққа медициналық көмек көрсету сапасы мейірбикелерге байланысты.Сондықтан Қолданбалы мейіргерлеріміз өз міндеттерін атқара алса медтцина саласына қосатын үлесі өте зор болады
Annotation
Nursing is a profession that is in demand today. Modern nursing is a whole field divided into separate sciences. In each country, the functions of the nurse are specified in the nursing legislation. The importance of the work of applied nurses is very great nowadays, because the middle medical staff in every medical organization is the largest and most mobile team of specialists, because the quality of medical care to the public depends on nurses. Therefore, if our applied nurses can perform their duties, their contribution to the medical field will be very large.


Тақырыбы :
Медициналық ұйымдағы мейіргердің жұмысын ұйымдастырудағы бас мейіргердің (көшбасшы) рөлі
Автор :Серікбай Гулжан
Интердент Жоғары Медициналық колледжі
Жетекші :Адақ Гүлера
Заманғы менеджментте де, мейірбикелік менеджментте де көшбасшылық бас мейіргернің кәсіби қызметінде үлкен маңызға ие. Бұл жұмыста біз көшбасшылық тұжырымдамасын қарастырамыз, көшбасшыға қажетті сипаттамалар мен қасиеттерді бөліп көрсетеміз, сондай-ақ көшбасшының әлеуетінің негізгі құрамдастарын атап өтеміз.
Денсаулық» 2016-2019 жылдарға жүйені жаңғыртуды қарастырған мейірбикелік білім беру, мейіргер рөлін арттыру, кезең-кезеңімен параллельді түрде мейірбике персоналының құзыреттерін кеңейту оларды оқыту мен қайта даярлау стандарттарын өзгерту. Негізінде
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № ҚР ДСМ - 23 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына толықтырулар енгізу.
Қазақстанның медициналық ұйымдарында 188 мыңнан астам орта медицина қызметкері, ауылда 54 мыңнан астам, бастапқы буын деңгейінде - 65 мың жұмыс істейді.Сонымен қатар, болашақ орта медицина қызметкерлерін даярлаумен 91 медициналық колледж айналысады, оның 24-і мемлекеттік және 67-сі мемлекеттік емес, 37-сі "жоғары" медициналық колледж мәртебесіне ие.2022 жылдың деректері бойынша колледждерде 103 мыңнан астам студент оқиды, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 23 400 оқушы оқуға түсті. Осылайша, қазақстандық колледждер жалпы медицина, акушерия, мейірбике ісі, стоматология, ортопедиялық стоматология, гигиена-эпидемиология, зертханалық диагностика, фармация, медициналық оптика сияқты тоғыз мамандық бойынша білім береді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет