Тақырыбы : Медициналық ұйымдағы мейіргердің жұмысын ұйымдастырудағы бас мейіргердің (көшбасшы) рөлі



бет2/3
Дата01.04.2024
өлшемі2.46 Mb.
#497277
1   2   3
гулжан серикбай

Зерттеу мақсаты. Орта медициналық персоналды басқарудағы бас мейіргернің рөлін анықтау.Көшбасшы мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері жүргізудегі шетелдік тәжірибелерді анықтау.
Зерттеу міндеттері: -
«Көшбасшы мейіргер» бойынша отандық және шет ел әдебиеттерін шолу;
- Мейіргердің басқару қызметі арқылы мейіргердің қызметін бағалау;
-Денсаулық сақтау менеджері ретінде бас мейіргер рөлін анықтаудың дұрыстығын дәлелдеу.
- Мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері бойынша қажетті ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері:
зерттелетін мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау,
Статистикалық –сауалнамалық ,сауалнаманы өңдеу
Зерттеу нысаны: Алматы қ Кардиология орталығы
Зерттеу пәні: мейіргер персоналын басқарудағы бас мейіргердің қызметі .
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу материалдары бас дәрігердің орта есеппен жұмыс жөніндегі орынбасары яғни бас мейіргер лауазымын енгізуге негіз бола алады медициналық қызметкерледің қызметін бағалау.
Жаналығы: орта медперсонал арасында алгаш рет кардиология бөлімінде бас мейіргер жұмысы туралы зерттелді.
Басқару қызметінің тиімділігі мен ұжымдағы қарым-қатынастың реттелуі басшының – бас медбикенің, бас медбикенің қасиеттеріне байланысты.Басты мақсат – медициналық көмектің сапасын арттыру және халық денсаулығын сақтау.
Қазіргі заманғы менеджменттегі көшбасшылық, оның ішінде мейірбикелік менеджмент кез келген басшының кәсіби қызметі үшін, біздің жағдайда бас медбике үшін үлкен маңызға ие. Осы мақаламда көшбасшылық түсінігін қарастырамыз, көшбасшының қажетті белгілері мен қасиеттерін анықтаймыз, сондай-ақ көшбасшылық әлеуеттің негізгі құрамдас бөліктерін сипаттаймыз.Ең бірінші осы көшбасылықтың жүйесіне тоқталып кетсек. Қазақстандық кәсіби білім беру жүйесіне қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, қазіргі заманғы еңбек нарығының негізгі талаптарына сәйкес алдыңғы қатарлы техникалық дағдылар мен біліктіліктерді жетілдіруге және біліктілік бағдарламаларын біріктіруге арналған бағдарлама ретінде қолданбалы бакалавриат жүйесінің маңызы зор. Осы бағдарлама бойынша 2014 жылы ҚР-ның денсаулық сақтау Министрлігі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыруды 6 мемлекеттік медициналық колледждер базасында эксперимент режимінде бастаған болатын. Аталған оқытудың негізгі мақсаты — бұл оқыту кезеңінде алған білімдерін практикалық қызметінде тиімді және белсенді пайдалана алатын, сын тұрығысынан және аналитикалық ойлауға, ресурстарды тиімді басқара алатын және емделушілінің қауіпсіздігінің принциптеріне сәйкес жұмыс істеуге қабілетті, жаңа форматтағы практикаға бағытталған мейіргер ісінің мамандарын дайындау.Яғни,біздерді көшбасшы мейіргерлерді дайындау. Ал, қәзіргі таңда Интердент Жоғары медициналық колледжі болашақ көшбасшы мейіргерлерді оқытуда .Солардың бірі – мен,Ақберді Диана 2 курс студенті, мейіргер ісі қолданбалы бакалавры.Бұл тақырыпты таңдаудағы түрткі болған жайт менің болашақ мамандығыма деген қызығушылығым ғана емес,ары қарай маман ретінде ғылыми жетілдіру.Өзімді болашақ аға не бас көшбасшы мейіргер ретінде көру. Аға және бас мейіргерлер денсаулық сақтау мекемелерінде мейіргерлік персонал мен мейіргерлік функцияларды дамыту үшін негізгі лауазымдарда болады. Ұйымның көшбасшысы - бұл ұжым үшін маңызды жағдайларда маңызды шешімдер қабылдау құқығына ие және өкілетті деп танылған команда мүшесі. Көшбасшының рөлі – ұжымда реттеуші рөл атқару. Басқару қызметінің тиімділігі мен ұжымдағы қарым-қатынастың реттелуі басшының – бас медбикенің, бас медбикенің қасиеттеріне байланысты. Басты мақсат – медициналық көмектің сапасын арттыру және халық денсаулығын сақтау. Көшбасшы мейіргер -құзыретті мейіргер персоналы күтім сапасын қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады, бірақ даму үздіксіз және дәлелді дамуды қолдау үшін мейіргерлік зерттеулерді де қажет етеді.
Мейіргердің негізгі көшбасшылық қасиеттерін төмендегідей топтастыруға болады:

  • Қызметкерлерге қамқорлық жасау

  • Тез арада шешім қабылдап ,тәуекелге бара білу

  • Өзі басқаратын топқа негізгі мақсатына бағыт-бағдар беру

  • Барлығына эмпатия және жанашырлық

  • Мүмкіндіктер мен жауапкершіліктерді сезіне білу

Көшбасшы мейіргер барлық тәуекелдерді ескеруі керек, бірақ басшылар бұл олардың кәсібилігін арттыру мүмкіндігі екенін ұмытпауы керек. Күрделі төтенше жағдайларда маңызды тактикалық шешімдер қабылдау және оны шешу арқылы басшы өзінің ғана емес, шешімді жүзеге асыруға қатысқан бүкіл ұжымның беделін қалыптастырады. Әркім өз ұстанымын және өзіне жүктелген жұмыс көлемін білетін, жақсы үйлестірілген, басшылыққа бағынатын,стандартқа негізделген негізделген болуы шарт.Пациенттердің және олардың мүдделерін қорғау – басшының қызметінің негізгі мотиваторы ретінде басшы мен бас медбикенің көшбасшысы ретінде жоғары бағалануы мен мойындалуына жағдай жасайды.
Мейіргерлік көшбасшылық не себепті маңызды?
Өйткені ол медбикелерді ең жақсы күтімді көрсетуге шабыттандыратын және ынталандыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Көшбасшы мейіргер жетекшілері басқа қызметкерлерді өздері жасайтын жұмысқа деген ынта мен құмарлықпен шабыттандыратын орта жасайды. Мейіргер жетекшілері басқа медбикелерді өзін кәсіби ұстауға шақырады, сондай-ақ оларға өз жұмысында жетістіктерге жету үшін нұсқаулар мен құралдар береді.

Көшбасшы мейіргерлік медбикелер мен басқа қызметкерлерді команда ретінде тиімдірек жұмыс істеуге ынталандырады. Барлық медбикелер тиімді жұмыс істеу және пациенттерге ең жақсы күтім көрсету үшін күшті тұлғааралық дағдыларға ие болуы керек. Мейіргер жетекшілері өз топтарын анық сөйлесуге және туындаған мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыруға көмектеседі. Олар сондай-ақ өз топтарын бос емес кезде бір-біріне қолдау көрсетуге ынталандырады.Әлсіз басқарушының мейірбикедегі мықты менеджерден айырмашылығы – біріншісі бұйрық беруге тырысады, екіншісі адамдарды басқаруға тырысады. Екіншісі қиынырақ, бірақ ұжым өз басшысына сенетін болса, онда мұндай ұжым ешқандай қиындық пен дағдарыстан қорықпайды.


Сонымен қатар, мейіргер жетекшілері медбикелердің және жалпы мекеменің жұмыс процестерін қарап, оларды жақсарту жолдарын іздестіру арқылы денсаулық сақтау мекемесіндегі медициналық көмектің сапасын жақсартады. Олар өнімділіктегі өзгерістерді байқаса, команданың жалпы жұмысын жақсарту үшін өзін және айналасындағыларды үнемі бағалап отырса, өзгерістер енгізу үшін қадамдар жасайды.
Қорыта келсек, мейіргер әрдайым орындаушы болды, дәлірек айтсақ ол екінші кезектегі болашағы жоқ маман болды. Қәзіргі таңда, біздер стреотиптер қоғамында өмір сүреміз, ал оны бұзу оңай болмаса да енгізіліп жатқан жаңа өзгерістер , жаңа мейіргерлік статус мейіргердің тек мейіргерлік процедураларды орындап емес ,жеке топты басқара алатын ,көшбасшылық қызмет атқара алатын маман ретінде көре аламыз. Уақыт, әсіресе, қазіргі сәтте бір орында тұрмайды, әлемде күн сайын, тіпті минут сайын өзгерістер болып жатыр. Сондықтан денсаулық сақтау ісі де жақсы бағытқа өзгеруге ұмтылып, тез өзгеретін әлем көшіне ілесіп үлгеруі қажет. Мейірбикелік істе көшбасшылықтың дамуы осыған көмектеседі, себебі медициналық көмекті ұйымдастыруда медициналық медбике жауапкершілікті және оның рөлінің артуына ықпал етеді.

  1. Мейіргер ретінде жұмыс тәжірибеңіз ?

  1. 1-3 жыл 8

  2. 3-5 жылдан жыл 10

  3. 5 жылдан көп 12



  1. Бас мейіргердің командалық жұмысын бағалаңыз ?

  1. 8-10 балл 20

  2. 5-8 балл 7

  3. 1-3 балл 3



  1. Қазақстанда медицина жүйесінде бас мейіргердің жұмысы маңызды деп ойлайсызба ?

  1. Иә ,маңызы бар 26

  2. Маңызы жоқ 0

  3. Жауап беруге қиналамын 4





  1. Бас мейіргер жұмыста ішкі еңбек тәртіптемесін сақтайды ма ?

  1. Сақтайды 28

  2. Орташа 2

  3. Мүлдем сақтамайды 0



  1. Бас мейіргер өз құзіреттілігін асыра сілтеп пайдаланады ма ?

  1. Мүлдем болмады28

  2. Ондай жағдай болды 1

  3. Сирек болды1





  1. Қызметкерлердің жұмысын қадағалау немесе коммуникация кезінде бас мейіргер субординация сақтай ма ?

  1. Сыпайы субординация сақталады 26

  2. Жеке шекарбас өтіп кетуі жиі 3

  3. Сирек жағдай 1



Қорытындылай келе мейіргерлік істе зерттеу жүргізудің түпкі мақсаты мейіргерлік тәжірибенің сапасын арттыру. Сонымен қатар, мейіргер жетекшілері мейіргер дің және жалпы мекеменің жұмыс процестерін қарап, оларды жақсарту жолдарын іздестіру арқылы денсаулық сақтау мекемесіндегі медициналық көмектің сапасын жақсартады. Олар өнімділіктегі өзгерістерді байқаса, команданың жалпы жұмысын жақсарту үшін өзін және айналасындағыларды үнемі бағалап отырса, өзгерістер енгізу үшін қадамдар жасайды.


Мейіргерлік тәжірибенің сапасын арттыру үшін мейіргерлер зерттеуге қажетті дәлелді ақпараттарды қолдана білуді, ақпаратты қалай дұрыс пайдалану, қандай жарияланымдар мен ұсыныстарға сенім білдіру керектігін білуі тиіс. Пациенттерге көмек көрсету барысында жасалатын іс-әрекеттердің барлығы дәлелденген медицинаға негізделген болуы маңызды.Осы зерттеу барысынды шетелдек дәлелді ақпарат көздері қарастырылды және де Қазақстандағы көшбасшы мейірбике ісін жетілдіру орталығы (КМІЖО) мейіргерлерге адамдардың денсаулығын жақсарту үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік бере отырып, көшбасшы мейірбике ісінің тәжірибесін арттыру маңызды. Бұрынғыдай, мейірбике ісіне дәрігердің айтқанын ғана бұлжытпай орындайтын дәрігердің көмекшісі деген көзқарас келмеске кетті. Мейірбике ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға үлес қосатын, өзінің айқын міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы. Бұған болашақ бітірушіні өзінің оқу үдерісі барысында алған білімін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман ретінде дайындаса ғана қол жеткізуге болады
Ұсыныстар
Қазақстан үшін мейіргерлік білім беру жүйесінің дамуы мыналарды білдіреді:
- барлық білім беру деңгейлерінде оның дамуын; - халықаралық стандарттар деңгейінде білім беру сапасын бақылауды;
- білім деңгейіне сәйкес әр түрлі лауазымдық жұмыс шеңберінде ие мейіргер ісі мамандарының институтын енгізуді;
- мейіргерлік білім беруді реформалаумен қатар тең құқықты дәрігерлік және мейіргерлік ұйымдық құрылымдардың жұмыс істеуінің жаңа механизмдерін енгізу;
- мейіргерлік іс мамандарының және мейіргерлік құжаттаманың тіркелімін енгізу;
- инновациялық мейіргерлік технологияларды ендіру;
- қазіргі заманғы мейіргерлік дәлелді практикаларды, іргелі және қолданбалы мейіргерлік ғылымды дамыту;
- әр түрлі деңгейлердегі дәрігерлер мен мейіргерлер арасында қызметтік міндеттерді бөлу және айқын межелеп беру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет