Тақырыбы: Адалдық ардың ісі



Дата27.11.2023
өлшемі32 Kb.
#484539
Адалдық

Тақырыбы: Адалдық - ардың ісі


Мақсаты: Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.
Пікір сайыс «Теңіз жағалауында» жаттығуын өткізумен басталды. Сосын оқушыларға ой қозғау мақсатында сынып жеекшісі «Арабтарда «Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы» деген мақал бар. Мақалдың мағынасы қалай деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қойды. Мұнда оқушылар «Шөлде жүргенде бір тамшы судың өзі қандай қадірлі болса, әділ сұлтан да халқы үшін сондай қадірлі болмақ» деген сияқты жауаптар алды. Мұғалім сабақтың тақырыбын айқындап, халқымызда «шындық жоқ жерде сұмдық көп», «адамның әдемілігі шыншылдығында», «ақиқат сөзде алалық жоқ», т.с.с керемет ұлылық сөздерін айтып кетті. Экранда «Адалдықтың өтемі» видеоролигі көрсетіліп, оқушылар пікірлері ортаға салынды.
Пікір сайыс «Дебат» түрінде жалғасты. Дебаттың жалпы формасы жайлы мұғалім айтып өтіп, екі топты таныстырды. Топтарға тапсырма берілді. Жақтаушы жақ «Өмірде адал болу жетістіктің кепілі». Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адалдық маңызды емес» деген ұстанымдар бойынша пікірлерін ортаға салды.
Жақтаушы жақтан Гүлназ «Адалдық арқылы кез-келген жетістікке жете аласың. Арамдықпен, парақорлықпен тапқан дүние дүние болмайды. Ол уақытша нәрсе. Адал адамның жанында көп адамдар жүреді», десе даттаушы жақтан Қанат «Жетіктікке жету жолында адал болу маңызды емес. Онда бағың жанып, жолың болып кетсе болды» деген пікір білдірді. Сосын жақтаушы жақтың спикері Ардақ, Қанатқа «Сенің қаншама жетістікке жетіп жүргеніңді білеміз. Ол жетістіктің барлығы сенің адал жолмен, маңдай термен келген дүние емес пе? Жоқ әлде оны ақшаға сатып, немесе таныстарың арқылы алған жетістік пе? Әлде барлық уақытта бағың жанып кеткені ме?» деген сұрақтарына даттаушы жақ спикері Қанат «Мен әрдайым жетістікке жетпегенмін. Кейде әділетсіздік құрбаны да болғанмын» деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар отырған оқушылар да өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Қорыта келгенді сынып жетекшінің «Болашағымыз жарқын болу үшін, ғұмыр бойы
алаңсыз күн кешу үшін адал болуға ұмтылайық. Кең дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету міндет» деп аяқтады.
Сынып жетекшісі:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет