Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің дене шынықтыруды дамытудағы маңызы



Дата14.12.2023
өлшемі16.53 Kb.
#486571
Эссе Н.Ғасыржан


СӨЖ
Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің дене шынықтыруды дамытудағы маңызы
Орындаған: 4-топ, Нұртай Ғасыржан
Қабылдаған: Төлегенұлы Нұржан

XIV — XVI ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатын. Бұл кезең феодалдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болуымен мануфактураның сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүние мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады.


Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.
Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мектептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде «жеті еркін өнер» деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияньщ алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды дін иелері даярланды.
Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті «рыцарлық қасиеттерді» меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзаласу, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу міндетті болмады. Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оларды діни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.

Италияда антикалық философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина да-Фельтре (1378 — 1446) «Қуаныш үйі» деп аталатын мектеп ұйымдастырды. Бұл мектепті ұйымдастырудың негізіне гуманистік педагогиканың қағидалары жатқызылды. Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің қажеті үшін, Виттаринаның айтуынша, арнайы қайта жабдықталған болатын. Орта ғасырлық мектептерден айырмашылығы жаңа мектепте жарық пен ауа көп болды. Әсіресе, оқушылардың дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Оқытудың негізгі пәндері болып табылатын классикалық тілдер және классикалық әдебиет басты назарда тұрды, балалар математикамен, астрономиямен айналысты, табиғатқа саяхат жасады. Балалардың ойындарына, дене және рухани күштерін дамытуға көңіл бөлінді. Барлық балаларға тегіне қарамастан, әкелік қамқорлық жасалды. «Қуаныш үйі» үстем тап өкілдерінің балаларына арналғанмен, онда аз мөлшерде болса да, кедей балалары оқып, білім алды. Гуманизм идеялары Италиядан Францияға енді.


Рабле романда король қалай өз баласы Гаргантюаны тәрбиелеу үшін ғалым-схоластыларды шақырғандығы, олар баласына бөрін жаттауды талап еткендігін әңгімелейді. Од мүмкіншілігі келгенше кейбір схоластикалық кітаптарды басьшан аяғьша дейін, одан керісінше айтьш беру салдарынан ештеңе де білмей шыққандығы айтылады.

Содан кейін әкесі схоласт-мүғалімдерді қуып жіберіп, орнына гуманист-мүғалімдерді шақырады, олар біршама өзгерістер енгізеді. Гаргантюа көп уақытын дене жаттығуларына арнады, ғылымдарды дұрыс және бірізді оқып-үйренді. Гаргантюа табиғатты бақылай бастады, табиғатқа серуенге шығып, өсімдіктерді жинап, гербарий жасады; астрономияны, аспандағы жүлдыздарды бақылау арқылы зерттеді. Оқу үрдісі өңгіме, кітаптарды оқу, көрнекі қүралдарды пайдалану арқылы жүргізідді. Гаргантюа бірнеше саздық аспаптарды ойнай білуді жөне ән салуды үйренді. Білімді меңгеру саналы іске асты. Рабле оқытудың көрнекілік идеясын жақтаушылардың бірі болды. Ол оқытуды қоршаған ортадағы шындықпен байланыстыру туралы кеңестер берді.


Кампанелла Морға қарағанда жетілген қоғамда бала тәрбиелеу жүйесін толық қарастырды. Оның айтуынша, мемлекет жұбайларды іріктерде де бақылау жасап отыруы керек, оның мақсаты «ерлер мен әйелдердің үйлесуі дұрыс тұқым беруі керек» деген қағиданы үстанды.
Кампанелла 2 жастан бастап балаларға қоғамдық тәрбие берілуі керектігін ал 3 жастан бастап дұрыс сөйлей білуге және әліппеге үйрету қажеттігін, көрнекілікті кеңінен қолдануды үсынды. Осы жас кезінен бастап балалардың күшейтілген дене тәрбиесін беру, 8 жастан бастап, әр түрлі ғылым негіздерін жүйелі меңгертуді жон санады. Ғылым негіздерін меңгеруді әртүрлі шеберханаларға қатысумен үштастыру, тәрбиеленушілерге техникалық білім беру үшін және болашақ мамандықты саналы таңдай білу мүмкіншіліктері үшін қажеттігін атап отті. 12 жастан азаматтарға әскери дайындықты бастау керектігі, оның жынысына қарамастан, соғыс бола қалған жағдайда әйелдер оздерін балаларымен қатыса білуі қажеттігін атап корсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет