Ф-ӘД-001/046
№2 Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуына негіз болған тарихи алғышарттар
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттай алады;
2. Дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздей алады;
3. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасай алады.
Лекция жоспары:
Философияның негізгі бөлімдері және бағыттары:
Ежелгі Үнді философиясы.
Ежелгі Қытай философиясы.
Антика заманының философиясы.
Лекция мазмұны:
Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Грекия.
Ежелгі Үнді философиясы
Философия туралы пікірлер көне дәуірде туындаған және әр сақта таралған. Философиялық әңгімелер тарихтың терең түбірінен нәр алады, әр заманда өз жалғасы мен түйінін тапты. Тылсым дүние мен өмірге деген жалпы әуесқойлық барысында философиялық әңгімелер жалпылама сипат алды және ұдайы жаңарып отырды. Философиялық толғаныстар қашанда болмасын мәңгі, өзекті және өтімді деген қағидалар қамтыды.
Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғам варнаға (каста) бөлінді. Олар:
Брахмандар (абыздар) – үлесіне ой еңбегі бар адамдар енді.
Кшатриилер (әскербасылар) - әскери қызметтегі адамдар жатады.
Вайшьилер (ауқатты шаруалар) – егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, саудагерлік тиген адамдар.
Шудралар(құладар) – қара жұмысты істейтін адамдар болды.
Осы кезде қоғамдық өмірге әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениеттің ескерткіші – ведаларда (веда-білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
Самхит – құдайларға араналған гимндер жинағы.
Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
Аранъякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларадың іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас.
Упанишадта – дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы ең жоғары білім арқылы жоққа шығару болады деген идея уағыздалады.
Упанишадтың басты тезисі – Брахман – бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Нағыз брахман - өмір қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан арылып, тыныштық тауып, алдамай ой кешіп, атманды түсініп, білген адам.
Достарыңызбен бөлісу: |