Тақырыбы «Алтын қол»



бет2/9
Дата28.08.2024
өлшемі0.99 Mb.
#503241
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Авторлық бағдарлама 6 смыныпқа арналған

Түсінік хат
«Алтын қол» үйірмесі сыныптан тыс уақытта мектеп оқушыларының негізгі шұғылданатын істерінің бірі болып табылады. Ол таңдаған салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді. Үйірме – бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндірістің жаңашылдарын, ұтымды ұсынысшыларын және өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.Үйірме жұмыстарына қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Үйірме жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді.
Үйірмедегі сабақ еңбек және эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қажетті қолданбалы өнердің ең бастылары – қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен және матамен жұмыстар бұл кең тараған сәндік-қолданбалы өнер болып табылады.
Үйірме бағдарламасы 6- сынып оқушыларына арналып жасалынған. Үйірме аптасына 1 рет, жылына 1 сыныпта жылына 34 сағат. Курстық бағдарламасының негізгі мазмұны V бөлімнен тұрады. Балалар әр бөлім бойынша көрсетілген мақсатқа сай нақты материалдармен танысады. Берілген тақырыптарға сәйкес балалардың өз беттерінше ізденістері мен шығармашылықтары да жұмыс барысында жүзеге асады.
Сабақтарда ауызша, практикалық әдістер, көрнекіліктер қолданылады. Жұмыс формасы: ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар ұйымдастырылды.

Мақсаты:
Балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Оқушыларды білімдерін жүиелеп, шығармашылық қиялын арттыру. Тәрбиелік мақсатын дамыта отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,еңбексүйгіштікке және үнемділікке тәрбиелеу. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Үйірме барысында жүргізілетін әрбір іс әрекет оның ішінде ермексазбен жұмысжасау арқылы 6-сынып оқушыларының икемділігін арттырып қалыптасуына ықпал ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет