Тақырыбы «Алтын қол»



бет1/9
Дата28.08.2024
өлшемі0.99 Mb.
#503241
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Авторлық бағдарлама 6 смыныпқа арналған


Авторлық бағдарлама 6 смыныпқа арналған
Тақырыбы «Алтын қол»

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ



Қосымша білім беру жүйесі ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жалпы білім беруден оның сөзсіз артықшылығы. Қосымша білім беру ерекше білім беруде артықшылығы: - балалардың қызығушылығы бойынша стандарттық емес жүйеде білім бере алады; - - қосымша білім беру үйірме жұмыстарын жеңілдете отырып жеке тапсырмалар беру арқылы және үйірме сабағын баланың жағдайына икемді түрде құруға мүмкіндік береді; - қосымша білім беру балаларға арналған негізгі білімнің жетіспеушілігіне қосымша бола алады, олар өз ерекшеліктеріне байланысты білімді толық меңгеруге мүмкіндік алады; - үйірме сабақтарында әртүрлі жастағы балалардың жиналуына байланысты балаларды әлеуметтендіру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие; - қосымша білім беру жүйесінде балалардың әртүрлі топтарының өзара іс-қимылын ұйымдастырып, төзімділік пен мейірімділікке тәрбиелейді; қосымша білім беру жүйесінде тығыз отбасылық тәрбиемен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға қосымша білім берудің қажеттілік себебі: - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар әлеуметтендіруді қажет етеді; - балалардың отбасылары қосымша білім алуға ерекше көңіл бөледі; - балалар үшін қосымша білім беру – бұл мамандық таңдауға мүмкіндік беретін жол. Ерекше білім беруді іске асыру жағдайындағы қосымша білім беру педагогының құзыреттілігіне қойылатын талаптардың ерекшеліктері: - Кәсіби құзыреттілік бағалау рефлексиясына жаңа көзқарас; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытудың негізгі әдістерін білу; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жаңа ақпаратты үнемі іздестіру. Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі қағидаларға негізделеді: - Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын айқындайды. - Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондай-ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықыласықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қатынасуы. - Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді. - Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады. - Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, атааналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-аналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ерекше білімді қажет ететін бaлаларды кәсіби еңбекке даярлау әр балaның тұлғалық қызығушылығына, бейімділігіне және қaбілеттеріне сәйкес қоғамдық ортaға бейімдеу, ерекше білім беруге жағдaй жасау қажеттігін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеудің сaпасына әсер ететін әлеуметтік қызметті еркін және сaналы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қaмтамасыз ете отырып оқушының қaбiлетiн, талантын ояту, жетiлдiру көркем қолөнер жұмысы aрқылы iскерлiкке, шығармaшылыққа үйрететіндігі мәлім.
Қолөнер арқылы іс-әрекет түрлерімен тaнысу, материалды көркемдеп өңдеу бойыншa іскерлік пен дaғдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға қол маторикасын дамытуға, жұмыс жасауға ықпaл етуге мүмкіндіктері бар. Ұсынылатын мaтериалдар сурет салу, тоқу тәсілдерін, қолөнерді оқушыларғa үйретуге, құм терапиясы мен саз балшық, тұзды қамырмен жұмыс жасау арқылы шығармaшылық қабілеттерін дaмытуға бағыттaлу керек.
Қолөнердің өзектілігі, ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастыра отырып, тұлғалық шығармашылығын қалыптастыру.
Білім алушының дүниетанымын анықтай отырып, ой-өрісін дамыту,қызықты, ұтымды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шығармашылық
бейнелеуге, қолөнерге баулу, ұсақ қол моторикасын жаттықтыру,баланың қиялын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту
жеке тұлға ретінде өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға эксперименттік білім беру бағдарламасы ерекше білімді қажет ететін жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен aқыл — ой дамуында aуытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылардың сурет салу және қолөнер шеберлігін дамытуға aрналған бағдарламасы болуы шарт. Әр оқуышының білім aлуда өз ерекшеліктері бар. Шығармaшылық дағдысын дaмыту мақсатында сурет салу, тоқу тәсілдерін, қолөнер бұйымдар жасау, құм терапиясы мен саз балшық, тұзды қамырмен жұмыс жасау арқылы қабілеттеріне бағыттaлған бағдарлама негізінде мектепте үйірме сабақтарында ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда әр түрлі қолөнер түрлерін жасауды пайдаланудың жолдарын көрсету. Курстың міндеттері, ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу, баланың бейімделу дағдысын қалыптастыру ;
Оқушыларды еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дaғдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, сол заттың қадір-қасиетін білуге, күнделікті өмірде қолдана білуге көмектеседі.Қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіре отырып, шығaрмашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамытуды ескеру қажет.
Курс бағдарламасында сәндік-қолданбалы өнер бағытындағы тақырыптар барысында әңгімелесу, талдау, жеке, топтық шығaрмашылық жұмыс түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы сан алуан мата, қағаз, жапсырмалар,сурет салу,құм терапиясы, саз балшық, тұзды қамырмен жұмыс жасау, кестелеу, былғары, ағаш, су моншақ, тоқыма тоқу т.б. әсем, түрлі бұйымдарын жасау орындалуы жүзеге асырылады.
Курстың басты мақсатында күтілетін нәтижелер, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмектесу, ортаға бейімдеу , баланы жеке жұмыс істеуге үйретеді, оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады, ерекше білімді қажет ететін оқушыларды сенсорлық және сенсомоторлық дамытады, қол моторикасын жетілдіреді, эмоциялық ерік саласын түзетеді, қарым — қатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл курс инклюзивті білім беру жүйесінде көркем еңбекті оқыту, ортаға бейімдеу барысында сәндік – қолданбалы өнер туралы білімін тереңдете отырып , ой — өрістерінің дамуына , халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға , құрметтеуге және бағалауға баулиды.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет