Кішкене допты қолымызға алып, оны шамамен 100 секунд тоқтамастан қысамыз (сығымдаймыз). Әр 10 секунд сайын қысу санын төмендегі таблицаға толтыру қажет. Кейіннен шамамен 5 минут демаламыз. Сосын 10 секундтай допты қысамыз, тағы 10 с демаламыз. Қысу-демалу әрекетін 10 минуттай қайталаймыз. Төмендегі таблицаны толтырып, сұрақтарға жауап береміз.
1. Бастапқы уақыттағы қысуда не байқадың? Сенің ойыңша деректер неге осылай шықты? Өз жауабыңды түсіңдір.
2. Дем алып қысу мен дем алмай қысудың арасындағы айырмашылықтары қандай?
Дескриптор:
Қажудың коеффициентіне жаттығудың түрлері әр түрлі әсер ететіндігін көрсетеді;
Қорытынды
Бұлшық еттің қажу себебін түсіндім;
Жүктемеден кейін сүт қышқылы қалдығының қайда қолданылатынын сипаттай аламын;
Дене жүктемесіне байланысты тыныс алудың түрін ажырата аламын;
Жаттыққан адамдарда сүт қышқылының аз жиналатынын білдім.