Тақырыбы: А.Құнанбаев,, Ш. Құдайбергенов, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің философиясы



Дата02.03.2024
өлшемі44.36 Kb.
#494030
түріПрезентация
Презентация1


ТАҚЫРЫБЫ: А.Құнанбаев, , Ш. Құдайбергенов, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің философиясы.
Қабылдаған:
Орындаған
АЛМАТЫ 2024
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ:
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.
2.
ҚОРЫТЫНДЫ :
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: "…өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан: "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", "Көк тұман – алдыңдағы келер заман" т.б, қара сөзбен жазылған "Ғақлиялары" – ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл "Сөздер" қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы, "өз рухын" адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан "сана ерікпен бірігуі қажет", екінші жағынан – сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: "Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады", – деп қарады.Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек.
Адамзат Абай – адамзаттық танымға біртіндеп емес, бірден жеткен тұлға. Алғашқы өлеңдерінен-ақ ұлт шеңберінен шығып, жалпы адамзаттық кеңістікте қанат жайғанын аңғарамыз. Ол метафизиканы талқылайды, адамзат алдында тұрған философиялық мәселелерді қозғайды, жауап іздейді. Жалпы, осы күнге шейін Абай қолданған, қарас-тырған даналыққа жетеқабыл деңгейдегі (философия туралы Лаэртский жеткізген Пифагор сөзін есімізге алсақ) философиялық түсініктен жүйелі категориялар дәрежесіне дейін көтерілген ұғым сөздердің тізімі жасалған жоқ. “Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл – мизан, өлшеу қыл”. Бұл категориялардың бір-бірімен тығыз байла-ныстылығы философиялық кешенді жүйенің бар екендігін білдіреді. Абай категориялары – табиғат құбылыстарын біл-діретін нақты ұғым-түсініктер емес, болмысты, ойлауды, сананы белгілейтін абстрактілі жалпы сөздер. Зат болмысы орнына жалпы болмысты талқыға салады. Ол – эпистолярлық жанрдағы философ. Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Николай Бердяев, Лев Шестов үлгісіндегі ойшыл дедік. Лао-цзы, Конфуций, Сюнь-цзы қатарындағы абыз. Абай категорияларына оралып келіп отырады. Қара сөздері мен өлең-жырлары біртұтас жүйе құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет